Гипотонияны емдеу үшін қандай емдік препаратты тағайындайсыз?
Препарат қандай фармокологиялық топқа жатады?
Таңдау жасаған препартыңызды неліктен тандадыңыз,түсіндіріңіз?
Тамырларға әсер ету механизмін түсіндіріңіз?
17. Науқас Н. ұзақ уақыт бойы гипертония ауруымен Д есепте тұрған. Соңғы 10 жылдай емделіп келеді. Соңғы жарты жылда Х. препаратты қабылдаған. Тағайындау барысында дәрігер тарапынан дәріні қабылдау барысында пульсті қадағалап отыруын және препаратты қабылдауды бірден тоқтатуға болмайтындығы түсіндірлген.Дәрігердің айтқанын бұлжытпай орындап, науқас жағдайының жақсарғанын байқаған. Жаз басында саяжайға көшкен соң науқас дәріні қабылдауға ұмытып кеткен. Бір күненн кейін науқас басының қатты ауыруын,басының айналуын,жүрек айнумен құсу, жүрегінің үнемі ауруын сезген. Есі жоғалған күйде науқас аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Сұрастыру барысында пайда болған симптомдардың дәріні қабылдауды бірден тоқтатқандығынан екендігі анықталды.
Науқас қандай препарат қабылдады?
Бұл препарат қандай фармакологиялық топқа жатады?
Артериалдық қысымға дәрінің әсер ету механизмін анықтаңыз?
Неліктен дәріні қабылдауды бірден тоқтату осындай кері әсер көрсетіп тұр?
18. Бронх демікпесінің ұстамасымен қабылдау бөліміне түскен Ж. науқасқа бронхолитик ретінде адреналин гидрохлрид ерітіндісі енгізілді. Ұстама басылды, бірақ сонымен қатар жедел тамырлық коллапс дамыды. Анамнезінде науқас мигреньмен ауратындығы және жиі дигидроэрготамин препаратын қабылдайтындығы анықталды.
Адреналин гидрохлориді қандай фармакологиялық топқа жатады?
Дигидроэрготамин препараты қандай фармакаологиялық топқа жатады?
Адреналиннің бронхтарға әсер ету механизмін түсіндіріңіз?
Мигрень кезінде дигидроэрготамин препаратын науқас қандай мақсатта қолдаған?
Науқаста адреналин енгізгеннен кейін неліктен коллапс дамыды?
19. Науқас С., паркинсонизммен ауырады, препарат тағайындалды. Препаратты қабылдағаннан кейін ауру белгілері азайды, бірақ сол уақытта науқаста жүрек соғысының жиілеуіне, ауыз қуысының шырышты қабатының құрғауына, іш қатуға шағымдана бастады.
1. Науқасқа қандай препарат тағайындалды?
2. Препараттың фармакологиялық тобын көрсетіңіз (топ, топша).
3. Препараттың паркинсонизмге қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз.
4. Жанама әсерлердің даму механизмін түсіндіріңіз.
20.Жедел психозбен (елес және сандырақпен) ауыратын науқасқа нейролептик енгізілді. Психоз белггілері жойылды, бірақ кушеткадан тұрын жатқанда науқас есінен танып құлап қалды.
1.Науқасқа қандай препарат енгізілді?
2.Оның фармакологиялық тобын жазыңыз
3.Препараттың психозға қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз
4.Препарат қандай жағымсыз әсер туғызды?
5.Бұл немен байланысты екенін және қалай алдын алуға болатыны түсіндіріңіз
21.Ұйқысыздықпен ауыратын науқас Ю., түнде ұйықтататын дәрі қабылдаған. Ұйқы жеткілікті терең болды, науқас жақсы ұйықтады. Келесі күні препаратты қабылдағаннан кейін науқас әлсіздікке, бас ауруына, зейіні мен есте сақтау қабілетінің төмендеуіне шағымданды.
1.Науқасқа қандай препарат тағайындалды?
2.Препарат қандай фармакологиялық топқа, топшаға жатады? 3.Препараттың ұйықтататын әсерінің механизмін түсіндіріңіз.
4. Препаратты қабылдағаннан кейінгі болған жанама әсер қалай аталады? Бұл жағдай немен байланысты екенін түсіндіріңіз?
22. Науқас ауруханаға шок алдындағы жағдайдағы кеуде қуысының терең тесілген жарақатымен түсті. Қарау кезінде: науқаста қанды қақырумен жүретін тұрақты жөтел байқалды.
Науқасқа шокқа қарсы және жөтелге қарсы әсері бар препарат тағайындаңыз
Достарыңызбен бөлісу: |