Ф 7-008-02 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет6/11
Дата11.01.2017
өлшемі2,36 Mb.
#6997
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

6. ХХғ. - ХХI ғ. қарсаңы мәдениеті контекстіндегі батыстық философия.

СӨЖО бойынша мына сұрақтарға жауап беру керек:

1. А.Шопенгауэр мен Ф. Ницшенің философиялық көзқарастары.

2.Позитивизм және постпозитивизм.

3.Экзистенциализм, персонализм, психоанализ ілімі.


  1. Неліктен қазіргі заман философиясында көптеген ағымдар бар?

  2. Классикалық және классикалық емес философияны салыстырыңыз. (ХХ ғ. философиясынның оған дейін болған барлық философиялардан айырмашылығы неде? )

  3. Сәйкестендіріңіз:

Неопозитивизм ғылыми білімнің құрылымы

ғылымның мәдени-әлеуметтік негіздері

ғылыми білімнің өсуі мәселесі

Постпозитивизм ғылым тілінің логикалық анализі

6.Сциентизм және антисциентизм: айырмашылықтары.

19 ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың басында философияда иррационалдық сипаттағы бағыттар қалыптаса бастады. Иррационализм ұғымы рационализмге кері деген мағананы береді. Ақылмен түсінуді мүмкін емес деп, танымдағы басқа қабілеттерге назар аударады. Осы кезеңдерде пайда болған философияға бейклассикалық деген айдар тағылды. ХХ ғасыр философиясының бастамасы “Өмір философиясы” болды. Оның бірінші нұсқасы А.Шопенгауэр, Ф.Ницше, А.Бергсон есімдерімен байланысты. Олар күшке табыну түйсіктеріне мән берді. А.Шопенгауэр мен Ф.Ницше “ерік философиясын” қалыптастырды. “Өмір философиясының” екінші нұсқасы Дильтей және Шпенглер сияқты философтардың есімімен байланысты болды. Олар өмірді алғашқы реалдылық деп қарастырды. Анри Бергсон философиясында интуицияға көп мән берілді. Өмір аналитикалық ақыл таразысына салуға келмейді деп шешті.

“Өмір философиясының” өкілдері ақылгөйсимін деп, тек қайғыға тап етті. Тылсым дүниені көп айтып кетті. Осы философтарды теріске шығарсақ қайтеді деген ғалымдар шықты. Метафизикалық философияны терістеп шыққан философияны позитивизм деп атады. Бұл ағымның атының өзі позитивтік, яғни дұрыс әрі дәлелденген білімді ғана мойындау дегенді білдіреді. Позитивизмнің негізін қалаған Огюст Конт (1798-1857). Позитивисттер нақты ғылымдарды білімнің бірден-бір көзі деп жариялаған. Олар философиялық зерттулердің танымдық маңызын теріске шығарған.

Қазіргі заман философиясы.

ХХ ғасыр философиясы антропологиялық сипатқа ие. Бұны экзистенциализм бағытынан көреміз. Экзистенция латын тілінен аударғанда тіршілік дегенді білдіреді. Экзистенциализмнің негізгі өкілдері Германияда К.Ясперс(1883-1969), Мартин Хайдеггер (1889-1973), Францияда Габриэль Марсель (1889-1973), Жан-Поль Сартр (1905-1980), Альбер Камю (1913-1960). Қоғам қара дүрсін күш, ол адамның болмысын тартып алады. Экзистенциализмнің түсінігі бойынша өлімнен қорыққан адам қоғамнан қорған іздейді. Бұл жалған тіршілік. Жалған тіршіліктің терең түкпірінде экзистенция жасырынады. Экзистенция шынайы жалғызілікі тіршілік. Экзистенция бір жағы қоғамдық болмыс, екінші жағы тысқары о дүниелік, “трансцендентті” болмыстың арасындағы болмыс. Экзистенцияның тағы бір қасиеті, оның интенциалығында, яғни тысқары, сыртқы, о дүниелік болмысқа, ештеңеге бағытталғандығы. Адам “шекаралық жағдайға” түскенде экзистенция анық көрінеді. “Шекаралық жағдайда” адам өмір мен өлім арасында тұрады. Осындай жағдайда адам өзін-өзі табады, өйткені, ол болмыстың ең жоғарғы түрі трансцеденциямен әсерге түседі.

Постмодернизм

ХХ ғасырдың екінші жартысында постмодернизмге қызығушылық көбейді. Постмодернизм ХХ ғасырдың басында пайда болған, 60-шы жылдардағы кітаптарда ғана бұл ағымға идеялық бағдарлама тұжырымдамасы берілді. Постмодернизмнің дүниетанымдық қайнар көздері болып Д.Анин, У.Спанос, И.Хассан, Л. Фридлер сияқты әдебиеттанушылардың шығармалары табылады. Олар постмодернді парадигма және эпистема ретінде қарастыра бастады. Постмодернизмнің табиғатын зерттеуге 1979 жылы жарық көрген Ж.-Ф.Лиотардың «Постмодернизмнің күйі» атты шығармасы арналды. Постмодернизмнің қазіргі замандағы ролін ашуға замандас батыс ойшылдары Ж.Бодрийяр, Ж.Делез, Ф.Гваттари, У.Эко үлестерін қосты.

Постмодернизмнің ХХ ғасырдың соңы мен ХХI ғасырдың басы кезеңіндегі мәдениеттегі орны туралы орыс ойшылдары да шығармалар жазды. Олардың ішінен Н.Б.Маньковская және И.П.Ильинді атап айтуға болады.

Постмодернизм философиясы структурализмнің, марксизмнің, фрейдизм және ницшеандықтың қазіргі заманғы дүниетанымдық потенциалын әрі сақтау, әрі өзгерту мақсатында қалыптасты. Бұл мақсатта радикалды эклектика да, ұмытылған антикалық дискурстарды жаңғырту тәсілі де пайдаланылды. Соның ішінде софистиканы, сондай-ақ философиялық білімнің социологизациясы және психологизациялану, риторизация құбылыстарын атап айтуға болады.

Постмодернизмде қала құдіреті космос құдіретімен, индустриализм идеалы экологизм императивтерімен алмастырылады. Космизм, экологизм, постгуманизм, жаңа жыныстық түсінік постмодернизм дүниетанымының ядросын құрады. Бұр тұғырнамалар қазіргі заманғы жағдайға сәйкес келіп жатты.

Постмодернизмнің пайда болуына себеп болған объективті жағдайлар:

1)мемлекеттің, соның ішінде тоталитарлық мелекеттің адамзаттың тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басқару потенциалдарының әлсіреуі;

2)технологиялық қатынастар процестерінің антигумандық сипатының өсуі, коммуникациялық процестерден адами жан-сезімдердің жоғала бастауы;

3)әлеуметтік процестерге бұрын аутсайдер болып табылған топтардың белсенді тартылуы. Мысалы, түрлі феминистік және экологиялық қозғалыстар. Постмодернизм адамзат қатынастарындағы технологизацияның кемшіліктерін сынады.

Либеральді демократия мен техника Европда дәстүр рухымен нәрленбеген адам қалыпын қалыптастырды. ХХ ғасырдағы европалық адам жүрексіз моральді бойына сіңірді. Бұл мораль қызмет ету сана-сезімдерінен және борыш деген ұғымдардан мақрұм еді. Постмодерн философиясы заңшыл ақыл-парасаттан бас тартып, оны түсіндіруші ақылмен алмастырды. Ж.Дерриданың айтуынша, европалық санадағы ақиқатты толық меңгеру идеалы шындап келгенде агрессиялық тұрпаттағы құбылыс. Түсіндіруші ақыл білімнің негізін іздестіру мәселесін трансцендентальді субъективтіліктен күнделікті-қарапайым өмірлік практикаға бұруды жөн тапты. Постмодернистер ұсынған жаңа ақыл білімнің негізін метафизикадан іздеген жоқ, коммуникациядан іздестірді. Араласудың, әңгімелесудің жалпы фоны ғылыми ақиқатқа қол жеткізу емес, еркін сұхбат арқылы катарсиске (рухани тазаруға) жету. Күнделіктілік тақырыбы феноменологиялық социологияның бел ортасына қойылады. Күнделіктілік – бұл ғылымға дейінгі табиғи қондырғы, субъектінің «қәзіргі», «осындағы» актуальді болмысы. Ж.Деррида постмодернизмнің онтологиялық және гносеологиялық-методологиялық идеяларын әзірлеп жасады. Деррида қазіргі заманғы философияның патологиясын лого-фоно-фалло-центризм деп тапты. Оны түзетудің әдісін іздестірді. Мемлекеттің репрессияшыл құрылымының адамға күйретуші әсерінен құтылудың әдісі – деконструкция деп тапты. Постмодернизмнің деконструкциясы – әрі хат, әрі текстті оқу. Тект – бұл таңбалардың шоғырланған үйіндісі емес, ол – процесс. Текстуалділік «көптеген кішкентай наррациалардан» (әңгімелерден) түзіледі. Текстті талдаудың қайсысы болмасын оның мәнін ашуға емес, тексттің ұлаюына алып келеді. Талқылау процедурасы шексіз болуы ықтимал.

Номадизм – постмодернизмнің әлеуметтік философиясының өзегі, оның осы кездегі саяси-әлеуметтік жүйеге оппозициялық қатынасының көрсеткіші. Постмодернист-деконструктивист жолаушы іспеттес. Жиль Делездің айтуынша, номадтық дәстүрде ойлау – бұл Маркс пен Фрейд сияқты білім ойынын ойнау емес, Фридрих Ницшенің әдетінше авангардтық өнер ойынын ойнау.

Жак Деррида 40-қа жуық еңбек жазды. «Дауыс және құбылыс» (1967) және «Грамматология» (жазу туралы ғылым) атты еңбектерінде сөзден (логостан) гөрі жазудың маңызын жоғары қояды.

ХХ ғасыр философиясы шынайы болмысты таза сана аумағынынан іздеді, сөйтіп Хайдеггердің нұсқасында аталмыш сферада ол жоқ деген тұжырымға келді. Нұрланған, ашылған болмыс дегенімен бар еді, тек ол субъекті мен объектінің тұтастығында ғана мүмкін еді. Болашақта да солай болады ма, егер болса, онда қандай жолмен болмақ? Міне, мәселе қайда? ХХI ғасыр сұрағы осы.

7. Ќазақ мәдениетіндегі философия феномені.
СӨЖО сұрақтарына жауап беру керек:


  1. Қазақ халқының ежелгі дүниетанымының ерекшеліктері.

  2. Қазақ ақын – жырауларының философиясындағы экзистенциалдық мәселелер.

  3. Қазақ ағартушыларының қоғамдық ой-пікірлері.

Еуразиялық философия шеңберіде қазақ және орыс философиясының тарихын қарастырамыз. Қазақ философиясы ауыз әдебиетте, мақал-мәтелдерде, тұрмыс дәстүрлерінде, әдет-ғұрыптарда қалыптасқан. Қазақ халқының ойлау мәдениетінің шығу тегі көне түркі заманынан басталады. Қазақ халқының ежелгі дүниетанымы тәңірлік дін сипатында болды. Сондай-ақ, шамандық дүниетаным да маңызды орын алады. Қазақтың ұлттық менталитетінің архетиптері табиғатқа жақындығы, тәубашілдігі, ақынжандылығы, туысшылдығы, қонақжайлылығы, кеңпейілділігі, пайымдағыштығы болыптабылады. Қазақ халқы сөз қадірін бағалаған. Қазақ философиясының қалыптасуына Анахарсис, Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Қ.А.Ясауи ілімдерінің әсерінен болды.

Философия тарихында Шығыс перипатетизмінің көрнекті болған, өзінің шығармашылығында батыс пен шығыс дүниетанымдық жүйелерін ерекше үйлесіммен, тапқырлықпен қабыстыра отырып, өзіндік келбеті бар философиялық жүйені жасаған Әл-Фараби қазақ философиясының негізгі бастауының бірі болып есептелінеді.

Абай Құнанбаевтың философиялық ойлары терең және жан-жақты. Оның шығармашылығындағы дүниетанымдық сұрақтар құдай мен табиғаттың, құдай мен адамның , жан мен тәннің , олім мен өмірдің арасындағы қатынастар мәселесі болып табылады. Абайдың пікірінше, құдай әлемнің алғашқы себебі немесе түпнегізі. Құдай әлемді жаратты, сонан соң ол оның дамуына араласпайды, яғни әлем өзіндік заңдарына сүйеніп дамиды.

Құдай адамды да жаратты. Бірақ ол оның күнделікті ісіне араласпайды. Адамның белсенділігін көрсете отырып, Абай құдай адамды ақылды немесе ақымақ, мейірімді немесе қатал, бай немесе кедей еткен жоқ. Бәрі адамның өзіне, оның ақылына және қоршаған ортасына байланысты.

Абай дүниетанымның өзегі, күре тамыры – адам. Адам Абай үшін оның организмін, іс-әрекетінің мақсатын және үйлесімділігін, талап-тілегі мен қызығушылығын зерттегенде физиологиялық-психологиялық нысан, ал таным процесінің мәнін түсіндіргенде – философиялық нысан, жақсылық пен жамандақтың мағынасын алып, “Адам бол” этикалық принципін негіздеген уақытта этикалық нысан болып табылады.

Таным, Абайдың пікірінше, - адам тіршілігінің маңызды мақсаты мен жанының бірден-бір қажеттілігі.

Табиғат пен қоғам ұдайы өзгерісте, дамуда. Қоғам дегеніміз – ұрпақтың үнемі ауысып отыруы.

“Адам бол” деген Абай принципінің мәні адамды, оның рөлін жоғары бағалауында. Ойшылдың пікірінше, әр адам еңбекқор, әділетті және гуманды, адал, мейірімді болуы керек.

“Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң , арқалаң

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан”, - деп жазды Абай.

Қазақ философиясының көрнекті өкілі Шәкәрім Құдайбердиев. Ол арнайы философиялық трактат “Үш анық” жазған. Өзінің рухани ұстаздары Шоқан, Абай, Ыбырайға қарағанда грек, европа философиясының тарихын тереңірек біліп, оған баға беріп, өзіндік ой қорытта Шәкәрім өте білімді адам. Ол Батыс пен Шығыстың мәдениетін жетік білген.

“Үш анық ” белгілі, белгісіз көптеген ғалымдардың аттары келтірілген. Бұл ғылымның іздену аясының кеңдігін дәлелдейді.
ХIХ-ХХғ.ғ. басындағы Ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы.
СӨЖО сұрақтарына жауап беру керек:

1.Х1Хғ. – ХХ ғ. басындағы орыс философиясының бағыттары: космизм, антропологиялық материализм, экзистенциализм, діни философия, марксизм, славянофильдік, батысшылдық.



2.ХIХ-ХХ ғ. ғ. орыс діни философиясында қандай идеялар басым болды.

Орыс мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері мынада: біріншіден, орыс мемлекеті Батыс пен Шығыс өркениеттерінің қиылысу шектерінде орын тепкен. Екіншіден, орыс мәдениеті көптеген Батыс және Шығыс мәдениеттерінен кейін қалыптасқан, ал ХІХ ғасырдан бастап өзі де басқа елдерге ықпал ете бастаған. Үшіншіден, Ресей әруақытта көп ұлтты, көп мәдениетті құрылым болған. Төртіншіден, Ресей бөтен идеялар мен үрдістерді тез қабылдайтын және өзіне ыңғайлап өзгертуге мүмкіндік беретін қабілетке ие болды.




  1. Философиялық антропология

Адам тақырыбы - философияның өзекті, байырғы және өте маңызды мәселесі. Философияның адам мәселесін арнайы зерттейтін бөлігі антропология деп аталады. Оның негізгі сұрағы -“адам дегеніміз не” мәселесі. Адам туралы толық мәліметті пәнаралық зерттеу аясында көптеген ғылымдардың көмегімен жинақтауға болады. Сондықтан да соңғы жылдары адамтану ғылыми танымның ерекше саласы және оқу пәні ретінде жеке қарастырылады. Философия адамды тиянақты, бүтін, біртұтас жүйе деп анықтайды. Ол адамды барлық мәндік қасиеттері мен құбылыстарының өзіндік рухани - практикалық іс - әрекетінің біртұтас жүйесі ретінде, көпжақты, әмбебап жан етіп көрсетеді.

Адамның табиғаты мен мәні туралы сұрақ философия тарихындағы барлық ілімдерде орын алған. Адам проблемасын философиялық зерттеудің негізгі өзегі етіп қарастыратын экзистенциализм, персонализм және философиялық антропологияның басқа да көптеген ағымдарын қоспағанның өзінде психоанализ, герменевтика, структурализм, аналитикалық философияда, социобиологияда адам тақырыбы көрнекті орын алып отыр. Мұның өзі тек жай ғана кездейсоқтық немесе ұқсастық емес. Қазіргі уақытта адам төңірегіндегі мәселелердің алдыңғы қатарға шығып, Әлемнің барлық түкпірінде өзекті мәселеге айналуы, ең алдымен, нақты индивидтің күнделікті өмір сүруінде кездесіп отырған өмірлік мәселелердің ұдайы шешіліп отырылуы қажеттігінен туындап отыр. Ядролық қару – жарақтың күннен-күнге көбейе түсуі, табиғи ортаның бұзылуы адамдарды өте бір қиын сын сағатына әкеліп, апырау, осы адамзаттың ертеңгі күні не болмақ деген үрейлі сұрақтарды жиі-жиі туғыза түсуде.

Генетикалық инженерияның даму бағыты, әртүрлі органдарды трансплантация жасау мүмкіндіктері адамның биологиялық табиғаты туралы үйреншікті көзқарастарды өзгерте түсуде. Сонымен қатар, адам биологиясының біз білмейтін қаншама терең сырлары бар екендігіне де күмән жоқ.

Адамдар өз мүмкіндігін қоғамдық ортада басқалармен қарым-қатынас жасау арқылы іске асырады. Қарым-қатынастың алғашқы түрі “мен” және “сен” деп бөлінуден басталады да, әр адам өзінің “менін” басқалармен қарым-қатынаста танытуға тырысады.

Адам организмінің қандай ерекшеліктері мен биологиялық қажеттіліктері қоғамдық өмірге ықпал етті, оған негіз болды. С.Крапивенский А.Роза (АҚШ) мен Я.Шепаньскийдің (Польша) еңбектеріне сүйене отырып, адам организмінің бірнеше ерекшеліктерін атап көрсетті.

а) тік жүру адамның негізгі анатомиялық ерекшелігі ретінде оған қоршаған ортаны оңтайлы қабылдауына мүмкіндік берді, алдыңғы екі аяғының бірте-бірте қолдың қызметін атқаруына, өз қолымен қарапайым құралдар жасауына алып келді;

б) күрделі де нәзік қимылдарды орындай алатын берік қолдар;

в) кеңістікте жақсы бағыт беретін және үш өлшемді де көре алатын, алдыға бағытталған көзқарас.

г) психикалық өмір мен интеллектік жоғары дамуына жағдай жасайтын үлкен ми мен күрделі жүйке жүйесі;

д) ерін, көмекей күрделі өзгеріске түсіп, сөйлеу қабілетінің қалыптасуы;

е) балалардың ата-аналардан ұзақ уақыт бойында бағыныштылықта болуы, өсу мен жетілудің ұзақ уақытқа созылуы;

ж) туа біткен импульстер мен қажеттіліктердің икемділігі.

д) сексуалдық құмарлықтық тұрақтылығы тағы басқа да ерекшеліктер. 27

Бұлардың бәрі адамның анатомиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін қамтиды, сонымен қатар‚ оның мәдени, әлеуметтік іс-әрекеттерінің биологиялық негіздері болып табылады.

Адам биологиялық ақпаратпен қатар әлеуметтік ақпаратты да иеленеді. Адам болмысының толыққандығының маңызды белгісі оның өткенімен және болашағымен байланысуды тек сезіну - түсіну ғана емес, бұл рухани қарым-қатынастық адамның қазіргі болмысының жан-жақтылығымен, тереңдігімен өлшенеді.

Бұдан бұрынғы дәстүрге сүйенсек, ғылыми әдебиеттерде адамның әртүрлі қасиеттерін көрсететін “личность”, “индивид”, “индивидуальность” ұғымдарын қазақ тілінде “тұлға”, “индивид”, “индивидуалдылық” деп айтып жүр еді. Осы тұрғыда философия ғылымдарының кандидаты Сапар Оспановтың “Қазақ тілі мен Әдебиеті” журналының 1997 жылғы 9-10, 11-12 сандарында жарық көрген “Азамат” ұғымын жаңғырту және оны өзінің ғылыми тұғырына көтеру” тақырыпты мақаласындағы ұсыныс көңілге тұрарлық екенін ескеруіміз қажет.

Жеке тұлға мәселесі.

С.Оспанов этимологиялық, логикалық зерттеулер жүргізіп, орыс тіліндегі қажетті анықтамаларды пайдалана отырып, “тұлға”, “азамат”, “пенде”, “бодан” ұғымдарын ұсынады. С.Оспанов “личность” ұғымының қазақша баламасын “азамат” деп қарастырады. Автор ұсынған дәлелдер орынды. С.Оспанов, ең алдымен, қазақ халқының ұлттық дүниетанымында азамат туралы ескіден қалған, құлаққа сіңген, ойға медет болып жүрген: “Алаштың азаматы”, “Ауылдың бас көтерер азаматы”, “Қылшылдаған азамат ”, “Әй азаматсың!” деген сөз тіркестерін еске салмақпын”, - деп жазады. Автор атап көрсеткен сөз тіркестерінде дәстүрлі қазақ қоғамындағы “азамат” ұғымының үлкен жүгі мен мақсаты анықталған.

Азамат деп салыстырмалы еркіндігі бар, өз өмірін өзі ұйымдастыра отырып, өз іс - әрекетіне толық жауап бере алатын, сонымен қатар, отбасы мен қоғам алдындағы міндеттері мен жауапкершілігін сезінетін мүдделерін қорғай алатын адамгершілігі мол, саналы, құрметті адамды айтамыз.

“Индивид” ұғымын жеке адамды білдіреді деп жүрміз. Бұл жерде де С.Оспановпен келісуге болатын сияқты, өйткені “жеке адамды” орысшаға аударсақ “отдельный человек” деген мағына береді ғой.

“Пенде” ұғымы-индивид ұғымына сай келеді. Пенде-қатардағы тірі жан, көптің бірі болып “жарық дүниеде өмір сүруші.” Пенде, пендешілік біздің сана-сезімізде жағымсыз мінездің, ұсақтықтың синомимі болып қалыптасып кеткендіктен, азаматтық әр адамның имандылық, әлеуметтік сана-қасиеттерін білдіретін болса, пенде болу көптің бірі болу ғана болса, тұлға болу дегеніміз елден ерекше болуды, қатардан алға бөлініп шығуды қажет етеді.

Тұлға деген сөзді І.Кеңесбаев қазақ тілінде батырлықты, ел қорғаны, басқаның сүйеніші, таянышы болғанды белгілейтін ұғым деп анықтаған. Тұлға орыс тіліндегі “индивидуальность” ұғымына сәйкес келеді деп анықтауға толық негіз бар.

Азамат ұғымын пайдалана отырып, философия адамның тәрбие, өзіндік тәрбие, рухани-практикалық іс - әрекет нәтижесінде қалыптасқан әлеуметтік қасиеттерін түсіндіреді. Тұлға өзін ерікті, шығармашылық сипатта қайта құра алады, қалыптастырады, кемелдендіреді.

Адам табиғатынан белсенді, іс - әрекетке бейім. Ол өзінің өмірі мен тағдырын өзі жасайды. Әртүрлі түрдегі іс – икем әрекетке икем. Әртүрлі түрдегі іс-әрекет (еңбек ету, саясат, таным, тәрбие) адамның жаңа әлемді тудырушы ретіндегі тіршілігінің негізгі тәсілі болып табылады. Осындай белсенділігі арқылы ол өзінің өмірде бар екенін, осы өмірдегі тіршілік иесі екенін басқаларға білдіруді мақсат етеді. Адамның мүмкіндігі өте мол. Адам өзі де, өзімен бірге қоршаған ортаны да өзгертіп отырады, үздіксіз өзгеріп, дамып, құбылып тұратын жаратылыс әлемін жүйелейді, тәртіпке келтіреді, тұрақты, маңызды құбылыстарды саралайды, таразылайды, сезіне отырып, сыр-сипатына үңіледі, зерттейді, таниды. Осы толғау, таңдау ерекшелігімен-ақ адам баласының айқын мақсаты, табиғатқа “өзіндік қатынасы” (Л.Толстой) көрінеді.

Француз психологы Пьерон (1881-1964) егер біздің планетамыз апатқа ұшырап, соның нәтижесінде барлық ересек адамдар өліп, тек кішкентай балалар тірі қалса, онда адам тегі өзінің өмір сүруін тоқтатпағанымен, адамзаттың мәдениет тарихы өзінің бастауларына қарай кейін шегіріліп тасталған болар еді, өйткені мәдениетті қозғалысқа түсіретін, оған адамдардың жаңа ұрпақтарын жеткізетін, оларға оны ұдайы өндірудің құпияларын ашып беретін ешкім болмас еді дегенді айтты.

Сана, оның мәні мен ерекшеліктері

Көне заман философиясында сана деп адамның өмірінде аса маңызды роль атқаратын ішкі әлем-жан есептелінді. Орта ғасырларда сана мен ақыл құдайдың маңызды атрибуттары ретінде, ал қайта өркендеу дәуірінде табиғаттың қасиеті деп қарастырылды.

Орыс философиясында сана мен психика теориясына И.И. Сеченов, В.М. Бехтерев, И.П. Павлов үлкен үлес қосты. Олар сананы адамның іс-әрекетінде қоғамдық қатынастарды айқын бейнелейтін әлеуметтік феномен деп анықтады. Сана дегеніміз - тек адамға ғана тән сыртқы дүниені бейнелеудің жоғарғы формасы. Сана-объективті Әлемнің субъективті образы. Сана, ең алдымен, адамның табиғатқа, қоғамға, басқа адамға, сонымен қатар‚ өз-өзіне деген қатынасы. Сана-болмысты түсіну, ұғыну, бейнелеу. Ол болмыстан келіп шығады. Сана тек қоғамда ғана қалыптасады. Өйткені адамның шын мәніндегі адам болуы оның қоғамдық қатынастарды толық меңгеруімен тығыз байланысты. Сана-мидың негізгі функциясы. Мидың дамуымен сананың, психиканың дамуының арасында өте тығыз байланыс бар. Ми - сыртқы әлемді бейнелейтін және адамның күрделі тәртібінің бағдарламасын қамтамасыз ететін өте күрделі жүйе.

Әрекет, белсенділік - бұл заттарды қабылдау мен қоғамда жинақталған тәжірибені меңгерудің белгілі еңбек дағдыларын игерудің негізгі шарттары. Практикалық дағдылардың жетілу жолында адамдар ойлау операциясын өндіру бейімділігін дамытады. Ойлау қабілеті дегеніміз -адамның сыртқы дүниеге деген белсенді қатынасының нәтижесі.

Адамның әлеуметтік тәжірибені игеруінің маңызды құралы - сөйлеу. Тіл - “екінші сигналды жүйе” (И.П.Павлов). Тіл-адам ойлауының білдіру тәсілі, немесе Гегельше айтсақ, ойлаудың тәні. Тіл арқылы адам өзінің сезімдік қабылдау процесінен шығып, объективті дүниені түсінуге, оның мәнін ұғуға ұмтылды. Тіл өзара ұғынысу, араласудың маңызды құралы болды, сонымен қатар, басқаның да ойын қабылдап, өз пікіріңді, түсінігіңді жеткізуге мүмкіндік жасады.

ХХ ғасырда ғылыми-техникалық есептегіш машиналар пайда болды, олар біраз күрделі ойлау операциясын іске асыра алады. “Жасанды интеллект” бола ма деген сұрақ туындап, машинаның ойлау мүмкіндігі, оның адамды ауыстыруының өрісі туралы мәселелер қойыла бастады. Электронды есептегіш машиналар көптеген операцияларды адамнан да тез орындай алады. Дегенмен, машина адамды еш уақытта толық алмастыра алмайды. Өзіндік санасы арқылы адам өзінің коллективтегі орнын тауып алады, өзінің іс-әрекетін ұйымдастыра алады. Өзіндік сана дегеніміз - адамның өзін-өзі танып, білуінің деңгейі. Сана, өзіндік сана туралы айта отырып, қоғамдық сана ұғымын да анықтауымыз қажет. Өйткені‚ қоғамда олар бір-бірімен біте қайнасқан. Өзіндік сананың қалыптасып, дамып жетілуінде қоғамдық сананың да ықпалы өте зор.

Қоғамдық сана дегеніміз - бұл адамдардың өзінің материалдық болмысы мен өмір сүру жағдайы туралы сезімдері мен көзқарастарының, дағдылары мен идеалдарының, ілімдері мен теорияларының күрделі жүйесі. Қоғамдық болмыс дегеніміз - қоғамдағы барлық материалдық қатынастардың жиынтығы. Қоғамдық болмыстың өзегі-экономикалық қатынастар. Соның негізінде және төңірегінде қоғамның басқа қатынастары өрбіп отырады. Қоғамдық болмысқа әлеуметтік-таптық, ұлттық, экологиялық, саяси, тұрмыстық қатынастар кіреді. Адам өмірінде бейсаналық та үлкен роль атқарады, оның реттеуші ролінсіз адам мүмкіндіктері әлдеқайда жеткіліксіз болар еді. Біз өзіміздің кейбір аса маңызды әрекеттерімізді түсінеміз, ол көптеген қосалқы әрекеттерімізді реттеу санадан тыс іске асып отырады. Бейсаналық, адамның мінез-құлқын реттей отырып, оны шығармашылық жаңа мәселелерді шешуге жетелеп отырады. Бейсаналықтың шындықты танудағы маңызын да естен шығармаған жөн. Адам өзінің өмірі бойында сыртқы әлемнен көп мөлшерде ақпарат алып отырады. Көптеген психологтардың айтуы бойынша, адам өзінің есіне, жадына енген нәрсенің ешқайсысын ұмытпайды. Кей жағдайда қажетті информацияны еске түсіре алмауымыздың негізгі себебі - жаңа ақпарат бұрынғыны көлеңкелеп, ығыстырып жіберуі. Ал ол күтпеген жағдайда адамның еркінен тыс көрініс беруі мүмкін. Адамның есінде ақпараттың сақталуы бейсаналық процесс болып табылады.

Сана адамның дүниені танушы және өзін-өзі танушы субъект ретінде қалыптасуының негізі, тірегі болып табылады.




  1. Каталог: archiv
    archiv -> Берлинде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы өмірбаяндық кітаптың тұсаукесері болып өтті 2014 жылғы 26 қарашада Германияның астанасы Берлин қаласында Махмұт Қасымбековтің неміс тілінде жарық көрген «Нұрсұлтан Назарбаев
    archiv -> Сабақ тапсырмаларына әдістемелік нұсқау Шымкент-2010
    archiv -> Қазақстанның әскери тұтқындарының тағдырларында беймәлім парақтары Финляндия Ұлттық мұрағатының материалдарынан табылды
    archiv -> Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қортындысы Кіріспе бөлім
    archiv -> Сабақ «Ақшаның экономикалық мәні»
    archiv -> Сабақ жоспары № Тақырыбы: шкм математика сабағын ұйымдастыру
    archiv -> Арман-мақсат болған кемел қоғамға бет алып, жаңа азаматты рухани деңгейі биік, парасат-пайымы терең, ғылым мен мәдениеттің озық үлгілерінен сусындаған адамды қалыптастыру міндеті алда тұр
    archiv -> Сабақ-презентациясы сәуір Жітіқара қ. мемархив Жітіқара амм 3 «Лисаковск қаласының 45 жылдығына арналған «Қаладағы мұрағат тарихы»
    archiv -> Оқу пәнінің міндеттері


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет