1-топ.Тапсырма. Автор бейнесін анықтау Қаламгердің көп ізденіс, үлкен дайындықпен келген образы – Ұлпан бейнесі ("Ұлпан” романы, 1974), ол – қазақ әдебиетіндегі қайталанбас, оқшау тұрған әдеби образ. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, эстетикалық әсер-күшінің молдығымен көрінетін Ұлпан бейнесін жасауға жазушы өмір бойы іштей дайындалып, көп ізденіп, толғанғаны байқалады. Ол күнделігінде: "Менің ойымда Ұлпан 40 жыл бірге жасасып жүрді. Мен ол бейнені әр қырынан көрсетуге тырыстым – ойы, сезімі, сырт суреті, жас кезі, есейген кезі, мінезі, мейірімі, тағысын тағы.” деп жазды. Шығармадағы Ұлпан мен Есеней ойдан шығарылған образдар емес, тарихта болған адамдар.
Тапсырма: Үзіндіні оқып, Ұлпан мен Есеней бейнесін жазушы қалай суреттеді. Шығармадан тауып, бірнеше суреттеуін ұсыныңыздар. Сөзбен сурет салуды дәлелдеңіздер.
Дескрипторы: -Есеней бейнесін анықтайды;
-Автордың суреттеулерін табады;
-Сөзбен сурет салуды дәлелдейді.