Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет68/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

10-тақырып. Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң бол- сын!




1—2-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Наурыз — ұлыстың ұлы күні!

Білімділік:

Тақырыптың аясында қазақша қарапайым сөйлемдер құрау арқылы Наурыз мейра- мына қатысты салт-дәстүрлердің атауларын үйрету. Лексикалық тақырып аясында оқшау сөздерді меңгерту.

Дамытушылық:

Сөйлесім барысында сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пай- далану негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік:

Қазақ тіліндегі тілдесім әрекетіне құрылған сөйлемдер негізінде оқушыларды ұлттық мейрамдарды дәріптеуге бейімдеу.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша ұлттық мерекеге қатысты жаңа сөздер- ді қатыстырып, сөйлемдер құрады, достарымен наурыз жайлы сөйлеседі, қазақша ақпарат береді.




Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде тірек сөздерді пайдаланып, мәтін мазмұнын айтады, наурыз мейрамына қатысты жаңа сөздерді сөйлесім барысында тиімді қолдана алады, сыныптастарымен сұхбат құрады.




Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып бойынша қосымша деректер кел- тіреді, мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз пікірін өзгелердің пікірімен салысты- ра отырып жауап береді, наурыз мейрамы жөнінде мәтін құрай алады.

Жаңа сөздер:

Ұлыс, теңелу, дәм тату, шығыс, татуласу.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, Р.Рымбаеваның үнтаспасы, тақырыпқа қатысты аль- бомдар, буклеттер, смайликтер.

Оқыту әдістері:

Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, ассоциограмма,

«Ойлан, жауап бер!» ойыны, диалог, «Аквариум» тәсілі, «Қос жаз ба» күнделігі, Ішкі

және сыртқы шеңбер» техникасы.


Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім «шаттық шеңберін» құрғызып, ынтымақ- тастық атмосферасын орнату үшін оқушыларға:

Балалар, сендер қарым-қатынас барысында

бір-біріңе қандай жақсы сөздер айтасыңдар?-деп

сұрайды.


Оқушылар бір-біріне жақсы тілек- тер айтады. Қайырлы күн, достым! Әр күнің сәттілікке толсын!

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктер ді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылы- ғын ояту мақсатында Р.Рымбаеваның «Наурыз-ду- ман» әнін тыңдатады.

Әнді тыңдайды, әуенін қайталайды.




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактив-

ті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды,

оқушыларға қайталатады.


Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөз- дерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен

ауызша жаттығу жүргізеді.





2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Оқулықтағы 1, 3-тапсырманы орын-

датады.


Айтылым. Сұрақтарға жау-

ап береді, «Ойлан, жауап бер!»

ойынының шартын орындайды.





Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орында- тады.

Жазылым. Ассоцио грамма жасай- ды, диаграмманы толты рады.




Б) Жазылым. Оқылым.Айтылым. Оқу лықтағы 4-тапсырманы орындатады.

Жазылым.Оқылым.Айтылым. Оқшау сөздерді қатыстырып, Наурызға байланысты диалог құрап жазады, диалогті дауыс ырғағын сақтап оқиды.




3. Тілдік бағдар. Оқшау сөздерді мең гертеді.

Оқшау сөздерді меңгереді.




4. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.

Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады.



Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, оқиды.




Ә) Оқылым. Оқулықтағы 7-тапсырманы орында- тады.

Оқылым. Әлібек пен Андрей арасындағы диалогті рөлге бөліп оқиды, көп нүктенің орнына сілтеу есімдіктерін қояды, оқшау сөздерді дауыс ырғағын сақтап айтады.




Б) Айтылым. Оқулықтағы 8-тапсырманы орында- тады. «Аквариум» тәсілінің негізінде тапсырманың шартын орындайды.

Айтылым. Мәтін бойынша до- сымен Наурыз мейрамы туралы әңгімелеседі, жаңа сөздер мен оқ- шау сөздерді қатыстырып, «Қандай керемет мереке!» тақырыбында диалог құрады.




5. Мәтінсоңы жұмыс. Жазылым. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Көп нүктенің орнына сілтеу есімдіктерін жазады.




6. Сергіту сәті. Жарнама жасатады.

Жұптық жұмыс. Оқушылар Наурыз мейрамында өздеріне ұнайтын салт-дәстүрлерге жарнама жасай- ды.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Айтылым. Сөйлем- дерде берілген сөздердің орнын алмастырып, дұрыс нұсқасын жаза- ды, айтады.

IV. Бекіту

А) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Сөйлемдерді оқиды, талдайды.




Ә) Оқулықтағы 11-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Мәтін бойынша «Қос жаз ба» күнделігін толтырады, түсіндіреді.




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» тех- никасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы көңіл-күйлерін білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет