Ф-әД-001/046 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет14/42
Дата17.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#191931
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42
Байланысты:
4. Лекция тезистері Word
тест өбс-811, 13-Дәріс.Басқарушылық және көшбасшылық, КТ сессия Шахсанам, КТ сессия Шахсанам, GELENEK VE D N T RKMEN STAN IN D N HAYATINDA GELENE N ROL [#436985]-826881, Дәріс 3-4. Азаматтық-саяси қарама-қайшылықтар, Дәріс 3-4. Азаматтық-саяси қарама-қайшылықтар 2, Акимшилик жауаптары (копия), кылмыстык бож 111
2. Дайындық ережесі. Адамдардың экстремальдық жағдайға дайындық дәрежесі ылғи да сай келе бермейді, тіпті төтенше жағдаймен айналысатын адамдардың өздері кейде жол таба алмай қалады. Мұндай жағдайда «менімен ештеңе болмайды» дейтін кісінің өзі қиын кездерде мамандарға, дайындығы жоғары адамдарға жүгінуге мәжбүр болады.
3. Экстремальдықтың дәрежесі. Материалдық жарақтанғанына байланысты (арнайы киімдер, төтенше жағдайға арналған құрал-жабдықтар) және сол сияқты географиялық-климаттық шарттарының ерекшелігіне байланысты бірдей жағдайдың өзінің әр түрлі салдары болуы мүмкін. Мысалы, ұшақтың шөлге амалсыздан қонуы мен далаға (тауға) қонуы, әрине, экстремальдық жағдай, бірақ екі жағдайдың дәрежесі екі түрлі. Экстремальдықтың дәрежесі адам өмірінің сақталуына әсер етеді әрі тірі қалудың мүмкіншілігін анықтайды.
Осыдан барып, экстремальдық жағдай адамдардың мамандықтарына және олардың өмір сүру дағдысына қарай әр түрлі болады деген тұжырымға келуге болады.
Адамның жападан жалғыз экстремальдық жағдайда қалуы, ерекше талдауды қажет етеді. Амалсыз осындай жағдайға тап болған адам, алдымен қандай қиындыққа тап болғанын болмысымен түсінуі қажет, содан соң барып баспана, тамақ туралы және қайтып оралудың жолын ойластыруы керек, әрі алғашқы сасқалақтау, стрес жағдайымен күресуі қажет. Бұған адамның мінез-құлқы, жігерлігі немесе бозкүйектігі үлкен әсерін тигізеді. Дегенмен ең бастысы – адамның бұндай жағдайдағы істейтін өз іс-әрекеті. Біріншіден, адамның өзі ұшыраған жағдайын дұрыс сараптауының, сыртқы факторлардың (аптап ыстық, боран, суырған жел және т.б.) әсерін дұрыс бағалаудың, қолында бар заттарды (киімі, баспанасы, құрал-жабдықтары) дұрыс пайдаланудың және денсаулығын сақтаудың (аш, жалаңаш, ауру және т.с.с.) – бәрінің маңызы өте зор.
Шешім қабылдағанда мына қажеттіліктерді қатты ескеру қажет:

  • дәрігерлік көмек көрсетуді (егер қажет болса);

  • сыртқы дүниемен байланыс орнатуға қам жасауды;

  • баспана ұйымдастыруды;

  • су мен тағам табуды;

  • айналаны бағдарлап, зерттеп, жүретін бағытты анықтап алу керек.

Адам стрестік жағдайдан неғұрлым тез арада шыға алса, соғұрлым оның сабырлы, ойлы іс-әрекеті оң нәтижесін береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет