Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. С. Рахметова, А. Қ. Рауандина, А. Юсуп



бет28/90
Дата15.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#53614
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   90
Байланысты:
7 cынып мұғалім кітабы

9—10-сабақ





Сабақ тақырыбы:




Білімділік:

Қазақ тілінде әртүрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы тақырып жайлы мағлұмат беру.

Дамытушылық:

Жаңа тақырып бойынша әртүрлі диалогтік минимумдар арқылы сұхбат құру мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелік:

Тілдік коммуникация арқылы экологиялық тәрбие беру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде тақырып жайлы айтады, сұрақтарға жауап береді, оқылым мәтініндегі негізгі ойды табады.







Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін айтады, дәлелдер келтіреді, ақпараттарды салыстыра алады.




Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында қазақша сыныптастарымен сұхбаттасады, шағын мәтін құрай алады, қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, сызба түрінде бере алады.

Жаңа сөздер:

Дауылдар, құрғақшылық, ормандардың оталуымен, құнарлы қабаты, ауа айналымы.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты суреттер, плакат, маркерлер, сурет- тер, кесте.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, сипаттау, әңгімелеу, «Ыстық алақан» тренингі, ассоциограмма,

«Қақпа» ойыны, диаграмма, «Сөзтізбек» ойыны, «Броундық қозғалыс» әдісі, «Ішкі және

сыртқы шеңбер» техникасы.


Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Ыстық алақан» тренингін өткізеді.

Оқушылар сәлемдеседі, бір-бірі- не жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшілік- терді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушы- лықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылы- ғын ояту мақсатында «Ой шақыру» әдісін пайдала- нып, «жаһандық климат» тіркесіне ассоциограмма құрғызады.

Әр оқушы тақтада ілулі тұрған плакатқа маркермен өз ойын жазады.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім Интерактив-

ті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды,

оқушыларға қайталатады.


Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөз- дерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен

ауызша жаттығу жүргізеді.


2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1, 3-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді, сөздерді суреттермен сәйкестендіреді, сөз тіркестерін құрайды.

Ә) Жазылым. Оқылым. Айтылым. Оқу

лықтағы 2-тапсырманы орындатады. «Қақпа» ойы-

нын ұйымдастырады.


Жазылым.Оқылым. Айтылым. Айтылған жаңа сөзді кестеге жыл- дам жазады.

3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым.

4-тапсырманы орындатады.



Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, түсініп оқиды.

Ә) Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады.

Оқылым.Айтылым. Дұрыс жауа- бын таңдайды.

4) Сергіту сәті. Топтық жұмыс. «Сөзтізбек» ойынын ұйымдастырады. Қатар бойынша үш топқа бөледі. Әр топқа бір сөзден береді.

«Сөзтізбек» ойынының шартын орындайды: әр оқушы берілген сөзге бір сөз қоса отыра, тақы- рыпқа қатысты мәтін құрайды.

5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Мәтінге жоспар құрады, мазмұнын айтады.




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ІІІ. Ой толғаныс

«Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Сөйлемдерді оқиды, талдайды.

IV. Бекіту

Топтық жұмыс. «Броундық қозғалыс» әдісі. Оқу- шыларға «Жаһандық климат»» деген тақырып береді.

Аталған тақырыпқа қатысты сы- ныпты аралап ақпарат жинайды. Басқалармен ой бөліседі. Мәтін құрайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» тех- никасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 6-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Мұғалім кері байланыс әдісімен кесте таратады.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кестеге толтырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет