Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет61/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

11—12-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Нәтиже сабақ. Мен нені үйрендім?

Білімділік:

Әртүрлі тілдік тапсырмалар арқылы модуль бойынша алған білімдерін бекіту

Дамытушылық:

Модуль бойынша берілген қазақша мәтіндер негізінде жұмыс істеу арқылы ойлауға, ізденуге жетелеу.

Тәрбиелік:

Қазақ тіліндегі тілдік құрылымдар арқылы рухани-мәдени тәрбие беру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): модуль көлемінде қазақ опера өнері жайлы ақпарат бере алады.




Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырыпқа қатысты сыныптастарымен тілде- седі, диалог құрады.




Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): модуль аясында шағын мәтін құрайды.

Негізгі түсініктер:

Байқау, қазақ әншілері, опера.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты суреттер, А4 парағы, түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер мен маркерлер, желімқағаздар.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, сипаттау, әңгімелеу, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Құнды пікір» стратегиясы, жағдаяттық тапсырма, диалог, рөлдік ойын, жағдаяттық тап- сырма, «Жалпы сұрақ» техникасы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін «шаттық шеңберін» құрады.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілейді.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кем- шіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Мұғалім оқушылардың тақырып бойынша алған білімін анықтау мақсатында «Құнды пікір» стра- тегиясын қолданады.

Әр оқушы музыка өнері жайлы өз ойын айтады, сыныптастарымен пікір алмасады.

ІІ. Мағынаны тану

1. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А)

Оқылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Мәтінді оқиды, тақырып қояды, түсінгенін баяндайды.




Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орын- датады.

Жазылым. Досына хатжазады.




Б) Тыңдалым. Оқылым. Оқулықтағы 3-тапсыр- маны орындатады.

Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, досымен «Ұлытау» тобының мүшесі Е. Әлімбетов туралы жазылған сұхбатты оқиды.




2. Сергіту сәті. Мұғалім рөлдік ойын ұйымдастырады (5-тапсырма).

Тапсырманың шартын орындайды.




3. Білгенге маржан. М.Әуезовтің айтқан ойларын оқиды, талдатады.

Өз ойларын айтады.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Айтылым Өлеңді оқиды, өзіне ұнаған ойды негізге алып, диалог құрады.

IV. Бекіту

Топтық жұмыс. Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады.

Айтылым.Жағдаяттық тапсырманың шартын орындайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау.

«Жалпы сұрақ» техникасы бойынша бағаланады.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтың өтілу барысын сипаттайтын суреттер іледі.

Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желімқағаздарды жапсыра- ды.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет