Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет53/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

7—8-сабақ





Сабақ тақырыбы:

«Әлемді шарлау» туралы әлемдік әңгіме.

Білімділік:

Тақырыптың аясында қазақша жай сөйлемдер құрау арқылы жаңа сөздерді мең- герту.

Дамытушылық:

Сөйлесім барысында сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пай- далану негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік:

Оқушыларға рухани-мәдени тәрбие беру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша әлемдік әңгіме туралы ақпарат бере алады, сұрақтарға жауап береді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде әңгіме желісін сипаттайды, кейіп- керлерге мінездеме береді.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды.

Жаңа сөздер:

Ауқатты, бәстесу, ізкесуші, кедергі.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, дүниежүзінің физикалық картасы, А4 парағы, маркер- лер, плакат, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, парақшалар.




Оқыту әдістері:

Әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Ыстық алақан» тренингі, «Кім жыл- дам?» ойыны, жағдаяттық тапсырма, кластер, «Кері байланыс» әдісі.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

«Ыстық алақан» тренингі. Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді.

Оқушылар бір-бірімен қол алып, амандасады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кем- шіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығу- шылығын ояту мақсатында оқулықтағы 2-тап- сырманы орындатады.

Кестеден Жюль Верннің романындағы басты кейіпкердің есімін табады.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактив- ті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздер- мен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздер- ді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.




2. Мәтіналды жұмыс. Айтылым. Оқу лықтағы 1, 3- тапсырманы орындатады.

Айтылым. Тапсырмалардың шартын орындайды.




3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.



Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды.




Ә) Жазылым. Оқулықтағы 5, 8-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді аудармасымен дәптеріне жазып алады, синонимін, антонимін табады, мінездеме жазады.




Б) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 9, 10-тап- сырманы орындатады.

Жазылым. Айтылым. Әлем кар- тасынан Фогг мырзаның жүрген жолын сызып көрсетеді, әр қалада болған оқиғалар жөнінде қысқаша айтады, «Кім жылдам?» ойынының шартын орындайды.




4. Сергіту сәті. Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады.

Тапсырманың шартын орындайды.




5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым.

Оқулықтағы 11-тапсырманы орындатады.



Жазылым. Жағдаяттық тапсырманы орындайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Жұптық жұмыс. «Әлемді шарлаймын» деген та- қырыпта әңгіме құрауларын тапсырады.

Өзара бірлесе отырып, әңгіме құрайды.

IV. Бекіту

«Электронды кітапхана» тақырыбына кластер құрауларын тапсырады.

Кластер құрайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушы- лардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

«Баспалдақ» әдісі бойынша бағалана- ды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім «Кері байланыс» әдісі негізінде оқушы- ларға парақшалар таратады.

Парақшаларды толтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет