Ф 7-008-02 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Қоғамдық сананың тарихи, бірінші формасы-моральдық сана. Моральдық сана қоғамның қалыптасумен бірге дамыған, өйткені белгілі бір тәртіп ережелеріне, қалыптарына сүйенбейтін әлеуметтік ұжым болуы мүмкі



бет8/11
Дата11.01.2017
өлшемі2,36 Mb.
#6997
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қоғамдық сананың тарихи, бірінші формасы-моральдық сана. Моральдық сана қоғамның қалыптасумен бірге дамыған, өйткені белгілі бір тәртіп ережелеріне, қалыптарына сүйенбейтін әлеуметтік ұжым болуы мүмкін емес.





  1. Мәдениет философиясы

СӨЖО тапсырмаларына жауап беріңіздер.

1.Неліктен «культура» ұғымына берілген анықтамалардың саны бірнеше жүзден асып жығылады?

2.«Мәдениет» және «өркениет» ұғымдарының арасындағы айырмашылықтарды көрсетіңіз.

Мәдениет әлемі - құндылықтар әлемі. Кез келген мәдениетті нақты құндылықтардың жиынтығы ретінде қарастыруға болады.

Философиялық тұрғыдан алғанда құндылық дегеніміз – жалпы қоғам үшін, топ, адам үшін ең қадірлі, ең қасиетті нәрсе туралы түсінік.

Әрбір мәдени дәуірдің өзіне тән құндылықтары, яғни белігілі бір аса құрметтелетін қасиеттер, құбылыстар жүйесі болды. Осы рухани абсолюттер ауысқан уақытта басқа дәуір басталады. Құндылық ұғымы мәдениеттің ерекшелігін түсінуге көмектеседі.

Адам өзі үшін не нәрсе маңызды екенін өзі анықтайды. Көптеген рухани абсолюттер көп адамдарға ортақ. Мысалы, тіршілік ету, өмірді сүю, ата-ананы қадірлеу, құрметтеу. Бұл барлық адамдарға қымбат, ортақ рухани абсолюттер. Бұлжымайтын, асыл өмірлік бейімделуді философия құндылық деп атады. Құндылық дегеніміз адамның өмірін мәнді, сәнді ететін түсініктер жүйесі.

Адам баласының тарихында қандай қиындықтар болса да адамды адам етіп қалдыратын рухани тіректер қалыптасты. Осы рухани тіректер бірте-бірте құндылықтарға айналды. Құндылықтар шындықты реттейді, оған мән, мағына, маңыз береді.

Адамның қолынан жасалған нәрсенің бәрі бос әурешілік емес, олар белгілі бір мақсатқа бағытталған. Мақсатсыз қоғам, адам-тұл. Көне өнер бізді қызықтырады, толғандырады, өйткені, олар адамдардың бір кездегі пішінге, порымға, түрге, мәнге, мағынаға деген ұмтылысын білдіреді. Соны білу, игеру бізге де қажет. Бүгінгі адам баласы қол жеткізген биік деңгей, технологияның тың жетістіктері бұрынғы кәсіби шеберлік пен икемділікті жоққа шығармайды.

Керісінше, оны білу, пайдалану кез келген жаңа технологияны кеңейтеді, байытады.

Адам өмірінің мәні құндылықтар жүйесінің тұлғалық интеграциясы. Құндылық дегеніміз – адам қажеттілігініқ бейнесі. Ол зат немесе идея болуы мүмкін. Сондықтан құндылықтар материалдық немесе идеалдық деп екіге бөлінеді.

Материалдық құндылықтар – еңбек құралдары мен тікелей тұтынатын заттар. Рухани құндылықтар – философиялық, діни, эстетикалық, моральдық, құқықтық, саяси, идеялар. Барлық құндылықтар қоғамдық өндірістің нәтижелері. Кез келген құндылықтың екі сипаты – функциональды маңызы және тұлғалық мәні бар. Мысалы, машинаның болуы бір адам үшін мақтану объектісі, екінші адам үшін оның қызметінің бұлжымас бір бөлігі, құралы, үшінші адам үшін табыс көзі. Материалдық және рухани құндылықтардың қоғамдағы, адам өміріндегі маңызы әр түрлі, олардың бірнеше маңызды сипаттары бар: Материалдық құндылықтар : Физикалық статусы; 2.Техникалық құралы; 3.Праксеологиялық - экономикалық формасы.



Рухани құндылықтар

  1. Ақпараттың мағынасы мен сипаты; 2.Материалдық іске асуы; 3.Аксиологиялық функциясы; 4.Әлеуметтік – экономикалық формасы.

Материалдық құндылықтар дегеніміз, ең алдымен, белгілі табиғи сипаттары мен қасиеттері бар әртүрлі табиғи материалдар. Олардан жасалатын заттардың техникалық құрылымына байланысты оның құндылығы анықталады. Белгілі бір техникалық тетікке немесе құралға айнала отырып, табиғи зат өндіріс барысында немесе адамның тікелей тұтынуында өзінің қажеттілігін көрсетіп отырады, сондықтан оның өндірістік – техникалық және тұтынылу функциясы туындайды.

Материалдық құндылықтар қоғам дамуының барлық кезеңдерінде әрекет етеді.

Рухани құндылықтар белгілі ақпараттық және ақиқаттық мағынамен сипатталады. Саяси, құқықтық, этикалық және басқа да идеялар дұрыс немесе бұрыс болуы да мүмкін, бірақ олар өзінінің құндылық табиғатын жоғалтпайды. Өйткені олар адамдардың әртүрлі уақыттағы және кеңістіктегі ұмтылыстарын білдіреді. Барлық идеялардың материалдық болмысы да бар, өйткені олар кітаптарда, мүсіндерде, архитектуралық құрылымдарда, өлеңдерде, әндерде, әртістердің ойындарында, үнтаспалар мен ноталық жазуларда көрініс береді.

Идеялар құндылық аясында белгілі бір нақтылық функцияны орындайды, олар адамдардың арасындағы белгілі бір қатынастарды реттейді.

Адам тіршілігінің құндылықтары. Адам өзінің күнделікті күйбең тіршілігінің аясын кеңейтіп, оған мән, мағына беруге тырысады.

Біріншіден, ол өзінің өмір сүру фактісін өзі үшін ғана емес басқалар үшін де маңызды еткісі келеді. Сондықтан ол өзіне-өзі үңіліп, өзін танытуға, өзінің тылсым мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысады: қарапайым сурет салу мен қолөнерінен бастап өнер мен спорттың жоғары жетістіктеріне, қарапайым үй жұмысынан бастап саяси қызметке дейін көтеріледі. Осы процессте әр адамның өзіндік қабілеті мен таланты ашылады.

Екіншіден, адам өзін-өзі басқалармен қарым-қатынаста көрсеткісі келеді. Қарым-қатынастың бастапқы түрі “Мен және Сен” қатынасы. Осы қатынаста адам өзін-өзі басқаға жақын етеді, өзінің түпкі мақсаттары мен тілегін білдіреді. Бұл қатынастағы “Сен” міндетті түрде басқа адам емес, кез келген ұнаған зат немесе құбылыс болуы мүмкін.

Қарым-қатынаста адамдар өздеріне тән адамгершілігін паш етеді, жан сұлулығы мен жүрек жылуын, мейірімін ұсынады.

Үшіншіден, адам өзінен тыс жоғары құндылықтаға қол созады, яғни өзі-арман еткен болашақтың немесе кәсіптің жетілген биіктігін бойына сіңірген саяси лидерді, танымал актерді, рок-жұлдызды, философиялық, көркем, адамгершілік идеясын өзіне идеал етіп алады. Бұл тілек адамның өзін бүкіл әлемнің, дүниенің бір бөлігі ретінде сезінуіне мүмкіндік жасайды. Бұл бір тамаша сезім, осындай сана сезім, өзін-өзі бір керемет деп сезіну адамды бақытты етеді.

Сонымен қатар, адам әр уақытта өзіне-өзі “осы мен кіммін”, “қайдан шықтым?”, “қайда барам?” сияқты сұрақтарды қойып отырады. Бұның өзі оған одан әрі нығая беруіне, тамыр жая беруіне жағдай жасайды.

Осы қасиеттердің бәрі адам тіршілігінің жоғары құндылықтары жинақталатын, тоғысатын, рухани өмірді білдіреді. Адамның ең жоғарғы құндылықтары – шығармашылық, махаббат, еркіндік, қайғыру, бақыт, рухани өмір туралы толғаулар адам еркін бе, әлде құл ма? “Еркін болу дегеніміз не” сияқты сұрақтардан басталады.

Жоғарғы рухани құндылықтар дүниетаныммен тығыз байланысқан, оларға адам әруақытта сүйеніп отырады. Жоғары рухани құндылықтардың әрқайсысы үлкен мағынаны білдіреді, адам болмысының аса маңызды қырларын бейнелейді.

Шығармашылық - адамның табиғи таланты мен интеллектуалдық мүмкіндігінің кеңінен ашылуының жоғарғы көрінісі. Шығармашылық - бұл ұлы қуаныш, сонымен қатар, ұлы қиналу мен күйзеліс. Өйткені, осы процестің барысында өнерде, әлеуметтік өмірде, ғылым мен техникада бұрын соңды болмаған жаңалықтар пайда болады, дүниенің тылсым сыры ашылады, әлем өз болмысының әртүрлі қабатында мүлгіген керемет қасиеттері мен заңдылықтарына жол ашады.

Шығармашылық - адам бойындағы энергияның сыртқы атқылануы, яғни бұрқылдап, буырқанып сыртқа шығуы.

Соның нәтижесінде табиғат құбылыстарының теңдестік, ырғақтылық, арақатынастық белгілері көркем өнерде бейнеленді. Шығармашылық өмірді қайта құруға, дамытуға, нығайтуға әруақытта жағдай жасап отырады. Оның бір тамаша қасиеті - өзің өмір сүріп, тіршілік етіп отырған ортаға өзіндік баға бере отырып, одан туындаған құндылықтарды көркем образдар арқылы көрсетуге мүмкіндік береді. Шығармашылықтың осы бір мүмкіндігі қазақ кеңес әдебиетінің өкілі О.Бөкеев еңбектерінде өте әсерлі көрініс тапты. Өкінішке орай, оны уақытында көп адамдар түсініп бағалай алмады. Басты себебі социализмнің жұмағында өмір сүріп жатқан қазақ халқының тағдырының кейбір қайшылықтарын жазушының мол дарыны көре де, көрсете де алды, бірақ оны оқушысы қабылдай алмады. Өйткені О.Бөкеевтің кейіпкерлерін қоғамдық сана мен мораль тұрғысынан қабылдау қиын еді, олар көбінесе жалғыз, “қиялиң, “кісікліктеу”, көрер көзге оғаштау, сәл өзгешелеу адамдар болып келді. Сонымен қатар, жазушы оларды көбінесе табиғи стихияға қарама-қарсы қойып, қоғамдық ортадан бөлектеу қарады. Мұның өзі О.Бөкеев тапқан өзіндік шығармашылық жол, рең еді. “Қар қызы”, “Жетім бота”, “Атау-кере” т.с. моральдық - этикалық символдар. Солар арқылы автор нақты цивилизациядан табан бекітер орын таба алмай аулақта, сағым көшінде, әуеде, су арасында, жағалауда ойнақтаған басқа идеалды өмірдің ұшқынын көрсеткен.
Дін философиясы

СӨЖО сұрақтарына жауап беру керек:

Төменде берілген тақырыптарға өз ойларыңызды дәләлді түрде жазыңыз.

1. Қазіргі замандағы діни фанатизм мен экстремизм қайнар көздері неде?

2. Діни дүниетанымда таңғажайып құбылыстың орны қандай?

Ғылым мен техниканың дамуына, адамзаттың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына толыққанды жағдай жасаған ХХ ғасыр да тарих қойнауына енді. Өте ерте заманда-ақ пайда болған дін әлі күнге өз позициясын адамзат санасының басқа түрлерінің алдында бермей келеді. ХХІ ғасырда түрлі конфессиялар мен діни ұйымдар ойдағыдай әрекеттесуші институттар ретінде өркениеттің бір саласы болып өмір сүре бермек. Діннің тұрақты сақталып келе жатқаны факт болып табылады.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін рухани ояну процесі басталды. Бұл – кең көлемдегі тоқтаусыз процесс. Болашаққа қол созған жарқын істеріміздің, ұдайы алға жетелейтін үмітіміздің маңызды бір бөлігі – діни өрлеу.

Діннің әлемдік деңгейдегі адамзатқа тән ойлау жүйесінен шет қалмайтындығын қазіргі заман болмысы айқын аңғартып отыр, себебі дінсіз қоғам болмайды. Қоғамда діни сана үнемі болып келді. Дін мен қоғам бір-бірінен ажырамайтын феномендер. Өркениетті деп саналатын батыс елдерінде де, бізде де дін мемлекеттен бөлінген, бірақ, ол қоғамнан ажыратылмайды. Дін қоғамдық құбылыс, ал қоғам мемлекеттің субстанциясы. Әлемнің діни жетекшілері 2006 жылы жиылып, діндерге ортақ, адамзатқа ортақ, жалпы өркениетті қоғамға ортақ қандай мәселелр бар және де діндердегі қандай мәселелер өркениеттік жолмен қоғамдарды, елдерді, мемлекеттерді бір-біріне жақындастырады деген өзекті тақырыптар төңірегінде сөз қозғады. Адамзат баласына ортақ дүниелер көп. Біздің ойлау жүйемізде, діни жүйеде не ортақ екен? Ол ортақтық өркениетке, адамзаттың болашағына қалай қызмет етеді екен? Осы мәселелер ізгілік жолындағы адамзат баласын толғандырып отыр. Өйткені, осы кезге дейін біз бүкіл дүние жүзінің халықтарын дін-дінге бөліп, бөлектеп-бөлшектеп келдік. Тіпті өткен тарихтарға көз жүгіртсек, дін үшін қырғын соғыстардан миллиондаған адамдар опат болды, қасірет кешті. Осындай қасіретті азайтуда, не мүлдем жоюда діндер бір ортақ келісімге келе ала ма? Ортақ келісімге келудің уақыты туды. Бүгінгі таңда әркім өзінің діни сеніміне берік бола отырып, ортақ адамзаттық келісімге келу өркениеттік сананы қажет етпек. Өркениеттік сана дегеніміз әрбір адамның өз болмысымен, дінімен, елдік санасымен бірге адамзатқа ортақ мәселелер туралы келелі сөздер айта білуі. Халықтар, елдер арасында, діндер арасында ұрыс-керіс, жанжал емес, бүгінгі бұрқ-сарқ етіп қайнап тұрған ХХI ғасырда мәдени сұхбат қажет.

Исламды саясаттандыру төңірегіндегі әрекеттер исламның қазіргі қоғамдағы орнын даулы проблемаға айландыруға себепші болып отыр. Негізінде дін мен саясат екі бөлек феномендер. Дін адамның ұятында, арында, яғни оның иманында. Саясат болса, ол адамдардың қауымдасып, ұлт, халық болып, мемлекет құрып өмір сүрудегі тәсілі. Дін саясатқа жанасып кетсе-ақ, өз қадірін жоғалта бастайды. Сондықтан асылы Дін мен Саясат бөлек-бөлек болғаны абзал.

Діндердің барлығы «әділдік пен махаббат» жолына үндейтінідігі ақиқат. Бірақ, сол әділдік пен махаббатқа білімсіз жету мүмкін емес. Діни білім туралы мұсылман дінтанушысы Абу Хамид Мұхаммед ибн Мұхаммед Әл-Ғазали (1059-1111) былай деген: «Пайдалы біліммен шұғылдану бүкіл басқа істерге қарағанда әлдеқайда жақсы. Пайдалы білім – дүниенің жамандығын, ақыреттегі жағдайдың қауіптілігі мен қорқыныштылығын түсіндіретін білім. Дүниеге беріліп, ақыреттен бет бұрған адамдардың надандығы мен ақымақтығын, олардың бойындағы өркөкіректік, күншілдік, екіжүзділік, өзін-өзі сүюшілік, атаққұмарлық пен мансапқұмарлық, дүниеге құштарлық сияқты жүрек дерттерінің дауасы не екендігін білдіретін білім – пайдалы білім».

Рухани бірлік пен келісім аясында өмір сүру мақсатына жету үшін өркениеттілігіміз бен азаматтық қоғам ретіндегі мәдени дамуымыздың жоғарғы деңгейі болып табылатын толеранттылық (өзгеге төзімділік, қамқоршылық, жұмсақтылық, кішіпейілділік, мейрімділік таныту) қасиетімізді сақтай білуіміз керек. Қоғамның толеранттылығы өздігінен пайда болатын нәрсе емес. Ол – тәрбие арқылы қалыптасатын қоғамдық мінез. Ал мінездің негізі дінде. Дін білім арқылы келеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 5-ші бабына сәйкес елде дін ұстану бостандығы қалыптасты. Бүгінгі Қазақстан халқы - көп дінді халық. Азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер туралы Заңы» қабылданды. Демократиялық қоғам құрудың талабына сай осындай іс-шаралар жасалды.

Дін – қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі, қаншама ғасырлар бойы адамзат баласы діннің мән-мағынасын ашып көрсетуге талпынып, қаншама ұлағатты істер атқарды. Дін мағынасына анықтамалық теория беру де оңай емес. «Религия» -(дін) терминіне келетін болсақ, латын тілінен аударғанда «байланыс» дегенді білдіреді. Адам Абсолютпен (ең кемел бағдарлаушымен) байланысын сезінеді, бұл адамның табиғатымен бітіскен қасиеті. Барлық діндерге ортақ мүдде – адамдардың бейбіт өмір сүруі. Егер адамдардың құдайға деген сенімдері, дінге деген сенімдері қалыптасса, бейбіт тіршілік ету мәселесі де шешіледі. Дін адамның ішкі жан дүниесінде мейрімділік, шыншылдық, махаббат деген сенім мен үмітті қалыптастырады.

Дінде дүниеге көзқарастық тұстар басым. Дін адамның табиғатпен және қоғаммен байланысын әдіс тауып, шебер айқындап бере алады, осы байланыстардың күрделі бейнесін түзе алды. Бұл суреттемеде адам мен әлем қатынастары мәселесінің мәңгі сұрақтары шешу тапты. Діннің қоғамнан алатын күрделі орынын түсіну үшін оны шындық дүниенің бір бөлігі ретінде қарап, жердегі негіздерін жалпы методологиялық принципке сүйене отырып айқындау керек. Дін – бұл дүниені рухани игеру процесіндегі тарихи қалыптасқан компонент, қоғамның әлеуметтік ой-санасының, жәдігерінің бір бөлігі.

Қазіргі кезеңде адамзатты әлемдік қауымның болашағы қалай қалыптаспақ деген сұрақтар ойландырады. Өткен ғасырда алып мемлекеттер “дүниенің жаңа тәртібін” түзуде бірқатар табыстарға жетті десек те, жер бетінде зұлымдық, адамгершілікке жат құбылыстар азайған жоқ. Адам мәніне дұрыс көзқарас, дегенімен, толық қалыптасқан жоқ. Профессор А.Дж.Тойнби айтқандай: “коммунизм де, капитализм де – бұл екеуі де христиан дінінің некесіз тапқан балалары болып табдылады”. Бұл сөздің астарында болашақ жаңа әлемдік қауымдастық туралы ой қозғамақ әрекеті жатыр. Иудей – христиандық ойлаудың үш мың жылдық тарихы, шығыс діндерінің өткен тарихы біздің санамызда қасиетті бір ғажап тілекті оятады, ол тілек – жаңа адам , жаңа қоғам құру .

Азиялық діндер: конфуцийшілдік, синтоизм, зороастризм және басқалар ақиқатты іздеушілерден рухтың соңынан еру және онымен шектелмеуді талап етсе, ислам ақиқатты Құраннан іздеуді ұсынады. Ислам интеллектуалды пайымдауды жетілдіруді жалғастырып, адамның өзін-өзі мейлінше жетілдірумен айналысуын ұсынады. Иудей – христиан дәстүрі адамға өмірдің мәнін іздеп, ақиқатты, Құдайды іздеп, кәдімгі күресудің орнына: “Құдай өзі адамды табады” деген ақиқатты ұран етіп тастады.

Әлемдік өркениеттегі “Қасиетті жазулар” діндеріне үңілсек , екі парадигманы байқаймыз: “Мұса парадигмасы” (Батыс) және “Вьяса парадигмасы” (Шығыс). Мұса – Құранның да, Библияның да, Танах (Моше) кітабының кейіпкері. Вьяса – Махаббхарата текстін құдайларға жеткізген данышпан. О.Шпенглердің топтастыруы бойынша , “Мұса парадигмасы” Византия, араб, батыс Европа және жартылай грек-рим, вавилон мәдениеттерінің негізін қалаған. “Вьяса парадигмасы” буддалық-брахмандық дәстүрлер негізін қалаған. Буддизм әдебиеті “Трипитаканың” көмегімен монғол, жапон, корей және де басқа Азия аймақтарына әсерін тигізді.

“Мұса” антропологиясының маңызды нышандары жүрек, құрсақ, тыныс алу, оларға сәйкес келетін күйлер – күйзелу, үрей, үміт.

Дін – бұл “жүрек” туралы ілім. Үнді елінде мұндай қатынас “бахти” (құдайшылдық) деп аталады. Исламда – “абд” (көнгіштік), батыста – “агейп” (құдайға деген махаббат) деп аталады. Мұндай құдайшылдық ғылыми компетенцияның шекарасын ары жылжытады. Дінді ғылыми зерттеу (теология, эгзегетика түрінде), қасиетті тексттерді түсіндіру (философиялық, дінтану, этнография тұрғысынан) – бұл кәдімгі ақылға сыйымды, мүддеге сай қарапайым объектілерден асып түсетін құбылыстарды рационалды түсінуге ұмтылу. Егер ғалым өз зерттеулерін құдайға сыйынып болған соң бастаса, онда оның ғылым және құдаймен сұхбаттасу арасындағы шекараны аттап өте бастағаны. Дінге рухани өмірдің жанды құбылысы ретінде қарау қажет.

Әл-Фарабидің “Қарапайым қала тұрғындары көзқарастары” атты еңбегінде жүрек туралы мынадай ойлар айтылады: “Адамның негізгі қабілеттері: қоректену, сезімдік, елестету, ойлау, ұмтылу – бәрі де жүректе орналасқан. Сондықтан жүрек ең басты орган және ол басқаға тәуелсіз… жүрек туа біткен жылулықтың қайнар көзі”. Жүрек жылуы басқа қабілеттердің жүзеге асуына мүмкіндік туғызады.

Жүректің қызметімен үрей және үміт байланысты. Аяушылық – бұл басқа үшін үрейлену. Аяушылық көз жасын тудырады. Сондықтан Библияда Христос жылаған бейнеде көрсетіледі, ол ешқашан күліп бейнеленбейді. Үрейдің екінші жағы үміт.

Үміт – “жанған жүректің” кернеулі, кризисті күйі. Әл-Фараби де “жүрек жылуының ” осындай күйін “отты” деп атаған. “Мұса парадигмасында” жүректің бұлай жануы жоққа және бір нәрсеге көз жеткізе алмаудан туатын мүдде, арманды білдіреді. Мұсаның өзі де, одан кейін апостол Павел де мұны “үміттердің жоғарғы үміті” деп қисындап мазмұндады. “Мұса парадигмасындағы” құдайдың өзі Яхве, Христос және Алла деген атты иемденіп, сенушілер үшін үміт құдайы болып табылады. Мұндай үміт “Мұса парадигмасында” абсолютті құндылыққа ұмтылудың басты модусы болып табылады.

Абсолюттің қалыптасуы процесіндегі діннің маңызын Гегель талай рет қарастырған болатын. Оның мындай пікірі болған: “Қабылдап алынған (снятое) өнер дінмен барабар, қабылдап алынған (снятая) дін абсолютті біліммен барабар”.

Діннің мәдениеттегі орнын аша түсу үшін Гегельдің “тарих - бұл еркіндікті ұғыну прогресі” деп қарастырған пікірін талдаудың көмегі бар. Шығыс тек бір ғана еркін адамды білген, ол - патша, басқаның бәрі құлдар. Антикалық Грецияда және Римде қоғамның біршама бөлігі еркін деп есептеліне бастаған. Христиан діні (жаңа дүниеге өту) жаңа принцип орнатты: әлеуметтік жікке қарамай барлық адамдардың еркіндігі мен теңдігі принципі. Бұл принцип алдымен тек дінде ғана қабылданса, кейіннен бүкіл қоғамдық салаларға жайылып кетті.

Гегель үшін діннің қоғамдық сана формасы ретінде де , таным процесінің сатысы ретінде де маңызы бар. Оның айтуынша: “Дін – бұл адамзаттың ойлап шығарғаны емес, дін – бұл құдіретті рухтың жемісі”. Бұл пікір болмыс пен шектік, шүбәсіз кемелдік арасында жақындық бар екеніне ой салады. Псевдо-Дионисий Ареопагит (V ғ.), А.Августин (V ғ.), Ф.Аквинский (ХІІІ ғ.) де осылай ойлаған. Ф. Аквинский былай деген: “Сущее и благое суть понятия взаимозаменимые”. Дін біздің бір бөлшегіміз болып қала бермек, себебі оның қайнар көзі – тарих (ғылымның айтуынша), сондай-ақ діннің қайнар көзі – мәңгілік (теологияның айтуынша).

“Сындарлы он жыл” кітабында Н.Ә.Назарбаев діни экстремизмнің ықтимал қауіп-қатеріне, оның алдын алу шараларына, көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымызда бұл мәселеге сергек қарау керектігіне айрықша мән берілген. Қазақстанда үш мыңға жуық діни ұйымдар мен қозғалыстардың басын біріктіретін 40-қа тарта конфессияның барын ескерсек, конфессиялық тұрақсыздықтың да болуы мүмкін екендігін ұмытпауымыздың қажеттігіне назар аударады.

Н.Ә.Назарбаев өзінің кітабында Қазақстанда ислам діні ханафиттік құқықтық мектеп пен сопылық ағым негізінде орныққанына, мұның өзі ислам догмаларының қазақ даласын тез жерсінуіне себепші болғанына айрықша мән береді. Бұл түсінікті де. Қай кезде де дәстүрлі мәдениет пен діни наным-сенімнің арасындағы қайшылық, ең алдымен халық өмірінің қасіретіне ұласып отырған. Шүкір деуге болады, бір жағынан, қандай да болсын қоғамдық қатынастар ахуалына ислам догмаларының бейімделгіштігі, екінші жағынан, салт-санасы көшпелі өмір жағдайында қалыптасқан қазақтардың діни наным-сенімге деген кеңшілігі Қазақстанда ислам дінінің қоғамды реттегіш тамаша қасиеттеріне жол ашқан. Осы мәселеге айрықша мән берген Нұрсұлтан Әбішұлы: “Ислам дінін қабылдаған қазақтар Құран ережелерінің негізінде де, исламға дейінгі дәстүрлі ырым-жораға да табиғи түрде және бір мезгілде мінәжат ете алатын болған. Осылайша, қазақтар өздері үшін жаңа араб дінін қабылдағанымен, өз бабалары – түркінің көшпелі тайпаларының рухани мұрасынан да көз жазған жоқ”, - деп қазақ қоғамындағы ақиқат-шындықты айта келіп: “Исламның жан-жақты жорылуы ұдайы болып отыратын үрдіс, мұның Құран рұхы мен әріпіне де, Шариғатқа да қайшы келетін немесе қайшы келуі мүмкін ештеңесі жоқ. Бұл тұрғыдан келгенде, менің пайымдауымда Қазақстанда біржолата орныққан исламдық дін таным үлгісін одан әрі идеологиялық тұрғыда дамытып, біздің теологтар тарапынан исламдық мұраларды жаңғыртуға, сөйтіп еліміздің мұсылман қауымының қазіргі жағдайына жаратуға жол бермеуге болмайды”, - деп қорытады (Н.Назарбаев «Сындарлы он жыл»). Нұрсұлтан Әбішұлы сөз етіп отырған мәселе қазақ халқының ХХI ғасырдың басындағы және алдағы ғұмыр жолындағы діни-рухани бағдарына темірқазық болары кәміл.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет