2. Бағдарлама.
2.1 Кіріспе.Оқытудың мақсаты:
Фармакология- дәрілік заттардың ағзамен байланысын және дәрілік заттардың жаңа түрлерін іздестіру жолдарын зерттейтін ғылым.
Жылда мыңдаған химиялық қосылыстар зерттеледі. Клиникалық тәжірибеде олардың ішінен тек таңдаулы, жоғары белсенді дәрілік препараттар қолданылады. Жыл сайын танымалы дәрілік заттардың әсер ету механизмдері анықталып, оларды қолданылу көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері кеңейтіледі немесе өзгертіледі. Осыған байланысты фармакология медицинадағы күрделі пәндердің бірі болып табылатыны кездейсоқ емес..
Фармакология – мультипәнді ғылым, теориялық ғылымдары мен клиникалық тәжірибелердің, әсіресе фармакотерапияның, мәліметтерімен біріккен көпсалалы ғылым. Дәрілік заттардың жасушалық, субжасушалық, физиологиялық әсер ету механизмін және бүкіл ағзаға фармакотерапияның әсерлерін анықтау фармакологиялық зерттеудің құндылығы болып келеді. Осыған орай барлық мамандықтардың дәргерлеріне фармакотерапияның негіздерін білу қажет, оның ішінде стоматолог мамандарға да.
Клиникалық пәндердің дамуына фармакология пәнінің алға басуы ерекше әсер етеді. Көпшілік ауруларды емдеудегі соңғы жылдардағы фармакология пәнінің жетістіктерінің өте жылдам өсіп, дамуына байланысты, дәрілік заттардың жаңа топтарының табылуына байланысты, нәтижесінде фармакотерапия универсалды әдіс болып табылады. Сондықтан, фармакология пәнінің медициналық білім беру жүйесінде маңызды орын алады, себебі фармакология пәнін білу стоматолог дәрігерге қажеттілік болып табылады
2.2 Пәннің мақсаты: әртүрлі ауруларда препараттарды тиімді таңдауды қамтамасыз ету үшін, студенттерге дәрілік заттардың әсерінің жалпы заңдылықтары жөнінде түсінік қалыптастыру, оның ішінде стоматология тәжірибесінде қолдану.
2.3 Оқыту міндеттері:
Әртүрлі дәрілік қалыптардағы рецепттерді жазуды, рецепт құрастыруды және рецепттерді сауатты жазудың жалпы принциптерін меңгеруді, рецептке жазылған дәрілік заттардың мөлшерін және концентрациясын есептеуді үйрету;
Дәрілік заттардың қолдану түрін және дәрілік қалыптарын таңдауды үйрету;
Дәрілік заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық жалпы заңдылықтары жөнінде түсінік қалыптастыру ;
Фармакологиялық әсерлерінен дамитын ағзадағы мүшелер және жүйелер қызметінің өзгерістерін болжамдап білуді студенттерге үйрету;
Дәрілік заттардың ағзадағы мүшелер және жүйелер қызметіне әсерлерін болжамдап білуді және қолдану мүмкіншіліктерін бағалауды үйрету;
Достарыңызбен бөлісу: |