|
|
бет | 58/90 | Дата | 15.12.2019 | өлшемі | 0,72 Mb. | | #53614 |
| Байланысты: 7 cынып мұғалім кітабы5—6-сабақ
Сабақ тақырыбы:
|
Күй — қазақтың жан серігі, сырласы.
|
Білімділік:
|
Сөйлесім әрекетінің негізінде оқушылардың қазақ күйлері жайлы ақпараттық ұғымын қалыптастыру.
|
Дамытушылық:
|
Жаңа тақырып бойынша әртүрлі тілдік тапсырмалар орындату негізінде ақпараттық-та- нымдық құзіреттілігін қалыптастыру.
|
Тәрбиелік:
|
Қазақ тіліндегі тілдік құрылымдар арқылы рухани-мәдени тәрбие беру.
|
Сілтеме:
|
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
|
Жетістік критерий- лері:
|
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ күй өнері жайлы ақпарат береді, жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді.
|
|
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): күй өнері жайлы өз ойын айтады, сипаттайды, қосымша қойылған сұрақтарға жауап береді.
|
|
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында тілдік қарым-қатынас құра ала- ды, сұхбаттасады, күй өнеріне байланысты шағын мәтін құрайды.
|
Жаңа сөздер:
|
Қыр жағында, дүрілдету, ырғақ, бал тамған, маймаң қағу, перне, лақылдату, зарлы, күңіренген, толғану, балқу, безектеу, бұрқырату, ебелек, тілеулес, қорғасын.
|
Сабақта қолданы- латын материал- дар:
|
Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты оқу материалдары, «Балбырауын» күйінің үнтаспасы, желімқағаздар, өзара бағалау парағы.
|
Оқыту әдістері:
|
Әңгімелеу, түсіндіру, сипаттау, «Ыстық алақан» тренингі, постер, диалог, диаграмма, жұптық жұмыс, «Төрт сөйлем» тәсілі, «Жағымды сөздер» тәсілі.
|
Дереккөздері:
|
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
|
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
|
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Ыстық алақан» тренингін өткізеді.
|
Оқушылар сәлемдеседі, бір-бірі- не жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.
|
Өткен сабақты тексеру
|
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшілік- терді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
|
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
|
І. Қызығушы- лықты ояту
|
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Балбырауын» күйінің үнтаспасын тыңдатады, күйдің тарихы жайлы ақпарат береді.
|
Күйді, оның шығу тарихын тыңдайды, өз ойларын айтады.
|
ІІ. Мағынаны тану
|
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактив-
ті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды,
оқушыларға қайталатады.
|
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздер- ді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауыз-
ша жаттығу жүргізеді.
|
|
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындата-
ды.
|
Айтылым. Сөйлемдерді толықтырады.
|
|
Ә) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.
|
Оқылым. Айтылым. Қазақтың ұлттық саз аспаптарымен танысады, мәлімет туралы айтады.
|
|
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.
Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.
|
Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, түсінгенін баяндайды.
|
|
Ә) Айтылым. Оқулықтағы 4-тапсырманы орындата- ды.
|
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.
|
|
Б) Жазылым. Оқулықтағы 5-тапсырманы орындата- ды.
|
Жазылым.Мәтіндегі теңеулер мен метафораларды теріп жазады, сөйлем құрайды.
|
|
4. Сергіту сәті. «Күй өнері» тақырыбында постер жасатады.
|
Постер жасайды, сипаттайды.
|
|
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Оқулықтағы 7, 8-тапсырманы орындатады.
|
Жазылым. Мәтінге сүйеніп, ақпараттың дұрыстығын тексереді, диаграмманы толтырады.
|
ІІІ. Ой толғаныс
|
Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.
|
Айтылым. Өлең жолдары бойынша әңгімелеседі.
|
IV. Бекіту
|
А) Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.
|
Айтылым. Ақпаратты «Төрт сөйлем» тәсілін пайдаланып айтады.
|
|
Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөз тіркестерін оқиды, талдатады.
|
Сөз тіркестерін оқиды, талдайды.
|
V. Бағалау
|
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.
|
Оқушыларға аты-жөндері жазылған өзара бағалау парағын береді. Әр аттың тұсына өз бағаларын қояды.
|
VI. Үйге тапсыр- ма
|
Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.
|
|
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
VII. Рефлексия
|
Мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мынадай сұрақ қояды: — Бала-
лар, сабақ барысында қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойынша сабақ
қорытындыланады.
|
Сабақ барысында мұғалім, сыныпта- стары тарапынан айтылған жағымды сөздерді еске түсіреді, айтады.
Желімқағаздарға жазады, тақтаға жапсырады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|