Фармакология пәні бойынша «Жалпы медицина» факультетінің 3 курс студенттерінің емтихан сұРАҚтары



бет9/11
Дата14.06.2022
өлшемі89,6 Kb.
#146541
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3 курс ЖМ студенттеріне арналған емтихан сұрақтары

1. Инсулин препараттарының гипогликемиялық әсер ету механизмін түсіндіріңіз.

  1. Тапсырмада инсулинотерапияның қандай асқынуы сипатталған?

  2. Бұл жағдайды жою үшін қандай препарат көрсеткіш болып табылады?

54.Қабынуға қарсы терапияның ұзақ курсынан кейін науқаста Иценко-Кушинг синдромы дамыды, тітіркену, эпигастрий аймағында ауырсыну пайда болды. Препаратты қабылдау тоқтатылды, бірақ көп ұзамай науқастың жағдайы күрт нашарлады: АҚҚ төмендеді, жүрек қызметінің әлсіреуі байқалды..



  1. Науқас қандай препарат қабылдағанын анықтаңыз.

  2. Препараттың қабынуға қарсы әсер ету механизмін түсіндіріңіз.

  3. Препараттың жанама әсерлерінің даму механизмін түсіндіріңіз.

  4. Препаратты тоқтатқаннан кейін науқастың жағдайының нашарлауының себебі неде?

  5. Қандай көмек шараларын қолдану керек?

55.НауқасМ., 40 жаста, эндокринологтың тексеруі кезінде қалқаншабезініңұлғаюыанықталды. Тексеруденкейін «Диффузды зоб» диагнозы қойылды. Дәрігертәулігіне 1 таблеткаданМерказолилпрепаратынтағайындады.



  1. Мерказолил препаратының фармакологиялық тобын көрсетіңіз.

  2. Мерказолил препаратының әсер ету механизмін түсіндіріңіз.

  3. Мерказолил препараты қандай жанама әсерлер тудырады?

56. Жүрек жиырылу жиілігі мен күшін төмендетеді, жүрек автоматизмін тежейді. Қолданып бастағанда қан-тамырлар тонусын күшейтеді, ұзақ қолданғанда төмендетеді. Стенокардияда, жүректік тахиаритмияда және экстрасистолияда, гипертониялық ауруларда қолданады. Жағымсыз әсерлері: перифериялық тамырлардың спазмы, бронхтың тегіс салалы бұлшықет тонусының жоғарылауы. Брадикардия. Атриовентрикулярлы өткізгіштің тежелуі, жүрек жиырылуының қатты төмендеуі (жүрек жетіспеушілігінің күшеюі).


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың антиангинальды/антигипертензивті әсерінің механизмін түсіндіріңіз

57. ОЖЖ-дегі және адренергиялық жүйке талшығының ұштарындағы норадреналин қорын азайтады. Үйреніп кетушілік дамымайды. Гипертониялық ауруларды жүйелі емдегенде қолданады. Жағымсыз әсерлері: брадикардия, мұрынның бітелуі, асқазан бездерінің гиперсекрециясы, іш өту, седативті әсер, психикалық депрессия.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың антигипертензивті әсерінің механизмін түсіндіріңіз

58. Хирургиялық операция кезінде қаңқа бұлшықеттерін босату үшін қолданады. Жүйке-бұлшықет берілуін тежейді. Әсер ету ұзақтығы 30-60 минут. Жағымсыз әсерлері: АҚҚ төмендеуі, бронхоспазм. Антогонисті – антихолинэстеразалық препарттар.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың бұлшықетті босаңсытатын әсерінің механизмін түсіндіріңіз

59. Хирургиялық операция кезінде қаңқа бұлшықеттерін босаңсыту үшін қолданады. Әсер ету ұзақтығы 5-10 минут. Антихолинэстеразалық препараттар оның әсерін күшейтеді. Жағымсыз әсерлері: операциядан кейінгі бұлшықеттегі ауырсыну, жүректік аритмия. АҚҚ көтерілуі, көзішілік қысымның көтерілуі.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың бұлшықетті босаңсытатын әсерінің механизмін түсіндіріңіз

60. Көз қарашығын кеңейтеді, аккомадацияның салдануын шақырады, ішкі органдардың біріңғай салалы бұлшықет тонусын төмендетеді, без секрециясын төмендетеді. ОЖЖ-не тежегіш әсер көрсетеді. Наркоз алдындағы премедикацияда, теңіз және әуе ауруларының алдын алуда қолданады.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың көзге және көзішілік қысымға тигізетін әсерінің механизмін түсіндіріңіз
Препаратты анықтаңыз, оның фармакологиялық тобы және оған фармакологиялық сипаттама беріңіз.
61. Асқазан бездерінің секрециясын төмендетеді, сілекей бездеріне, ішкі органдардың біріңғай салалы бұлшықет тонусына, жүрек жиырылу жиілігіне және атриовентрикулярлы өткізгіштікке аз әсер етеді. Гематоэнцефалдық тосқауылдан өтпейді. Асқазан мен 12-елі ішек жара ауруларында қолданады.
1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың асқазан безінің секрециясына және оның таңдамалылығына тигізетін әсерінің механизмін түсіндіріңіз

62. Төртіншілік аммоний қосылысы. Әр түрлі М-холинорецепторларды таңдамасыз тежейді. Бронхтың біріңғай салалы бұлшықет тонусын төмендету үшін ингаляция түрінде қолданады. Резорбтивті әсеріне байланысты жағымсыз әсерлері аз.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың бронхолитикалық әсерінің механизмін түсіндіріңіз

63. Жүрекке айқын стимуляциялық әсер көрсетеді. Бронхтың біріңғай салалы бұлшықет және қан тамырлар тонусын төмендетеді. Ингаляция түрінде және тіл астына енгізеді. Бронхиалды астмада, атриовентрикулярлы блокадада қолданады. Жағымсыз әсерлері: тахикардия, жүректік аритмия, АҚҚ төмендеуі.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың бронхолитикалық әсерінің механизмін түсіндіріңіз

64. Қан тамырлар тонусын күшейтуі де төмендетуі де мүмкін. Ішке енгізгенде тиімді емес. Парентералды қолданады. Қысқа уақыт әсер етеді (15-30минут). Анафилактикалық шок кезінде қолданылатын препарат (ең тиімді препарат). Бронхиалды астма ұстамасын тоқтатуда, АҚҚ көтерілгенде, жоғары сезімталдықтың баяу түрінде, ашық бұрышты глаукомада, гипогликемиялық комада, жүрек тоқтағанда, атриовентрикулялы блокадада қолданады. Жағымсыз әсерлері: тахикардия, жүректік аритмия.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың жүрекке тигізетін әсерінің механизмін түсіндіріңіз

65. Қан тамырларды тарылтады және АҚҚ жоғарылатады. Бронхтың біріңғай салалы бұлшықет тонусына әсер етпейді. Ішке енгізгенде тиімді емес. Көктамырға енгізеді. Қысқа уақыт әсер етеді (бірнеше минут). Негізгі қолданатын көрсеткіші – АҚҚ-ның күрт төмендеуі. Жүрек тоқтауы кезінде интракардиалды қолдануға болады.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың қантамырларға тигізетін әсерінің механизмін түсіндіріңіз

66. Төмен дәрежеде жүрек жиырылу жиілігіне, атриовентрикулярлы өткізгіштікке, жүрек автоматизміне әсер ете отырып жүректің жиырылу күшін күшейтеді. Бронх бұлшықеттерінің және қан тамырларының тонусын өзгертпейді. Тек көктамырға енгізгенде тиімді. Қысқа уақыт әсер етеді (бірнеше минут). Жүрек жеткіліксіздігінде кардиотоник ретінде қолданады.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың кардиотонустық әсерінің механизмін түсіндіріңіз

67. Қан тамыр тонусына аз әсер ете отырып несеп жолы мен қуықасты безінің простатикалық бөлігінің тегіс салалы бұлшықет тонусын төмендетеді. Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы кезінде қолданылады.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың қуық түбі безіне тигізетін әсерінің механизмін түсіндіріңіз

68. Несеп жолы мен қуықасты безінің простатикалық бөлігінің қан тамырларының біріңғай салалы бұлшықет тонусын төмендетеді. Гипертониялық ауруды жүйелі емдеуде, қан тамырлардың спазмында, қуықасты безінің қатерсіз аденомасында қолданылады.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың қантамырларға тигізетін әсерінің механизмін түсіндіріңіз

69. Көз қарашығын кеңейтеді, көзішілік қысымды төмендетеді, аккомодация спазмын шақырады. Жоғары уытты. Тек глаукомада жергілікті қолданылады. Осы препартпен уланғанда М-холиноблокаторларды және холинэстераза реактиваторларын қолданады.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың көзге тигізетін әсерінің механизмін түсіндіріңіз

70. Наркозға арналған препарат. NMDA-рецепторларының бәсекелес емес антогонисті. Айқын ауырсыну сезімін басатын қасиетке ие. «Диссоциативті анестезия» жағдайын шақырады. Жағымсыз әсерлеріне галлюцинация жатады.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препаратқа толық фармакологиялық сипаттама беріңіз

71. Барбитур қышқылының туындысы. Көктамырға бір рет енгізгенде ұзақтығы 20-30 минут наркоз тудырады. Қысқа уақыт әсер етуі заттың организмде қайта бөлінуі – май тіндеріне жинақталуына байланысты. Наркоз кезінде анальгезия әлсіз.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың наркоз туғызатын әсерінің механизмін түсіндіріңіз

72. Ұйықтататын препарат. Ұйқы құрылымына аз әсер етеді. Бензодиазепин рецепторларының агонисті, химиялық құрылысы бойынша бензодиазепин туындысы болып табылмайды.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың ұйықтататын әсерінің механизмін түсіндіріңіз

73. Тригеминальды невралгияда таңдау препараты, нейрондар мебраналарының натрий каналдарының блокаторы. Эпилепсияда да қолданылады.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың эпилепсияға қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз

74. Опиодты мю-рецепторлардың агонисті. Айқын ауырсыну сезімін басатын қасиетке ие, тынысты тежейді. Тері астына немесе бұлшықетке енгізгенде әсер ету ұзақтығы 4-5 сағат. Жүйелі түрде қолданғанда дәріге тәуелділік тудыруы мүмкін.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың ауырсынуды жоятын әсерінің механизмін түсіндіріңіз

75. Анальгетикалық белсенділігі бойынша морфиннен 100-400 есе жоғары, қысқа уақыт әсер етеді (≥30 минут, көктамырға енгізгенде). Нейролептоанальгезия үшін таңдау препараты.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың ауырсынуды жоятын әсерінің механизмін түсіндіріңіз

76. Ауырсыну басу әсерін морфинмен салыстыруға болады. Морфинге қарағанда тынысты және ішек перистальтикасын аз тежейді. Наркогендік потенциалы аз. Опиодты мю-рецепторлардың жартылай агонисті.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың ауырсынуды жоятын әсерінің механизмін түсіндіріңіз

77. Препарт Паркинсон ауруын және паркинсонизм синдромын емдеуге арналған. NMDA-рецепторларының бәсекелес емес антогонисті.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың паркинсонизмге қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз

78. Паркинсонизм кезінде базальды ядролардағы медиатор санын арттыру арқылы дофаминергиялық берілуді жақсартады. Жиі жүрек қан-тамыр жүйесі және ас қорыту мүшелері тарапынан бұзылыстар шақырады.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың паркинсонизмге қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз

79. Эпилептикалық статусты тоқтату үшін қолданылады. ОЖЖ-да ГАМҚ-рецепторлардың медиаторларға сезімталдығының артуына байланысты ГАМҚ-ергиялық процестерді күшейтеді.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың паркинсонизмге қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз

80. Орталық әсерлі ауырсынуды басатын препарат. Қызуды төмендететін белсенділігі бар, қабынуға қарсы әсері жоқ. Асқазанның шырышты қабатына және бүйрек функциясына аз әсер етеді. Артық дозаланғанда бауыр зақымдануы мүмкін.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың қызуды түсіретін және ауырсынуды жоятын әсерінің механизмін түсіндіріңіз

81. ОЖЖ-де дофаминдік рецепторларды тежейді, психоздың өнімдік симптоматикасын азайтады (сандырақтау, галлюцинация), седативті әсер етеді. АҚҚ төмендетуі мүмкін. Жағымсыз әсерлері М-холинорецепторлардың тежелуіне байланысты. Экстрапирамидалық бұзылыстар шақырады.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың психозға қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз

82. Айқын психозға қарсы әсері бар, бірақ аминазиннен (хлорпромазин) төмен, вегетативтік функцияларға әсер етеді (адероно-холиноблокаторлық әсері айқын емес). Аминазинге қарағанда жиі экстрапирамидалық бұзылыстар шақырады.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың психозға қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз

83. Ингаляциялық наркозға арналған препарат. Наркоздық белсенділігі аз, бірақ айқын ауырсынуды басатын қасиетке ие. Паренхиматозды ағзалар қызметіне аз әсер етеді, тітіркендіргіш қасиеті жоқ.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың қолданылуы мен оны ұзақ қолданғанда пайда болатын жағымсыз әсерлерін жазыңыз

84. Паркинсон ауруы және паркинсонизм кезінде базальды ядолардағы дофаминергиялық процестерді күшейтеді. МАО-В -ны таңдамалы тежейді. Әдетте паркинсонға қарсы тиімділігі жоғары препараттармен бірге қолданылады.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың паркинсонизмге қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз

85. МАО-ны таңдамалы және қайтымды тежеу арқылы антидепрессивті әсер көрсетеді.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың антидепрессивті әсерінің механизмін түсіндіріңіз және толық фармакологиялық сипаттама беріңіз

86. Препарат ГАМҚ-ның циклдік туындысы болып табылады. Ақыл-ой дамуы артта қалған балалардың оқу процесін жақсартады. Интоксикация, ми жарақаты, инсульт нәтижесінде зардап шеккен жоғары жүйке қыметін жақсартады. Емдік әсері жәй дамиды.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың оқу/меңгеру процессіне тигізетін әсерінің механизмін түсіндіріңіз

87. Эпилепсияға қарсы дәрі, эпилепсияның кіші ұстамаларын жүйелі емдеуге арналған таңдау препараты. ОЖЖ-де кальций каналдарының блокаторы.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың эпилепсияға қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз

88. Психостимуляторлық қасиетке ие. Сопақша мидың өмірлік маңызды орталықтарын белсендіреді, кардиостимуляциялық әсері бар. Пиринергиялық (аденозинді) рецепторларының антагонисті.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың психостимуляторлық әсерінің механизмін түсіндіріңіз

89. Антидепрессант, норадреналин мен серотониннің нейрональді ұсталуын тежегіші. Айқын седативті қасиетке ие. Жанама әсерлері холино - және адренорецепторлардың тежелуімен байланысты.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың жағымсыз әсерлерін жазыңыз және олардың даму механизмін түсіндіріңіз

90. Антипсихотикалық препарат, дофамин рецепторларының блокаторы, әсері салыстырмалы қысқа мерзімді, нейролептанальгезия кезінде таңдаулы препарат.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.»Нейролептанальгезия» анықтама беріңіз және қандай препараттармен біріктіру керек

91. Жүрек жиырылуының күшін арттырады. Фосфодиэстераза ферментін тежеу есебінен кардиомиоциттердегі цАМФ мөлшерін арттырады. Терапияның басқа түрлеріне жатпайтын жүрек жеткіліксіздігі кезінде қолданылады.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың миокардқа тигізетін әсерінің механизмін түсіндіріңіз

92. Препарат аритмияға қарсы әсер етеді, сондай-ақ жергілікті анестезиялаушы белсенді. Негізінен қарыншаға әсер етеді, іс жүзінде өткізгіштікке әсер етпейді. Миокардтыжиырылтадыжәне артериялық қысымды.Қысқа мерзімде әсер етеді, миокард инфаркты фонында пайда болған қарыншалық аритмиялар кезінде"таңдау препараты" болып табылады.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың аритмияға қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз

93. Препарат антиангинальді, аритмияға қарсы және гипотензиялық әсер етеді. Жүрек жұмысын азайтады. Жүйелі қолданғанда жалпы перифериялық тамыр кедергісінің төмендеуіне әкеледі. Бронхтардың тонусын арттыруы мүмкін.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың антиангинальды әсерінің механизмін түсіндіріңіз

94. Препарат жүрек алдындағы және кейінгі жүктемені төмендету есебінен миокардтыңоттегіге қажеттілігін азайтады. Жүректің ірі коронарлық тамырларын кеңейтеді. Тез және қысқа әрекет етеді (30 минутқа дейін). Негізінен стенокардия ұстамаларын тоқтату үшін қолданылады.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың антиангинальды әсерінің механизмін түсіндіріңіз

95. Препарат серотонин 5-HT1D рецепторларының таңдаулы агонисті болып табылады. Бас сақинасы ұстамаларын тоқтату үшін ғана қолданылады. Тері астына, ішке және антраназальды енгізіледі.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың бронхолитикалық әсерінің механизмін түсіндіріңіз

96. Препарат қан қысымын арттырады, адренорецепторларды ынталандырады, тамырлардың айқын тарылуын тудырады. In vivo брадикардияны тудырады. Қысқа уақыт әсер етеді. Тек көктамырға енгізіледі.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың гипертензивті әсерінің механизмін түсіндіріңіз

97. Бүйрек каналдарының эпителийінің қызметін бұзады, натрий иондарының, хлор мен судың реабсорбциясын азайтады. Калий және магний иондарының шығарылуын азайтады. Әсері ағзадағы альдостерон деңгейіне байланысты емес.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың диуретикалық әсерінің механизмін түсіндіріңіз

98.Препарат артериялық қан қысымы, әсіресе рениннің мөлшері жоғарылағанда қолданылады. Жанама әсерлері: аллергиялық реакция (терінің бөртуі, қызба), тахикардия, дәм сезудің бұзылысы, құрғақ жөтел, тіл мен көмекейдің шырышты қабығының домбығуымен ангионевротикалық ісік шақыруы мүмкін.


1.Препаратты анықтаңыз.
2.Препарат антигипертензиялық заттардың қай тобына, топшасына жатады?
3.Препараттың гипертензияға қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз.

99.L-типті калций каналының тежегіштеріне жатады. Бастысы тамырларға әсер етеді, іс жүзінде жүрекке әсер етпейді. Гипотензивті және антиангинальды әсерді шақырады:


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың антиангинальды әсерінің механизмін түсіндіріңіз

100.Тиімділігі жоғары, жылдам және қысқа уақыт диуретикалық әсер шақырады. Бүйрек өзекшелерінің эпителийінің қызметін бұзады, натрий, хлор және су иондарының реобсорбциясын төмендетеді. Калий және магний иондарының шығарылуын жоғарылатады. Гипотензивті әсер көрсетеді:


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың диуретикалық әсерінің механизмін түсіндіріңіз

101. Гидрокортизонның синтетикалық туындысы химиялық құрылымда 2 фтор атомы бар. А2 фофолипаза белсенділігінің тежелуі есебінен простагландиндер мен лейкотриендердің түзілуін бұзады; қабынуға қарсы және иммунодепрессивті қасиеттерге ие. Тек жергілікті (жағынды, крем) ретінде қолданылады.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың қабынуға қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз

102. Хлорлы сутек қышқылының бөлінуін азайтады, асқазанның секреторлық қызметіне гистаминнің ынталандыратын әсерін тежейді. Асқазанның ойық жарасында және он екі елі ішектің ауруларында қолданылады:


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың асқазан безінің секреторлық қызметіне тигізетін әсерінің механизмін түсіндіріңіз

103. Асқазан ойық жарасы мен он екі ішектің ауруында қолданылады. Асқазан сөліндегі тұз қышқылын бейтараптандарыды. Адсорбциялық қасиетке ие. Іш қату мен гипофосфатемияны шақыруы мүмкін:


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың әсер ету механизмін түсіндіріңіз

104.Дәрі алдындағы дәрі болып табылады. Секреторлық түтікшелер қышқылды ортада белсендіріледі. Ішекте сіңіріледі. Хлорлы сутек қышқылының қызметін төмендетеді. Протон насосының тежегіштеріне жатады:


1.Препаратты анықтаңыз Омепразол
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз Асқазан бездерінің секрециясын төмендететін заттар, протондық насостың тежегіштері
3.Препараттың асқазан безінің секреторлық қызметіне тигізетін әсерінің механизмін түсіндіріңіз Бұл асқазанның париеталды жасушалары протондық насосының қызметін тежейтін ойық жараға қарсы препарат.Омепразол өзі әлсіз негіз болғандықтан,бейтарап рН та тиімсіз. Бірақ ол париеталды жасушалар өзекшелерінің қышқыл ортасында онымен дисульфидті көпірше арқылы әсерлесе отырып, мембраналық Н, К, АТФазаны қайтымсыз тежейтін белсенді метаболит сульфенамидке айналады. Сульфенамид катион болғандықтан, абсорбцияға ұшырамайды. Омепразол базалдық және хлорлы сутек қышқылының кез келген тітіркендіргештер әсерінен дамыған секрециясын тежейді. Асқазан сөлінің жалпы көлемін төмендетеді және пепсиногеннің бөлінуін тежейді.

105. Мес жасушалардан аллергия медиаторларын босатуға кедергі келтіреді; адреномиметикалық қасиеттерге ие емес; бронх демікпесінің ұстамаларының алдын алу үшін қолданады,бронх демікпесінің ұстамалары пайда болған кезде тиімсіз.


1.Препаратты анықтаңыз Кетотифен
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз Бронхоспазмда қолданылатын заттар\Қабынуға қарсы және бронхолитикалық белсенділігі бар заттар\Аллергияға қарсы заттар
3.Препараттың әсер ету механизмін түсіндіріңіз Оның әсер ету механизмі гистаминнің және басқа да медиаторлардың толық жасушалардан босап шығуының тежелуімен, гистаминдік Н1–рецепторлардың бөгелуімен және фосфодиэстераза ферментінің басылуымен байланысты, соның нәтижесінде толық жасушаларда цАМФ деңгейі жоғарылайды. ТБФ (тромбоцито-белсенділендіруші фактор) әсерлерін басады.

106. Мес жасушалардан аллергия медиаторларының бөлінуіне кедергі жасайды,адреномиметикалық қасиетке ие, артериялық қысымды жоғарылатады, бронхтарды кеңейтеді, қандағы глюкоза мөлшерін арттырады; анафилактикалық шок пен бронх демікпесінің ұстамаларын басу үшін қолданылады.


1.Препаратты анықтаңыз
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз
3.Препараттың аллергияға қарсы әсерінің механизмін түсіндіріңіз

107.Тромб түзілуіне жол бермейді, протромбиннің тромбинге өтуін бұзады, антитромбин III белсендіреді, тромбинді тежейді. Ол жергілікті және көк тамырға, тері астына, бұлшық етке қолданылады. Артық дозаланғанда протромбин сульфаты қолданылады:


1.Препаратты анықтаңыз Гепарин
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз Антикоагулянттар\ Тікелей әсер ететін антикоагулянттар
3.Препараттың қан ұю жүйесіне тигізетін әсерінің механизмін түсіндіріңіз Тікелей әсер ететін антикоагулянт, орташа молекулалық гепариндер тобына жатады, фибриннің түзілуін баяулатады. Антикоагулянттық әсері in vitro және in vivo сипатында анықталады, көктамыр ішіне енгізгеннен кейін бірден басталады.Гепариннің әсер ету механизмі бәрінен бұрын оның қан ұюының белсенділендірілген факторларының: тромбин, IXa, Xa, XIa, XIIa тежегіші - III антитромбинмен (ерекше маңыздысы тромбин мен белсенділендірілген Х факторды тежеу қабілеті болып саналады) байланысуына негізделген. Гепарин протромбиннің тромбинге ауысуын бұзады, тромбинді бәсеңдетеді және фибриннің фибриногеннен түзілуін тоқтатады, сондай-ақ аздаған дәрежеде тромбоциттер агрегациясын азайтады.
108.К1 витаминінің белсенді формасының түзілуін бұзады, сондықтан бауырдағы коагуляция факторларының синтезіне кедергі келтіреді. Әсері біртіндеп дамиды. Ішке қабылдауға арналған. Бауырдың жұмысын нашарлатып, қан кетуіне әкелуі мүмкін:
1.Препаратты анықтаңыз Варфарин
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз Антикоагулянттар\Әсері тікелей емес антикоагулянттар
3.Препараттың жағымсыз әсерінің (қан кету) пайда болу механизмін түсіндіріңіз
Әсер ету механизмі варфариннің К витаминінің белсенді емес эпоксидін оның белсенді түріне айналуына кедергі жасайтын қабілетімен жүзеге асады, бұл протромбиннің карбоксилденуін, ІІ, ҮІІ, ІХ және Х ұю факторалын бөгейді. Қанда осы компоненттердің концентрациясы төмендейді, ұю процесі қиындайды.
109.Метаболизмге ынталандырушы әсер көрсетеді. Негізгі алмасуды және тіндердің оттегіні қолдануын жоғарылатады. Тіндердің оттегін тұтынуын және метоболизмді арттырады. Майлардың, ақуыздардың және көмірсулардың ыдырауын күшейтеді. Ол гипотироеидизмде қолданылады:
1.Препаратты анықтаңыз L Тироксин
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз Қалқанша безінің гормондары
3.Препараттың әсер ету механизмін түсіндіріңіз

110. Стероидты қосылыс.Миометрияның қозғыштығын төмендетеді, овуляцияға кедергі жасайды, сүт бездерінің без тіндерінің өсуіне ықпал етеді. Сары дене қызметінің жетіспеушілігінде түсік тастаудың алдын алу үшін тағайындалады:


1.Препаратты анықтаңыз Прогестерон
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз Аналық жыныс бездері гормондарының препараты\ Гестагенді препараттар
3.Препараттың әсер ету механизмін түсіндіріңіз Аналық бездің сары денесінің табиғи гормонына ұқсас гормон. Нысана-мүшелердің жасушаларының бетіндегі рецепторлармен байланысу арқылы ол ядроға еніп, ДНҚ-ны белсендіреді және РНҚ синтезін ынталандырады. Жатырдың шырышты қабығының фолликулярлық эстрадиол гормонынан туындаған пролиферация фазасынан секреторлық фазаға өтуіне ықпал етеді. Ұрықтанғаннан кейін ол ұрықтандырылған жұмыртқаны дамытуға қажетті күйге өтуге ықпал етеді. Жатырдың және жатыр түтіктерінің бұлшықеттерінің қозғыштығы мен жиырылу қабілетін төмендетеді. Қалыпты эндометрияның қалыптасуына ықпал етеді. Сүт безінің терминалдық элементтерінің дамуын ынталандырады, лактацияны тудырады.
Протеин липазасын ынталандыру арқылы ол май қорларын арттырады, глюкозаны пайдалануды арттырады. Базальды және ынталандырылған инсулин концентрациясын арттыру арқылы бауырда гликогеннің жиналуына ықпал етеді, гипофиздің гонадотропты гормондарының өндірісін арттырады;

111.Гипокалиемиялық әсерге ие. Бигуанид туындысы болып табылады. Ішке қабылдаған кезде тиімді. 2-типті қант диабеті кезінде тағайындалады:


1.Препаратты анықтаңыз Метформин
2.Оның фармакологиялық тобы мен топшасын жазыңыз Ұйқы безінің гормондық препараттары және диабетке қарсы синтетикалық заттар\глюконеогенезді тежейтін және глюкозаның тіндерге түсуіне ықпал ететін заттар
3.Препараттың гипогликемиялық әсерінің механизмін түсіндіріңіз Метформин қандағы глюкозаның деңгейін төмендетеді. Метформиннің жұмыс істеу механизмі әлі нақты болмаса да, біз қандағы глюкозаны төмендету әсерін келесі жолмен өндіретінін білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет