Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет56/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

тақырып. Музыка. Қазақтың киелі домбырасы. І. Жансүгіров. «Күйші» поэмасы (үзінді)




1—2-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Маған классикалық музыка ұнайды.

Білімділік:

Сөйлесім әрекетінің негізінде оқушыларға классикалық музыка жайлы ақпарат беру.

Дамытушылық:

Жаңа тақырып бойынша әртүрлі тілдік тапсырмалар орындату негізінде ақпараттық- танымдық құзіреттілігін қалыптастыру.

Тәрбиелік:

Қазақ тіліндегі тілдік құрылымдар арқылы рухани-мәдени тәрбие беру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде өзінің қандай әуен тыңдайтыны тура- лы ақпарат бере алады, тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстыра алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде өзінің қандай әуенді тыңдайтынын, нені жинайтынын қарапайым сөйлемдер арқылы сипаттай алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында қазақ тілінде өз бетімен сұхбат құра алады, қарапайым үлгілер арқылы тілдесімге келеді, мәтін құрайды.

Жаңа сөздер:

Классикалық, дәстүрлі, асыр, халық әндері, халық күйлері.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, қазақтың классикалық музыкасының күйтабағы, тақырыпқа қатысты суреттер мен слайдтар, смайликтер.

Оқыту әдістері:

Әңгімелеу, түсіндіру, сипаттау, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, «Қос жазба» күнделігі, диалог, ойбөліс, «Жеке әңгіме» техникасы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркер- лер таратады.

Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипат-тайтын сурет (смай-лик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейта- рап, т. б.) салады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшілік- терді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Баяу ойналатын қазақтың классика-лық музыкасын қойып, оқушылардан көзін жұмуын сұрайды. Ой қозғау сұрақтарын қояды: -Балалар, сендер қандай күйдесіңдер? Тыңдалған әуеннен қандай әсер алдыңдар? Сендерге қазақтың классикалық музыка- сы ұнай ма? Сипаттап беріңдерші.

Әуенмен көздерін жұмады. Сұрақтарға жауап береді, әуендерді сипаттайды.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таны- стырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқу- шыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөз- дерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен

ауызша жаттығу жүргізеді.





Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Оқулықтағы 1, 3-тапсырманы орында-

тады.


Айтылым. Сұрақтарға жауап бе- реді, әңгіме құрайды.




Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындата- ды.

Жазылым. Мәтін құрайды.




3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.



Тыңдалым. Оқылым. Мәтінге та- қырып қояды, жоспар құрады.




Ә) Жазылым. Оқулықтағы 5-тапсырманы орындата- ды.

Жазылым. «Қос жазба» күнделігін толтырады.




Б) Айтылым. Оқулықтағы 6-тапсырманы орындата- ды.

Айтылым. Досымен диалог құрады.




4. Сергіту сәті. «Оймоншақ» ойынын ұйымдастырады. Топқа бөледі.

Әр топтағы оқушылар кезек ке- зекпен бір сөйлем айтып, мәтін құрайды.




5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. 7-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Тірек сөздерді қатыстырып, бес сұраулы сөйлем құрайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Мәтінді оқиды, тақырып қояды.

IV. Бекіту

А) Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Ойбөліс өткізеді.




Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Сөйлемдерді оқиды, талдайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.

VI. Үйге тапсыр- ма

Оқулықтағы 9-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет