Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет70/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

5—6-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Наурыз — Думан.

Білімділік:

Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеуүлгілерін қолдану негізінде оқу- шыларға тақырып жайында мағлұмат беру.

Дамытушылық:

Қазақ тілінен түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы іскерлікке, шеберлікке машықтандыру.

Тәрбиелік:

Тілдік коммуникация барысында рухани-мәдени тәрбие беру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша ұлттық мерекеге қатысты жаңа сөздер- ді қатыстырып, сөйлемдер құрады, достарымен наурыз жайлы сөйлеседі, қазақша ақпарат береді.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде тірек сөздерді пайдаланып, мәтін мазмұнын айтады, наурыз мейрамына қатысты жаңа сөздерді сөйлесім барысында тиімді қолдана алады, сыныптастарымен сұхбат құрады.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып бойынша қосымша деректер кел- тіреді, мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз пікірін өзгелердің пікірімен салысты- ра отырып жауап береді, наурыз мейрамы жөнінде мәтін құрай алады.

Жаңа сөздер:

Сыбаға, жібиді, ырыс.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, Р. Рымбаеваның орындауындағы «Наурыз- Думан»әнінің үнтаспасы, А4 парағы, маркерлер, плакат, тақырыпқа қатысты аль- бомдар, буклеттер, парақшалар.

Оқыту әдістері:

Ә Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Жүректен жүрекке» тренингі, жұптық, топтық жұмыстар, диалог, «Шағын шолу» тәсілі, «Жағымды сөздер» тәсілі, жұптық жұмыс.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен жүрекке» тренингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.

Жақсы сөз — жанды жадыра- тар. Мұғаліммен бірге параққа жағымды сөздер жазады. Сабақ соңында талданады.

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктер ді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап бе- реді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында Роза Рымбаеваның орындауындағы

«Наурыз-Думан»әнін (2-тапсырма) тағы тыңдатады,

әнді оқушылармен бірге айтады.


Әнді тыңдайды, мұғаліммен бірге айтады.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактив-

ті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды,

оқушыларға қайталатады.


Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөз- дерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен

ауызша жаттығу жүргізеді.





2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындата-

ды.


Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.

Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.



Тыңдалым. Оқылым. Өлеңді тыңдайды, мәнерлеп оқиды.




Ә) Айтылым. Оқулықтағы 5, 6 –тапсырманы орында- тады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап бе- реді, диалог құрайды.




4. Сергіту сәті. «Сиқырлы қоржын» ойынын ұйымдастырады.

Әр оқушы қоржынның ішінен сөз жазылған бір карточканы ала- ды, сол сөзді қатыстырып, 2 не 3 сөйлем құрайды.




5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Айтылым.

Оқулықтағы 7, 8-тапсырманы орындатады.



Жазылым. Айтылым.

Тапсырманың шартын орындайды.



ІІІ. Ой толғаныс

Жазылым. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Көп нүктенің орнына керекті есімдіктерді жазады.

IV. Бекіту

А) Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Хабарландыру жаза- ды.




Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Сөйлемдерді оқиды, талдайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратады.

Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мынадай сұрақ қояды: — Бала-

лар, сабақ барысында қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойынша сабақ



қорытындыланады.

Сабақ барысында мұғалім, сыныптастары тарапынан айтыл- ған жағымды сөздерді еске түсіреді, айтады. Желімқағаздарға жазады, тақтаға жапсырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет