Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет65/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

7—8-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Төрт түліктің пайдасы.

Білімділік:

Қазақ тіліндегі нақты хабарламалар арқылы оқушыларға төрт түліктің жайлы ақпарат беру.




Дамытушылық:

Сөйлесім барысында сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайда- лану негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік:

Қазақша шағын мәтіндерді баяндау арқылы ақпараттық-танымдық құзіреттілігін қалыптастыру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша төрт түліктің пайдасы жайлы ақпарат бе- реді, мәтіндегі жаңа сөздерді меңгереді, сөйлесім барысында қолданады.




Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде төрт түліктің пайдасын айтады, ойын дәлелдейді, қасиеті жайлы мәліметтер береді.




Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды.

Жаңа сөздер:

Төрт түлік, Қамбар ата, Ойсыл қара.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, плакаттар, маркерлер, парақшалар, желімқағаздар.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, «Жүректен жүрекке» тренингі, диаграмма, диалог,

«Жағымды сөздер» тәсілі, жағдаяттық тапсырма, «Шағын шолу» тәсілі.



Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен жүрекке» тренингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.

Жақсы сөз — жанды жадыратар. Мұғаліммен бірге параққа жақсы сөз- дер жазады. Сабақ соңында талда- нады.

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойын- ша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылы- ғын ояту мақсатында Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты дайындаған слайдтарды көрсетеді. Көрген суреттерін сипаттап берулерін сұрайды.

Слайдтарды сипаттайды.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен та- ныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауыз-

ша жаттығу жүргізеді.





2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Оқулықтағы 1, 3-тапсырманы орын-

датады.


Айтылым.

Сұрақтарға жауап береді, есіне

сақтайды.





Ә) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсыр- маны орындатады.

Жазылым. Айтылым. Төрт түлікті шақыру тәсілдерін сәйкестендіріп жазады.




3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.



Тыңдалым.

Оқылым. Тыңдайды, мәтінді дұрыс



оқуға машықтанады.




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Ә) Жазылым. Оқулықтағы 5, 7-тапсырманы орын- датады.

Жазылым. Мәтіннен қазақ халқының шаруашылығы мен тұрмысына қатысты сөздерді теріп жазады, төрт түліктен алынатын тағам атауларын жазады.




Б) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 8-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Айтылым. Мәтінді қайта оқиды, әр түліктің пайдасын толықтырады.




4. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді жазып, сөйлемдерді толықтырады.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.

IV. Бекіту

«Есте сақта!» айдарымен берілген мәліметтерді оқиды, талдатады.

Мәліметтерді оқиды, талдайды.




Оқулықтағы 11-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Жазылым. Мәтінді тағы бір рет оқиды, сүттен жасалатын та- ғамдарды бір бағанға, еттен жасала- тын тағамдарды бір бағанға жазады.

V. Бағалау

Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратады.

Тақырып аясында өзінің есін-

де қалған сөздерін, сөйлемдерін

параққа жазады.


VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мынадай сұрақ қояды: — Балалар, сабақ барысында қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойынша сабақ қорытындыланады.

Сабақ барысында мұғалім, сыныпта- стары тарапынан айтылған жағымды сөздерді еске түсіреді, айтады.

Желімқағаздарға жазады, тақтаға жапсырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет