Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет55/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

11-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Нәтиже сабақ. Мен нені үйрендім?

Білімділік:

Әртүрлі тілдік тапсырмалар арқылы модуль бойынша алған білімдерін бекіту

Дамытушылық:

Модуль бойынша берілген қазақша мәтіндер негізінде жұмыс істеу арқылы ойлауға, ізденуге жетелеу.

Тәрбиелік:

Тілдік коммуникация барысында рухани-мәдени тәрбие беру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): модуль көлемінде қазақша ақпарат бере ала- ды, сұрақтарға жауап береді, жаңа сөздерді қолдана алады.




Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақша тақырыпқа қатысты ақпараттарды талдайды, салыстырады.




Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): сыныптастарымен модуль аясында қазақша тілдесе алады, сұхбаттасады.




Негізгі түсініктер:

Ғаламтор, ақпаратты кітапхана.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты суреттер, желім қағаздар, су- реттер, карточкалар, А4 парағы, түрлі- түсті қарындаштар мен фломастерлер.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, сипаттау, әңгімелеу, «Жүректен жүрекке» тренингі, диа- грамма, синквейн, жұптық жұмыс.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психология- лық ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде

«Жүректен жүрекке» тренингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.



Жақсы сөз — жанды жадыратар. Мұғаліммен бірге параққа жақсы сөз- дер жазады. Сабақ соңында талдана- ды.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушыларды нәтиже сабаққа кіргізу мақсатында Интерактивті тақтадан та- қырыпқа қатысты дайындаған слайдтар- ды көрсетеді. Көрген суреттерін сипат- тап берулерін сұрайды.

Слайдтарды сипаттайды.

ІІ. Мағынаны тану

1.Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.




2. Сергіту сәті. Оқулықтағы 2-тапсырма- ны орындатады. «Ең үздік қойылымды» ұйымдастырады.

Сынып екі топқа бірігеді, шығарма мазмұны бойынша Фогг пен Стюарт бәстесетін оқиғаны сахналайды.




3. Білгенге маржан. Берілген мақалдарды оқиды, мағынасын түсіндіреді.

Мақалдарды тыңдайды, мұғаліммен бірге талдайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 3-тапсырманы орында тады.

«Ғаламтордың тұңғиығы» тақырыбын- да ғаламторды пайдалану мәдениеті туралы мәтін құрап жазады.

IV. Бекіту

Тақырыпқа қатысты бес сөзді синквейн құрастыруларын сұрайды.

Жаңа сөздерді пайдаланып, синквейн құрастырады.

V. Бағалау

Формативті бағалау.

«Жалпы сұрақ» техникасы бойынша бағаланады.

VI. Үйге тапсырма

«Ғаламтор мәдениеті» тақырыбына кла- стер құрауларын тапсырады.




VII. Рефлексия

Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтың өтілу барысын сипаттайтын суреттер іледі.

Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желімқағаздарды жапсырады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет