Фармацевтикалық технология кафедрасы



бет3/16
Дата22.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#163938
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Омар Жұлдыз Күнделік Практика күнделік1 (копия) (копия) 2

Сонымен қатар, басқа тұтыну тауарларынан айырмашылығы, дәрілік заттардың сапасын науқас анықтай алмайды. Бұл әсіресе дәрілік заттардың өндірісі мен сапасын мемлекеттік реттеудің маңыздылығын көрсетеді. Жеке операцияларды жүргізу ережелерін, сапа стандарттары мен шикізатты тұтынуды, дайын өнімге қойылатын талаптарды белгілеу жоғары сапалы өнім шығаруға ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар материалдық шығындарды азайтады, бұл әсіресе технологиялық режим бұзылған кезде артады.

Дәрілік заттардың өндірісін нормалау негізінен төрт бағытта жүзеге асырылады:


  • Дәрілік заттарды дайындауға рұқсат етілген адамдардың шегін шектеу (фармацевтикалық жұмысқа құқығы).

  • Дәрілік заттарға рецепт құрамын стандарттау.

  • Дәрілік заттарды дайындау үшін қолданылатын дәрілік заттар мен қосалқы заттардың сапасын стандарттау.

  • Дәрілік заттарды дайындау шарттары мен технологиялық процесті стандарттау.

Дәрілік зат сапасының стандарты

Дәрілік зат сапасының стандарты- министрлік бекітетін ДЗ сапасын бақылаудың нормаланатын көрсеткіштері мен әдістерінің тізбесін қамтитын нормативтік құжат.

Стандарттау процесінде стандарттау нысанына қатысты нормалар, ережелер талаптар және сипаттамалар нормативтік құжат түрінде дайындалады.


26.09.2022ж

Тақырыбы: Фармацевтикалық кәсіпорынның құрылымымен танысу. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі бойынша кіріспе нұсқамадан өту. Зерттеу бөлімі және СБК (сапаны бақылау бөлімі) жұмысымен танысу
Қысқаша конспект:
Еңбек қауіпсіздігі және еңбектi қорғау туралы заң Қазақстан Республикасының Конституциясына ,"Қазақстан Pecпубликасындағы еңбек туралы" Қазақстан Pecпубликасының Заңына негізделеді және осы Заңнан әрi еңбек қауіпсiздігi және еңбектi қорғау саласындағы өзге де норма құқықтық актiлерден тұрады.
Кәсіпорында ұйымдастыру құрылымының сызбасы болады,онда өндірісті тиісті жерінде сапаны бақылау басшыларының ,сапаны қамтамасыз ету бөлімшесінің немесе сапа жөніндегі бөлімше басшысының арасындағы қатынастар және өкілетті тұлғаның ұстанымы айқын көрсетілген.
Еңбекті қорғау — жұмыс барысында адамның қауіпсіздігіне, денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтауға кепілдік беретін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық, техникалық, гигиеналық және емдік-профилактикалық шаралар.
Қауіпсіздік техникасы бұл - еңбек қызметі кезінде адамға қауіпті және зиянды факторлардың әсерін азайтуға немесе жоюға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық шаралар жүйесі.
Оның мақсаттары - қауіпсіздікті қамтамасыз ету; өндірістік немесе өзге де жарақаттарды барынша азайту, денсаулығын қорғау; Қауіпсіздік техникасын сақтамау өндірістік жарақаттанудың туындауына әкеліп соғады.
Осының барлығын әртүрлі іс-шараларды қамтитын еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау жүйесі - еңбекті қорғау қадағалап отыратыны түсіндірілді.
Фармацевтика саласында сәтті қолданылатын және фармацевтикалық өнімдердегі қауіптілікті барынша азайтуға, және тұтынушының сенімділігін арттыруға бағытталған шаралар жиынтығы - GMP принциптері туралы сөз қозғалды.
Сапаны басқару мен бақылау - өнімнің сапа көрсеткішін, норматифті құжаттарды тұжырымдау әдістерін, сапа деңгейін бағалаужәне сапаны бақылауды қарастырады. Бұл жерде ықтималдылық және статистикалық әдістерге өнім сапасының деңгейін бағалау. Сынық нәтижелерін өңдеу және талдау әдістеріне шешімдерді қабылдау және оларды ұғыну әдістеріне көп көңіл бөлінеді.
Фармацевтикалық технология зертханасы өнімді және үрдістерідң фармацевтикалық әзірлеуіне және өндірісте алынған нәтижелерді енгізуіне қолданылатын толық көлемде жаңа дәрілік препараттарды әзірлеуде ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырады.



03.10.2022ж



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет