Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет33/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

5—6-сабақ





Сабақ тақырыбы:

Ұлы Жібек жолы.

Білімділік:

Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану негізінде оқу- шыларға Ұлы Жібек жолы жайында мағлұмат беру. Лексикалық тақырып аясында теңеуді меңгерту.

Дамытушылық:

Қазақ тілінен түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы іскерлікке, шеберлікке машықтандыру.

Тәрбиелік:

Тілдік коммуникация барысында рухани-мәдени тәрбие беру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде Ұлы Жібек жолы туралы ақпарат береді, жаңа сөздерді сөйлем ішінде қолдана алады, сұрақтарға жауап береді..




Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): сабақ барысында жазбаша, ауызша жұмыстарды орындайды, кесте, ішінде берілген ақпаратты түсінеді, қолдана алады, Ұлы Жібек жолына қатысты ақпараттарды талдайды.







Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында мәтін құрайды, сыныптастары- мен пікір алмасады.

Жаңа сөздер:

Тасымалдау, жалғасу, өндіру, жетістік, мүмкіндік, өркендеу.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, дүниежүзінің физикалық картасы, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, парақшалар.

Оқыту әдістері:

Ә Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Жүректен жүрекке» тренингі, «INSERT» стратегиясы,

«Жигсо». «Бөлшекте, бүтінде!» әдісі, «Синектика» тәсілі, диалог, «Шағын шолу» тәсілі,

«Жағымды сөздер» тәсілі, жұптық жұмыс.


Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік, «Балалар энциклопедиясы», 3-том. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен жүрекке» тренингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.

Жақсы сөз — жанды жадыратар. Мұғаліммен бірге параққа жағымды сөз- дер жазады. Сабақ соңында талданады.

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығу- шылығын ояту мақсатында «Ұлы жібек жолы» туралы жазылған анықтаманы оқып береді.

Оқушылармен бірге талдайды.

«Ұлы Жібек жолы» — Еуразия құрылығын- дағы сауда, керуен жолдарының жалпы атауы. Ол біздің заманымыздан бұрынғы ІІ ғасырдан б.з. ХІҮ ғ. дейін Орталық Азия арқылы Қытайды Алдыңғы Азиямен байланыстырды. Қытайлық саяхатшы Чжан Цяньның «Батысқа» саясаты негізінде ашылды. Еуропа әдебиетінде алғаш рет 1877 ж. К. Рихтогофеннің «Қытай» атты еңбегінде «Ұлы Жібек жолы» деп аталды...» («Балалар энциклопедиясы», 3-том. Алматы:

«Қазақ энциклопедиясы», 2011.—179 б.). Та- қырыпқа қатысты дайындаған слайдтармен таныстырады.



Мәтінді тыңдайды, ақпараттармен таны- сады, негізгі ойды табады.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша

жаттығу жүргізеді.


2. Мәтіналды жұмыс.

А) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 1-тап- сырманы орындатады.



Жазылым. Айтылым. Картаға қарап,

«Ұлы Жібек жолы» бойындағы қала- лардың атын жазады, неге «Ұлы Жібек

жолы» деп аталғанын түсіндіреді.





Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Ә) Оқылым. Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсыр- маны орындатады.

Оқылым.Жазылым. Мәтінді оқиды, ша- ғын конспект жазады.

3. Тілдік бағдар. Теңеуді меңгертеді.

Теңеуді меңгереді.

4. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.



Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді оқиды, түсінгенін баяндайды.

Ә) Жазылым. Оқулықтағы 5, 8-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Мәтіндегі қою қаріппен белгіленген сөздерді орыс тіліндегі аудармасымен жазады, зат есімдер- ді теңеу сөздермен тіркестіреді, зат есімдерге көмекші есімдерді жалғап, күрделі сөзге айналдырады.

Б) Айтылым. Оқулықтағы 6, 9-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Мәтінге сүйеніп, ақпараттың дұрыстығын тексереді, диалог құрады.

В) Оқылым. Жазылым. Айтылым. «Жиг- со». «Бөлшекте, бүтінде!» әдісінің негізінде оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады.

Тапсырманың шартын орындайды.

5. Сергіту сәті. «Сиқырлы қоржын» ойынын ұйымдастырады.

Әр оқушы қоржынның ішінен сөз жа- зылған бір карточканы алады, сол сөзді қатыстырып, 2 не 3 сөйлем құрайды.

6. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Айтылым.

Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.



Жазылым. Айтылым. Аудармасөздікті пайдаланып, Мұрад Аджидің сөзін қазақ тіліне аударады, ғалым сөзінің мағынасын өз ойымен толықтырып ай- тады.

А) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 11-тап- сырманы орындатады.

Айтылым. Сөйлемдерге сұрақ қойып, диалогті жалғастырады.

ІІІ. Ой толғаныс

Оқулықтағы 12-тапсырманы орындатады.

Жазылым.

«Синектика» тәсілі. Хат жазады.



IV. Бекіту

А) Оқулықтағы 13-тапсырманы орындатады.

«Ұлы Жібек жолы» тақырыбында өтілген материалдарды INSERT стра- тегиясы бойынша талдап, өз ойын қорытындылап жазады.

Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Сөйлемдерді оқиды, талдайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратады.

Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 3-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мынадай сұрақ қояды: — Балалар, сабақ барысында қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойынша сабақ қорытындыланады.

Сабақ барысында мұғалім, сыныптаста- ры тарапынан айтылған жағымды сөз- дерді еске түсіреді, айтады. Желімқағаз- дарға жазады, тақтаға жапсырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет