86
-
әлемдік стандарттарға көшу, жалпылай сапаны басқару;
-
экологиялық іскерлікті арттыру;
-
тұрақты даму заңын дайындап, қабылдау.
Тұрақты даму тұрғысынан Қазақстанның дамуын бағалау.
Бұл тұрғыда
Қазақстан экономикасы шикі зат шығарып сатушыдан өндіріс тауарларын
өңдеп, шығаратын, оларды экспортқа шығарушы елге айналуын қарастырамыз.
Өндірістік тауарлардың
сапасын арттыра отырып, жаңа сату нарықтарына
шығу, әлемдік сауда ұйымына мүше болып, экспорттық саланы арттыру. Сауда
саттық, салық салу, кедендік заңдылықтарды Халықаралық деңгейге дейін
көтере отырып, шикізат пен өндіріс тауарларын экспортқа шығарудан әлем
елдері ішінде алдыңғы қатарға шығу.
Елдің ары қарай өркендеуі үшін
ғылымды арттыру, жаңа технологиялар
мен техниканы өндіріске енгізу, машина мен өндіріс құралдарындағы
Қазақстандық мазмұнды ұлғайту, білім беру мен медициналық көмек көрсету,
емдеу сапасын
жоғары дәрежеге жеткізу, нанотехнологиялар жетістіктері мен
ғарыштық зерттеулердің нәтижелерін кеңінен өмірде қолдану қолға алынуы
керек.
Секторлар арасындағы байланыс пен әріптестік жүйесін құру
мақсатында Қазақстан Республикасының тұрақты даму Орталығын құру
жоспары әзірленіп, ұсынылды. Жобаның эксперттік қатысуы кезінде Балқаш-
Алакөл Бассейндік кеңесі (БК) құрылды. Нұра-Сарысу БК құру процесіне
эксперттік қолдау көрсетілді. БҰҰ Әлем университетінің және Жер Кеңесінің
тұрақты даму бойынша Кеңестері және
Комиссияларымен байланыс
орнатылды.
Қазақстан Репсубликасының тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасы – 21
ғасырдағы Қазақстан Күн тәртібінде қарастырылды. Экологиялық кодекс пен
қоршаған ортаны қорғауға байланысты заңдарды қайта қарастыру құжаттары
бойынша жұмыстарға қатысылды. Заңдарды қайта құру мәселелері
бойынша
басқа халықаралық жобалармен өзара кеңес беру және материалдарға
экспертиза жүргізілді.
Қазақстандағы халықаралық жобалардың міндеттері бойынша күрделі
және ұзақ мерзімді бағдарламаны қабылдады. Бағдарламаның негізгі мақсаты
- тұрақты даму (ТД) институттары арқылы салалар аралық және сектор
аралық кедергілерді болдырмауды жетілдіру. Сонымен қатар, зияткерлік,
ақпараттық және тұрақты даму бойынша әлеуетті әрекеттің сарапшылылығын
арттыру болып табылады.
Бұл бағдарлама тұрақты даму институттарын дамытуға, басқару жүйесін
жетілдіруге,
экологиялық
қызметтің
зияткерлік
әлеуетін
және
ұйымдастырушылығын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр.
Бағдарлама
шеңберінде талдаулар өткізіліп, Қазақстанның күн тәртібіндегі XXI ғасырға
тұрақты дамуын зерттеу сектор аралық ынтымақтастықтың кедергілерін
жеңуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.
Бағдарламаның негізгі міндеттері - қоршаған ортаны қорғау бойынша
институттарының талдауын және экологиялық басқаруды жақсарту бойынша
87
ұсыныстарын әкімшілік шеңберде мемлекеттік тиімді басқарумен және сектор
аралық нығайту мәселелерімен тығыз байланыстыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастыққа толыққанды қатысушы
ретінде ХХІ ғасырға арналған күн тәртібінде (Рио-де-Жанейро, 1992 жыл)
және Мыңжылдық самиті (Нью-Йорк, 2000 жыл) мен Тұрақты даму жөніндегі
әлемдік саммит (2002 жыл, Йоханнесбург) декларацияларында қойылған
міндеттерді орындау жөнінде міндеттемелер қабылдады.
Қазақстан Республикасы тұрақты дамуға қол жеткізу бағытында
бірқатар шаралар қабылдады. Қазақстан БҰҰ -ның Тұрақты даму жөніндегі
комиссиясының, «Еуропа үшін қоршаған орта» және «Азия үшін қоршаған
орта мен тұрақты даму»
процестерінің, тұрақты даму үшін Дүниежүзілік
кәсіпкерлер кеңесі өңірлік еуразиялық желісінің мүшесі және белсенді
қатысушысы болып табылады.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы, 2015 жылға дейінгі
индустриялық-инновациялық даму стратегиясы, 2004-2015 жылдарға дейінгі
экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының 2015
жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы қабылданды, Қазақстан
Республикасының тұрақты даму жөніндегі кеңесі және «Қазына»
тұрақты
даму қоры АҚ құрылды.
Қазақстан
Республикасы
Еуразия
құрлығының
экологиялық
тұрақтылығын қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады. Еуропа мен Азия
арасында саяси, мәдени және экономикалық көпір бола отырып, Қазақстан
құрлықта ландшафтар мен экологиялық жүйелердің дамуында осы тектес
байланыстырушы қызмет атқарады.
Қазақстан аумағының көлемі, климат
жағдайларының әр түрлілігі, өңірдің су теңгерімінің ерекшеліктері
Еуразияның күллі аумағындағы экологиялық жағдайды оның Қазақстандағы
тұрақтылығына айтарлықтай тәуелді етеді.
Достарыңызбен бөлісу: