Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, А. Қ. Рауандина, Р. С. Рахметова, А. Н. Юсуп



бет12/43
Дата04.11.2019
өлшемі1,06 Mb.
#51088
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43
Байланысты:
мұғалім кітабы 5 сынып


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Ыстық алақан» тренингін өткізеді.

Оқушылар сәлемдеседі, бір-бірі- не жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

46



3-тақырып. Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Өсімдіктер әлемі» деректі фильмінен үзінді көрсетеді, ой шақыру сұрақтарын қояды: Балалар, сендер өсімдіктер әлемі жайлы не білесіңдер? Қандай гүлдер ұнатасыңдар?

Деректі фильмді көреді, сұрақтарға жауап береді.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Олар- ды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауыз- ша жаттығу жүргізеді.



2. Мәтіналды жұмыс.

А) Жазылым. Айтылым. Сауатты жазуға, жаңа ақпаратты қабыл- дауға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.



Жазылым. Айтылым. Сөздерді сурет- пен сәйкестендіреді, орыс тіліндегі баламасын жазады, сөйлем құрап айтады.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2,

3-тапсырманы орындатады, оқушыларға таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіреді.



Жазылым. «Таңғажайып Қазақстан» тақырыбына шағын мәтін құрап жазады, кластер құрады.

3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.

Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді оқиды, ат қояды, түсінгенін айтады.

Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 6-тапсыр- маны орындатады.

Жазылым. Мәтіннен тіркесті сөздерді тауып жазады.

4. Сергіту сәті. «Біздің ауланың гүлзары» тақырыбында фотоколлаж жасауларын сұрайды.

Топтық жұмыс. Гүлдердің суреттері- нен фотоколлаж жасайды.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Тілдесім. Сұхбат құру мәдениетін қалыптас- тыру үшін 7-тапсырманы орындатады.

Тілдесім. Диалог құрады.

ІІІ. Ой толғаныс

Жеке жұмыс. Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Ғаламтордан қызғалдақтар туралы ақпараттарды жинайды, шетелдік досына Қазақ- стандағы қызғалдақтардың ерек- шелігі туралы хат жазады.

IV. Бекіту

Жұптық жұмыс. Ойбөліс. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.

Сөйлесім. Сыныптасымен кімге қандай гүл сыйлау керектігі жайын- да тілдеседі.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушы-лардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.

VI. Үйге тап- сырма

Оқулықтағы 5-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Күн шапақтары салынған А4 парағын таратады.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін күн шапақтарына жазып, тақтаға іледі.



47

5-сынып. Мұғалім кітабы
5-6-сабақ

Сабақ тақырыбы:


Қасқыр мен тиін.



Білімділік:

Қазақ тіліндегі танымдық ақпараттардың негізінде оқушыларға жануарлар әлемі жайлы мағлұмат беру.

Дамытушылық:

Жаңа тақырып бойынша әртүрлі диалогтық минимумдар арқылы сұхбат құру мәдениетін дамыту, Сөйлесімге баулу.

Тәрбиелік:

Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы оқушылардың бойында қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде қасқыр мен тиін жайлы ақпарат береді, олардың қандай қасиеті барлығын айта алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақша қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы қасқыр мен тиінді сипаттайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында сыныптастарымен тілдеседі, шағын мәтін құрай алады.

Жаңа сөздер:

Тиін, өмір сүреді, бұтақтан бұтаққа, қасқыр, арқа, құлайды, ашуланады, жалынады, жіберші, қорқамын, қорқытасың, залымсың, жамандық жасамаймыз, сөз беремін, тырысып жүр, ақыл сұрайды.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, «Жануарлар» энциклопедиясы, смайликтер, тақырыпқа қатысты буклеттер, өзара бағалау парағы.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Кім жылдам?» ойыны, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, жұптық жұмыс, постер, жағдаяттық тапсырма.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу

Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.

Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т.б.) салады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты дайындалған слайдтарды көрсетеді, «қасқыр», «тиін» сөздеріне ассоциаграмма құрғызады.

Слайдтарды көреді, ассоциаграмма құрайды.

48



3-тақырып. Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы- рыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.



2. Мәтіналды жұмыс.

А) Оқылым. Сөйлесім. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындата- ды.



Оқылым. Сөйлесім. Суретті пайдаланып, сұрақтарға жауап береді.

Ә) Оқылым. Сөйлесім. Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады, оқушыларға таныс емес сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Оқылым. Сөйлесім. Жазылым. Сөздерді пайдаланып, сұраққа жауап береді, диаграмманы толтырады.

Б) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы

орындатады.



Жазылым. Үш нұсқа

ның ішінен дұрыс жауабын жазады.



В) Айтылым . Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.

Айтылым.

«Кім жылдам?» ойынының шартын орындайды.



3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 5-тапсырманы орындата- ды.

Тыңдалым.

Оқылым. Мәтінді оқиды.



Ә) Тілдесім. Сұхбат құру мәдениетін қалыптастыру үшін 6-тапсырманы орындатады.

Тілдесім. Диалог құрады.

Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 8-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Кестедегі ақпараттың мәтінге сәйкестігін тексереді.

4. Сергіту сәті. «Жануарлар әлемі» тақырыбында постер жасауларын сұрайды.

Топтық жұмыс. Постер жасайды.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 9, 11, 12-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Үш нұсқа

ның ішінен қажетті сөздерді таңдап жазады.



Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 10-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Мультфильмдер мен ерте- гілердегі залым және мейірімді кейіп- керлерді атайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 13-тапсырманы орындатады.

Тілдесім. Жағдаяттық тапсырманың шартын орындайды.

IV. Бекіту

Жеке жұмыс. Оқулықтағы 14-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Хат жазады.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушыларға аты-жөндері жазылған өзара бағалау парағын береді. Әр аттың тұсына өз бағаларын қояды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 7-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смай-ликтерді көрсету арқылы білдіреді.


49


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет