Фармакология пәні бойынша «Жалпы медицина» факультетінің 3 курс студенттерінің емтихан сұРАҚтары



бет5/11
Дата14.06.2022
өлшемі89,6 Kb.
#146541
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3 курс ЖМ студенттеріне арналған емтихан сұрақтары
РФ ұзақбаева срс, 9 апта срсп пед
Препарат қандай фармакологиялық топқа, топшаға жатады?

  • Препараттың шокқа қарсы және жөтелге қарсы әсерлерінің механизмін түсіндіріңіз.

    23.Жедел жәрдем бригадасы улану белгілері бар науқасты ауруханаға жеткізді. Объективті тексергенде: коматозды жағдай, сирек тыныс алу, тері және шырышты қабаттардың цианозы, брадикардия, қарашықтардың қатты тарылуы, дене қызуы төмендеген.



    1. Уланудың себебі қандай препарат болуы мүмкін?

    2. Препарат қандай фармакологиялық топқа, топшаға жатады?

    3. Улану белгілерінің даму механизмдерін түсіндіріңіз.

    4. Көмеккөрсетушараларынтүсіндіріңіз.

    24. Имидазолпиридин тобына жататын ұйықтататын дәрі, ұйқы бұзылыстары кезінде (пресомния, интерсомния, постсомния) қолданады. Ұйқыға кету уақытын азайтады, түнгі оянулардың санын төмендетеді, ұйқының ұзақтығын арттырып сапасын жақсартады. Жатар алдында қабылдайды.



    1. Қандай препарат жайлы айтылып тұр?

    2. Фармакологиялық тобын атаңыз?

    3. Ұйықтатқыш әсерінің механизмін түсіндіріңіз?

    25. С. науқаста седативті препараттармен емдеуден кейінгі уақытта: шырышты қабаттардың катаральдық белгілер пайда болды - мұрын бітелуі, сілекейдің бөлінуі, көп мөлшерде сұйық қақырық, терідегі бөртпелер, ауыздағы металл дәмі.

    1. Науқас қандай препарат қабылдаған?

    2. Қандай фармакологиялық топқа жатады?

    3. Преапараттың әсер ету механизмін түсіндіріңіз?

    4. Жанама әсердің пайда болу механизмін түсіндіріңіз?

    5. Жағымсыз реакцияларды қалай басуға болады?

    26. Науқасқа зәр шығару жолдарының инфекциясын емдеу үшін препарат тағайындалды. Қабылдағаннан кейін бірнеше күннен соң науқастың зәрі шафранды -қызыл түске боялғанын байқады.

    1. Науқасқа қандай препарат тағайындалған?

    2. Қандай топқа жататындығын көрсетіңіз.

    3. Микробқа қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз.

    4. Бұл препаратты тағайындау барысында дәрігердің тактикасы қандай болуы тиіс?

    27. Науқас Ж., жедел пневмониямен 7 күн бойы сульфадемизин препаратымен емделген. Препаратты күніне 3 рет 1 таблеткадан қабылдаған. Емдеу курсынан кейін науқастың жағдайы жақсармады. Қайта анализдік талдау кезінде бұрын сезімтал болған флора бұл препаратқа төзімді болғаны анықталды.



    1. Препарат қай фармакологиялық топқа, топшаға жатады?

    2. Препараттың микробқа қарсы әсер ету механизмін түсіндіріңіз.
    3. Микрофлора төзімділігінің пайда болу себебін түсіндіріңіз. Препарат қандай жанама әсер туғызды? Мұның себебін түсіндіріңіз және оның алдын-алу жолы.

    28.Микобактерияға бактерицидтік әсері бар, синтетикалық препаратты, туберкулезбен ауыратын 2 науқасты емдеу үшін қолданды. Бір науқаста әсері болды, ал екіншіге әсер етпегендіктен жағдайы жақсарған жоқ.


    1.Қандай препарат қолданылды?
    2.Оның бактерияға қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз
    3.Екі науқаста препараттың әсерінің әртүрлі болуы неліктен екенін түсіндіріңіз

    29. Туберкулезбен ауыратын науқас бірінші топтағы туберкулезге қарсы препараттардың екі препаратын ұзақ уақыт қабылдаған. Соңғы уақытта науқас жүйке бойындағы ауырсынуды және сезімталдықтың төмендеуін байқай бастады.


    1. Науқас қандай дәрілерді қабылдады?
    2. Туберкулез микобактерияларына әсер ету механизмін түсіндіріңіз.
    3. Препараттар қандай жанама әсерлер туғызды және оларды қалай болдырмауға болады?

    30. 8 жастағы бала ішінің ауырсынуына, тәбетінің нашарлауына, жүрек айну, құсуға шағымданады. Қарау кезінде: тері жамылғысы бозарған, салмағы қалыптыдан бірнеше төмен. Анасының айтуынша, балада жиі есінен тану, басы айналу, кейде құрысу ұстамалары болады. Зертханалық зерттеуде нәжістен қылбас (власоглав) құртының жұмыртқасы табылды.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет