Методические рекомендации Өскемен Усть-Каменогорск 2010 Утверждено экспертным Советом вко ипк про



бет1/5
Дата11.01.2017
өлшемі1,22 Mb.
#6836
түріМетодические рекомендации
  1   2   3   4   5
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ИНСТИТУТЫ
ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКИЙ ОБЛАСТНОЙ ИНСТИТУТ ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ И ПЕРЕПОДГОТОВКИ РАБОТНИКОВ ОБРАЗОВАНИЯ
Өзін-өзі тану мұғалімінің
іс-әрекетін ұйымдастыру


Әдістемелік ұсыныстар
Организация деятельности
учителя самопознания


Методические рекомендации

Өскемен

Усть-Каменогорск

2010

Утверждено экспертным Советом ВКО ИПК ПРО

Протокол № 1 от 15.12.2010г.

Рецензенты: Аубакирова Ж.К. – заведующая кафедрой психологии ВКГУ, к.пс.н.

Кикина М.И. – директор школы №29 г.Усть-Каменогорска, к.п.н., доцент.

Переводчик: Мухамбетова З.Е.




Құрастырғандар: Байхонова С.З., ШҚО БАИ директоры, к.п.н.,

Седченко Т.Н., ШҚО БАИ кабинет меңгерушісі

Аталған әдістемелік ұсыныстар оқушыларға адамгершілік-рухани тәрбие беру мәселелері бойынша материалдардан тұрады.

Ұсыныстарда педагогтардың кәсіби ұстанымдары бойынша материалдар, оқушы мен мұғалімнің портфолиосының құрылымы, интерактивті әдістемелерді пайдалану ерекшеліктері, сондай-ақ өзін-өзі тану сабақтарында, тәрбиелік шараларда пайдаланатын тәсілдердің, жаттығулардың, сабақтардың үлгілі әзірлемелері ұсынылған.

Әдістемелік ұсыныстарды өзін-өзі тану мұғалімдері, сынып жетекшілері, тәрбиешілер пайдалана алады.


Данные методические рекомендации содержат материалы по вопросам нравственно-духовного воспитания школьников.

В рекомендациях представлены материалы по профессиональной позиции педагога, структура портфолио ученика и учителя, особенности использования интерактивных методик, а также примерные разработки упражнений, уроков, приемов, используемых на уроках самопознания и в воспитательных мероприятиях.

Методические рекомендации могут быть использованы учителями самопознания, классными руководителями, воспитателями.

МАЗМҰНЫ



  1. Кіріспе................................................................................................................... 4

  2. Өзін-өзі тану мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің құрамы ........................... ..5

  3. Оқушы мен мұғалімнің портфолиосын әзірлеу бойынша ұсыныстар ......... ..8

  4. Адамгершілік-рухани тәрбие беру үрдісінің мониторингі. ............................14

  5. Тәрбие беру әдістерін, тәсілдері және жаттығуларды пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстар........................................................................................19

Қосымша 1. Сабақты талдау схемасы...........................................................22 Қосымша 2. Сабақты өзіндік талдау схемасы..............................................23

СОДЕРЖАНИЕ



  1. Введение ………………………………………………………………………...24

  2. Составляющие профессиональной компетентности
    учителя самопознания……………………………………………………………...25

  3. Рекомендации по созданию портфолио ученика и учителя …………………28

  4. Мониторинг процесса нравственно-духовного воспитания ……………….34

  5. Методические рекомендации по использованию воспитательных методик, приемов, игр и упражнений ……………………………………………………40

Приложение 1. Глоссарий …………………………………………………50

Приложение 2. На книжную полку………………………………………. 51

Приложение 3. Разработки уроков………………………………………. 57

Приложение 4. Схема анализа урока……………………………………. 70

Приложение 5. Схема самоанализа урока……………………………… 71
Кіріспе
Соңғы онжылдықта мұғалімдер, тәрбиешілер және ата-аналар алдында жас жеткіншек ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселесі туындады. Алғашқы рет балалар мен жастарды жалпы адамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу міндетін мемлекеттік деңгейде еліміздің Бірінші ханымы – «Өзін-өзі тану» жобасының авторы С.А.Назарбаева ұсынды.

«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім берудің басты мақсаты - жас жеткіншек ұрпақтарды құндылық және адамгершілік идеалдарға баулу, оқушылардың өзін оңды қабылдауын қалыптастыру, адамның жоғарғы мақсаттарын түсінуі іске асырылады.

2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білімділік және сауықтыру орталығының (ҰҒПБСО) жетекшілігімен «Өзін-өзі тану» жаңа білімділік бағдарламасын бейімдеу іске асырылады.

Эксперименттік кезең көрсеткендей, оқыту мен тәрбие берудің дәстүрлі және жаңа әдістерінің мазмұнын қайта ұғыну болып жатыр. Жаңа пән өмірдің күрделі жағдайларын талдау, әріптестік ету, шығармашылық, өзін және басқаларды тануда балаларға көмектесетін қазіргі заманғы тәрбиеші, мұғалімнің мүлдем жаңа рөлін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының БҒМ 2010 жылғы 28 маусымдағы №343 бұйрығымен адамгершілік-рухани білім және тәрбие беру бойынша эксперименттік жұмыс алдыға қойған мақсаттарына жетуіне байланысты аяқталды. 2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде «Өзін-өзі тану» жаңа пәні енгізілді.

«Өзін-өзі тану» мамандығы бойынша мұғалімдерді дайындауға мемлекеттік тапсырыстың осы уақытқа дейін болмауына байланысты, аталған пәнді біліктілікті арттыру курсынан өткен бастауыш сынып мұғалімдері, пән мұғалімдері, психологтар жүргізеді.

Өзін-өзі тану мұғалімі, ең алдымен, өзін-өзі тануға, өзін-өзі жүзеге асыруға, өзін-өзі анықтауға қабілетті, оқушыларын қалай тәрбиелегісі келсе, өзі де солай болуға ұмтылатын педагог.

Өзін-өзі танудың ерекшелігін ескере отырып, сабақтардың бейстандарт түрлері қолданылады, мұғаліммен ашық диалог жүргізіледі, әлеуметтік-рөлдік ойындар, тренингтер, пікірталастар, өмірлдік бақылаулармен алмасулар жүргізіледі. Ұсыныстарда өзін-өзі тану сабақтарында және тәрбие беру шараларында пайдаланатын интерактивті әдістемелер, сондай-ақ жаттығулардың, сабақтардың, тәсілдердің үлгілі әзірлемелері ұсынылған.

Ұсыныстарда педагогтың кәсіби ұстанымы, оқушы мен мұғалімнің портфолиосының құрылымы бойынша материалдар ұсынылған.

Аталған әдістемелік ұсыныстар оқушыларға адамгершілік-рухани тәрбие беру мәселелері бойынша материалдардан тұрады және педагогтарға әдістемелік көмек көрсетуге бағдарланған.

Әдістемелік ұсыныстарды өзін-өзі тану мұғалімдері, сынып жетекшілері, тәрбиешілер пайдалана алады.

Өзін-өзі тану мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің құрамы
Педагог – тәрбие беру басымдылықтарының негізгі жолсерігі. Тәрбие үрдісінің ақырғы нәтижесі оның кәсіби-тұлғалық қасиеттеріне байланысты. Мейірімділік, кішіпейілділік ортасы, педагогикалық қолдауды күшейту, балаларға белсенді сенім арту – бала тұлғасының адамгершілік-рухани қалыптасуының негізін қалаушы жағдайлар. Тәрбиеленушілерге жүргізілген сауалнамалардың нәтижесі бойынша олар, ең алдымен, басқа адамдардың бойында мейрімділік, сүйе алу қасиеттерін бағалайды. Достық, адалдық, ақ жүректік, қайырымдылық, көпшілдік, адамдарға құрмет сезімі, жауапкершілік, өзін-өзі құрметтеу сезімі де маңызды болып табылады.

Әрбіп педагог өзінің оқушыларының қандай болғанын тілесе, өзі де сондай болуы тиіс. Бұл кәсіби іс-әрекетте құзыретті әдісті іске асыруға мүмкіндік береді [1,2,3].


Ұстанымдар:

    • өз-өзіне сенім – бұл өмірдің негізі;

    • педагогтың әсері саналы стратегиялық мақсатқа бағынуы тиіс;

    • кәсіби рефлексия, өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуға қабілеті;

    • балалардың өзін-өзі көрсетулерінің алуан түрлілігіне дене және сөз реакцияларының вариативтілігімен жауап беру қабілеті;

    • психологиялық-педагогикалық білімдерді меңгеруі, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру;

    • а жарқындылық және балалармен қарым-қатынас жасаудың табиғи дарыны, жан жүрегімен қызмет етуге дайындылығы.

Өзін-өзі тану мұғалімінің этикасы[1,3]:



  • педагог өзін-өзі тануға, өзін-өзі жеңуге және өзін-өзін өзгертуге дайын және қабілетті болуы керек;

  • баланы сөзсіз қабылдау;

  • баланың тұлғасын және өмірлік тәжірибесін құрметтеу;

  • Өзінің іс-әрекетін құпиялыққа негіздеу;

  • без-келген жағдайда баланы жақтау, қорғау, өйткені баланың үлкендерге қарағанда қателесу құқығы бар;

  • жылы, шынайы өзара қарым-қатынастың дамуына ықпал ету;

  • баланың сеніміне мұқият қарау. Балалардың құпияларын сақтай алу;

  • балалар мен әріптестеріне мейірімді, сабырлы, шынайы бола білу;

  • балалардың оңды көріністерінде жетістік жағдайын құру;

  • бшық көзқараспен қарап, күлімсіреуді, мақтауды, қолдауды, жылы сөздерді, ақыл айтуды пайдалану;

  • баланың мәселесін шешуде басымдылық балаға берілетінін есте сақтау;

  • баланың мәселені ұғынып, жағдайдан шығу үшін лайықты жолдарды іздеуі үшін жағдайлар жасау;

  • баланың қайталанбас бірегейлігін мойындау, оның өзекті және ықтималды мүмкіншіліктерін ашуға ықпал ету;

  • сезімдерді көрсету мен тәрбиешінің мінез-құлқында шынайылықты, ашықтықты, адалдықты сақтау;

  • тыңдау және мән беру, көру және бақылау қабілеті, бағаламай, сынамай, тек өзінің көзқарасы түрғысынан (мұғалімнің емес) түсіне алу;

  • зиянын тигізбеу.

Істеуге болмайды:



  • қайсыбір ағымға немесе бағытқа жататын белгілері бар ала-құла, ашық-шашық киімдерді киюге болмайды. Киім елеусіз, жылы түстен болуы тиіс;

  • сөйлесу кезінде көзіңізге қара көзәйнек кимеңіз – көздер қарым-қатынас жасауда маңыхды рөл атқарады;

  • танысуды жылдамдатпаңыз, алғашқы кездесуде бала туралы барынша көп біліп алуға тырыспаңыз. Бірден көптеген сұрақтар қоймаңыз – алдымен өзіңіз туралы, өзіңіздің жұмысыңыз туралы әңгімелеңіз;

  • танысудың алғашқы кезінде отбасы, мектеп, тұратын жері, уыт заттарды пайдалануы, жеке бас мәселелері секілді тақырыпта сұрақтар қоймаңыз. Одан да баланың пікірі бойынша көмекті қажет ететін басқа балалар туралы әңгімелескен жөн;

  • алғашқы кездесуде бірден балаға көмек беруге тырыспаңыз (көмек көрсетем деп қыстамаңыз) - жұмысыңыз бойынша өзіңіз көмек сұрасаңыз жақсы болады;

  • жасөспірімге аяушылық сезіміңізді көрсетпеңіз, бұл кемсітушілік болып көрініп, сіз бен баланың арасын алшақтатуы мүмкін;

  • көмектесу қолыңыздан келмесе, уәде етпеңіз;

  • өтірік айтапыңз, алдамаңыз, шынайы емес мәліметтерді ешқашан хабарламаңыз. Өтірік ерте ме, кеш пе, бәрібір ашылып қалады, бұл сіздің беделіңізге нұқсан келтіріп, баламен және оның достарымен арақатынасыңызға кері әсерін тигізеді;

  • ешқандай «саяси ойындарды» жүргізбеңіз: біреуге қарсы ешкіммен бірікпеңіз, әрқашан бейтарап болуға тырысыңыз;

  • ешкімді ешқашан кінәламаңыз және сөкпеңіз – баланы осы қалпында қабылдаңыз. Оның көзқарастарына, мінез-құлқына, сыртқы түріне сабырлы болыңыз. Бір нәрсе туралы өзіңіздің пікіріңізді сабырлы және дәлелді айту керек;

  • баланың пікірлеріне немқұрайлы қарамаңыз – керісінше, ол сіздің қызығушылығыңызды, оның пікіріне деген құрметіңізді сезінуі керек;

  • баланың сұрақтары мен тілектерін назарсыз қалдырмаңыз – егер жауабыңыз болмаса, бірден айтыңыз;

  • баланың сөзін бөлмеңіз, аяғына дейін тыңдауға тырысыңыз;

  • азғыруға бой бермеңіз – ауытқушылық, азғындыру мінез-құлқының себебін түсінуге тырысыңыз;

  • араларыңызды қысқартпаңыз және алшақтатпаңыз, ол әрқашан орынды болуы тиіс. Баланың сізді басынып алуына жол бермеңіз. Дөрекілікке дөрекілікпен жауап бермеңіз, әрқашан сыпайы және сабырлы болыңыз;

  • бір сұрақты талқылау отырып алмаңыз. Балаға қызықты болуы мүмкін тақырыптар өте көп;

  • арзан бедел үшін ешқашан балаға темекі, сыра бермеңіз – бұл заңға қайшы келеді. Ең бастысы, сіз – салауатты өмір салтын уағыздаушы екеніңізді ұмытпаңыз;

  • ғибрат айтпаңыз – сіз тек бала мен әлеуметтік ортаның арасындағы көпірсіз, баланың таңдау жасауына мүмкіндік беріңіз;

  • блаға немесе жасөспірімге өзіңіздің ортаңызды қыстамаңыз. Егер сізден сөйлескісі келмесе, қинамаңыз. Сіздің оны көруге әлі де уақытыңыз болады;

  • қатал бағадан қашыңыз. Сөйлегенде әрқашан сыпайы, әрі әдепті болыңыз (жауласқан топтар, басқа бала, ата-аналар туралы). Сіздің олардың өмірін сынауға құқығыңыз жоқ;

  • балалардың арасындағы дау-дамайларда олардың рұқсатынсыз (келісімінсіз) әділқазы рөлін атқармаңыз;

  • жұмысыңызға байланысты күйзелістеріңізді жасырмаңыз – мәселелі жағдайларды әріптестеріңізбен талқылауға тырысыңыз;

  • балалармен қарым-қатынаста талапты, зілденген дауыспен сөйлепеңіз. Әрқашан ымыраға келуге тырысыңыз, қарым-қатынасты құрылымды диалогқа ауыстырыңыз.

Тапсырманы орындап, сұрақтарға жауап беріңіз.



  1. Өзін-өзі бағалау деңгейіңізді анықтаңыз.

  2. Аталған ұстанымдардың қайсысы Сізге жақын?

  3. Бір парақ бетінің сол жағына педагогқа қажетті қасиеттерді, оң жағына болдыруға болмайтын қаситеттерді жазыңыз.

  4. Өзіңізге тән қасиеттердің астын сызыңыз. Талдаңыз.

  5. Зерделеңіз.

Чем проповедь выслушивать, мне лучше бы взглянуть.

И лучше проводить меня, чем указать мне путь.

Глаза мои внимательны, заметят без труда:

Слова порой запутаны, пример же никогда.

Тот лучший мой учитель, кто веру в жизнь провел.

Добро увидеть в действии – вот лучшая из школ.

И если мне все показать, я выучу урок,

Понятней мне движенье рук, чем быстрых слов поток.

Я, может, и поверю хорошим словесам.

Но будет лучше посмотреть, что делаешь ты сам.

Вдруг я неправильно пойму прекрасный твой совет,

Зато пойму, как ты живешь: по правде или нет [3].

Мектепте және балабақшада өзін-өзі тану пәнінің мақсатын толыққанды іске асыру үшін ерекше сенімділік, ашықтық, құрмет және толеранттылық атмосферасы құрылады. Сабақ кезінде балалар әріптестік етуге, ойлануға күрделі өмірлік жағдайларды шешу жолдарын іздеуге үйренеді. Бұның бәрі баланың тұлғалық өсуіне, өзін-өзі тануына, өзін-өзі іске асыруға көмектеседі.

Сабақтарда мұғаліммен, әлеуметтік-рөлдік ойындар мен тренингтерде ашық диалог жүргізіледі, адамзаттық қарым-қатынас әлемі зерделенеді, өмірлік бақылаулармен алмасады, қоғаммен практикалық өзара әрекеттестік дағдылары дамытылады. Оқыту үрдісінде түрлі интерактивті формалар, әдістемелік тәсілдер мен жаттығулар пайдаланылады: қуаныш шеңбері, өзімен-өзі жалғыз болғанда, әңгімелесу, рөлдік ойын, топтық өзара әрекеттестік, жағдайларды шешу, жобалық іс-әрекет т.б.

Оқыту мен тәрбие берудің қазіргі заманға сай, дәстүрлі және дәстүрліге жатпайтын интерактивті формалары мен әдістерін жетік меңгерген мұғалімге ерекше рөл беріледі.
Оқушының портфолиосы

Портфолионы құру бойынша ұсыныстар

Адам жетіле түсу үшін кез-келген іс-әрекет бағалауды қажет етеді.

Бағалау – өте көлемді ұғым: ол үрдістен және жұмыс нәтижесінен тұрады. Сонымен қатар бағалау әртүрлі іске асырылуы мүмкін:


  1. Сандық көрсеткіш түрінде:

  • баға;

  • балл;

  1. Сапалық көрсеткіш түрінде:

  • жұмыс үрдісі мен оның нәтижесі туралы ауызша баға беру;

  • эмоционалды реакция.

Осылайша, бағалау тек баға қоюмен шектелмейді. Қазіргі білім беру барынша дараланған, дифференцияцияланған бола түсуде және оқушылардың білім нәтижелерін бағалауда жаңа әдістерді талап етеді. Сондықтан портфолионы енгізу осы мәселені шешуде қажетті жағдай болып табылады.

Портфолио (франц. porter - баяндау, айту, folio - бет, парақ) - жетістіктердің жиынтығы, досье [1].

«Портфолио» ұғымы бізге Батыс Еуропадан XV-XVI ғасырлары келген. Қайта жаңғыру дәуірінде сәулетшілер «портфолио» деп аталатын ерекше папкадағы өздерінің құрылыс жобаларының әзірлемелері мен дайын жұмыстарын тапсырыс берушілерге ұсынған. Қазіргі уақытта бизнес саласында портфолио фирманың жетістіктерін көрсету үшін қолданылады, ал фотосуретшілер мен фотомодельдер арасында фотосуреттер альбомы ретінде пайдаланылады.

Білім беру саласында портфолионы пайдалану идеясы АКШ-та 80-жылдардың ортасында пайда болды. Өткен ғасырдың аяғында мектептерде портфолионы пайдалану бүкіл әлемде әйгілі болды.

Портфолио – бұл оқушылардың жеке жетістіктерін белгілеу, жинақтау және бағалау тәсілі, ол бағалау үрдісіне ғана емес, өзін-өзі бағалау үрдісіне де бағытталған [1].

Портфолионың негізгі мақсаты - оқушыларға өздерінің іс-әрекеттерін талдай алу қабілеттерін дамытуда көмек көрсету, оны жалпы қабылданған стандарттармен салыстыру және оның негізінде өзінің энергиясын қайта қарастыру, жетілдіру, қайт бағыттау, жетістікке жету үшін бастаманы қолға алу.

Портфолио бағалаудың қазіргі тиімді түрі ғана емес, сондай-ақ маңызды педагогикалық міндеттерді шешуге көмектеседі:



  • оқушылардың жоғарғы оқу мотивациясын қолдау,

  • олардың белсенділіктерін және дербестіктерін ынталандыру, оқыту және өзін-өзі оқыту мүмкіндіктерін кеңейту;

  • оқушылардың рефлексивті және бағалау (өзін-өзі бағалау) іс-әрекеттерінің дағдыларын дамыту;

  • оқу, мақсат қою, өзінің іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру іскерлігін қалыптастыру;

  • оқушыларға білім беруді жеке-дараландыруға ықпал ету;

  • тиімді әлеуметтену үшін қосымша алғышарттар мен мүмкіндіктердің негізін қалау.

Бағалаудың аталған түрі тек негізіг мектептеде ғана емес, сондай-ақ бастауыш сыныптарда және мектепке дейінгі мекемелерде пайдаланылады [3].
Портфолионың мәні:

  1. оқу, жеке жетістіктерді және бағалауды кіріктіреді;

  2. алуан түрлі іс-әрекеттердің нәтижелерін талдау арқылы оқушылардың қабілеттерін, олардың тұлғалық қасиеттерін сандық және сапалық бағалауын біріктіреді;

  3. бағалауды, өзін-өзі бағалауды, өзара бағалауды, өзін-өзі талдауды және өзін-өзі бақылауды ынталандырады;

  4. педагог пен оқушыны әріптестікке бағыттайды;

  5. үздіксіз білім беру үрдісінде үздіксіз бағалауды құрады.


Портфолионы құру кезіндегі ұсыныстар

  1. Портфолионы рәсімдеу және материалдарды жинақтау кезінде тек «еріктік» (ең алдымен, баланың көзқарасы бойынша) ұстанымы пайдаланылуы керек. Өзінің портфолиосына материалдар жинақтайтын оқушы жеке жетістіктер папкасына қандай құжаттар мен материалдарды салатынын өзі шешеді.

  2. Портфолионы рәсімдеу және материалдарды жинақтау кезінде ата-аналардың және басқа үлкендердің көмегі мен қолдау қажет, алайда бұл үрдісте баланың орнын толық басуға болмайды. Баланың өзі белгілі бір күш-жігер салу керек, өйткені портфолионы жинақтау кезінде тек ақырғы нәтиже ғана маңызды емес, сондай-ақ оқушы өзінің жетістіктерін ұғынуы, қол жеткізген нәтижелеріне жеке қарым-қатынасын қалыптастыруы қажет. Бұл балаға өзінің мүмкіндіктерін ұғынуға көмектесетін маңызды педагогикалық талап.

  3. Оқушы өзінің портфолиосының материалдарымен өз бетінше жұмыс істеуі керек, алайда үлкендер белсенді көмек көрсеткені жөн. Ең алдымен, портфолио үшін материалдарды жинақтау мен жүйелеудің қажеттілігі туралы есіне түсіріп отыру арқылы. Оқушыға өзінің жетістіктерін көрсетудің түрлі әдістерін пайдалануға кеңес беруге, оқушылардың ғылыми конференцияларына баяндама немесе хабарлама дайындаудың мүмкіндігі және орындылығын көрсетуге болады. Осындай жұмыстарды кез-келген педагог, өзінің пікіріне мәжбүрлемей, атқара алады, сонымен қатар бағалау оқушылардың белсенділіктерін ынталандырады. Мысалы, оқушыға қызықты әлеуметтік жобамен айналысатын топтың жұмысына қосылуға кеңес беру.

Осылайша, оқушының портфолиоға материалдар жинақтау туралы мәселені өз бетінше шешу құқығынан айыруға болмайды, сондай-ақ оны қажетті психологиялық және практикалық қолдаусыз да қалдырмау керек.

  1. Портфолионы әзірлеу кезінде қосымша және кәсіби білім беру ұйымдарына, балалардың қоғамдық ұйымдарына жиі бару керек, оқушыны олар өткізетін шараларға қатысуға ынталандыру қажет. Бұл мектептер ұсынатын олимпиадалар, сайыстар және викториналардың тар шеңберінен шығуға мүмкіндік береді. Өйткені бұл шараларға пәндерге деген қызығушылықтары бар болса да, әрбір оқушы қатыса алмайды. Сондықтан аталған әлеуметтік орталарға бару оқушының портфолиосы үшін материалдарды джинақтау мен жеке жетістіктерін көрсетуде мүмкіншіліктерін кеңейтеді.

  2. Портфолионы әзірлеу кезінде материалдарды көптеп жинақтаумен және басқа оқушылармен «ал менде екі пікірге артық» деген ұстаным бойынша жарысумен елігуге болмайды. Портфолио үшін құжаттар мен материалдарды жинақтауға барынша мұқият болу керек. Өйткені олардың саны емес, сапасы маңыздырақ.

[3,4].

Портфолионың құрылымы

  1. Алғашқы бет (түсқабы);

  2. мазмұны;

  3. бірінші бөлім: «Менің портретім»;

  4. екінші бөлім: «Құжаттар портфолиосы»;

  5. үшінші бөлім: «Жұмыстар портфолиосы»;

  6. үшінші бөлім «Пікірлер портфолиосы»;

  7. бесінші бөлім: «Жинақ сандықша» (жадынамалар, нұсқаулар, пайдалы ақпараттар).

Бөлімдер

  1. Менің портретім - жеке мәліметтерден, автобиографиядан және балаға мінезін, қабілеттерін талдауға, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тану, өзін-өзі талдау әдістерін, мақсат қоюды білуге, осы мақсатқа қол жеткізу жолдарын айқындауға көмектесетін психологиялық диагностиканың нәтижелерінен тұрады.

  2. Құжаттар портфолиосы – сертификатталған (құжатталған) жеке жетістіктердің жинағы. Құжаттардың көшірмесін беруге болады.

  3. Жұмыстар портфолиосы – түрлі шығармашылық, зерттеу жұмыстарының, рефераттардың, жобалардың (пайдаланылған әдебиеттері көрсетілген), қысқаша сипаттамасы бар модельдер мен макеттердің, тізімі көрсетілген шығармашылық жұмыстардың жинағы, сондай-ақ ғылыми конференцияларға, оқу семинарларына, мектептік мейрамдарға, шараларға қатысу.

  4. Пікірлер мен ұсыныстардың портфолисы – оқушының мұғалім ұсынған іс-әрекеттің әлуан түріне қарым-қатынасының сипаттамасы, оқушының өзінің нақты іс-әрекеті мен оның нәтижелеріне жазбаша өзіндік талдауы. Бөлім оқушының адамдарға, оқиғаларға, іс-әрекеттің түрлеріне қарым-қатынасының сипаттамасынан тұрады (БАҚ мақалалары, мақалаға пікір, мұғалімнен, ата-ананың, достарының пікірлері) [1,4].


Назар аударыңыз!

  1. Портфолио бағдарламасын іске асыру бірнеше жылдарға есептелген, бұл маңызды білім нәтижелерінің траекториясын құруға мүмкіндік береді, баланың жеке дамуын бақылауды қамтамасыз етеді, алған білім, білік, дағдыларын тәжірибе жүзінде пайдалана ару қабілеттерін көрсетеді.

  2. Портфолиомен жұмыс істеу технологияны пайдалануды (іскери ойындар, тренингтер, топтың іс-әрекеттер), баланың өз бетінше жұмыс істеуі мен педагогпен жеке өзара әрекеттестігін қарастырады.

  3. Портфолиомен жұмыс істеуге ата-аналар, пән мұғалімдері, қосымша білім беру педагогтары, психологтар тартылады. Жұмысқа сынып жетекшісі жетекшілік етеді.


Өзін-өзі тану мұғалімінің портфолиосы
Портфолионың мақсаты: педагогтың жеке кәсіби жетістіктері мен жұмыстарының нәтижелігін ұсыну.

Мұғалімнің портфолиосы – бұл педагогтың жұмысын бағалаудың баламалы формасы ретінде қарастырыла алатын педагогтың жеке жетістіктерінің жиынтығынан тұратын құжаттар жинағы [1, 2].



Портфолионың міндеті:

  1. Педагогтың кәсіби-тұлғалық сипаттамасын қалыптастыру;

  2. Кәсіби өзін-өзі ұйымдастыруды, негізгі құзыреттіліктерді дамыту;

  3. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелігін арттыру;

  4. Мұғалімнің педагогикалық шығармашылығына көмектесу.

Портфолионың құрылымы:

1. жалпы мәліметтер:

    • фотосурет (қызықты, отбасымен, балалармен түскен фотосуреттер де жарайды);

    • аты-жөні, тегі;

    • туған жылы;

    • жұмыс орны;

    • білімі (дипломның көшірмесі);

    • гтүрлі саладағы жетістіктері;

    • грамоталар, дипломдардың, құрметті атағы мен деңгейлерінің болуын растайтын құжаттардың көшірмесі;

    • біліктілікті арттыру куәлігінің көшірмесі.

2. Өзін-өзі презентациялау (өзі туралы мәліметтер).

Еркін формада, қызықты түрде, әрбір блок бойынша диагностикалық материалдар мен нәтижелерді беру, сондай-ақ жеке өсуінің даму болашағы туралы өзінің пікірін жазу.



    • Мен – адаммын (табиғи қасиеттер, сырт бейнесі, жеке-даралығы т.б.).

    • Мен – тұлғамын (мінезі, қалауы, жарқын бейнесі т.б.).

    • Мен және менің отбасым (еркін түрде).

    • Мен – кәсіби маман (қызығушылығы, қажеттілігі, жетістігі, «Өзін-өзі тану» пәтуралы).

    • Мен және қоғам (Мен әлемнің ішінде, әлем менің ішімде, менің ерекше қасиеттерім).

    • Өз-өзімен әңгімелесу, өзіне өзі туралы айту (өзінің мақсаты туралы, өмірдік мәні туралы, тағдыры туралы, қарым-қатынастар туралы, жетістіктері туралы, талдау, бағалау, болжам, рефлексия т.б.).

    • Менің өмірлік ұстанымым (ол туралы әңгімелеу, талқылау және негіздеу т.б.

    • Менің бағдарым және идеалым (өмірлік, маңызды).

3. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелері.

Аталған бөлім адамгершілік-рухани тәрбие беру бойынша педагогикалық іс-әрекеттердің нәтижелер қарқынын көрсететін материалдардан тұрады.



  • Балалардың білім бағдарламаларын меңгеру нәтижелері бар және олардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуы туралы материалдар.

  • Үш жылғы іс-әрекет туралы салыстырмалы талдау (диагностиканың нәтижелері).

  • Балалардың - олимпиадалар, фестивальдер, жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздарының тізімі.

4. Ғылыми-әдістемелік іс-әрекет.

Бұл бөлім педагогтың кәсібилігі туралы куәлік беретін материалдардан тұрады.



  • «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуды таңдау негізделетін материалдар.

  • Пән бойынша өткізілген шеберлік сыныптарының, семинарлардың тізімі.

  • Конференциялар мен педагогикалық кеңестердегі баяндамалар.

  • Сайыстарға қатысу.

  • Жарияланымдар тізімі.

  • Адамгершілік-рухани тәрбие беру бойынша үздік сабақтардың, шаралардың материалдар (бейнематериалдар).

  • Өздігінен білім алу бағдарламасы.

  • Басқа құжаттар.

5. Сабақтан тыс іс-әрекет.

  • Өзін-өзі тану мәселелері бойынша ата-аналармен, әріптестермен өзара әрекеттесу.

  • Өткізілген шаралар бойынша материалдар

6. Оқу-материалдық база.

Бөлімде пән бойынша білім үрдісінің оқу-әдістемелік және техникалық жабдықталуын растайтын құжаттар болады.



  • Кабинеттегі анықтама және энциклопедиялық әдебиеттердің тізімі.

  • Оқытудың техникалық құралдарының болуы.

  • Көрнекілік құралдардың тізімі.

  • Оқу үрдісін қамтамасыз ететін тәрбие беру технологияларының, ойындардың т.б. құжаттардың тізімі.

Портфолионы рәсімдеу

Өзін-өзі тану мұғалімінің портфолиосы аталған мектепте қабылданған форма және құрылымға сәйкес жинақтау папкасында рәсімделеді.

Педагогтың папкаға өзінің даралығын сипаттайтын материалдарды, қосымша бөлімдерді қосуға құқығы бар (өзінің қалауы бойынша).

Портфолионың материалдарына айы, күні жазылуы керек.

Директордың орынбасары немесе тәжірибелі әдіскер мұғалім педагогтарға жинақтау папкасын әзірлеу бойынша көмек көрсетеді.

Портфолионың презентациясы

Портфолионың презентациясы шығармашылық топтың отырыстарында, семинарларда өткізіледі. Презентация көрме, слайд-шоу, баяндама түрінде өткізілуі мүмкін. Презентацияның мақсаты – қысқа уақытта педагогтың нақты кезеңдегі іс-әрекетінің негізгі нәтижелерін ұсыну.
Әдебиеттер


  1. Гайтукаева И.Ю., Юдина И.Г. Тірі бағалау: «Мектептегі портфолио» бағдарламасы. - Панорама , 2006.

  2. Жайтапова А.А. Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің кәсіби өсуі. – Алматы, 2006.

  3. Новикова Т.Г. Портфолионың түрлі модельдерін құрастыру. // Әдіскер. – 2005. - №3.

  4. Мектептегі тәрбие беру үрдісін басқару. // Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының ғылыми-әдістемелік журналы. – 2005. - №5

Адамгершілік-рухани тәрбие беру үрдісінің мониторингі
Барлық ғасырларда адамгершілік-рухани тәрбиелік жоғары бағаланған. «Жақсы тәлім-тәрбиені мектепте немесе жанұядан ғана алмайды, адам өзін-өзі де тәрбиелей алады. Тек нағыз тәрбиелік деген не екенін біліп алу қажет. Тәрбиелі адам – бұл басқа адамдардың пікірімен санасқысы келесін және санаса алатын, өзінің инабаттылығы өзіне ұнайтын, дағдыға айналдырған адам. Бұл үлкендермен де, жасы кішілермен де, мәртебесі төмендермен де бірдей сыпайы адам», - деп есептейді академик Д.С.Лихачев

«Өзін-өзі тану» оқу пәні ретінде тұлғаның тиімді әлеуметтенуіне ықпал етеді, тұлғаның адамгершілік негіздерінің қалыптасуы, рухани өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауда негізгі рөлді орындауға бағытталған. Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі бағалауымен байланысты.

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша сабақты ұйымдастыру үшін оқытудың психологиялық негіздері, оқушы тұлғасының адамгершілік-рухани қалыптасуының психологиялық сипаттамасы, дағдылардың психологиялық ерекшеліктері, тапсырмаларды орындау, мәселелерді шешу кезіндегі балалардың психологиялық жағдайы, психологиялық жағдайын өз бетімен реттеу, оқушылық ұйымның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін білу, сыныпта әлеуметтік-психологиялық климатты орната алу қажет.

Тәрбиелік деңгейі дегеніміз – тұлғаның барынша тұрақты қасиеттері мен түрлі іс-әрекеттердегі, ұжым мен өзіне қарасты білігі мен дағдыларының жиынтығы деген қорытындыға келеміз.

Тәрбиелік – оңды тұлғалық және әлеуметтік маңызды қасиеттердің жиынтығы [2,8].

Өзін-өзі тану сабағында тұлғаның өзінің психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін зерделеуі, өзін-өзі ұғынуы іске асырылады.



Бала тұлғасының адамгершілік-рухани қалыптасу үрдісінің мониторингі тәрбие беру сапасын зерделеуге және тұлға дамуының негізгі беталыстарын болжауға бағытталған [4, 6, 7].

Мониторинг үрдісінде оқушылар тұлғасының адамгершілік-рухани қалыптасуының психологиялық сипаттамасы құрылады (оқушылардың мотивациялық ортасы, дағдылардың психологиялық ерекшеліктері, қарым-қатынас жасау үрдісінде, оқу іс-әрекетінде, мәселелерді шешуде, көшбасшылықта баланың психологиялық жағдайын айқындау, психологиялық жағдайын өз бетімен реттеу), оқушылық ұжымның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері, топтағы, сыныптағы әлеуметтік-психологиялық климат зерделенеді [3].

Тәрбиелік деңгейіне баға беру мақсаты - өзін-өзі тану, өзі-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту үрдісін ынталандыру, әрбір оқушының өзін-өзі барабар бағалауын қалыптастыру. Бұл, В.А. Сухомлинскийдің пікірі бойынша, тәрбие берудің басты мақсаты болуы керек.

Міндеттер: 1. Өзін-өзі басқара алатын, мінез-құлқын түзете алатын, қоғамда қабылданған нормаларға – құндылықтарға сәйкес өзінің саналы талап-ойын жетекшілік ететін тұлғаны қалыптастыру.

2. Іс-әрекет пен мінез-құлқында өзін жүзеге асыру үшін оқушылардың жеке қабілеттерін ашуға жағдай жасау.

Педагогтың міндеті – құндылықтарға, қоғамда оңды қабылданатын нормаларға сәйкес баланың мінез-құлық әдісін саналы түрде таңдауға көмектесу.

Жиі тәрбие беру мақсаты ретінде тұлғаның өзін емес, оның жүзеге атқаратын рөлдерін қарастырады [9]:


  • оқушы;

  • отағасы;

  • еңбекқор;

  • азамат.

Бастысы - тәрбиеленушілердің өмірлік жоспарлары, құндылық бағдарлары туралы терең білім негізінде тұлғаның қалыптасуына дұрыс бағыт беру [10].

Тәрбие іс-әрекетіндегі мониторингбұл тәрбие беру сапасын зерделеу және тұлға дамуындағы негізгі беталыстарды болжау [6].



Адамгершілік-рухани тәрбие үрдісінің мониторингібұл бала тұлғасының қалыптасу және өмірлік маңызы бар негізгі, базалық құзыреттіліктерді меңгеру үрдісін үнемі бақылап отыру [4].

Мониторинг мақсаттары.

1. Тұлғаның тәрбиелік деңгейін, адамзаттың адамгершілік нормаларына сәйкестігін зерделеу.

2. Тәрбие жүйесі іс-әрекетінің оның ақырғы нәтижелеріне сәйкестігін айқындау.

4. Мониторинг мақсаттар мен жоспарларды жүзеге асыруды бағалаумен байланысты. Мониторинг міндеті – күтілетін нәтиже мен қол жеткен нәтиженің арасын азайту.

5. Тәрбие беру сапасының, шұғыл талдаудың, тәрбие іс-әрекетін болжаудың қарқыны бақыланады.

Мониторинг құрылымы

Кесте


Әдістер

Бағалау

Анализ

Болжам

Тәрбие беру мақсаттарына сәйкес тәрбие үрдісі сапасының дамуын бақылау.

1.Кіріс диагностикасы:

сауалнама, бақылау, тест, әңгімелесу.

2. тиімділікке аралық бақылау (пікірталастар, сауалнама, әңгімелесу)

3.Шығыс бақылау: сауалнама, бақылау, диагностика, тәрбие құралдарының тиімділігін анықтау, олардың мақсатқа жетуге тигізетін әсері [5].



1. Оқушы тұлғасының дамуындағы қозғалысының психолого-педагогикалық көрсеткіштері.

  • Балалардың көзқарасында, сенім-нанымдарында, құндылық бағдарларында көрінетін тиімді бағыт.

  • Оқытуда, еңбекте және қоғамға, адамдарға, өз-өзіне қарым-қатынасындағы жетістік.

  • Іс-әрекетті өзіндік ұйымдастыру мен мінез-құлықты өзіндік реттеуге қабілеттілік.

  • Мұғалімнің шығармашыл, тиімді іс-әрекетінің көрсеткіші.

  1. Мұғалімнің оқушылардың мінез-құлқын өзіндік реттеуге баулу қабілеті [1].

  2. Функционалды нәтижелер

  • Педагогикалық әсер етудің түрлі әдістері (цветограмма, символдық бағалау – суреттер, оқушылардың эмоционалды жағдайы).

  • Жеке баға (істі жүргізуді еске түсіру).

  • Кейінгі әрекет (соңында жаңа идея туындайды).

Жағдайы мен нәтижесін талдау (диспут, ұжымдық анализ, өзіндік анализ, пікірталас).

1 Тәрбие жұмысы тиімділігін есепке алу, түзетулер енгізу.

2. Тәрбие әдістерінің басымдылықтарын анықтау [1].


Педагогикалық болжам – берілген тәрбие нәтижесін алу болашағына баға беру (тәрбиелі оқушы моделі).

1. Мұғалім, педагог іс-әрекетінің тиімділігін болжау.

2. Тәрбие үрдісінде келеңсіз құбылыстарды болжау.

Оқушылардың тәрбиелік деңгейін бағалау көрсеткіштері



  1. Критерий (греч.)- бағалау өлшемі, педагогикалық бағалау жүргізілетін негізгі белгі. Критерий тәрбие беру тиімділігін өлшеудің ең үлкен бірлігі және тұтас құбылыс ретінде көрінеді.

[4, 7].

  1. Көрсеткіштертәрбие үрдісінің қайсыбір жағының негізгі сипаттамасы. Көрсеткіштер критерий қырларының, оның бөліктерінің бірі және қайсыбір белгілер, «деңгейлер» қандай деңгейде дамығанын көрсетеді [4].

  2. Тәрбиелік – жинақталған түрінде адамның әлеуметтік қарым-қатынастарының жүйесін бейнелейтін тұлға сапаларының жиынтығын сипаттайтын тұлғаның кіріктірілген қасиеттері [2,3].

Тәрбиелік көрсеткіштері сапасында қолданылғандар

  • Ойлауды, оқиғаларды дербес талдау қабілеттерін қалыптастыру, әлем, азаматтық-саяси даму туралы білімді жинақтай алу.

  • Адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру, адамгершілік нормалар, ережелер, сенімділік, ізгілік сана, түсіністік, эмпатия.

  • Тұлғаның бағыттылығы, бала іс-әрекеті мен мінез-құлқының тұрақты басымды мотивтерінің болуы.

  • Адамның өзіне, қоғамға деген қарым-қатынасының бағытталғандығы, іс-әрекетін өзіндік ұйымдастыруға және мінез-құлқын өзіндік реттеуге қабілеті, әлеуметтік толыққандықтың көрінуі, тұлғаның өзінің моральдік санасы, мінез-құлықтарының еріктігі.

  • Ұжымда балалардың бір-біріне, өздеріне, мұғалімге, мектепке, ата-анасына қарым-қатынастарының нақты өзгеруі, яғни балалар бір-біріне қайырымды бола түседі, шектетілген баланың досы пайда болады, нашар оқитын баланың өзіне деген сенімі нығаяды.

Диагностика үрдісне қойылатын талаптар [4,8,9]

1. Бала тұлғасы сапасының диагностикасының негізінде қандай да бір жалпы ұстанымдары бар зерттелетін құбылысты салыстыру емес, оның қазіргі және бұрынғы жағдайын сипаттайтын нәтижелерді салыстыру жатады.

Кейбір көрсеткіштер мен әдістер жыл сайын қолданылады, өйткені салыстыру әдісі арқылы тәрбие берудің нәтижесі мен даму қарқынын бақылауға болады.

2. Диагносткалық әрекеттің тәрбие сипаты болуы және педагогикалық мәндеттерді шешуге ықпал етуі өте маңызды.

Пікірсайыстар, ұжымдық талдау мен өзін-өзі талдау оқушылар үшін өте қызықты және пайдалы, сондай-ақ тәрбие үрдісінің жағдайы туралы объективті ақпараттарды береді.

3. Әдістер бірін-бірі толықтырып, зерттеу нәтижелерінің объективтілігін, шынайылығын дәлелдейтін зерттеу әдістемесінің жүйесін қолдану керек.

4. Нәтижелерді зерттеудің жүйелігі қажет.

5. Мониторингтік қызметтің ұсыныстарын жетекшілікке ала отырып, мектептегі адамгершілік-рухани тәрбие берудің нәтижелерін зерделеу қажет.

Тәрбиелік деңгейін бағалау оқушыларға өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі дамытуға бағыт береді.

Журналда «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сабақтарда баға қойылмайтынын ескеру қажет. Жартыжылдықта сабақтарға қатысу, үй тапсырмасын орындау қорытындысы бойынша журналға «сынақ» немесе «сынақ емес» қойылады. Ұсынылған материалдар қатары педагогтарға оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтауға және оның негізінде оқушылардың өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуына көмектеседі.

Білім мекемесінің түрін, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, диагностикалық карталар, сауалнамалар әзірленеді, сәйкес көрсеткіштер анықталады. Бала тұлғасының даму картасын (портфолио) дидактикалық материалдарды өңдегеннен кейін толтырады Педагогикалық әдепті сақтай отырып, нәтижелерді оқушының өзімен талқылау қажет.



Өзін-өзі бағалау мен жалпы бағалауды үйлестіру жүйесі оқушыға өзінің әлеммен қарым-қатынасын түзетуге, өзін басқаруға, өзін-өзі тәрбиелеумен айналысуға мүмкіндік береді.
Бала тұлғасын зерттеу бағдарламасы
Оқушының отбасы туралы жалпы мәліметтер

  1. Қайда тұрады. Ата-анасы кім болып жұмыс істейді. Отбасының құрамы, оның материалдық жағдайы.

  2. Отбасыда тәрбие беру сипаты. Ата-анасы мен отбасыдағы үлкендердің оқушының оқу әрекетіне тигізетін әсері. Қолдау мен жазалауды қолданулары.

  3. Оқушының режимі. Бос уақытын қолдануы. Үй еңбегіне қатысуы.

  4. Оқушының мектептегі және одан тыс достары. Олардың тигізетін әсері және өзара әрекеттесу сипаты.

  5. Оқушы денсаулығының сипаты (мектеп дәрігерінің мәліметі бойынша).


Оқушы дамуының жалпы деңгейі

  1. Оқушының жалпы дамуы, оның дүниетанымы. Сөйлеу мәдениеті, кітап оқуы, қызығушылықтарының кеңдігі және тұрақтылығы, театр, мұражайларға баруы, БАҚ-ты қолдануы.

  2. Оқу еңбегіне, оқу сабақтарына қарым-қатынасы. Сабақтағы назары қандай? Үй тапсырмасын қалай орындайды? Оқу еңбегін ұйымдастыра алады ма? Оқу еңбегіндегі жетістіктер мен кемшіліктерге қалай қарайды?

  3. Физикалық еңбекке қарым-қатынасы. Өзіне-өзі қызмет етуге қалай қарайды? Еңбек сипатындағы қоғамдық тапсырмаларға қалай қарайды? Мектептен тыс еңбекке қатысады ма?

  4. Оқушының тәртіптілік деңгейі. Оқушы ережені біледі ме және қалай орындайды? Мәдени қылықтың дағдылары мен әдеттері бар ма? Сабақтағы жинақылығы. Үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынасындағы сыпайылығы.

  5. Оқушының қызығушылығы мен қабілеті. Оқу қызығушылықтары. әдебиет, өнер, техника саласындағы қызығушылықтары. Қандай үйірмелерге қатысады және қандай мектептен тыс мекемелерге барады? Қандай мамандық қызықтырады?



Оқушының қоғамдық іс-әрекеті

  1. Сыныптың қоғамдық әрекетіне қатысуы. Сынып өміріне қызығуы және қоғамдық жұмыстардағы белсенділігі.

  2. Қоғамдық жұмыстарды орындауы. Мұқияттылық. Жетекшілік ету және жолдастарына бағына алу қабілеті.

  3. Оқушының сынып ұжымындағы орны. Сынып оқушыларының оған деген қарым-қатыныстары. Сыныпта беделі бар ма?


Оқушы тұлғасының негізгі қасиеттері [2, 4, 8]

  1. Қоғамдық сана. Оның қоғамдық және оқу жұмысының мотивтері.

  2. Оқушының моральдік қасиеттері. Ағымдағы оқиғаларға қызығушылығы. Мектепке көмек көрсетуге дайындығы. Шынайылығы мен адалдығы. Ұстанымдылығы мен қарапайымдылығы. Жолдастарына көмек көрсетеді ме?

  3. Мінезінің еріктік сипаты. Мақсатқа ұмтылушылығы және белсенділігі, дербестігі және ынталығы. Жинақы, төзімді, өзіне сенімді. Батыл, шешімді, өзін-өзі сынауға, өзін-өзі талдауға қабілетті.

  4. Оқушы темпераментінің ерекшелігі. Жүйке жүйесінің типі, байсалдылығы. Қандай үрдістер басымды: қозу немесе тежеуілдеу. Бір істен екінші іске тез ауыса алады ма. Интеллектуалдық және эмоционалды үрдістердің ерекшеліктері: сөйлеуі, назары, жады, ойлауы.

Әдебиет


  1. Жайтапова А.А., Шамина Г.А. Содержание деятельности методиста в контексте модернизации образования. Алматы, 2007.

  2. Капустин Н.П. Педагогические технологии адаптивной школы. М. 1999.

  3. Караковский В.А. Воспитание? Воспитание…Воспитание! М. 2000г.

  4. Кожахметова К.Ж. Критерии оценки воспитательного процесса и уровня воспитанности учащихся. – Алматы, 2008.

  5. Авдеева Г.Ф., Протасова Г.В. Методические рекомендации. ИПК ПРО ВКО Усть-Каменогорск, 2000.

  6. Майоров А.Н. Мониторинг как научно-практический феномен. Шк. технологии. № 5. 1998. C 3-7.

  7. Матрос Д.Ш. Прогнозирование результатов образовательного процесса. Шк. технологии.

  8. Рожков Н.И. Организация воспитательного процесса в школе. М. 2001.

  9. С.Д. Поляков. Реалистическое воспитание. – Москва, 2004. Программа воспитания учащихся 1-11 классов общеобразовательных школ Республики Казахстан. Алматы, 2008.


Тәрбие беру әдістерін, тәсілдері және жаттығуларды

пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстар
Өзін-өзі тану сабақтарында мүғаліммен ашық диалог жүргізіледі, әлеуметтік-рөлдік ойындар мен тренингтерде адамдардың өзара қарым-қатынас әлемі зерттеледі, өмірлік бақылаулары бойынша пікір алмасады, қоғамға қызмет етудің практикалық дағдылары дамытылады.

Өзін-өзі тану ерекшелігін есепке ала отырып, денсаулық сақтау әлеуетіне ие әр түрлі стандартты емес сабақ түрлері: ойын-сабақтар, ойлану-сабақтары, пікір-сайыс сабақтары, театрландырылған сабақтар, шығармашылық сабақтар, конкурс-сабақтар, фантазия-сабақтар, концерт-сабақтар, экскурсия және т.б. сабақтар пайдаланылады.



Өзін-өзі тануды оқыту процесінде бірқатар әдістемелік тәсілдер қолданылады:

Шаттық шеңбері» — сабақтың бас кезінде қолданылатын әдістемелік тәсіл. Мүғалім балалармен бірге, барлығы бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасайтын шеңбер жасайды, әр түрлі ән айтып, өлең оқиды. «Шаттық шеңберінің» педагогикалық мәні - әрбір бала өзіне таныс үлкен достық шеңберіне қабылданғанын сезінеді, өзіне сенімі артып және өзгелердің де сеніміне ие болады.

«Тыныштық сәті» — релаксацияның әдістемелік тәсілі. Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді. Ол өз ойын жинақтай алу мүмкіндігіне ие болады, өзінің ішкі "Менін" түсіне алады, өзінің сезімі мен көңіл-күйін жақсы сезінеді. Мүғалімге балаларға осы жаттығуды орындату барысында олардың дене қалпына, тыныс алуы мен денесін бос үстай білуіне баса назар аудару үсынылады.

«Өзіммен-өзім» — бүл тәсіл баланың өзін және өзінің жүрегін тыңдай білуіне септігін тигізеді. Ол баланың сезімі мен эмоциясын, жалпы рефлексияға қабілеттерінің дамуын ынталандырады. Осы тәсіл балаларға жайлы өсер етеді, олардың қиялын дамытады, топтағы мінез-қүлыққа жағымды ықпал етеді және әдетте, материалды жаңадан түсіну барысында пайдаланылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында мүғалімнің сөзімен қатар, сондай-ақ аудиоқатарлар (классикалық музыка, табиғат дыбыстары және т.б.) қолданылады.

«Оқу» — оқушылардың білімін және адамгершілік қасиеттер мен қүндылықтар туралы түсініктерін кеңейтуге, оқу іскерліктерін дамытуға бағытталған әдіс. Оқушылардың танып-білуге қүштарлығын арттыру мақсатында үлкендермен бірге және өз бетінше көркем шығармаларды оқу үсынылады. Бүл әдіс оқушылардың ойлауын, еске сақтауын, эмоциялық ерік-жігер салаларын дамытады.

«Сабақтың дәйексөзі» — оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, оқу материалын эмоционалды-бейнелі қабылдауына ықпал ететін озін-өзі тану сабақтарының міндетті элементі болып табылады. Сабақтың дәйексөзі ретінде мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, афоризмдер алынады.

Мұғалімнің әңгімелеуі», «Оқушының әңгімелеуі» — оқушылардың әңгіме, ертегі, осиет әңгіме, өлеңдерді үжым болып тыңдауына жағымды жағдай туғызатын сөйлеу және ойлау іс-әрекеттерінің маңызды түрі. Балалар осы өдіс арқылы өңгімені тыңдай және ести білуді, сезіне алу және сезіммен қабылдауды, ой елегінен өткізу мен пайымдай алуды үйренеді. Шығарманы әңгімелеудің кідіріспен, сахналау элементтері арқылы мазмүндап айту түрлері қолданылады.

«Әңгімелесу» — бүл балалардың тақырып мазмүнын түсінуіне мүмкіндік беретін дидактикалық төсілдің сүрақтар мен жауаптар түріндегі қарым-қатынас нысаны. Әрбір оқушы өзінің пікірін айта алады, тақырыпқа өзінің көзқарасын білдіре алады, өзін толғандыратын сүрақтарды қоя алады. Мүғалім балалардың ойлау қабілеттерін дамытады, оларды өз пікірлерін және жағдаяттар мен әрекеттерге қатысын білдіре алу іскерлігіне үйретеді.

«Ойын», «Жаттығу» — балаларды танымдық қызығушылықтарың жандандыру және меңгерген үгымдар мен іскерліктерін бекіту үшін үсынылатын оқыту әдісі. Ойын өрекеттері мен жаттығулары арқылы баланың жеке тәжірибесі негізінде оқу материалының мазмүны жүзеге асырылады. Балалар ойындар мен жаттығулар нәтижесінде қүрбыластарымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болады, өмірлік дағдыларды меңгереді.

«Шығармашылық жумыс» — өзін-өзі тану сабағының маңызды бөлігі. Сурет салу, макет, коллаж жасау мен өлең, өсиет әңгіме, ән және т.б. шығару түрінде әртүрлі нысанда өзбетінше және үжымдық әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Бүл тәсіл шығармашылық әлеуетті ашуға, символдар, бейнелер мен әрекеттер арқылы өзіндік "Менін" білдіре алуға көмектеседі. Бірлескен шығармашылық әрекет оқушылардың ынтымақтастық, шыдамдылық, үқыптылық сияқты адами қасиеттердің маңыздылығын үғынуына, өзінің пікірін айту мен басқалардың пікірін қүрметтей білу іскерліктерін дамытуға мүмкіндік береді; балалардың өз күшіне сенімділігін, өзінің қабілеттері мен шығармашылық мүмкіндіктеріне сенімдерін қалыптастырады; жауапкершілікке, дербестілікке тәрбиелейді.

Жағдаяттар кезінде ойлану» — балалардың нақты өмірлік жағдаяттарды бағалай білу қабілеттерін дамытуға, өзінің ойы мен ісіне, әрекеттеріне жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететін өдістемелік тәсіл. Жағдаяттарды талқылау балалардың ойлауға бейімділіктерін, өзін және өзгелерді бағалауға икемділіктерін, қоршаған әлеммен жағымды өзара өрекеттестікті қүра білу іскерліктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Бейнематериалдар көру (фильмнен, мультфильмнен үзінділер және т.б.)» — оқу ақпараттарын жеткілікті көрнекілік нысанда үсынуға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсіл. Айқын көркем бейнелер балалардың өтілген материалдардың мазмүнын қабылдауы мен меңгеруін күшейтеді.

«Ән шырқайық, достар!» — сабақта қосылып ән айтуды үйғаратын әдістемелік төсіл. Ән айту балалардың сезімдерін сергітіп, көңіл-күйін жадыратады. Бүл тәсіл сабақтың кез-келген кезеңінде қолданылады.

«Сергіту сәті» — шаршағанды үмыттыруға, жалығуды болдырмауға, денеге түскен күшті төмендетуге қажетті өзін-өзі тану сабақтарының компоненті. Сергіту жаттығулары бір өрекеттен басқа әрекетке ауысуға бағытталған қысқа ойындар түрінде жүргізіледі. Осы тәсілді қолдану топта жақсы көңіл-күй тудырады, үқыптылықты, реакция жылдамдығын дамытады, үжымға топтасуға ықпал етеді.

«Сахналау» — бүл тәсіл өзін-өзі тану сабақтарында оқу материалының мазмүнын эмоционалдық-сезімдік күймен тиімді қабылдау мақсатында әр түрлі жағдаяттарды балалардың өздері рөлдерде орындауы арқылы үйымдастырылады «Қорытындылау» — мүғалімнің өзі немесе балалармен бірлесіп сабақтың өзіндік логикалық қорытындысын шығаруға және қүрылымдық элементтерінің орындалуына қол жеткізуге бағытталған әдістемелік тәсіл.

«Жүректен-жүрекке» шеңбері — өдетте, оқу сабағын аяқтайтын, бір-бірімен пікір алмасу, бір-біріне тілек айтуды қарастыратын және педагогтың әрбір баланың эмоционалдық жай-күйін, олардьщ сабақ тақырыбын түсіну анықтауына мүмкіндік туғызатын әдістемелік тәсіл.

Үй тапсырмасы» — баланың сабақ тақырыбына және сабақта меңгерген білім, іскерлік жөне дағдыларын бекітуге қызығушылығын арттыратын төсіл. Балалар үй тапсырмасын дөптерлеріне өз бетінше немесе үлкендермен бірге орындайды. Бүл балалар мен үлкендердің бірін-бірі жақсы түсінуіне септігін тигізеді.

Өзін-өзі тану бойынша оқу процесін үйымдастырудың маңызды шарты балалардың жас жөне психологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес эмоциялық жайлылықты қамтамасыз ететін денсаулық сақтау ортасын қүру болып табылады. Сабақта әрекет түрлерінің алмастырылуы оқуға жағымды мотивтерді қамтамасыз етеді.


Әдебиет

  1. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты.

  2. Қазақстан Республикасында үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие беру тұжырымдамасы.

  3. Г.Ю. Ксензова. «Сынып жетекшісі мен мұғалімнің тәрбие беру іс-әрекеттерінің психологиялық-педагогикалық негіздері», Мәскеу, 2004

Қосымша 1

Сабақты талдау
Кез-келген сабақтың талдауы психологиялық, педагогикалық, мазмұндық, әдістемелік және пәндік аспектілер тығыз өзара байланысқан кешенді әдістерден тұрады. Жалпы тұрғысынан қарағанда, сабақтың талдауы ұғыну және өзін-өзі тану үрдісі секілді мұғалімнің аналитикалық қабілетін қалыптастырады, қызығушылығын дамытып, оқыту және тәрбие беру мәселелерін зерделеу қажеттілігін анықтайды. Күрделі педагогикалық құбылыстарды бақылау, оларды талдау, жинақтау және ғылыми негізделген қорытындылар жасау қабілеті кәсіби-педагогикалық шеберлікті жетілдірудің әрекетті құралы болып табылады [2].
Сабақты талдау схемасы

Өткізу мерзімі ____________________

Сынып______________________________

Сабақ тақырыбы________________________________________________



        1. Сабақтың мақсатына қол жеткізу және оның танымдық, дамытушылық, тәрбиелік қызметтерін іске асыру.

        2. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен міндеттерін нақты жеткізу және осы сабақ пен алдыңғы сабақтың байланысын орнату.

        3. Құрылымның орындылығы және оның жеке бөлімдерінің бірізділігі.

        4. Сабақтың мазмұнының оның мақсатына сәйкестігі.

        5. Оқыту тәсілдері мен әдістерінің сабақтың мазмұнына, мақсатына және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі.

        6. Сабақтың түрлі кезеңдерінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың жалпы, топтық және жеке формаларын үйлестіру. Жұмыстың тәсілдері, әдістері және формаларының тиімділігі.

        7. Мұғалімнің бақылауының, оқушылардың өзара бақылауы мен өзіндік бақылауының ерекшелігі.

        8. Оқушылардың сабақ кезіндегі іс-әрекеттерінің психологиялывқ сипаттамасы: қызығушылық, белсенділік, материалды және оның маңыздылығын түсіну.

        9. Педагогикалық үрдіске қатысушылардың қарым-қатынасының сипаттамасы: тілектестік, жарқындылық, өзара татулық, қолдау көрсету, өзара құрметтеу және әділеттілік.

        10. Сабақты жалпы бағалау. Қорытындылар және мұғалімге ұсыныстар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет