ЖШС «Жанафарм» дәрілік препараттар өндірісі қолданыстағы мемлекеттік лицензия негізінде Қазақстан Республикасында 1995 жылдан бастап жұмыс істейді. Компанияның негізгі өнімдері: медициналық мақсаттағы сығындылар, Агриппин сертификатталған дәрілік заттың 2 түрі, сертификатталған Ангисепт дәрілік препаратының 5 түрі.
|
«Инженерлік және тиістік пәндер» кафедрасы
«Фармацевтикалық технология» кафедрасы
ЕСЕП
Тәжірибенің өткізілетін орны: ЖШС «Жанафарм»
Практиканың ұзақтығы: 19.09.2022ж-25.11.2022ж
Студент: Омар Жұлдыз қолы: __________ күні:____________
Тобы: ФӨТ21-040
Оқу практикасына инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасына жауапты: Шуленова Н.К
Бағалау ______________ қолы _____________ күні ___________________
Оқу практикасына фармацевтикалық технология кафедрасынан жауапты: Ибадуллаева Г.С
Бағалау___________ қолы______________ күні_____________
Оқу практикасына фармацевтикалық технология кафедрасынан жауапты: Елекен Г.К
Бағалау__________ қолы_________ күні___________
Алматы 2022
ЕСЕП
«Дәрілік препараттарды өндіріске енгізу» оқу практикасы 19.09.2022ж басталды.
Практика бойынша өзімізге болашақта қажетті өте көп мағлұматтармен танысып,біраз ақпарат жинадық.Практикалық оку басталған алғашқы күні қауіпсіздік техникасы қағидаларын және еңбекті қорғау жайында білдім, экология және өндіріс қауіпсіздігі қағидаттарын зерделедім. Өнеркәсіптік кәсіпорынның негізгі міндеттері мен функцияларымен таныстым. Фармацевтикалық өнімді өндіруді ұйымдастырудағы GMP принциптерін зерттедім.Фармацевтика өнеркәсібіндегі нормативтік базамен таныстым.Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын қарап шықтым.
Тақырыптық жоспарға сәйкес өндірістік тәжірибеден өттік. ЖШС «Жанафарм» атты компаниясының тәжірибеге жауапты жетекшілері бізге силлабусқа сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тікелей өндіріс орынынан мүмкіндігінше өндірістің жүру барысын көрсетті Экстрактор аппаратының жұмыс істеу процесімен таныстық.Бұл фирма ангисепт секілді дәріні,түрлі настойкаларды,экстракттарды жасайды.
Практикаға жауапты жетекшілердің тәжірибені өткізген форматы өте пайдалы әрі қызықты болды, себебі танысу барысында өндірістің құрылымы мен жалпы жұмыс істеу принципі жайлы мағлұмат алдық.
Өндірістік тәжірибе барысында практикадан бөлек, ЖШС «Phitoleum», ЖШС «Антиген», ЖШС «Вива Фарм » өткізген лекциядар болды. Лекция барысында біз практикадан кем емес мағлұматтар алдық.Осы өндіріс орындарының қағидаларын арнайы жасалған презентация арқылы көре алдық.
Қорыта айтқанда,бұл оқу практикасы әр студентке өте тиімді болды деп ойлаймын.Өндірістегі қарапайым техника қауіпсіздік ережелерінен бастап,еліміздегі ірі өндірістердің жұмыс барысымен де таныс болдық.Болашақта осы оқу практикасын ескере отырып,үлкен жұмысты бітереміз деп ойлаймын. Практика барысында көп жаңа заттарды үйрендік,мамандығымызға байланысты өте қажетті мәліметтермен танысқанда,одан әрмең мамандығымызға қызықтық.Сонымен «Дәрілік препараттарды өндіріске енгізу» оқу практикасы 25.11.22 аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |