Фармакология пәні бойынша «Жалпы медицина» факультетінің 3 курс студенттерінің емтихан сұРАҚтары



бет8/11
Дата14.06.2022
өлшемі89,6 Kb.
#146541
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3 курс ЖМ студенттеріне арналған емтихан сұрақтары
РФ ұзақбаева срс, 9 апта срсп пед
«Аллахол» препараты қай фармакологиялық топқа жатады?

  • Неліктен «Аллахол» препаратын қабылдау нәтиже бермеді?

  • Осы науқасқа ауырсыну ұстамасын басу үшін қандай дәрілік зат тағайындау қажет?

  • Оның әсер ету механизмін түсіндіріңіз.

    46.Стенокардиямен ауыратын науқаста тыныштық пен қобалжу кезіндегі тексеруде холестерин деңгейінің 10,4 ммоль/л-ге дейін (норма 5,5) едәуір жоғарылауы, триглицеридтер деңгейінің 23 ммоль/л-ге дейін орташа жоғарылауы (норма 1,9), ЛПНП-ның жоғары деңгейі 52% - ға дейін (норма 0-10%) анықталды.



    1. Бұл жағдайда гиполипидемиялық тобындағы қандай препарат тиімді болатынын анықтаңыз?

    2. Сіз таңдаған препарат гиполипидемиялық дәрілердің қай тобына жататынын көрсетіңіз.

    3. Сіз таңдаған препараттың әсер ету механизмін түсіндіріңіз.

    4. Бұл препарат қандай жанама әсерлерді тудыруы мүмкін?

    47. Науқас Ш., 52 жаста, IV типті гиполипопротеинемия (қан сарысуында ТӨТЛП (ЛПОНП) жоғары деңгейде, триглицеридтер мен холестерин деңгейінің жоғарылауы, анамнезінде гипертония және жүректің ишемиялық ауруы, объективті: бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы) .Оған липолитикалық препарат ретінде ловастатин тағайындалды.


    1. Ловастатин гиполипидемиялық препараттардың қай тобына жатады?
    2.Ловастатиннің гиполипидемиялық әсер ету механизмін түсіндіріңіз.
    3. Науқасты емдеу үшін дұрыс препарат таңдалдыма?

    48. Гипохромды анемиямен ауыратын науқаста, емделгеннен кейін қандағы гемоглобин индексі көтеріліп, денсаулық жағдайы жақсарды. Алайда, науқас тістерінің қараюына, ішінің кебуіне шағымданды.


    1. Науқасқа қандай препарат тағайындалды?
    2. Оның фармакологиялық тобын көрсетіңіз.
    3. Препараттың әсер ету механизмін түсіндіріңіз.
    4. Жанама әсерлердің туындау себебін түсіндіріңіз.
    49.Жүкті әйелге тромбофлебиттің өршуіне байланысты антикоагулянт тағайындалды. Туған кезінде баланың терісінде геморрагия анықталды.

    1. Препаратты анықтаңыз.

    2. Препараттың фармакологиялық тобын анықтаңыз.

    3. Препараттың тромболитикалық әсер ету механизмін түсіндіріңіз.

    4. Неліктентуғанкезденәрестеніңтерісінде геморрагия болғанынтүсіндіріңіз.
    5. Жаңа туылған нәрестеде жағымсыз реакцияны болдырмау үшін жүкті әйелге қандай препарат тағайындау керек еді?

    50.Нәрестеге мегалобластикалық анемия диагнозы қойылды. Цианокобаламин препараты тағайындалды. Емдеу курсы 1 айды құрады. Бірақ оң нәтиже байқалмады.



    1. Цианокобаламин дәрілік заттардың қай тобына жатады?

    2. Қантүзілупроцесінепрепараттыңәсеретумеханизмінтүсіндіріңіз.

    3. Осы жағдайдацианокобаламиннеліктентиімсізболыпшыққанынтүсіндіріңіз?Науқасқа қалай көмек көрсетеміз?

    51.Ревматоидты артрит, белсенділік II сатысы диагнозымен 17 жастағы науқас ауруханада емделіп жатыр.Гормональды терапия алып жатыр,бірақ, науқас осыған байланыстына тәбетінің жоғарылауын, бетінің дөңгелектенуін, салмақ қосуын, АҚҚ көтерілуін, аяқтарының ісінуін, кейде, эпигастрий аймағындағы ауырсынумен ауырлық сезімін байқай бастады.


    1. Препаратты анықтаңыз
    2.Оның фармакологиялық тобын көрсетіңіз
    3.Препараттың қабынуға қарсы әсер ету механизмін түсіндіріңіз
    4.Науқаста АҚҚ көтерілуі және ісінуі немен байланысты екенін түсіндіріңіз
    52.Ревматоидты артритпен ауыратын К. науқасқа, стероидты емес қабынуға қарсы препарат тағайындалды, 2-3 аптадан кейін науқас бас айналуына, жүрек айнуына, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, ішінің өтуіне шағымдана бастады: жалпы қан анализінде: лейкопения, апластикалық анемия.

    1. Емдеу үшін қандай препарат қолданылғанын анықтаңыз?

    2. Препараттың қабынуға қарсы әсер ету механизмін түсіндіріңіз.

    3. Жанама әсерлердің даму себебін түсіндіріңіз.

    4. Бұл ауруға басқа қандай препараттарды қолдануға болады?

    53. Науқас Б., 18 жаста, 1 типті қант диабетімен ауырады (инсулинге тәуелді). 3 жыл бойы қысқа және ұзақ әсер ететін препараттарды жалпы мөлшері 20 бірлік/тәу. Мөлшерімен қабылдап жүрді.Келесі инъекциядан кейін науқаста қатты аштық сезімі, қатты терлеу, бас ауруы, жүрек соғуы пайда болды. Объективті: тахикардия, гипотермия, офтальмотонустың жоғарылауы, бұлшықеттердің еріксіз жиырылуы пайда болды.






    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет