Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет64/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

5—6-сабақ




Сабақ тақырыбы:

Жылқы — ер қанаты.

Білімділік:

Қазақ тіліндегі нақты хабарламалар арқылы оқушыларға жылқы малы жайлы ақпарат беру.

Дамытушылық:

Сөйлесім барысында сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік:

Қазақша шағын мәтіндерді баяндау арқылы ақпараттық-танымдық құзіреттілігін қалыптастыру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша жылқы малы жайлы ақпарат береді, мәтіндегі жаңа сөздерді меңгереді, сөйлесім барысында қолданады.




Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде жылқы малын сипаттайды, қасиеті жайлы мәліметтер береді.




Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды.

Жаңа сөздер:

Киелі жануар, атбегі, ел қорғаған, жан серігі, реңк, ажырату, жүйрік.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклет- тер, плакаттар, маркерлер, парақшалар, желімқағаздар.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, «Жүректен жүрекке» тренингі, «Шашылған сөздер» ойыны, диалог,

«Жағымды сөздер» тәсілі, «Шағын шолу» тәсілі.



Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен жүрекке» тренингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.

Жақсы сөз — жанды жадыратар. Мұғаліммен бірге параққа жақсы сөз- дер жазады. Сабақ соңында талдана- ды.

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушыларға тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтарын көрсетеді, жылқы малы туроалы ақпарат береді.

Оқушылар слайдтарды көреді, ақпараттарды тыңдайды, талдайды.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша

жаттығу жүргізеді.





2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Оқулықтағы 1, 3-тапсырманы

орындатады.


Айтылым.

Сұрақтарға жауап береді, түліктің төлін

табады, орысша баламасын айтады.





Ә) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсыр- маны орындатады.

Жазылым. Айтылым. Мақалдың мағынасын түсіндіреді.




3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.



Тыңдалым. Оқылым. Тыңдайды, мәтінді дұрыс оқуға машықтанады.




Ә) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 5, 9-тап- сырманы орындатады.

Жазылым. Айтылым. Сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіреді, жыл қы малының қасиетін теріп жазады, жаттайды.




Б) Айтылым. Оқулықтағы 6, 7-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Ойын айтады, сұрақтарға жауап береді.




4. Сергіту сәті. «Шашылған сөздер» ойынын ойнатады.

Шашылған сөздерден сөйлем құрайды, көп сөйлем құраған оқушы жеңімпаз атанады.




5. Мәтінсоңы жұмыс. Айтылым. Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Мәтінде келтірілген жылқы малының қасиеттерін түйіндейді.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 11-тапсырманы орындатады.

«Оймоншақ» ойынын ойнатады.



Жұптық жұмысты орындайды.

IV. Бекіту

«Есте сақта!» айдарымен берілген мақалдыі оқиды, талдатады.

Мақалды оқиды, талдайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратады.

Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 8-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мынадай сұрақ қояды: — Балалар, сабақ барысында қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойынша сабақ қорытындыланады.

Сабақ барысында мұғалім, сыныптаста- ры тарапынан айтылған жағымды сөз- дерді еске түсіреді, айтады. Желімқа- ғаздарға жазады, тақтаға жапсырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет