Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет67/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

11—12-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Нәтиже сабақ. Мен нені үйрендім?

Білімділік:

Әртүрлі тілдік тапсырмалар арқылы модуль бойынша алған білімдерін бекіту

Дамытушылық:

Модуль бойынша берілген қазақша мәтіндер негізінде жұмыс істеу арқылы ойлауға, ізденуге жетелеу.

Тәрбиелік:

Қазақша шағын мәтіндерді баяндау арқылы ақпараттық-танымдық құзіреттілігін қалыптастыру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерийлері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): модуль көлемінде қазақша ақпарат бере ала- ды, сұрақтарға жауап береді, жаңа сөздерді қолдана алады.




Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақша тақырыпқа қатысты ақпараттарды талдайды, салыстырады.




Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): сыныптастарымен модуль аясында қазақша тілдесе алады, сұхбаттасады.

Негізгі түсініктер:

Төрт түлік мал, егін, дәнді дақылдар.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты суреттер, желімқағаздар.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, сипаттау, әңгімелеу, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Құнды пікір» стратегиясы, синквейн, диалог, «Ойшыл қалпақтар» рөлдік ойыны, «Жалпы сұрақ» техникасы.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін

«шаттық шеңберін» құрады.



Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілейді.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшілік- терді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Мұғалім оқушылардың тақырып бойынша алған білімін анықтау мақсатында «Құнды пікір» стратегия- сын қолданады.

Әр оқушы модуль жайлы өз ойын айтады, сыныптастарымен пікір алмасады.

ІІ. Мағынаны тану

1.Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Айтылым. Мәтінді оқиды, диалог құру мақсатында сұрақтар дайындайды, диалог құрады.




Ә) Жазылым. Оқылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Оқылым. Синквейн дайындайды.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.

«Егер мен диқаншы болсам» тақырыбына 10—12 сөйлемнен тұратын мәтін дайындайды.

IV. Бекіту

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады. «Ойшыл қалпақтар» рөлдік ойынын ұйымдастырады.

Тапсырманың шартын орындай- ды.

V. Бағалау

Формативті бағалау.

«Жалпы сұрақ» техникасы бойынша бағаланады.

VI. Үйге тапсырма

Тақырыпқа қатысты өлең жаттау.




VII. Рефлексия

Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтың өтілу барысын си- паттайтын суреттер іледі.

Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желімқағаз

дарды жапсырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет