Ф 7-008-02 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет9/11
Дата11.01.2017
өлшемі2,36 Mb.
#6997
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Мораль философиясы
Мораль -қоғамдық сананың өте көне формасы, ол қоғамдық қарым-қатынастармен бірге туындап, өсіп, өрбіп отырған. Адамдардың бір-бірімен, әлеуметтік топтармен, қоғамның барлық жүйелерімен қарым-қатынасын реттейтін ұстанымдар мен іс-қимылдардың, нормалардың жүйесі. Моральдық нормалар адамдардың арасындағы қарым-қатынасты Ізгілік пен Зұлымдық тұрғысынан бағалауға сүйенген.

Адамдар іс-әрекетін мынау жақсы немесе жаман деп бағалаған. Алғашқы қауымдастықтарда адамдар өз арасындағы мәселелерді адамгершілік негізіне сүйеніп шешіп отырған. Рудың ертеден бері қалыптасып қалған әдет ғұрыптары қоғам мүшелерінің еркіне сай келгендіктен, олардың қажетін өтейтін болғандықтан, әдет-ғұрыптарды мүлтіксіз орындау әркімнің үйреншікті дағдысына айналған.

Мораль барлық азаматтардың мүддесін, арман-тілегін, еркін білдіреді, қоғам мен адам мүдделерінің дұрыс ара-қатынасын бейнелейді, жеке адамның мүддесін жоғары қойып отырады: кез келген азаматқа оның ұлтына, байлығына қарамастан басқа адамдармен тең екендігін көрсетеді; іс-әрекетті бағалау үшін бірдей өлшем ұсынады.

Олар көпшіліктің үлгі-өнегесі, әдет-ғұрып, қоғамдық пікірдің ықпалы арқылы нығая түседі. Сондықтан мораль талаптары жеке біреудің жарлығымен тағайындалмайды, ол адамдардың барлығы орындауға тиісті мінез-құлық формасы болып табылады. Моральдық сананың мәнін терең түсіну үшін оны құқықтық санамен салыстырып көрейік.

Мораль мен құқықтың бір-бірінен айырмашылығы мынада:

1) қалыптасуы жағынан: мораль қоғамның пайда болуымен бірге қалыптасады, ал құқық мемлекетпен бірге туындайды.

2) айтылу түрі жағынан: мораль қоғамдық сананың түрі ретінде адамдардың іс-әрекетінде тікелей өмір сүреді, ал құқық арнайы нормативті актілерде көрініс табады;

3) әрекет ету аясы тұрғысынан мораль барлық қоғамдық қарым-қатынасты реттей алады, ал құқық тек іргелі, өзінің шамасы келетін қатынастарды ғана қамти алады.

4) әрекет ету мерзімі жағынан: моральдық нормалар оларды түсіне бастаған уақыттан бастап іске қосыла береді, ал құқықтық нормалар арнайы белгіленген уақыттан бастап қана әрекет ете алады.

5) іске асыру тәсілі жағынан: моральдық нормалар қоғамдық ықпал арқылы іске асырылады, ал құқықтық нормалар мемлекеттің араласуын қажет етеді.

6) бағалау өлшемі тұрғысынан: моральдық нормалар қоғамдық қарым-қатынасты ізгілік пен зұлымдық тұрғысынан реттейтін болса, ал құқықтық нормалар заңды, заңсыздық тұрғысынан реттейді.



Ғылым философиясы

Ғылым адамның өзін-өзі тануындағы маңызды құбылыс. Күнделікті өмірімізде ғылым деп математиканы, физиканы, тарихты айта береміз. Ғылымдардың саны көп, жылдан-жылға көбейе түсуде. Қазіргі мәліметтерге сүйенсек, XX ғасырдың аяғында әлемде ғалымдардың саны 5 миллионнан асып кетті, ғылым өзінің құрамына 15 мың пәнді біріктірді, жүз мыңдаған ғылыми журналдар жарық көреді. Ғылымның қоғамдық маңызы одан әрі арта түсуде.

Ғылымды адам мүмкіндіктері тұрғысынан саралап, жүйеге келтіруге тырысқан алғашқы философ – Аристотель. Ол барлық ғылымдарды теориялық, практикалық және шығармашылық деп үлкен үш топқа бөлген. Теориялық ғылымдар әлемнің түп негіздерін, болмыстың алғашқы себептерін ақылдың көмегімен түсіндіреді. Бұған: философия, физика, математика жатады. Практикалық ғылымдар мемлекеттік құрамды, адамның мінез-құлқын тәртібін, шаруашылықты жүргізудің негіздерін зерттейді. Бұлар – саясаттану, этика, экономика. Аристотель жүйесінің үшінші тобы – шығармашылық ғылымдар. Бұған қолөнердің барлық түрі – емдеу, құрылыс, соғыс өнері, тамақ жасау өнері жатады.

XІX ғасырдың екінші жартысында ғылым мен философияның өзара қарым-қатынасы туралы мәселе ерекше қойылып, позитивизм қалыптасады. Позитивизмнің барлық тарихи формаларында философия мен ғылымның өзара айырмашылығы, байланысы ең, жан-жақты қарастырылады. Оның аясында шын мәнінде ғылымның заңдылықтарын, даму бағыттарын түсіндіретін көрнекті теориялар қалыптасты.

Қазіргі уақытта ғылымның өзін-өзі тануы ғылым философиясында, ғылым социологиясында, ғылымтануда жалғасуда.

Ғылым философиясы ғылыми білімнің құрылымы, қалыптасуы мен дамуы, ғылыми танымдағы дәстүр мен жаңашылдық, зерттеу жұмыстарының әртүрлі типтері, ғылымның қоғамдағы негізгі қызметі мен ролі сияқты сұрақтарды жан-жақты зерттейді.

Сөйтіп, ғылым дегеніміз – объективті ақиқат білімдерді дүниеге келтіруге арналған іс-әрекет. Оның заңды туындысы жүйеленген, нақтыланған, практика жүзінде дәлелденген білім. Ғылым – адам іс-әрекетінің ерекше түрі, рухани өндірістің күрделі формасы оның бірнеше өзіндік белгілері бар:

1. Ғалымның іс-әрекетін анықтайтын өзіндік құндылықтар жүйесі бар. Ғалым әр уақытта объективті шынайы білім алуға тырысады. Ақиқатқа жетудің негізгі жолы ақыл-ой құндылығы. Ғалым ақиқат жолында ерекше ұстамдылық, салқынқандылық, еңбекқорлық, ізденімпаздық, адалдық, кемшіліктерді мойындауға даярлық, шығармашылық қабілеттерді, бірігіп іс-әрекет етуге дайындықты көрсетеді.

2. Ғылыми зерттеуде қажет болатын арнайы құрал-жабдықтар жүйесі.

3. Арнайы тәсілдер жүйесі.

4. Ғылыми іс-әрекетті ұйымдастыру мәселесі.

Ғылым философиясы айналысатын көптеген мәселелерді жинақтап, бір түйінге келтіретін болсақ, мынадай қорытынды жасауға болады:

1. Ғылымда білімнің ерекше түрі жасалады және танымның дербес түрі іске асырылады: ол адамның сана сезімінің ерекше формасы;

2. Ғылым өркениет тарихының белгілі бір дәуірінде қалыптасады, өзінің дамуында күрделі өзгерістерге ұшыратып отырады;

3. Ғылым – адам еңбегінің ерекше түрі, арнайы ұйымдастыру формасы бар рухани өндірістің маңызды саласы;

4. Ғылыми-зерттеу – коллективтік, ұжымдық, сонымен қатар, жеке іс-әрекеттің нәтижесі.

Ғылым – табиғат, қоғам және таным туралы білімдерді алуға бағытталған рухани өндірістің түрі.

Ғылым – жаңа білімді жасауға, өндіруге жұмсалынған шығармашылық іс-әрекет. Ғылыми шығармашылықтың негізгі сипаттары: ғылыми ойдың дамуының бірлігі, ғылыми нәтижелердің жалпы міндеттілігі, ғылымның дербестігі және өзіндік тәуелсіздігі, ғылыми сенімнің негізгі элементі.

Ғылымның дамуының мынадай негізгі заңдылықтары бар:

1. Ғылымның дамуының қоғамдық тарихи мүдделерімен байланыстығы. Бұл - әлемнің дамуының негізгі қозғаушы күші және қайнар көзі.

2. Ғылымның дамуының шартты дербестігі. Практика ғылымның алдына қандай мәселе қоймасын оны шешу процесінде ғылым өзі қол жеткізген даму процесінің жетістігіне сүйенеді, яғни оның дамуының өзіндік дербес, ішкі қисыны болады, бұл маңызды заңдылық әруақытта орындалады.

3. Ғылымның тәсілдері мен әдістерінің, теориясы мен ұғымдарының, идея мен принциптерінің дамуындағы сабақтастық. Ғылымның әрбір жаңа биік деңгейі бұрынғы табыстарға, тәжірибелерге сүйенеді.

4. Ғылымның дамуы мен оның тарихы ұдайы, үздіксіз білім жинау мен күрт өзгерістердіқ, яғни эволюция мен революцияның бірлігі болып табылады.

5. Ғылымның көптеген бөліктерінің өзара байланысы мен қарым-қатынасы. Мұның нәтижесінде әртүрлі сападағы заттар мен құбылыстардың табиғаты мен мәнін тереңірек және жан-жақты ашуға мүмкіндік туады.

6. Сын айту еркіндігі, ғылымның түсініксіз, екіұшты мәселелерін ашық және еркін талқылау, әртүрлі көзқарастардың еркін сұхбаты. Ғылымның дамуы өте күрделі процесс. Ешбір ақиқат бірден анықтала қоймайды, бір-біріне қарама-қарсы көзқарастарда, ізденістерде оның қайшылықты болмысының жекелеген қырлары мен қасиеттері айқындалып отырады. Егер ғылым ақиқатқа бірден қол жеткізсе, онда ғылымның өзі де керексіз болып қалар еді.

7. Ғылыми білімнің дифференцияциясы мен интеграциясы. Ғылыми білімнің дифференцияциясы оның жеке бөліктерінің өзіндік міндеті мен зерттеу тәсілдері бар шартты дербес тәсілдерге бөлініп шығуда көрініс табады. Сонымен қатар, ғылымның бірнеше салалары бір объектісін зерттеуде өзара бірігуі мүмкін. Бұл процесс интеграцияны білдіреді.

8. Қазіргі ғылымға жаратылыстану, әлеуметтік, техникалық ғылымдардың өзара байланысының кеңеюі, практикалық ғылым жетістіктеріне сүйене түсуі, адамдардың өмірлік іс-әрекеттерінде ғылымның маңызының өсіп, ғылыми зерттеулердің құндылығының тереңдей түскендігі тән.

Қазіргі ғылым философиясында бұрын соңғы болмаған тың көзқарастар мен ізденістер бар. Соның бірі – синэнергетика. Соңғы жылдардағы ғылыми сұхбаттарда, кеңестерде синэнергэтикалық процестерді көбірек талқылап, оның негізгі принциптеріне көңіл аудару кеңінен өрістеуде. Оның негізгі ұғымдары - өзін-өзі ұйымдастыру, ашық жүйелер. Синергетика ашық, яғни сыртқы дүниемен, затпен, энергиямен және ақпаратпен еркін байланыса алатын жүйелерді зерттейді. Синергетикалық әлем үлгісінде көпжақтылық пен қайта оралмаушылықтың өзара қарым-қатынасының туындысы болып отыратын қалыптасу процессі сипатталады, дараланады. Болмыс пен қалыптасу бір-бірімен қатар қойылады. Уақыт әруақытта жасампаз, басқаша айтсақ, ол конструктивті функцияны орындайды.

Синергетиканың маңызды негізі – материяның өзін-өзі ұйымдастыруының кейбір әмбебап принциптерін әр түрлі сала мамандарының көмегімен анықтау. Осы заттар мен құбылыстардың жанды динамикасы яғни құрып отыру мен қалыптасудың ұдайы алмасу процесі қызықтырады. Синергетика өзін-өзі ұйымдастырудың тетіктерін зерттейді. Әрбір құбылыстың тұрақтылыққа, өзіндік тәртіпке жетелейтін ішкі ресурстары бар. Жаңа бағыт осы ішкі мүмкіндіктерге ерекше мән береді. Жүрдек және күрделі өмір ғылымының дамуына жаңа талаптар қоюда, сонымен қатар, шешуін күтіп тұрған тың мәселелер де өте көп.

Техника философиясы

Техника “тэхнэ” сөзінен шыққан. Көне грек тілінен аударғанда шеберлік, икемділік, өнер деген мағынаны білдіреді. Қазіргі уақытта техника сөзі екі мағынада қолданылады.: 1. Іс-әрекеттің әр түрлі саласында пайдаланылатын техникалық құрылымдардың жалпы атауы. 2. Іс-әрекетте қолданылатын әрекеттердің жиынтығын бейнелейді.

Техникалық құрал-жабдықтарды дайындау және қолдану адам іс-әрекетінің негізгі ерекшелігі.

Техника – адам мен табиғат арасындағы делдал. Оның көмегімен адам өзініқ табиғи мүмкіндіктерін кеңейтеді, тіршілік етуін оңтайлы, ыңғайлы етеді. Техникалық құралдар адамның табиғи мүшелерінің қызметін атқара алады. Мысалы, тігін станогы тігіншінің, авто және темір жол көлігі жүргізушінің функциясын орындайды. Техника туралы сөз еткенде толықтыру мәселесін де қарастыру қажет. Техника адамның кейбір қасиеттері мен мүмкіндіктерін толықтырып отырса, оның өзі де техникалық жүйенің маңызды бөлшегі болып табылады. Сонымен қатар, транспорт пен байланыс, ғылым мен оқытудың, соғыс, медицина, мәдениеттің, күнделікті өмір сүрудің техникалары бар. Техниканың тарихы – адамның еңбек ету функцияларының бірте-бірте техникалық құрылымдарға өту тарихы. Оның дамуында үш маңызды кезең бар: қол еңбегінің құралдары, машиналар, автоматтар.

Техниканың өзі ғылымға жаңа талаптар қойып отырады. Қазіргі қоғамның даму деңгейін ғылым мен техниканың дамуы анықтайды.

Техника философиясы – бүгінгі әлемдегі техника феноменінің философиялық методологиялық және дүниетанымдық мәселелерін арнайы зерттейтін бағыт. Оның негізгі мақсаты – техниканы, оның дамуын біртұтас құбылыс ретінде қарастыра отырып, техникалық іс-әрекеттің мәнін ашу, техникалық мәдениетпен, саясатпен, адам іс-әрекетінің басқа да түрлерімен байланысын анықтау. Техника философиясының көрнекті зерттеушісі неміс ғалымы Ф.Рапп оның мынадай негізгі бағыттарын көрсетеді. 1) Техника тарихын және оның мәдениетпен қарым-қатынасын зерттеу; 2) Қазіргі техника мен еңбектің жалпы сипатының социологиясын сараптау; 3) еңбек етудің, әлеуметтік, саяси белсенділіктің экзистенциялық мәселелерін зерттеу; 4) эпистемология тұрғысынан органикалық әлем мен техникалық әлемнің бөлінуін қарастыру; 5) Басқару мәселелері және техника мен бүкіл адамзат құндылықтардың өзара қарым-қатынасын зерттеу. Техника адам өмірін жеңілдету және кеңейту, дамыту қажеттілігінен пайда болды.

Техника болмысы туралы білім XІX ғасырда қалыптасты. Техника философиясының “техника-болмыс” қатынасын арнайы зерттейтін бөлімі техника онтологиясы деп, ал “техника-адам” қатынастарын зерттейтін бөлімі техника антропологиясы деп аталады.

Техникалық білімнің негізі ерекшелігі – оның объектісі табиғи емес, жасанды сипатта болады. Техника қоғам өмірінде кеңінен қолданыс табады. Бір адам техникалық құрылымның жобасын сызады, екіншісі оны өндірудің технологиясын жасайды, үшіншісі оны өндіреді. ал төртіншісі онымен тікелей жұмыс жасайды.



13.Тарих философиясы

СӨЖО сұрақтарына жауап беріңіз.

1.Тарихта прогресс мүмкін бе?

2. Аңыз және саясат: олардың қатынастары қандай?
Тарих философиясы деген термин екі түрлі мағынаға ие: біріншіден, тарихты онтологиялық және гносеологиялық талдау; екіншіден, 19-шы ғасырдың аяғы және 20-шы ғасырдың басы кезеңіндегі философиялық бағыт.

Тарихты басқарушы күш әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Идеалистік философияда тарихты басқаратын күш абсолютті рух (Гегель) деп қарастырылды. Рационалистер тарихты басқаратын күш ақыл-ой деп санады. Натуралистік бағыттардың өкілдері тарихты басқаратын күш табиғи заңдылық деп түсіндіреді. Қалай дегенде де бұл күштер тарихтан сыртта деп қарастырылады. Олар тарихты басқаратын күштер тарихтың өзінің ішінде құрылады деп есептемеді. Тарих философиясының классикалық жобаларында дұрыс пікірлер де болды. Мысалы, француз ағартушылары ХVIII ғасырда прогресс теориясын дайындап шығарды. Оның алғашқы авторы Кондерсе болды. Гердер процестің бірлігі туралы ілімді ашты. Сол уақытта мәдениет философиясының да ірге тасы қаланды. Оны ашқан Вольтер болатын. Вольтер мәдениет философиясын саясат философиясына қарсы қойды. Тарих философиясының рационалистік нұсқасынан романтикалық нұсқа ерекшеленді. Романтикалық нұсқада тарихи кезеңдердің ішкі байланысы, сабақтастығы, көптүрлілігі ашылды. Георг Вильгелм Гегель тарихи процеске байланысты еркіндік және қажеттілік ұғымдарының қатынасын терең талдап көрсетті. Бірақ олар метафизикалық көзқарастардан арыла алмады. Тарих философиясына позитивизм де өз пікірін айтты. Позитивизм адамдардың табиғи қажеттіліктеріне, табиғи алғы шарттарға көп назар аударды. Идеалистік концепцияларда да, натуралистік философияда да реалды тарихи шығармашылық әлде бір сыртқы, тарихи емес күштерден бастау алады.

Тарихқа материалистік көзқарас барлық трансцентентальды, жаратылыстан тыс, тарихи еместің бәрін ысырып тастайды. Маркстің пікірінше адамдар тарихты өздері жасайды, олар өздерінің бүкіл әлемдік тарихи драмасының актері де, авторы да өздері болып табылады. Маркс, - алдыңғы ұрпақтың іс-әрекеттерінің нәтижелері объективтілендіріліп, келесі ұрпақтың алдында алғышарт болып негізделіп жатады, - деді.

Маркске дейінгі тарих философиясында басты болып келген онтологиялық проблематика ХIХ ғасырда басқа қоғамдық ғылымдарға ауысады, соның ішінде социологияға. ХIХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басы кезеңінде орын алған позитивистік эволюционизмнің кризисі тарихи айналым теорияларының жаңа варианттарының пайда болуына және кең таралуына мүмкіндіктер туғызды (Шпенглер, Тойнби, Сорокин). Тарихтың мәнінің метафизикалық проблемасы христиандық тарих философиясының басты мәселесі болып табылды (Бердяев, Маритен, Демиф, Бультман, Нибур). ХIХ ғасырдың соңында пайда болған сыни тарихи философия тарихи таным процесі мен нәтижесін талдаудың гносеологиялық және методологиялық проблематикасын алға қойды. Тарихи танымның гносеологиялық сыны мәселесін алғаш Дильтей қарастырды. Бұл ілім ақыл-ойды жаппай сынға алудан да тайынбады. Тарихи танымды гносеологиялық сынау тарихи субъект теориясын қамтымай қоймайды. Кроче деген ойшыл тарих ой ретінде де, тарих әрекет ретінде де бір-бірімен тығыз байланысты деп түйді. Неокантшылдықтың баден мектебінің индивидуалшыл әдісі құндылық философиясымен байланысты болды. Осындай ерекшелік Экзистенциализмге де тән болды. Бұл ілімдер де тарих философиясы адам философиясының бір аспектісі ретінде орын алады.

Көрнекті батыс ғалымы Р.Арон өзінің “Тарих философиясы” деген еңбегінде индустриалдық қоғамның негізгі қасиеттерін атап көрсетеді:

1) өндірісті ғылыми түрде ұйымдастыру;

2) материалдық молшылықтарға жету;

3) ұлттық өнімде өндірістің үлесінің көбеюі және соған сәйкес ауыл шаруашылығының үлесінің кемуі;

4) баюдың көзі ретінде соғысты жою;

5) “индустриалдық қоғамда” өндіріс құралдарына деген меншік формаларының еш маңызы жоқ. Р.Арон постиндустриалды қоғам туралы концепциясын кеңінен таратты.

Тарихи прогресс өндіргіш күштерді жетілдіру нәтижесінде алға өрлейді.

Саясат адам психикасындағы мифологиялық сенімдерге сүйенеді және өз тарапынан саяси мифтерді қалыптастырады.


14. Білім философиясы.

СӨЖО сұрағына жауап беріңіздер:

1. Қазіргі замандағы білім берудің ерекшелігі неде?
Болашақтың тікелей және белсенді «агенті» - бұл оқу-білім саласы. Білім беру саласы болашаққа жұмыс жасайды. Білім беру деген сөздің мәнін ашу үшін оның төрт аспектісін ескеруіміз керек:


        1. білім беру – бұл құндылық;

        2. білім беру – бұл жүйе;

        3. білім беру – бұл процесс;

        4. білім беру – бұл нәтиже.

Білім беруді құндылық ретінде қарастырудың өзі үш блоктан тұрады:

1) білім бері мемлекеттік құндылық ретінде; 2)білім беру қоғамдық құндылық ретінде; 3) білім беру тұлғалық құндылық ретінде.

Білім беру мен тұлғаның дамуын ұштастыру тәжірибелері бар. 1)Біз нені оқып үйренуіміз керек? 2)Біздің қалай оқып үйренуіміз тиімді? 3)Нені оқып жатқанымызды қалай біле аламыз? деген сұрақтар төңірегінде ұйымдастырылғаны тиімді болады.

Білім философиясының арнайы ғылыми сала ретінде бөлініп шығуына себеп болған маңызды негіздерге мыналар жатады: 1)білім берудің технологияларының өзгеруі; 2)білімнің көлемінің өсуі; 3)қоғам мен оқу-білім саласы арасындағы қайшылықтардың тереңдей түсуі.

Білім философиясында білімділік идеясы, білім берудің мақсаты, білім беретін жүйелердің тарихы сияқты маңызды педагогикалық сұрақтар талқыланады.

Оқу-білім жүйесінің ұзақ мерзімді стратегиясының негізінде әлеуметтік-педагогикалық мақсаттылықтың мәселелерін шешу жоспарлары қойылады. Осындай мақсаттардың иерархиясын жасақтауда білім философиясының көмегі қажет. Глобалды философиялық тұрғыдағы мақсаттардан нақты жағдайлардағы мақсаттарға көшудің механизмі болады. Оны анықтау күрделі процесс, мұндай жұмысты атқару тек педагогиканың күшімен жүзеге аса алмайды. Осы мақсатта да білім философиясы өзінің мүмкіндігін паш ете алады. Осы мәселелерді сыңар жақты шешетін болсақ, субъективизмге орын беріледі, тәрбие жұмыстарында схематизм, шаблон бойынша жұмыс істеу сияқты кемшіліктерге жол беріледі. Сондықтан, оқу-білім саласында әлеуметтік-педагогикалық мақсаттылықтың теориясын және методологиясын жасақтау маңызды шарт болып табылады. Жаһандық адамзаттық құндылықтарды білім саласына трансформациялау – оқу-білім философиясының негізгі міндеттерінің бірі.

Білім философиясының зерттеу объектісі ретінде «Білім беру – бұл құндылық» және «оқу-білім саласындағы құндылықтар» деген екі доктринаның ара салмағы мен байланысы мәселесін де алуға болады.

Сондай-ақ, социум және білім беру слаларының даму параметрлерінің түйілістіруі мәселесі де - білім философиясының зерттеу нысаны. Білім берудің мазмұны қоғамның негізгі салаларымен детерминацияланады. Мәдени-әлеуметтік орта оқу-білім жүйесіне прогностикалық фон бола алады, әрі мәдени-әлеуметтік орта білім жүйесінің нәтижелерін тұтынушы да бола алады.

Бүгінгі таңда оқу-білім жүйісі экстенсивті де, интенсивті де өзгеріске ұшырауда: 1)мектепке дейінгі, мектептегі білім алу шеңберінен шығып, ересек адамдар да білімін жетілдіруді жалғастыра береді; 2)білім беру қызметін ұйымдастырудың формаларын, әдістерін жетілдіру. Қазіргі заманда ғылыми жаңалықтарды жай ғана оқу курстарына кірістіріп қоя салу жеткіліксіз. Инновациялық үрдістермен жаңашалау қажет.

Білім философиясының мәселелерін қарастыру көптеген ағымдардың назарын аударып отыр. Сол ағымдардың бірі – постмодернизм. Постмодернизм өкілі М.Фуко өзінің «Білім археологиясы» атты шығармасында білім беру жүйелерін реформалау мәселесіне назар аударады. Практикалық және теориялық білім беру мен университеттік білім беруді бөліп қарау керек екенін айтады. М.Фуконың пікірінше, білім берудің құрылымы инвертизацияланған (дағдылы тәртіптің орын алмастырылуы). Ол білімді қабылдау және оны меңгеру арасында сәйкестік жоқ деп санады. Бұл екеуін үйлестіретін әдістемелер дайындау қажеттігін айтады. Фуконың ойынша шәкірттік кеңістік екіге бөлінеді: 1)оқытылатын білім шеңберінің жабықтығы; 2)ашық сала (өзінен-өзі айқын шындық). Ұстаз бен шәкірттің диологы мәселесіне де Фуконың қосары болды. Постмодернизмнің өкілі ретінде ол сөйлеушінің мәдениет кеңістігіндегі орнын анықтайды. Сөйлеуші – бұл текстті ұғынушы, оны талдау барысында өз үлесін қосушы. Текст постмодернисттердің түсінігінде – бұл әлем. М.Фуко өзінің дискурсивті практика атты теориясын білім мен өкіметтің бірлігі түсінігімен ұштастырды. (Дискурс – правила речевого объяснения реальности). Постмодерн кезеңінде тілдік ойын маңызды орынға шығады.

Ж.Ф.Лиотар наррациялық білімді ғылыми біліммен, классикалық біліммен салыстырады. Наррация – дәстүрлі, қарапайым, ғылыми емес білім. Лиотардың пікірінше, білім «кең ағартушылық» түрде болуы мүмкін, немесе денотивті пікірлердің жиынтығы ретіндегі мәдениет болуы мүмкін. Оның пікірінше білім – бұл ғылым да емес, таным да емес. Білім - кумулятивтік сипатқа ие феномен. (Лиотардың еңбегі «Постмодерннің күйі»).

Білім — бұл рухани өсудің маңызды саласы. Ол қоғамның рухани өркендеуінің көрінісі ғана емес, сондай-ақ, экономикалық базасын да құрайды. Ол сол рухани мәдениетті болашақ ұрпаққа шып-шырғасын шығармай жеткізе отырып, сақтаудың және трансформациялаудың басты құралы болып саналады.

Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан өткеннен сабақ алып, білім мен ғылымды дәуір дамуына сай жетілдіріп келеді. Әлемдік білім кеңістігінің озық үлгілерін отандық үрдіске, халықтық қалыпқа, ұлттық үлгіге бейімдеу негізінде реформалар жасалуда.

Қазір Қазақстан төрткүл дүниедегі 177 мемлекеттің арасында сауаттылық жағынан 14 орыңды иеленіп отыр. Білім алушылардың ұзын саны 4,5 миллион адам. Білім-ғылым саласында 500 мыңнан астам оқытушылар мен ғалымдар қызмет етеді. Білім мен ғылымды қар-жыландыру соңғы 10 жыл ішінде 7 есеге өсті. 2008 жылы білім саласына бөлінген каржы 25,7 пайызға көтеріліп, 604,2 млрд. теңгеге жетті.

Білім сапасын арттыру жолында өткен жылы қабылданған "Білім туралы" Заңның алар орны ерекше. Бұл құжат елімізде жетілдірілген жаңа білім беру ортасын қалыптастырудың тұжырымдамалық идеясына жауап береді. Заңнамада білім беру қызметі нақты жүйелендіріліп, оның барлық аспектілері бір негізге бағындырылған.

Осы заңның басты міндеттерді шешуге арналған тармақтарын атап айтсақ: оның біріншісі, әлемдік білім кеңістігіне кіруге (интеграцияға), екінші, педагог қызметкерлердің мәртебесін арттыруға, үшінші. сапалы білім берудін қолжетіңділік кепілдігін көтеруге, төртінші, басқару және қаржыландыру жүйесін дамытуға мүмкіндік беруі, т.б. Сонымен бірге, білім берудің парадигмасы "өмір бойына алған біліммен" қажеттілік пен мүмкіндікке сүйенуге, "бүкіл өмір бойы білім алуға" қол жеткізу. Бұған сәйкес білім берудің жана технологиялары мен әдістері, білімді өзгелерге жеткізу мен білім алушылардың талап-тілегін орындауды жүзеге асыру.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 100 мектеп, 100 аурухана салу жөніндегі кемел ойын іске асыру 2008-2009 жылдары қолға алынды.

Елбасының "Тілдердің үш тұғырлылығы" идеясын мүлтіксіз жүзеге асыру мақсатында 32 мектеп ашылып, онда оқушыға математика, физика, информатика, химия, биология, экономика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын болады.

2008-2009 оқу жылынан бастап республика мектептеріне 60 шетелдік мүғалімдер тартылып, тәжірибе алмасу жүргізіледі. Астанадан 20 интел-лектуалдық мектеп ашу да жүзеге асырылады.

Еліміздің мектептеріндегі таланты ерен, қарымы бөлек жастар тек қана өз Отанымызда ғана емес, әлемдік білім сайыстарында бақтарын сынап, мемлекет абыройын биік деңгейге көтеріп жүр. Бұрын осындай олимпиадалық жарыстарды өз республикамызда өткізудің сәті қашан түсер екен деп жүруші едік. Сол күн де жақындап келеді.

2010 жылы елордада әлемнің 100 мемлекетінен жүзден жүйрік деп танылған мыңнан аса оқушы математикадан өтетін халықаралық олимпиадада сын төзіне түседі. Бұл қазақ елінің білім саласында да танылуына жол ашады деп білемін.

Осы заманда кәсіптік білім мен нәсіп айырудың тиімді жолдары ұсынылуда. Бұл туралы да Елбасы жиі еске салумен қатар, техникалық және технологиялық мектептерді көбейту, сөйтіп, қажетті мамандықтарды дайындау мәселелері туралы нақты тапсырмалар берді. Бір кездері ешкімге кажеті болмай қалған кәсіптік мектептер, қазір аяғынан тік тұрып келеді. 2007 жылдың өзінде 18 сондай оқу орны бой көтерді. Тек қана республикалық бюджеттің, не болмаса жергілікті жердің қаржысымен бұл саланы дамыту, әрине, мүмкін еместігі белгілі. Осы мәселеге ұлттық компаниялар мен жеке құрылымдар да назар аударып, колледждер жүйесін салуға көмектесіп жатыр. Әрине, бұл жаппай көрініс тапқан жоқ. Егер солай болып жатса, нұр үстіне нұр болып, мамандық алам деушілерге жан-жақты мүмкіндік туар еді.


Каталог: archiv
archiv -> Берлинде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы өмірбаяндық кітаптың тұсаукесері болып өтті 2014 жылғы 26 қарашада Германияның астанасы Берлин қаласында Махмұт Қасымбековтің неміс тілінде жарық көрген «Нұрсұлтан Назарбаев
archiv -> Сабақ тапсырмаларына әдістемелік нұсқау Шымкент-2010
archiv -> Қазақстанның әскери тұтқындарының тағдырларында беймәлім парақтары Финляндия Ұлттық мұрағатының материалдарынан табылды
archiv -> Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қортындысы Кіріспе бөлім
archiv -> Сабақ «Ақшаның экономикалық мәні»
archiv -> Сабақ жоспары № Тақырыбы: шкм математика сабағын ұйымдастыру
archiv -> Арман-мақсат болған кемел қоғамға бет алып, жаңа азаматты рухани деңгейі биік, парасат-пайымы терең, ғылым мен мәдениеттің озық үлгілерінен сусындаған адамды қалыптастыру міндеті алда тұр
archiv -> Сабақ-презентациясы сәуір Жітіқара қ. мемархив Жітіқара амм 3 «Лисаковск қаласының 45 жылдығына арналған «Қаладағы мұрағат тарихы»
archiv -> Оқу пәнінің міндеттері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет