Ф 7-008-02 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Антикалық мәдениеттегі философия



бет4/11
Дата11.01.2017
өлшемі2,36 Mb.
#6997
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Антикалық мәдениеттегі философия

СӨЖО сұрақтарына жауап беру керек.



  1. Төмендегі философтың аты мен ілімін сәйкестендір:

Гераклит атомистік ілім

Парменид сандар, цифрлар туралы ілім

Демокрит стихиялық диалектика

Пифагор апория жайында

Зенон Элейский болмыс туралы ілім




  1. Сөйлемді аяқтаңыз «Ежелгі грек философиясының басты ерекшелігі …»

  2. Платонның таным туралы ілімі

  3. Аристотельдің жетістіктері.

Антика философиясының дәуірі б.з.б. 8 ғасырда басталып, б.з. 5 ғасырында аяқталды. Антикалық философияны жүйелейтін болсақ, мынандай кезеңдерді байқаймыз:



  1. Сократқа дейінгі кезең. Бұл кезең б.з.б. VІІ-V ғасырларды алып жатыр. Осы уақытта Милет мектебі пайда болған. Бұл мектептің өкілдері: Фалес, Анаксимандр, Анаксимен. Сондай-ақ, бұл кезде философияда Эфес мектебі және Элей мектептері пайда болған. Эфес мектебінің өкілі Гераклит. Элей мектебінің өкілдері: Парменид, Ксенофан, Зенон. Пифагорлықтар мектебі. Оның өкілі Пифагор. Атомистік мектеп. Оның өкілдері: Демокрит, Эвклид.

  2. Классикалық кезең (б.з.б. V-ІV ғасырларда). Бұл кездегі философиялық мектептер: Афиналық мектеп, Софистер мектебі, Мегар мектебі, Киникалық мектеп. Софистер: Протагор, Гипий. Афина мектебінің өкілдері: Сократ, Платон, Аристотель. Киникалық мектеп өкілдері: Антисфен, Диоген.

  3. Эллинистік философия. (б.з.б. ІV-ІІ ғғ). Бұл кезеңде Перипатетикалық, Академиялық мектептер жалғастырылды. Сондай-ақ Эпикур мектебі, Стоицизм, Скептицизм (өкілі Перон), Эклектизм (өкілдері: Филон, Антиох) бағыттары дамыды.

  4. Рим философиясы (б.з. V ғ.) Сенеканың стоицизм мектебі, Тит Лукреций Кардың эпикуреизм мектебі, Марк Пули, Цицеронның эклектиалық мектебі, неоплотонизм философиясы қалыптасты. Неоплотонизмнің өкілдері: Плотин, Прокл.

Антикалық философияның мектептерінің негізгі мәселелері:

  1. Алғашқы бастау мәселесі.Философияда алғашқы бастау ұғымын әртүрлі түсіндіретін екі бағыт қалыптасты: а) кейбір философтар алғашқы бастау материалдық түрде болады деді. Мысалы, Фалес суды, Анаксимен ауаны, Гераклит отты, Анаксагор заттардың тұқымын алғашқы бастау деп қарастырды. Эмпедокл төрт элементті алғашқы бастау дейді. Эвклид пен Демокрит атомды алғашқы бастау дейді; б)екінші бағыттағы философтар зат емес, идеалды түрдегі, рухани алғашқы бастауды мойындады. Мысалы, Пифагор алғашқы нәрсе деп цифрді көрсетті.

  2. Қозғалыс мәселесі. Бұл мәселеде де екі бағыт қалыптасты. а) Гераклит дүние ұдайы қозғалыста деп есептеді. “Бір өзенге екі рет түсе алмайсың”, себебі ағын су лезде өзгеріп кетеді. Гераклит қарама-қарсылықтардың бірлігі туралы пікір айтты; б) кейбір философтар қозғалысты ойлау мүмкін емес деп шешті. Мысалы, Зенон Элейский мынадай апорийлер айтты: Ахилл тасбақаны қуып жете алмайды, атылған садақ ұшпайды, қашықтықты шексіз екіге бөлгендіктен, бір нүктеден екінші нүктеге жету мүмкін болмайды. Бұл ойдағы қайшылықтардың бір көрінісі.

Cократ

Антикалық философияны Сократқа дейінгі кезең, Сократтан кейінгі кезең деп те бөледі. Сократқа дейінгі кезең натурфилософия деп аталды. Натурфилософия табиғатпен байланысты сұрақтарды зерттеді. Натурфилософия әлемдегі иерархияны құрастырумен айналысты. Аспан, жер, жұлдыздар қалай пайда болды деген мәселені зерттеді. Сократ та әлемді түсінгісі келді, бірақ ол басқаша мәнерде қарастырды. Ол құбылыстан құбылысқа өту арқылы емес, жалпыдан құбылысқа қарай беттеу арқылы ізденіс жүргізді. Мысалы: әдемі заттар көп, бірақ әдемілік ұғымын бір затпен ғана байланыстырып қоюға болмайды. Әдемі заттарға ортақ қасиет бар. Оларға тән жалпылықты идея, эйдос деп атауға болады. Эйдос, жалпы идея заттардың мазмұнын, мәнін көрсетеді. Жалпылық сезім арқылы емес, ақыл, ойлау арқылы табылатын болса, онда ол ой, ақыл сферасына жатады, міне осыдан идеализм бастау алған. Сократтың ашқан жаңалығы – жалпылық туралы пікір. Ондағы басты идея – (идея блага) жақсылық, ізгілік мүдде. Әр нәрсенің қажеттілігі осы идеямен анықталады. Сократ үшін этикалық мәселеден жоғарғы мәселе жоқ. Жақсы адамның мәні жақсылықты білгендігі және сол біліміне сәйкес іс-әрекет жасауында. Адамгершілік ақылмен байланыстырылады. Білім қайдан туады? Сократ осы сұраққа пікір таластан туады деп жауап береді: тәсіл, пікір алысу жаңа ой тудырады. ( тәсілдер: ирония, майевтика). Сократ диалектика тәсіліне көңіл бөледі.

Софистика дегеніміз – бастапқы теорияны сақтап қалу үшін логика ережелерін субъективті түрде пайдалануды мүмкін етіп қарайтын аргументтердің көп түрінің жиынтығы. Бастапқы деп алынатын теория ақиқат деп қаралады және сынауға, қайта қарауға тиым салынған болады. Софистика әдісі көздегенге жету үшін, соны дәлелдеу үшін семантикалық және логикалық ережелерді пайдаланады.

Софизм – бұл еркін таңдалынған ой толғау. Оның негізінде софист адамға о бастан қолайлы альтернативалар жатады. Софист осы альтернативалардың көмегімен кез-келген пікірді дәлелдеп шыға алады. Мысалы: бір афиналық әйел баласын үйреткен: “Қоғамдық істерге араласпа. Шындықты айтсаң, адамдарға ұнамайсың, ал өтірік айтсаң, құдайға ұнамайсың.” Керісінше де дәлелдеп шығуға болады.

Софистика адамның таным сферасында шексіз релятивизмді, салыстырмалылықты уағыздайды. Софистика біздің заманымыздан бұрын V-ІV ғасырларда дамыды. Өкілдері Протагор, Гипий, Антифонт. Протагор ақиқатты относительді деп қарастырды. “Адам барлық нәрсенің өлшемі” деген сөз Протагордан қалды. Софистиканың жақсы жағы сол: ол білім жүйесіндегі қайшылықтарды табуға жағдай жасайды. Ескі ілімнен бет-бұрыс жасау керек болған жағдайда софистиканың ролі қажет болды.

Платон

Платон Сократ ілімін ары қарай жалғастырды. Заттарды тек эмпирикалық тұрғыдан қарастыруға болмайды дейді Платон. Әр заттың өз идеясы, мәні болады. Дүние заттардан және олардың идеяларынан тұрады. Заттар мен идеялар екі түрлі байланыста болады. Заттан идеяға өту, идеядан затқа өту. “Идеялар адамсыз өмір сүре алады” дейді Платон. Идеялар космоста өмір сүреді. Олар затқа қонады, әрі заттарды тастап кете алады. Платон жалпылық туралы ілімін идеалистік тұрғыдан шешті. Жалпылық өз бетінше өмір сүреді дейді. Платон – объективті идеалист. Таным – бұл объективті идеялардың бұрынғы өмірін еске алу.

Платон әлемнің толық суреттемесі болатын концепция түзді. «Тимей атты шығармасында: Дүниеде идея, материя және құдай бар дейді. Құдайды шебер жаратушы дейді. Идея мен материя қоспасынан «демиург» құдай әлемдік рухты жаратып, кеңістікке таратады. Әлемдік рух өзінің бастапқы күйінде стихияларға бөлінеді: от,ауа, жер. “Космос - ақылды тірі жан”, - деп түсінеді. Әлемнің құрылымы мынадай: 1) Құдыретті ақыл (демиург); 2) Әлемдік рух; 3) Әлемдік дене. Болмыстағының бәрі мәңгіліктің көлеңкесі, идеялар дүниесінің бейнесі. Шынайы болмыс - тек идеялар әлемі.

Платон қоғам туралы ілім негіздеді. Әділетсіз мемлекеттерге 1) тимократия (честолюбцев власть); 2) олигархия (власть богатых); 3) тирания; 4) бейбасылық пен анархияға жол берген демократиялық мемлекет. Әділетті мемлекет құру үшін жанның үш бөлігі қатысуы керек: 1) парасат; 2) аффректі; 3) көнгіш (вожделяющие), ұстамды, олар қол өнершілер, шаруалар. 1-ші түрге даналар сәйкес келеді, олар ел басшы бола алады. Аффектті жандар -қайратты, қажырлы, ержүрек адамдар, олар әскери қолбасшы бола алады.



Аристотель.

Аристотель б.з.б. 384 жылы туылды. Б.з.б. 322 жылы қайтыс болған. Аристотель - ежелгі грек философы, логиканың негізін қалаушы. Басқа да ғылымдардың негізін қалаған. Аристотель Платонның денесіз формалар туралы ілімін сынға алды. Бірақ Платонның идеализмін жеңе алмады. Сөйтіп, материализм мен идеализм арасында бір жағына шықпады. Философияда Аристотель 3 бөлімді қарастырды. 1. Теориялық бөлім: болмыс туралы ілім, болмыстың құрамы, себептері және бастауы. 2. Практикалық бөлім-адамдардың іс-әрекеті турлы ілім. 3. Поэтикалық бөлім - шығармашылық туралы ілім.

Ғылымның зерттейтін нәрсесі жалпылық болуы керек деп есептейді Аристотель. Жалпы, ақыл арқылы танылады. Бірақ, жалпы сезім арқылы қабылданатын жалқы арқылы өмір сүреді және сол арқылы танылады. Жалпыны танудың шарты: Индукциялық қорытындылау. Ол өз ретінде сезімдік қабылдаусыз мүмкін емес. Аристотель 4 себепті мойындайды. 1-себеп -материя, ол - қалыптасудың пассивті мүмкіндігі. 2-себеп - форма (түр), ол - мәндік болмыс, материядағы мүмкіндіктің шындыққа айналуы. 3-себеп - қозғалыс бастауы. 4-ші себеп – мақсатық себеп. «Табиғат, - Аристотель айтуынша, - бұл материядан формаға өтудің бірінен кейін бірі келіп отыратын тізбегі». Аристотель материяда пассивті бастауды көрді. Ал активтілікті тек формаға ғана таңды. Қозғалыс пен мақсат та формадан бастау алады. Қандай қозғалыстың формасы болмасын, қайнар көзі - құдай деп білді. Құдай объективтік сипатта болды.

Аристотельдің формалды логикасы болмыс туралы ілімімен және ақиқат теориясымен тығыз байланыста болды. Логикалық формаларда ол болмыстың формаларын көре білді. Таным туралы ілімінде Аристотель шынайы білімді болжамдық білімнен ажыратты. Бірақ тіл арқылы ол екеуі байланыста болады. Тәжірбие Аристотельдің айтуынша: Болжамдық білімді тексерудің соңғы инстанциясы ғана емес. Себебі ақиқат сезім арқылы ғана емес, ақыл арқылы да танылады. Ол іс-әрекет арқасында, нәтижесінде фактілерді жинау нәтижесінде қалыптасады. Ғылымның мақсаты затты анықтау, ал оның шарты дедукцияны дедукциямен біріктіру. Себебі, - Аристотельдің айтуынша, - барлық ұғымға предикат бола беретін ұғым жоқ. Сондықтан түрлі ұғымдар бір топқа біріге алмайды. Сол себепті Аристотель категорияларды ойлап тапты. Категориялар шынайы мәндердің басқа топтарын өзіне біріктіретін жалпы ұғымдар:

Аристотельдің категориялары (жалпы философиялық ұғымдар) 10. Категориялардың 9-ы мынандай сұраққа жауап береді: Заттардың қасиеттері қандай? Бір категория: “Болмыс деген не?” сұраққа жауап береді, ол мән категориясы.

Аристотель мен Платонның Эйдосы мен категориялары Стоиктерді қанағаттандырмады. Олар Платон мен Аристотельдің философиясынан өмірдің мәні мен өзгергіштігі туралы жауап таба алмады.

Эллинизм философиясы.

СӨЖО сұрақтарына жауап беру керек.



  1. Сөйлемді аяқтаңыз: “Жолаушы саған мұнда жақсы болады, себебі мұнда … - жоғарғы игілік”.

2. «… душа, свободная от страстей, есть твердыня, ибо нет у человека более надежного убежища, скрывшись в которое, он не боялся бы погони»? Осы мағынадағы пікірді қай ежелгі грек мектебі айтқан?
Стоицизм - субъективтіліктің мәні неде деп сұрайды? Субъективтіліктің мәні сөзде, сөздің мазмұндық маңызында, яғни Лектонда, Лектон бұл - мән. Лектон дұрыс және теріс пікірлердің үстінде тұрады. Бұл жерде сөз жалпы талдау туралы болып жатыр. Лектон адамның ішкі дүниесінде де жүзеге асырылады. Сол кезде атараксия болады. Атаракся дегеніміз - көңіл-күйдің қалыпқа түсуі, болар-болмасқа селк етпеуі, күйінбеуі. Стоиктер дүниені дұрыс танып, оның логосын, заңын толық танып, сол заңмен үйлесімді өмір сүрсе, көңіл-күйі бір қалыпта, тыныштықта болады деп қарастырды. Стоицизм мектебінің өкілдері құмарлықтан азат жан берік болады деп санаған. Стоиктердің қойған мәселесі: егер адам түрлі заңдарға тәуелді болса, ол қандай шамада бостандықта болады? Бұл мәселемен қаншалықты айналысқанмен, философтар әрі күнге шешімін тапқан жоқ.

Эпикур мектебі антика философиясының эллинизм кезеңінде дамыды. Эпикур гедонизмді негіздеді. Гедонизм – қанағат алуды ең жоғарғы игілік деп есептеді. Өмір сүруді жолаушының сипатымен салыстырды.

Неоплатонизм - олар әлемдік иерархияда адам өз орнын сезініп, терең ойланып ұғынуды мақсат етуі керек. Жақсылық жоғарыдан, тұтас дүниеден келеді. Зұлымдық төменнен, материядан келеді. Зұлымдық негізгі нәрсе емес. Ол жақсылықпен байланысты емес. Адам зұлымдықты қабылдамауына болады. Оған бұл жағдайда материалдық емес құрылымның, дүние сатысының қай деңгейіне көтерілгені әсерін тигізеді. Ол сатылар мынадай: 1)жан; 2) ақыл және 3)біртұтастық (яғни космос). Бұл сатыларға сезім, ой және экстаз сәйкес келеді. Неоплатондықтар барлық жерде гармония мен әсемдікті көрген. Жақсылықтан туындағандардың бәрі сұлу, әсем. Адамдар - әлемдік ақылда (мировой разум) қалыптасқан сценарийді жүзеге асыратын актерлер. Неоплатондықтар антика философиясын аяқтады. Олар оны жоғарғы нотада аяқтады. Олар біртұтас игілікке шақырды. Одан кейінгі көкжиектің арғы жағында философтарды теоцентрлік мәселелер күтіп тұр еді.


  1. Орта ғасырлық мәдениеттегі философия

СӨЖО бойынша мына сұрақтарға жауап беру керек:

1.Патристика мен схоластика ілімдері қандай мәселелермен айналысты?

2. Араб тілдік философияның мәселелері мен ерекшеліктері қандай?

3.Қайта өрлеу дәуіріндегі философияның негізгі кезеңдері.

Рим империясы құлаған уақыттан бастап Европада орта ғасырлар кезеңі басталады. Орта ғасырлар кезеңі мың жылдай уақытты алады. 476 жылдан XVІІ ғасырға дейін. Бұл дәуірдің де өзіндік философиясы болды. Оны схоластика (латын тілінде – школа - мектеп) деп атаған. Схоластар ақылдан діни сенімді жоғары қойды. Схоластар білімнің дінге қатынасы төңірегінде қалыптасты.

Схоластиканың алдында патристика кезеңі өтті (б.з. 2ғ.- 8ғ.). Патристика – шіркеу әкелерінің ілімдері мен әдебиеттерінің жиынтығы ретінде қалыптасты. Патристика кезеңінде Аврелий Августин, Тертуллиан сияқты теологтардың ықпалы болған. Августиннің ілімі XIII ғасырға дейін ықпалды болып келді. Оның «Құдайлық қала туралы», «Тәубаға келу» атты еңбектері бар. Августин ойлаудың екі аспектісін атап көрсетті. Біріншісі түсінік арқылы ойлау, екіншісі мақұлдау арқылы ойлау деп бөлді. Августиннің «Сенемін, түсіну үшін» («Верую, чтобы понимать») деген сөздері бар. Ол сенімді ақылдан жоғары қойған. Құдайды адамның ішкі әлемінен іздестірген. Августиннің бір қағидасында былай делінген: - «Дүниені жаратқан құдайға жүгінбейтін философтардан сақ болу керек». Нағыз адам деп Августин сүйе білген және сүюге лайық адамды айтқан екен. Тертуллиан адамның ақылы құдайдың ақиқатын толық тани бермейді, - деп, адамның ақылының мүмкіндігіне шек қояды. «Сенемін, себебі абсурдты» («Верю, потому, что абсурдно»), - депті Тертуллиан.

Схоластика өкілдері жалпылық пен жекеліктің қатынасы туралы пікір талас жүргізді. Философия тарихында бұл таласты әмбебаптар, яғни жалпы ұғымның табиғаты жайлы деп атайды. Жалпылық ұғымды олар универсалийлер деді. Универсалийлер туралы пікірлер 2 ағымға бөлінді: реализм және номинализм болып. Реалисттер айтты: жалпы ұғым, әмбебаптар адам санасынан тыс, тілінен тыс өмір сүретін шындық деп түсіндіреді. Бұл көзқарасқа қарама-қарсы екінші пікір бойынша әмбебаптар адамнан, нақты заттардан тыс өмір сүрмейді. Бұл тек нақты заттарды қорыту арқылы пайда болған жалпылық ұғым.

Бұл пікір бойынша “жалпы адам” дүниеде жоқ, адам қашанда нақты бейне. Ал “адам” деп жалпы айту – тек нақты адамдардың бәріне тең, ортақ ұғым. Бұл пікірді жақтаушыларды “номиналистер” деп атады. (латынша nomіna- атау). Реализм өкілдері – Фома Аквинский, Дунс Скотт, Раймунд Луллий. Фома Аквинский (1225-1274) орта ғасыр философиясының ірі өкілі, қазіргі католицизм дінінің рухани пірі, әулиесі. Фома философиясы мән және өмір сүру (экзистенция) төңірегінде құрылады. Оның пікірінше, өмірде бұл екеуі жеке, бірінен бірі алшақ және де өмір сүру мәнінен жоғары. Ал құдайда бұл екеуі бір, ажыратылмайды. Фоманың пікірінше дүниеде себепсіз еш нәрсе жоқ. Оның пікірінше, біздің ойымыз бен нақтылық (шындық) арасында толық сәйкестік жоқ. Жалпылық біздің миымыздың жемісі, бірақ оның нақты, біздің санамыздан тыс өмір сүретін шындыққа қатысы бар. Осыдан келіп, Фома жалпылық заттардан тыс құдай санасында өмір сүреді дейді. Фома Аквинскийдің философиясы ХХ ғасырда қайта жаңғырады. Неотомизм деп аталып, жалғасын табады.

Орта ғасырлардағы Шығыс философиясы.

Ортағасырлық арабтілдік философиясының шығу себептері және оның ерекшеліктері.

Орта ғасырларда Батыс елдері мен Шығыс елдерінің арасында едәуір айырмашылықтар болды. Орта Азия мен Иран жерлерінде Х-ХІІ ғасырларда мұсылмандық ренессанс құбылысы өтті. ІХ-Х ғасырларды мұсылман мәдениетінің “алтын дәуірі” деп атайды. “Мұсылман ренессансы” деген ұғымды шығыс тілі мен мәдениетін зерттеу ғылымына енгізген швейцарлық ғалым Адам Мец бұл құбылыстың тек антика мәдениетінің қайта өрлеуі ғана емес, сондай-ақ араб, парсы, түркі, сирия мәдениетін жаңғырту екенін тілге тиек етеді. Осы өрлеуге ықпалын тигізген жағдайлардың қатарына сауаттылықтың біршама өріс алғанын, қолжазба жинау, аударма ісінің жолға қойылғанын, жеке меншік және қоғамдық кітапханалардың құрылғанын атап өтуге болады (1). Орта Азия ортағасырлық өркениеттің бір ошағы болған. Бұл жерді атақты Жібек жолы басып өткен.

ІХ ғасырда атақты ғалымдардың бірі Әл-Хорезми өмір сүрді. Ислам діні ғылымның дамуына тосқауыл қойған жоқ. Құран кітапта білім мен ғылымның маңызы жоғарғы орынға қойылған. Ғылымның дамуына Әл-Фараби (870-950жж), Әл-Бируни (973-1037), Ибн-Сина (980-1037) сияқты ғұламалар әсерін тигізді. Көрнекті математик, астроном, ақын әрі ойшыл Омар Хайям (1040-1123) мұсылмандық теологияның схоластикалық қағидаларын сынға алған.

Орта ғасырларда мұсылман елдерінде еңбектерін араб тілінде жазған ойшылдар тобы көбейе түсті. Олардың білімдерін арабтілдік философия деп атап кеттік. Бұл кезең философия тарихында көрнекті орын алған.

Арабтілдік философияның шығуына алғышарт болған жағдайлар мыналар:


  1. Ислам дінінің қалыптасуы (622 жылдан бастап ислам дәуірі басталды). Ислам дінін таратушы басты күш Араб халифатының өмірге келуі. (Аравияда VІІ ғасырдың жиырмасыншы жылдары). Халифат дүниеге жеті жүз жылға жуық өз өктемдігін жүргізді.

  2. Эллинизмнің, оның ішінде неоплатонизмнің Шығысқа әсері.

  3. Аудармашылық қозғалыстың дамуы. Арабтілдік философия ұмыт болып бара жатқан антикалық философияны тірілтіп, оған түсініктемелер (комментарийлер) жазып, аударып, онымен Европа жұртшылығын таныстырып, грек философиясындағы дәстүрді жалғастырушы болды. Бұл жайында Бертран Расселдің “История западной философии” атты еңбегінде танысуға болады. Кітап 1998 жылы Дондағы Ростовта шыққан (328-329 беттер). А.А.Игнатенко “В поисках счастья” атты кітабында арабтілдік философия жай ғана аудармашы қызметін атқармағанын, оның өзіндік ойлау мәдениетінің жоғары болғанын атап көрсетеді.

  4. Платон мен Аристотель философиясының Араб халифаты елдеріне енуі, таралуы. Платон ілімі Әл-Фарабидің саяси философиясының негіздеріне әсерін тигізген. Аристотелизм шығыс перипатетизміне негіз болды.

Арабтілдік философияға тән ерекшеліктер мыналар:

  1. Жазба тілі – араб тілі. Әр түрлі елдерді ортақ тіл біріктірді, мәдени, рухани сұхбатқа негіз болды.

  2. Бұл философияның мақсаты: ислам қағидаларын рационалды негіздеу.

  3. Бұл философия жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланыста дамыды.

Арабтілдік философия – мұсылман мәдениетінің туындысы. Бұл философияның қай өкілі болмасын, мұсылмандыққа қарсы шықпаған, керісінше, әлемдік мәдениет үлгілерін мұсылмандық дүниетаным тұрғысынан қарастырған. Осы тәсіл мүмкін ұтымды болған болар, дүниеге озық философиялық концепциялар келді. Оған мысалдар ретінде мұсылмандық схоластиканы, ибн-Маймунның идеяларын, Әл-Фараби, Ибн Синаның жүйелерін, Ибн Рушдтің “ақиқаттың екі сипаты” концепциясын, Әл-Ашари мен Әл-Матурудилердің ілімдерін, суфизм мазхабын атап айтуға болады.

Саяси - географиялық өлшемді қолданып, араб тіліндегі философияның (фалсафа) типологиясын жасаған профессор Ғарифолла Есім, оның үш тарихи кезеңін белгілейді.

Бірінші кезең. Бағдат халифатына қатысты, Әл-Кинди, “Таза ағайындар” еңбектеріне байланысты қарастырылатын тарихи-мәдени кеңістік.

Екінші кезең. Халифаттан өзге мұсылман мемлекеттерінің пайда болуына байланысты ислам мәдениеті Аравиядан тыс аймақтарда гүлдене бастады, соның бір көрінісі Орта Азия мен Қазақстан территориясындағы ерекше дамыған – философия (фалсафа), оның өкілдері: Әл-Фараби, Ибн Сина, Омар Хайям, Аттар, Әл-Газали т.б. Бұлар парсы-түркі жұртының ойшылдары.

Үшінші кезең. Мұсылман Испаниясындағы Европалық философияның тарихи-мәдени кеңістігі, оның өкілдері: ибн-Бадж, ибн-Туфейль, ибн-Араби, ибн-Рушд. [10].

Философия оқулықтарында Таяу Шығыстағы араб елдерінде философия 4 бағытта болды деп көрсетеді. Ол бағыттар мыналар:


  1. ”Таза ағайындар ілімі”;

  2. Шығыс перипатетизмі немесе материалистік бағыт. Негіздеушісі Әл-Кинди (800-870жж.), өкілдері: Әл-Фараби, ибн-Туфейль, ибн-Рушд (1126-1198);

  3. Калам;

  4. Суфизм (ХІ-ХІІ ғ. ғ. гүлденді).

Араб мұсылман философиялық мектептері.

Әл-Фарабидің эманациялық теориясы мұсылман философиясының бүкіл тарихымен екі жақты байланысты: ол теологиялық және философиялық ойдың алдыңғы бағыттарында орын алған ілімдерді өзінде біріктіреді, және өз кезегінде Әбу Насырдың соңынан ерген көптеген ғалымдар үшін теориялық түзілімдердің бастауы қызметін өзі атқарады. Өз ілімінде Әл-Фараби аспан мен ай асты мәселелерін біртұтас етіп біріктіреді. Негізінен ақылмен танылатын және өзгермейтін болмыстармен айналыса отырып, ол, сондай-ақ, денелік және өзгермелі болмыстарды да назардан тыс қалдырған жоқ. Философ мәңгілік әлемді өзгермелі әлемнен бөліп қарайды, дегенмен Бүтін және көптік арасына байланыс орнатады. Әл-Фарабидің эманация теориясы өзінде теология мен космология мәселелерін біріктіреді. Ақыл барлық затты жасампаз ете отырып, жалғыздан тарайды. Бұлай болу себебі, құдай өз субстанциясын біледі, барлық игіліктің бастауы өзі екенін біледі, - деп есептейді Әл-Фараби. Құдайдың әрекеті мен жасапмаздығы ойлау процесінде, интеллектуалдық процесте жүзеге асады. Ойлау мен болмыстың өзара қатынасы Әл-Фараби философиясында жаратылыстың ұлы да сымбатты көрінісімен берілген.

Адамзат ақыл-ойының эволюциясын Әл-Фараби таным процесіне қатысатын адам жанының (душа) қабілеті мен бөлшектеріне байланысты зерттейді. Адам интеллекті – бұл туа біткен қабілет, - деп көрсетеді Әл-Фараби. Бұл алғашқы интеллектіні философ потенциалдық және алғашқы материалдық интеллект деп атайды. Ол тәжірибеге дейін болады, яғни адамзат ие болғанға дейін болады. Тәжірибе пайда болып, сақталғаннан кейін потенциалдық ақыл актуалды ақылға айналады. Таным процесінің екі жақты сипаты бар: ол потенциалды ақыл-оймен қатар потенциалды ақыл жететін нәрселерді де жүзеге асыруды көздейді. Материалдық болып табылатын заттардың субстанциясында өзбетінше актуалды интеллект болу қабілеті жоқ. Бұл объектілердің мүмкін, яғни потенциалды танылудан актуалды танылуға өтуі үшін материядан да асқан субстанциялы мән қажет.

Өзінің “Ақыл (деген сөздің) мағынасы жайындағы пайымдама” деп аталатын шығармасында Әл-Фараби интеллект деген сөздің түрлі мағынада пайдалануы туралы жазады. Бірінші - қарапайым сөзде, парасатты адам жөнінде айтқан кезде қолданылады. Екінші – мутакаллимдердің түсінігінде, парасат теріске шығарылған кезде айтылады. Үшінші – Аристотельдің “Екінші Аналитика” атты шығармасында берілген мағынада, интеллект жанның қабілеті болып табылады. Туа біткен қасиеті арқылы әмбебап, ақиқат және қажетті шарттар жөнінде анық мағлұмат алу үшін адамға жағдай жасайтын жан қабілеті деп қарастырылады. Төртінші мағынасы – тағы да Аристотельдің “Этика” деген еңбегінің алтыншы кітабында айтылған. Мұнда Аристотель интеллект деп өзіне сәйкес келетін тектегі объектілерге ұдайы қолданудан келіп туатын сол жанның бір бөлігін айтады. Бұл өзі жүре келе тәжірибеден туады, жан бұл тәжірибені объектідегі әрбір дара нәрседен алады. Пікірлер мен шарттардың анықтығы ерік істерінен туады; оның қабылданатыны немесе қабылданбайтыны ерік істерінің табиғатында болады. Жанның нақ осы бөлігін Аристотель “Этиканың” алтыншы кітабында интеллект деп атаған, - дейді Әл-Фараби. Интеллект сөзінің бесінші мағынасы Аристотельдің “Жан туралы” трактатынан алынады. Мұнда Аристотель интеллектті төрт түрге бөледі: а) потенциалды; б) актуальды; в) жүре келе дарыған және г) әрекетшіл интелект. Потенциалды интеллект дегеніміз формаларды жүзеге асыратын субстанция болып табылады. Форма деген ұғым Аристотельде, Әл-Фарабиде мән (сущность) деп алынады. “*Акл би л фи*л” – “актуальды интеллект”. Бұл мағынаға Аристотельдің “ойлауды-ойлау” деген ұғымы сай келеді. Мұнда Әл-Фараби ойлау мен болмыстың ұқсастығы қатынасын дамытады. Таным әрекетіне жеткенге дейін интеллект екі жағынан потенциалды. Субъект жағынан интеллект, әлі өзі дамытпаған пайымдау қабілеті ретінде потенциалды. Объект жағынан, оның потенциалды болатын себебі затқа ой жүгіртуге, оны ақылмен пайымдауға болады, оған мүмкіндік бар. Ақылмен пайымдауға болатын парықтарды – “интеллекция объектілерін” пайымдау, оларды потенциалдылықтан нақтылыққа айналдыру арқылы потенциалды интеллект актуалды интеллектке, яғни шын интеллектке айналады. Егер субстанциядан абстракцияланған интеллекцияның пайымдағыш объектілері осы парықта жүзеге асатын болса, онда бұл объектілері интеллекцияның актуальды объектілеріне айналады. Субстанциядан абстракцияланудан бұрын бұлар интеллекцияның потенциалды объектілері болып еді, ал субстанциясынан айрылып, олар актуальды объектілерге айналды. Актуальды интеллект, бұлар актуальды пайымдалғыш болғандықтан интеллектінің формалары болып табылатын интеллекцияның пайымдағыш объектілерін пайымдағанда, бұған дейін актуальды деп саналып келген интеллект жүре келе дарыған интеллектіге айналады. Болмыста пайымдалғыш парықтар пайда болады. Заттың формалары, ақылмен пайымдалатын интеллекция объектілері ретінде, тек жан дүниесінде өмір сүреді.

“Жан туралы” трактатының үшінші кітабында Аристотель айтқан әрекетшіл интеллект дегеніміз ешуақытта да материяда болмаған және онымен мүлдем байланысы жоқ абстракцияланған форма, - деп түйіндейді Әл-Фараби. Әрекетшіл интеллект дүниеде бар нәрселердің ішінен алдымен ең жетілгендерін таниды, ал материалдық формалар әрекетшіл интеллектіде материядан абстракцияланған болып табылады. Әрекетшіл интеллект материяға өзінің парқында бар қасиетті береді, бірақ материя оларды түрліше қабылдайды.

Әл-Фараби философиясында онтология мен гносеология өзара байланысты, олардың тамыры бір, олар Мән туралы бірегей іліммен біріктірілген. Аристотельдің ізімен Әл-Фараби бастапқы бастаулар туралы мәселе қояды, бірақ ай асты әлемінің табиғатын қарастырумен шектеліп қоймайды, нақтылықты табиғи жолмен Бастапқы Мәнмен байланыстырып тұрған ғарыш қабатына көз тігеді. Бастапқы Мән Әл-Фараби үшін Аристотельдің әрекетсіз алғашқы қозғаушысынан айтарлықтай ерекшеленеді. Ол барлық болмыс пен ойлаудың жанды бастауы болып табылады.

Әбу-Насыр Алғашқы Мән анықтамасына жанды және Өмір тәрізді дәстүрлі емес ұғымдарды қосады. Әл-Фарабидің көзқарасымен алғанда жанды деп Алғашқы Мәннің бөлінбес сипаты болып табылатын барлық белгілінің ішіндегі ең үздік білім иелерін атайды; адам туралы бұлай айту, оны үздік түсінікпен қабылдаушы ретінде қарастыруды білдіреді. Жансыз болмыс түрлеріне қатысты алғанда, жанды ұғымы даму барысында Алғашқы мәннің табиғатының нәтижесі болып табылатын және оның өз табиғатынан бөлінуін қайталайтын құбылыстарды бейнелейді.

Адами қасиеттерге қатыстыра отырып, Әл-Фараби Алла-Тағаланың ұлылық, кереметтік және даңқ тәрізді сипаттамаларын қарастырады. Бұл мәселелер туралы мағлұматтарды Әл-Фарабидің “Азаматтық саясат”, “Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары” атты шығармаларында кездестіре аламыз.

“Ізгілік қаласында” философ “Бірінші себептер” ұғымын енгізеді және оны ең алдымен, материяны қажетсінбейтін болмыс ретінде қарастырады.

Әл-Фараби денелер болмысы мен акциденциялардың шарты болып табылатын бастаулардың алты үлкен сатыларын көрсетеді: бірінші сатыда – бірінші себеп, екіншісінде – екінші себеп, үшіншісінде – харакетшіл ақыл, төртіншісі – жан, бесіншісі – форма, алтыншы – материя. Алғашқы үш себеп денелер болып табылмайды және денелерден тұрмайды. Соңғы үш себеп денелерде орналасқан, бірақ денелер болып табылмайды. Әл-Фараби денелердің алты тегін бөліп көрсетеді: 1) аспан денелері; 2) ақылды тіршілік иелері; 3) ақылсыз тіршілік иелері; 4) өсімдіктер; 5) минералдар; 6) төрт элемент (от, ауа, су, топырақ).

Табиғи заттар материя мен формадан тұрады. Әр дене өз формасы арқылы болмыста сақталуға құқылы, ал материя арқылы ол өзге болмысқа ие болуға құқылы. Материя форманың болуының арқасында тіршілік етеді, форманың арқасында денелік субстанция актуальды субстанцияға айналады, себебі ол өз формасынсыз өмір сүрсе, болмыс тек потенциалды ғана болып табылады.

“Азаматтық саясатында” Әл-Фараби осы ойға қайта оралады. Материя тек форманың субстраты ғана болып табылмайды, сонымен бірге форма үшін де тіршілік етеді. Форманың тіршілігі – материяның бірінші мақсаты. Форма болмаған жағдайда материяның тіршілігі бекер болған болар еді. Табиғи нәрселердің арасында бекер ештеңе болмайтындықтан, бастапқы материя формадан азат болуы мүмкін емес. Әрі қарай Әл-Фараби формаларды акциденциялармен салыстырады: “Формалардың акциденцияға ұқсастығы, олар басқалар сияқты өз тіршілігі үшін субстрактқа ие болуы керек. Формалардан акциденциялардың ерекшелігі, субстраттар олар үшін де, олардың алып жүрушісі болу үшін де өмір сүрмейді. Форма субстраттарына, дәлірегі материяға келетін болсақ, олар формаларды алып жүруге арналған”.

Әл-Фарабидің жүйесінде “харакетшіл ақыл” екі әлемнің ортасындағы шекарада орналасқан. Әрекетсіз субстрат тәрізді материя “харакетшіл ақылдан” туатын формаларды алады. Ай асты әлемі тек “харакетшіл ақылдың” ғана емес, аспан сферасының да ықпалына ұшырайды. Халықтардың алуан түрлілігінің, яғни табиғи халықтардың мінез-құлқы мен тілдерінің айырмашылығының себебін Әл-Фараби дәл осы аспандық себептерінің әсерінен, аспан денелерінің орналасуындағы айырмашылықтан іздейді.

Әл-Фараби ізгілік ұғымын парасатты теориялық, парасатты практикалық, ұмтылушы, елестетуші және түйсінуші тәрізді бес жан күйлерімен байланыстырады. Тек парасатты теориялық күш ғана бақытқа жеткізеді, - деп көрсетеді философ.

Бақыт дегеніміз – ол абсолюттік игілік. Фарабидің айтуынша, адамдар көп нәрселерді өзінің өмірінің мақсаты мен негізі деп ойлайды. Олар өзіне ұнайтын, керекті нәрселер. Адам бақытты ешбір жағдайда басқа күш арқылы емес, тек теориялық ақыл парасат күші арқылы ғана пайымдайды. Бақытты дұрыс түсінетін адамдар – данышпан адамдар. Бақыт, Әл-Фарабидің пікірінше, адам кемелденуінің шегі.

Ақыл туралы ілімі Әл-Фарабиде болмыс туралы ілімі тәрізді, бір негізге ие. Даналық, Әл-Фарабидің түсінігінде, әлем иерархиясының барлық сатысын және осы сатылар арасындағы байланыстың сипатын білу дегенді білдіреді.

“Ғылымдар классификациясы туралы” трактатында Әл-Фараби өз заманында белгілі болған ғылымдардың бәріне шолу жасайды. Бұл – лингвистика немесе тіл туралы ғылым, логика, математика, физика, метафизика, азаматтық ғылым, юриспруденция және дін ілімі.

Әл-Фарабидің саяси космологиясы айқын исламдық сипатқа ие.

“Бақытқа жету” туралы трактатында философия мен дін ілімі арасындағы айырмашылық туралы өз түсінігін береді. Бұл екеуі де заттардың соңғы принциптері мен олардың тіршілігінің бастауы туралы түсінік береді, адам тіршілігінің соңғы мақсаты жоғарғы бақытқа қол жеткізу екенін түсіндіреді. Бірақ философия анық дәлелдемелер береді, ал дін сенім береді. Философия діннен бұрын пайда болған деп санайды Әл-Фараби. Оның ойынша, билік етуші адам философияны меңгеруі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет