15. Ауқымды мәселелер
СӨЖО сұрағына жауап беріңіз.
1. ²àçiðãi çàìàí ¹àëàìäûº ì¸ñåëåðäi øåøóäiњ ºàíäàé æîëäàðû ìåí iñ- ¸ðåêåòòåði áàð?
Философияда табиғат ұғымына тікелей жақын биосфера түсінігі бар. Биосфера дегеніміз - тіршілік әлемі, жер планетасының жұқа қабығы. Ол бұдан 3-4 млрд.жыл бұрын пайда болған, оның қалыптасуы тіршілік иелері белокты денелердің өмір сүруімен тығыз байланысты. Барлық тіршілік иелеріне өсу мен көбею, тұқым қуалаушылық, организмдердің күресі және тірі қалуға бейім түрлердің сұрыпталуы тән. Биосфераны зерттеуге Ж.Ламарк, Ч.Дарвин, А.И.Опарин, В.М.Вернадский сияқты ғалымдар сүбелі үлес қосты. Тіршілік дегеніміз - бұл әлемнің ұдайы қажетті өлумен жаңарып отыруы. Өлім табиғатта жаңа тіршілікке жол ашады. Табиғатты анықтау үшін басқада ұғымдар қолданылады. Географиялық орта дегеніміз-табиғаттың адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің процестеріне тікелей кіріп, оның белсенді қолдануына мүмкін болған бөлігі. Ғылым одан басқа литосфераны - жер қабығын, гидросфераны - суды және атмосфераны-ауаны биосфераның негізгі құрамдас бөлімдері деп айқындайды. Адам өзінің іс-әрекеті нәтижесінде байырғы табиғатта кездеспейтін өзіндік заттар мен процестер әлемін, яғни жан-жақты дамыған екінші табиғатты жасады. Бұл әлеуметтік заңдарға сүйеніп дамитын, адами табиғат. Екінші - табиғаттың маңызды элементі-техносфера. Ол көптеген және әртүрлі еңбек құралдарын, техника мен машинаны, үйлерді, коммуникациялық жүйелерді, тағы басқа да жасанды құрылымдарды біріктіреді. Техника әлемі-адамның ақыл иесі ретінде таптырмайтын ерекше жан екендігінің айқын дәлелі. ХХ ғасырда Э.Леруа, П.Тейяр де Шарден, В.И.Вернадский сияқты көрнекті ғалымдардың есімдерімен тығыз байланысты “ноосфера” ұғымы ғылымға енді. Ол жердің ақылды қабығы, яғни “ойлау” қабатын білдіреді. Ноосфера-адамның іс-әрекетінің, оның білімі мен еңбегінің нәтижесі. Ол-биосфераның дамуының заңды жалғасы, планетамыздың даму тарихындағы маңызды оқиға. В.И.Вернадский “адам мәдениеті энергиясының топталуы” - деп атаған ноосфера бұл күндері мықты геологиялық ғана емес, космостық күшке айналып отыр. Өйткені, ол Космосты бірте-бірте басөарылатын даму объектісі деп қарастырды, ал мұның өзі адамзаттың тіршілік етуінің жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады. Ноосфера адамның ұлылығы мен ерекшелігін, оның керемет күші мен мүмкіндіктерін айқын дәлелдейді. Сондықтан да біз ноосфера дегеніміз, сонымен қатар, антросфера да, яғни бұрын-соңды болмаған адам әлемі дегіміз келеді. Соңғы жылдары “экология” сөзін көп естіп, көп пайдаланып жүрміз. Өкінішке орай, бұл ұғымға оған тән емес мағынаны беру де жиі кездесіп қалады. Мысалы, рух экологиясы, мәдениет экологиясы. Бұл терминнің нақты ғылыми мағынасы-тірі организмнің өзі өмір сүріп отырған ортамен күрделі қарым-қатынастарын білдіреді. Организмдер-бұл планетамыздағы барлық тіршілік иелері. Адам мен табиғаттың өзара қайшылығы үдей бастады. Бұған адамның ұлылығы мен күштілігін көрсететін Қайта Өркендеу дәуірінің антропцентризмі әсер етті. Қазіргі замандағы экологиялық дағдарыс ғаламдық немесе бүкіл адамзаттық болып табылады. Ол адамның іс-әрекеті нәтижесінде қалыптасты.
ХХ ғасырдың ортасында адам шын мәнінде өзін табиғатқа қарсы қойып, одан тыс және биікпін деп есептеді. Бұған ғылым мен техникадағы зор табыстар, шаруашылық іс-әрекеттің аясының кеңейе түсуі мен табиғатты пайдалану, психологиясы әкелді. Табиғат пен адам арасындағы жатсыну күшейе түсті. Сөйтіп, планетада бүкіл адамзаттық экологиялық дағдарыс туындады.
Соңғы жылдары адамның табиғатқа қарым-қатынасын түбегейлі өзгерту қажеттілігі туралы мәселе жан-жақты қойылып, оны аялау, сақтау көзқарасын орнықтыруды іске асыра бастады.
Табиғаттың ешбір құбылысының басы артық емес. Бәрінің, өз орны бар. Не бір құс, хайуанат, өсімдік немесе жәндік артық емес. Соның бәрі табиғаттағы тепе-теңдікті сақтап тұру үшін керек. Табиғаттың өзінен үйрене отырып, оны қорғауға міндеттіміз.
Ôèëîñîôèÿ ï¸íií èãåðó ¾øií ½ñûíûë¹àí íåãiçãi ¸äåáèåòòåð
1. Íûñàíáàåâ °.Í.,°áæàíîâ Ò. ²ûñºàøà ôèëîñîôèÿ òàðèõû. À.,1999.
2. Æ. Ìîëäàáåêîâ, À. ²àñàáåê. Øû¹ûñ ôèëîñîôèÿñûíû» òàðèõû. À.,2000.
3. ². °áiøåâ. Ôèëîñîôèÿ. Àлматы, 2004.
4.Философия: оқулық, жоғары оқу орындары студенттеріне арналған. /Құраст. Ғабитов Т.Х. – Алматы, 2005.
5.Ä. Êiøiáåêîâ. Ôèëîñîôèÿ. (Мәтін) оқулық.- À., 2005.
6.Í.Ð. ̽ñàåâà. Ôèëîñîôèÿ. (ëåêöèÿëûº êóðñ). Ø., ÞÊÃÓ. 2003.
7.Áèáèõèí Â.Â. ßçûê ôèëîñîôèè. Ì., 1993.
8.Õðåñòîìàòèÿ ïî èñòîðèè ôèëîñîôèè. Îò Ëàî-Öçû äî Ôåéåðáàõà. Ì., 1997.
9.Èñòîðèÿ ôèëîñîôèè: Çàïàä-Âîñòîê-Ðîññèÿ. Ì., 1995.
10.Åñiì ±. Қазақ философиясының тарихы. À., 2007.
11.Ëàïòåâ È.Ä. Àºûë ñûí¹à ò¾ñòi. Àëìàòû, 1985.
12.Êàñûìæàíîâ À.Õ., Êàñûìæàíîâà Ñ.À. Äóõîâíîå íàñëåäèå êàçàõñêîãî íàðîäà. Àëìàòû,1990.
13. Есім Ғ. Сана болмысы. - Àëìàòû, 1994.
14. ͽðì½ðàòîâ Ñ.Å. Ðóõàíè º½íäûëûºòàð ¸ëåìi: ¸ëåóìåòòiê-ôèëîñîôèÿëûº òàëäàó. Àëìàòû,2000.
15. Àºíàçàðîâ Õ.Ç. Ôèëîñîôèÿ òàðèõûíàí ä¸ðiñòåð êóðñû. Àëìàòû,1992
16. Áåéñåíîâ ². Ôèëîñîôèÿ òàðèõû. Àëìàòû, 1992.
17. Ôèëîñîôèÿëûº ñ¼çäiê. À.,1996.
18. ²àñàáåêîâ À., Àëòàåâ Æ. ²àçຠôèëîñîôèÿñûíû» òàðèõû. Àëìàòû, 1994.
19.Қазақ халқының философиялық мұрасы: жиырма томдық. – Астана, 2005.
20. Әлемдік философиялық мұра: жиырма томдық..-Алматы, 2006.
²îñûìøà ¸äåáèåòòåð
Íûñàíáàåâ °., °áæàíîâ Ò. Àäàì¹à ºàðàé áàòá½ðñàº. Àëìàòû, 1992.
Íûñàíáàåâ °., °áæàíîâ Ò. Àºûë, Îé, Àäàìãåðøiëiê. Àëìàòû, 1994.
̽ñàåâà Í.Ð. Òûëñûì òàáè¹àò. Àëìàòû, 1997.
Å»ñåãåíîâà ². ²î¹àìäûº ñàíà ôîðìàëàðûíû» äàìó äèàëåêòèêàñû. Àëìàòû, 1994..
Íûñàíáàåâ °. Àëàì æ¸íå àøûº ºî¹àì. Àëìàòû, 1998
°ëåóìåòòiê ôèëîñîôèÿ: Õðåñòîìàòèÿ 1997.
Àëòàé Æ., ²àñàáåê À., ̽õàìáåò¸ëi ². Ôèëîñîôèÿ òàðèõû. Àëìàòû, 1996.
Ôèëîñîôèÿëûº ñ¼çäiê. (ͽð¹àëèåâ Ò. ðåä.). Àëìàòû,1996.
Ѿëåéìåíîâ Ò. À. Î ïîíÿòèè “öèâèëèçàöèÿ” Ø.,2002.
²àçàº. Æî¹àð¹û îºó îðûíäàðû ñòóäåíòåðiíå àðíàë¹àí îºó º½ðàëû. (Áàñ ðåäàêòîðû ²àñûìæàíîâ À.Õ.) Àëìàòû, 1994.
Ôèëîñîôèÿ æ¸íå ì¸äåíèåòòàíó. κóëûº. Àëìàòû, 1998 .
Êîíîíîâ À.Í. “²½òòû áiëiê” Áàëàñ๽í ïîýìàñû. Ì., 1983.
Ò¸æiêîâà ². Èñëàì: ä¾íèåòàíûìû, èäåîëîãèÿ, ñàÿñàò. Àëìàòû, 1985.
Õàéðóëëàåâ Ø. °ë-Ôàðàáè. Òàøêåíò,1984
15.Ã.Ê.Åñiðêåïîâà. Øû¹ûñ ôèëîñîôèÿñûíû» òàðèõû. (°äiñòåìåëiê º½ðàë) Øûìêåíò, 2002.
16. ²àñûìæàíîâ À.Õ. Àëü-Ôàðàáè. Àëìàòû, 1982.
17. Åñiì ±. Õàêiì Àáàé. Àëìàòû, 1994.
18.Àºïàíáåê ±. ²àçàºòàðäû» ä¾íèåòàíûìû. Àëìàòû, 1993.
19. Ìûðçàõìåòîâ Ì. Àáàéäû» àäàìãåðøiëiê ì½ðàòòàðû. Àëìàòû, 1993.
20.Нұрышева Г.Ж. Философия: лекциялар курсы.-Алматы, 2006.
21. Мұсаева Н., Есіркепова Г. Философия тарихы.-Шымкент, 2008. 99 б.
Тест тапсырмалары
1.Абайламаушылық батылдыққа ұқсас, ысырапшылдық жомарттыққа ұқсас, әзілқойлық өткір тілдікке ұқсас, жағынушылық ибадаттылыққа ұқсас, екі жүзділік, жорталық адалдыққа ұқсас» - деген Әл-Фарабидің пікірін сипаттайды:
А) диалектика
В)догматизм
С)агностицизм
D)метафизика
E)идеализм
2.Абай өз шығармашылығында қандай мәдени мұраға көп жүгінеді?
A) Ұлттық рухани мүраға және әлемнің озық мәдениет үлгілеріне
B)Шығыстың улы мәдениетіне
C)Орыстың озық мәдениетіне
D)Феодализмге қарсы бағытталған халық ауыз әдебиетіне
E) Қазақ халқының төл мәдениетіне
3.Абай философиясындағы негізгі мәселелер:
A)Мораль мәселелері.
B)Жаһандану және қазақ баласы.
C)Әдемілік және әсемдік.
D)Табиғат пен қоғамның арақатынасы.
E)Жаратылыстану мәселелері.
4.Абай философиясының орталық мәселесі
А)адам
В)дін
С)таным
Д)методология
Е)онтология
5.А.Бергсон «... бұл интеллектуалдық көңіл алудың түрі арқылы заттың ішкі әлеміне енуге болады, оның ішіндегі бірден - бір, әрі айтып жеткізе алмайтын нәрсемен тұтасып кету мақсатында» деп анықтаған танымның түрі:
A)интуициялық
B)сезімдік
C)пайымдаушылық
D)тәжірибелік
E)интеллектуалдық
6.Абсолюттік адамгершілік заңын ұстану адамның негізгі ізгіліктері...
A)Кантияндықта
B)Платонизмде
C)Христиан философиясында
D)Марксизмде
E)Жаңа дәуір философиясында
7.Абсолюттік идеяның өзіндік дамуын «Рух» феноменологиясын кім түсіндірді?
А)Гегель
B)Юм
С)Бэкон
D)Фихте
E)Кант
8.Августин Аврелийдің қағидасы:
A)Байқаңыз, философияның тылсым дүниесіне сіз де түсіп кетіп жүрмеңіз.
B)Өзіқді өзің танып-біл.
C)Менің білетінім, мен ештеңе білмеймін.
D)Дүниені жаратқан Құдайға жүгінбейтін философтардан сақ болу керек.
E)Ақыл Сенімнен тәуелсіз.
9.Августиннің пікірінше:
A)Адамның өмірін Құдай өзінің ерік-жігерімен алдын aлa анықтап қояды.
B)Адам өз өмірін реттеуге қабілетті.
C)Адам мәңгілік өмір сүреді.
D)Адам қоғам дамуының заңдылықтарына бағына отырып өмір сүреді.
E)Адам дүниеге жоба түрінде келеді.
10.Ағарту дәуірінің рационализмі кімнен басталады?
A) Декартпен.
B)Лейбницпен.
C)Дидромен.
D)Вольтермен.
E)Гельвециймен.
11.Ағартушылық заманының қай философы жатсыну феноменінің себебін анықтап, оның бірнеше түрлерін көрсетті?
A)Ж.Ж.Руссо.
B)Ф.Вольтер.
С)Д.Дидро.
D)Ж. де Ламетри.
E)Г.Лейбниц.
12.Ағартушылық философиясының басты міндеті неде?
A)«Ақыл-ой» патшалығын орнату.
B)Ғылым мен білімді тарату.
C)Қоғам игілігін орнату.
D)Қоғамда жатсынуды жою.
E)Азаматтық теңдікті орнату.
13.Адам іс-әрекетінде сананың алатын орны:
A)Санада ұғынумен қоса, сөйлеу қызметі де атқарылады
B)Сана адамның іс-әрекетінің идеалдық формасы
C)Ес, ерік, эмоциялар, ойлау қоғамдық тарихтың нәтижелері болып шығады
D)Адамда тек қана рационалдық саналы бастама бар
E)Сана -адамның іс-әрекетінің жалпыға бірдей идеалдылық түрі
14.«Адам - ішкі секреция функциялары бұзылған өз еркі жоқ маймыл», - деп айтқан..
A) Гегель
B)Кант
C)Больк
D)Ницше
E)Хайдеггер
15.Адам қатынастарындағы және дамуындағы түп негіз деп Гердер нені санайды?
А)Ғылым, өнер, қолөнер
В)Ғылым, өнер, дін
С)Саясат, мәдениет
D)Шіркеу, театр
Е)Өнер, музыка, дін
16.Адам қызметі - ол:
A)Адамның жеке тұлғаға, әлеуметтік қайталанбайтын, ерекше адамға айналу процесі (үрдісі)
B)Оның ойлары мен істерінде білінетін қоршаған дүниеге адамның қатынасы
C)Жеке адамды әлеуметтік нормаларға, рухани мәдениетке бейімдеу, оны еңбекке және болашақ өмірге дайындау
D)Тұтастай, жүйелі, дәйекті, белгілі нәтижеге бағытталған
E)Жалпы адамзаттык тәжірибені игеру деңгейіне қарай шынайы адамға айналу
17.«Адам не деген құбыжық?» - бұл сауалды өзіне қойған ...
A)Б. Паскаль
B)Ф.Ницше
C)Т.Парсонс
D)Х.Ортега-и-Гассет
E)М.Монтень
18.Адамның аналитикалық тұжырымдамасы қандай?
A)Тиімді бол, сөзіңде тұр, айқын жоспар жасап, жұмысыңды алға жылжытып, іске асыр.
B)Бәрін де өз сезімдеріңнен өткізіп, олардың негізінде өз құндылықтарыңды, мінез-құлық, жүріс-тұрыс ережелеріңді әзірлеп, тап.
C)Істің мәнің түсінуге тырыс, ол үшін өзіңді жан-жақты дамытып, тіліңді жетілдір.
D)Бәріне күмәндан, басқалардың сөзіне ерме
E)Табиғат пен қоғаммен бірлікте бол, саған байланысты емес нәрселерді сабырлықпен қабыл ал, тағдырдың алдында жүрексінбе, ерлік пен даналық көрсет
19.Адамның әлеуметтену теориясының мәні неде?
A)Адамзаттың әлеуметтік тәжірибесін жеке адаммен игеру және осы тәжірибені қоғаммен тапсырып беру мәселелері
B)Өмірдің мағынасы мен мақсатының мәселелері, өлім мен мәңгі өмір сүру мәселелері, езгерулер, құбылулар және түрленулер мәселелері
C)Басқа адамдармен және әлеуметтік бірлестіктермен адам қатынастарымен динамикасы мен типологияларының мәселесі
D)Адамның дүниеге келу биологиялық, медициналық, психологиялық, адамгершіліктік, әлеуметтік-демографиялық заңдылықтарының мәселелері
E)Адам тіршілігінің (қызметінің) мәндік, жүйелілік мәселелері адам болмысының ерекше тәсілі ретінде
20.Адамның герменевтикалық тұжырымдамасы қандай?
A)Істің мәнің түсінуге тырыс, ол үшін өзінді жан-жакты дамытып, тілінді жетілдір.
B)Бәрін де өз сезімдеріңнен өткізіп, олардың негізінде еқ күндылықтарынды, мінез-құлық, жүріс-тұрыс ережелерінді эзірлеп, тап
C)Табиғат пен коі аммен бірлікте бол, саған байланысты емес нәрселерді сабырлықпен кабыл ал, тағдырдың алдында жүрексінбе, ерлік пен даналық көрсет
D)Бәріне кумэндан, басқалардың сөзіне ерме
E)Құдайға сеніп, намаз оқы, сүйіспеншілігінді көрсет, Құдайдың Шаһарын
жерде сал
21.Адамның санасының пайда болуы немен байланысты. Дұрыс емес тезисті көрсетіңіз:
A)Сан – бас миының қызметі
B)Сана биологиялық эволюцияның табиғи жалғасы болып шығады
C)Сана – объективтік шындықтың жалпыға бірдей идеалдылық бейнесі
D)Сананың пайда болуының негізгі себепшілері – еңбек, адамдардың бір-бірімен араласуы, тіл, коллективтілік
E)Сана ұғым түрінде игерілген болмыстан басқа ештеңе де емес, ал болмыс дегеніміз адамдардың тіршілік етудің шын процесі
22.Адамның феноменологиялық тұжырымдамасы қандай?
A)Бәрін де өз сезімдеріңнен өткізіп, олардың негізінде өз құндылықтарыңды, мінез-құлық, жүріс-тұрыс ережелерінді әзірлеп, тап.
B)Бәріне күмәндан, басқалардың сөзіне ерме.
C)Құдайға сеніп, намаз оқы, сүйіспеншілігіңці көрсет, Қүдайдың Шаһарьш жерде сал
D)Істің мәнің түсінуге тырыс, ол үшін өзіңці жан-жақты дамытып, тіліңді жетілдір,
E)Табиғат пен қоғаммен бірлікте бол, саған байланысты емес нәрселерді сабырлықпен қабыл ал, тагдырдың алдында жүрексінбе, ерлік пенданалық көрсет
23.Адам өз өмірінде дао принципі бойынша жүруі керек. Ол мынадай мағынаны білдіреді:
А)Әрекетсіздік
B)Қоғамдық өмірдің жақсаруы
C)Адамның ішкі Әлемінің асқақтыққа жетуі
D)Жол
E)Әлемге, Табиғатқа адамгершілік көзқарас
24."Адам өмірі - азап, одан құтылу жолы - нирванаға жету" деген қағида қай философияға қатысты?
A)Буддизм.
B)Жайнизм.
C)Чарвака - локаята.
D)Даосизм.
E)Конфуцийшілдік.
25.Адам өмір сүру заңы индия философиясында мына түсінікте білінеді:
A)Карма, сансара
B)Дао және мокша
C)Әрбір адам ерікті
D)Креаценизм
E)Атман мен брахман
26.Адам тіршілігі теориясының мәні неде?
A)Адам тіршілігінің (қызметінің) мәндік, жүйелілік мәселелері адам болмысының ерекше тәсілі ретінде
B)Адамның дүниеге келу биологиялық, медициналық, психологиялық, адамгершіліктік, әлеуметтік-демографиялық заңдылықтарының мәселелері
C)Өмірдің мағынасы мен мақсатының мәселелері, өлім мен мәңгі өмір сүру мәселелері, өзгерулер, құбылулар және түрленулер мәселелері
D)Басқа адамдармен және әлеуметтік бірлестіктермен адам қатынастарымен динамикасы мен типологияларының мәселесі
E)Адамзаттың әлеуметтік тәжірибесін жеке адаммен игеру және осы тәжірибені қоғаммен тапсырып беру мәселелері
27.Ақын-жыраулардың көзқарастарының қалыптасуындағы негізгі қайнары болып төмендегі нұсқалардың қайсысы жатады?
A)Ерте түріктік жазбалар
B)Көне жазбалар
C)Пиктографиялық жазбалар
D)Орхон - Енисейлік
E)Руналық жазбалар
28.Антропологизм - ол:
A)Адам, қоғам және мәдениет туралы ғылымдар жиынтығы
B)Адамның жалпы бірігу теориясы
C)Философиялық тұжырымдама, оған сәйкес әлем орталығы, қазығы –адам
D)Адамға тән қасиеттер мен ерекшеліктерді табиғаттың сыртқы күштеріне көшіру
E)Адамға ең жоғары және кемеліне жетіп, жоғары сатыға көтерілген табиғаттың «туындысы» ретінде көзқарасты ұстанған философиялық тұжырымдама
29.Араб-мұсылман орта ғасырларының қөрнекгі философы әрі дәрігері, «Дәрігерлік ғылым тағыламының» авторы:
A)Ибн-Сина
B)Ибн-Туфайл
C)Ибн-Рушд
D)Әл-Бируни
E)Ибн-Баджы
30.«Арабтардың философы» деген құрметті атаққа ие болған Ортағасыр мұсылмандық Шығыс ойшылы ?
A)Әл-Кинди.
B)Әл-Ғазали.
C)Ибн-Рушд.
D)Ибн-Сина.
E)Әл-Фараби
31.Араб философиясы:
A)Аристотель іліміне сүйенеді
B)Аристотель ілімдерін жоққа шығарады
C)Аристотель философиясын білген емес
D)Грек философиясымен таныс болған жоқ
E)Бүкіл грек философиясын жоққа шығарды
32.Аристотель еңбектерін араб тіліне аударып, оған түсініктемелер жазған ертедегі Қазақстан жерінен шыққан әйгілі философ:
A)Әл-Фараби
B)Ахмет Йассауи
C)Ахмет Иүгінеки
D)Әл-Кинди
E)Жусіп Баласағұн
33.Әл - Газали қандай идеяны бөлді?
A)Суфизм
B)Шығыс перипатетизм
C)Неоплатонизм
D)Қалам
E)Неоаристотелизм
34.Әлеуметтік топ -...
A)Салыстырмалы тұтастықпен ерекшеленетін, тарихи және әлеуметтік әрекеттің дербес субъектісі ретіндегі нақты өмір сүретін, эмпиризмдік белгіленетін жеке адамдар жиынтығы
B)Араларында белгіленген қатынастар, байланыстар іске асырылатын адамдар
C)Тұтастай қоғамда әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың салыстырмалы тұрақтылығын қамтамасыз ететін ерекше пайда болған түрлер (құрылымдар)
D)Қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін ерекше, өзгеше құрылым. Пай да болған түр
E)Негізінде өзара әрекеттестіктер жатқан бірлестік
35.Әл-Фарабидің пікірінше бақытқа жетудің жолдары:
A)ерекше жаралған дене құрылысы, жан құмарлықтары, ой-парасаты
B)рухани байлығы
C)ерекше жаралған дене құрылысы
D)ықыластылығы, тән құмарлығы
E)жан құмарлығы, саналылығы
36.Әл-Фараби қай ойшылдың іліміне түсініктеме берді?
A)Платон мен Аристотельдің.
B)Маркс пен Энгельстің.
C)Кант пен Гегельдің.
D)Конфуцийдің.
E)Лао-Цзының
37.Буддаға сәйкес адам өмірінің мәні неде?
A)Азап шегу
B)Қоғамда өмір сүру
C)Қарым-қатынас
D)Ақиқатқа қосылу
E)Еңбек
38.Будданың «Асыл ақиқаттар» ішінде келесісі жоқ.
A)Азаптан құтылу мүмкін емес
B)Азаптан құтылу
C)Азап шегу
D)Азаптан құтқаратын жол
E)Азап шегудің себебі
39.Будда сөзінің мағынасы:
A)Нұрланған, оянған.
B)Материалдық субстанция.
C)Табиғат зандылығы.
D)Жанның мәңгілігі
E)Азап шеккен.
40.Будда философиясымен қазақ оқырманын алғаш таныстырған:
A)М.Әуезов.
B)С.Торайғыров.
C)М.Тынышпаев.
D)Ж.Аймауытов.
E)М.Дулатов
41.Буддизмдегі қай термин адам әрекеттерінің соңғы мақсатын, бостандықты білдіреді?
A)Нирвана
B)Таным
C)Карма
D)Сенім
E)Атман
42.Буддизмнің негізін салушы:
А)Сидхартха Гаутама.
В)Бинарест.
С)Мокша.
D)Махавира.
E)Махатма Ганди.
43.Буддизм философиясы бойынша, дхамманы ұстанған адам:
A)Сабырлы, жек керушіліктен ада, үрейді білмейтін адам.
B)Тәнге қатысты нәрселерде ұстамсыз, ақылы таяз шәкірт.
C)Ажалдан қорқатын адам.
D)Іші тар, қу, сараң адам.
E)Жеңілтек, кеп сейлейтін кісі.
44.Буддизм философиясының түсінігі бойынша, архаттар дегеніміз"
A)Сөзі де, ici де сабырлы, тілектерден ада, азат дана адам.
B)Надандар мен ақымақтар.
C)Ойы тұрақсыз, ақиқат дхамманы білмейтін, сенімі толқымалы адам.
D)Құштарлық сезімдерін жеңе алмаған адам.
E)Нирванаға жетпеген адам.
45.Бүкіл Қытай мәдениетінің дамуына әсер еткен еңбек:
A)И-цзин.
B)Ли жэнь.
C)Юн е.
D)Вэй чжен.
E)Тай бо.
46.Веда жинағында айтылған өзіңе-өзің үңілу жолы.
A)Деваяна
B)Веданта
C)Сутра
D)Нирвана
E)Дхарма
47.Веда жинағындағы философиялық бөлім:
A)Упанишад.
B)Йога.
C)Санхит.
D)Брахман.
E)Араньяк
48.Географиялық детерменизм дегеніміз не?
A)Географиялық орта қоғамдық дамудың ерекшелігіне, мәдениеттің даму дәрежесіне, қогамның құрылымына жэне т.б. себепші болады
B)Өнегеліліктің зандары көбінесе айнала табиғи ортамен байланысты
C)Географиялық орта қогамдық прогресті тездете немесе баяулата алады
D)Табиги орта - адамдардың мекендейтін қажетті ортасы
E)Адамдардың дүниені эстетикалық тұрғыда қабьшдауға қабілеттері
49.Гносеологияның қандай бағытының негізгі мәселесі ретінде генезис және тану дамуының кезендерін айқындау болады?
A)Эволюциялық эпистемологияның:
B)Феноменологияның.
C)Кейінгі позитивизмнің..
D)Логикалық позитивизмнің:
Е)Махизмнің.
50.Гуманизм философиясының басты ерекшелігі:
A)антропоцентризм
B)иррационализм
C)космоцентризм
D)рационализм
E)теоцентризм
51.Ғылым қоғамдық сананың қай түріне әсер етеді:
A)Саясат, құқық, өнер, мораль, философия
B)Теория
C)Білім және сауатсыздық
D)Соңы мен оңы
E)Жоғарғы және төменгі жақтары
52.Даму туралы философиялық ілім:
A)Диалектика.
B)Догматизм.
С)Эклектика.
D)Метафизика.
E)Релятивизм.
53.Дао дегеніміз:
A)Бәрін қамтитын дүниетанымдық ұғым, түпнегіз, заң.
B)Адамның адамгершілік-саяси мінез-құлқы.
C)Әлеуметтік-экономиқалық даму жолы.
D)Адамның мәдениеті туралы ілім.
54.Даолық дана мынаны қалайды:
A)Үндемеуді
B)Сөйлеуді
C)Таппак оқуды
D)Өлең айтуды
E)Жасырын сөйлеуді
55.Даосизмдегі «табиғилық» принципін ұстану дегеніміз:
A)Дао- табиғат заңына еру
B)Өз Меніңнің қажеттілігіне еру
C)Жақыныңа деген махаббат принципін жүзеге асыру
D)Сыртқы әлемді жақсы жақка қарай өзгерту
E)Құдайға сену
56."Дәрігер каноны" еңбегінің авторы:
A)Авиценна
B)Яссауи
C)Газали
D)Аристотель
E)Августин
57.Джайнизм ілімінің негізін салушы
A)Вардхамана
B)Дхишан
C)Лао Цзы
D)Сюнь Цзы
E)Сидхарта
58.«Диуани Хикмет» атты философиялық-теологияльгқ поэманың авторын көрсетіңіз:
A)А. Иассауи
B)Х.Дулати
C)Әл-Фараби
D)Әл-Ғазали
E)Ж.Баласағұн
59.Дуализмнің мәні неде?
A)материя мен рухты мойындау
B)руханилық пен жаратушыны
C)материяны мойындау
D)рухты мойындау
E) материя мен табиғатты мойындау
60.Дүниеге көзқарастың анықтамасы:
A)Дүниеге, адамның дүниеде алатын орнына деген көзқарастардың жүйесі.
B)Дүниені танып-білуді білдіретін қағидалар жиынтығы.
C)Қоғам туралы білімдердің жиынтығы.
D)Адамгершілік принциптерінің жүйесі.
E)Дүниеге діни көзқарас
61.Дүниені танып-білуге бола ма? Төменде келтірілген жауаптардың қайсысы скептицизмге жатады?
A)неғайбыл, оның ақыр-соңына дейін танып-білу үлкен күмән туғызады;
B)жоқ, түп негізінде танып-білуге болмайды;
C)білмеймін, бұл сұрақтың сенімді жауабы менде жоқ;
D)танып-білуге болады, бірақ та таным күрделі, қайшылыққа толы, шексіз процесс;
E)бөлікті түрде ғана тануға болады;
62.Дүниені толық тануға күмән келтіретін ілім:
А) агностика
B)идеализм
C)материализм
D)гносеология
Е)акциология
63.Дхаммапада:
A)Будда ілімін баяндаушы еңбек.
B)Материалистік көзқарас.
C)Ежелгі Қытай философиясының ескерткіші.
D)Көне Грек дүниесінен қазіргі заманға жеткен қолжазба.
E)Материяның күрылымын талдайтын ғылыми шығарма.
64.Ежелгі Иран дінінің пайғамбары:
Достарыңызбен бөлісу: |