«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы


СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ТОПЫРАҒЫНЫҢ АГРОХИМИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет23/35
Дата07.02.2022
өлшемі0,93 Mb.
#90083
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
Байланысты:
169339.pptx, 169339.pptx, 7
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ТОПЫРАҒЫНЫҢ АГРОХИМИЯЛЫҚ 
КӨРСЕТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ХИТОЗАН-НАТРИЙ 
АЛЬГИНАТЫ НЕГІЗІНДЕГІ ИНТЕРПОЛИМЕРЛІК КЕШЕН АЛУ 
 
Нұртасов Ш.Е. 
Ғылыми жетекші: Кливенко А.Н., аға оқытушы Лебаева Ж.Т. 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекетттік университеті 
shyngys_7sk@mail.ru
 
Қазіргі таңда Қазақстанның көпшілік жерінің табиғи-экологиялық 
жағдайы топырақ жамылғысының агрохимиялық көрсеткіштеріне, жел және 
су эрозиясының кері әсерінің артуына ықпал жасап отыр. Топырақтың жел 
және су эрозиясына шалдығуының басты себебі-мерзімді түрде қайталанып 
отыратын ауа райының құрғақшылығы және шапшаңдығы жоғары қатты 
желдің жиі соғуы, ландшафт типінің және шұғыл контенентальді климаттың 
әсері,тарихи қалыптасқан тың игеру шаралары.
Ғылыми зерттеу-жұмысының мақсаты: Топырақ агрегаттарын түзуші, 
экологиялық уыттылығы жоқ биополимерлер негізінде жаңа 
интерполимерлік кешендер (ИПК) алу, бұл кешендерді су және жел 
эрозиясына қарсы тиімді қолдану.
Зерттеу нысаны ретінде ШҚО Семей қаласы, Садовая саяжайының 
ашық каштан түсті жеңіл саздақ топырағы. Топырақ кварттау әдісімен (0-20 
см тереңдіктен) алынды. 
Топырақтың агрохимиялық көресеткіштері келесідей: гравиметриялық 
әдіс арқылы далалық ылғалдылық 10,33±0,14%; органикалық қоспалар 
мөлшері 4,20±0,0062%. Потенциометриялық әдіс арқылы: актуалды 
қышқылдылық7,248±0,016; ауыстырымдылық қышқылдылығы 7,152±0,0038. 
Гидролитикалыққышқылдылық0,5310 мг∙экв / 100 г (Каппенбойынша) , 
гумус мөлшері 2,29±0,017% (Тюринбойынша); гумин қышқылдары мөлшері 
0,60±0,0030%; аммонийлі азот мөлшері NH
4
+
0,62±0,039 мг/100г; фосфордың 
жылжымалы формаларының мөлшері (Кирсанов бойынша) 2,10±0,023 
мг/100г; агрегаттарының суға тұрақтылығы 29 ± 0,6% құрады.
Осы нәтижелерге сүйене отырып Садовая саяжайының топырағы төмен 
құнарлы. Құнарлылықты арттыру мақсатында ИПК алып, оны топыраққа 
енгізіп су эрозиясына қарсы қолдану ұсынылады. 
ИПК синтезі үшін сулы ерітіндідегі 1% аскорбин қышқылында 0,01 М 
хитозан және натрий альгинаты кешені алынды. Алынған кешен 
турбидиметрия, потенциометрия және гравиметриялық әдіс арқылы 
оптималды [ХТЗ]:[АлNa] = [5]:[5] қатынасы екені анықталды. 
Қорытынды: зерттеу жұмысының нәтижелері [ХТЗ]:[АлNa] = [5]:[5] 
қатынасындағы ИПК су эрозиясына қарсы қолдануды ұсынады. 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы 
271 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет