бет 29/90 Дата 15.12.2019 өлшемі 0,72 Mb. #53614
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы 11—12-сабақ
Сабақ тақырыбы:
Д. Дефо. «Робинзон Крузо» (үзінді).
Білімділік:
Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлеуүлгілерін қолдану негізінде оқушы- ларды көркем шығарма жайлы толық ақпарат бере білуге машықтандыру.
Дамытушылық:
Сөйлесім әрекеті негізінде оқушылардың қазақша тілін дамыту.
Тәрбиелік:
Тілдік коммуникация барысында достық қарым-қатынас орната білуге тәрбиелеу.
Сілтеме:
Оқу бағдарламасы , «Қазақ тілі» оқулығы.
Жетістік критерий- лері:
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде көркем шығарма жайында ақпараттар береді.
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): көркем шығармадағы көріністерді сипаттайды, сыныптастарымен жаңа тақырып аясында тілдік қарым-қатынасқа түседі.
Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): қазақ тілінде жаңа тақырыпқа байланысты сұхбат құрады, мәтін құрайды.
Жаңа сөздер:
Тағдыр, қол үзіп, қайғыға ұшырадым, ажал, кеменің шөгуі.
Сабақта қолданы- латын материалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, Д. Дефоның шығармасы, тақырыпқа қатысты суреттер, А4 парағы, түрлі-түсті қарындаштар мен фломастерлер, cмайликтер, өзара бағалау парағы.
Оқыту әдістері:
Түсіндіру, сұрақ-жауап, сипаттау, әңгімелеу, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, жағдаят- тық тапсырма , «Кейіпкерге хат» ойыны.
Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркер- лер таратады.
Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған , қабағы түюлі, бейта- рап, т. б.) салады.
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Өткен сабақты тексеру
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшілік- терді анықтайды , түзетеді, бағалайды.
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
І. Қызығушы- лықты ояту
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылы- ғын ояту мақсатында Интерактивті тақтадан тақы- рыпқа қатысты дайындаған слайдтарды көрсетеді, жазушының шығармасынан үзінді оқиды. Көрген слайдтарын сипаттап берулерін сұрайды.
Слайдтарды сипаттайды.
ІІ. Мағынаны тану
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактив-
ті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды,
оқушыларға қайталатады.
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөз- дерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен
ауызша жаттығу жүргізеді.
2. Мәтіналды жұмыс. А) Оқылым. Жазылым.
Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.
Оқылым. Жазылым. Бірнеше нұсқада сұрақ құрастырады.
Ә) Оқылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындата- ды.
Оқылым. Түсіндірме сөздікті оқиды, есте сақтайды.
Б) Айтылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орындата- ды.
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.
5-тапсырманы орындатады.
Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды , түсініп оқиды.
Ә) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 6, 7-тапсырманы орындатады.
Оқылым.Айтылым. Мәтінді оқиды, жаңа сөздерді табады, қандай сөз- дермен тіркесіп тұрғанын анықтай- ды, мағынасын түсіндіреді, өз ойын айтады.
Б) Айтылым. Оқулықтағы 8-тапсырманы орындата- ды.
Айтылым. Жағдаяттық тапсырма- ны орындайды.
В) Жазылым. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындата- ды.
Жазылым. Мәтінді екінші жақтан жазады, етістіктерді табады, астын сызады.
4. Сергіту сәті. Әр топқа А4 парағын, түрлі-түсті қарындаштар мен фломастерлер таратады. «Робин- зон Крузо» шығармасынан оқулықта берілген үзінді бойынша диафильм жасауларын сұрайды.
Диафильм жасайды.
5. Мәтінсоңы жұмыс. Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.
Тапсырманың шартын орындайды.
ІІІ. Ой толғаныс
Оқулықтағы 11-тапсырманы орындатады. «Кейіп- керге хат» ойынын ұйымдастырады.
Робинзон Крузоға 12 сөйлемнен тұратын хат жазады.
IV. Бекіту
«Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.
Сөйлемдерді оқиды, талдайды.
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
V. Бағалау
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.
Оқушыларға аты-жөндері жазылған өзара бағалау парағын береді. Әр аттың тұсына өз бағаларын қояды.
VI. Үйге тапсырма
Оқулықтағы 4-тапсырманы орындау.
VII. Рефлексия
Мұғалім оқушыларға смайликтер таратып береді.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: