Фармакология пәні бойынша «Жалпы медицина» факультетінің 3 курс студенттерінің емтихан сұРАҚтары



бет6/11
Дата14.06.2022
өлшемі89,6 Kb.
#146541
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3 курс ЖМ студенттеріне арналған емтихан сұрақтары
РФ ұзақбаева срс, 9 апта срсп пед
1. Бұл гельминтозға қандай препараттарды ұсынуға болады?
2. Олардың әсер ету механизмін түсіндіріңіз.
3. Препарат қандай жанама әсерлерді тудыруы мүмкін және оларды қалай болдырмауға болады?

31.Оқиға орнына шақырылған жедел жәрдем бригадасы жеке үйде 25 жастағы науқасты жеңіл мас күйінде анықталды. Науқас құлағындағы шуға, бас айналу, бас ауруы, жас ағу, желкесінің солқылдауына, жүрек айну, құсу, көру және есту қабілетінің бұзылуы, бұлшықет әлсіздігі туралы шағымдар жасайды. Аздаған физикалық қозғалыста қатты ентікпе, бетінің түсі мен шырышты қабықтары қандағы карбоксигемоглобин жоғарлауына байланысты бозару туындады. Қан қысымы 100/50 мм. рт.ст. Газбен уланған диагнозы қойылды.


1. Бұл науқаста қандай іс-шаралар жүргізу керек?
2. Сіз таңдаған дәрілер қандай фармакологиялық топқа, кіші топқа жататынын көрсетіңіз.
3. Сіз таңдаған препараттың әсер ету механизмін түсіндіріңіз.
4. Бұл препарат қандай жанама әсерлерді тудыруы мүмкін?
32.Операция кезінде науқасқа наркозға тиопентал натрий енгізілді. Мөлшерден көп беру нәтижесінде тынысы тежелді. Дәрігер көк тамырға цититон енгізді.
1.Дәрігердің науқасқа цититон енгізгені дұрыс па?
2.Цититон қандай фармакологиялық топқа жатады?
3.Цититонның әсер ету механизмін түсіндіріңіз
4.Осы жағдайда тынысты күшейту үшін қандай препараттарды қолданған тиімді? 5.Қолданылған препараттардың әсер ету механизмін түсіндіріңіз

33.67 жастағы науқас тыныс демікпесімен 3 жыл бойы ауырады. Анамнезінде созылмалы бронхит бар және жұмыс орнында науқасқа ұнның шаңы зиянды әсер ететіндігі анықталды. Тыныс демікпесінің ұстамасы тұнгі мезгілде және таң алдында пайда болады. Науқас тәулігіне 300-400 мл сұр түсті сұйық қақырық, әсіресе түнгі мезгілде шығарады.


1.Ең тиімді және қауіпсіз бронхолитикті тағайындаңыз.
2.Оның фармакологиялық тобын жазыңыз
3.Бұл препараттың бронхолитикалық әсерінің механизмі түсіндіріңіз
4.Бұл препарат қандай жағымсыз әсерлер туғызады?

34. Тыныс демікпесі бар науқастың атропин сульфатын тағайындаған соң жағдайы жақсарды. Алайда 10 күннен кейін жағдайы нашарлап, дене температурасы 37,80 көтеріліп, демікпе, қақырық түсуі қиындаған, жөтел пайда болды, жүреқ согуы минутына 90 болды.


1.Атропин бронхолитикалық дәрілердің қай тобына жатады?
2.Атропиннің бронхолитикалық әсерінің механизмін түсіндіріңіз
3.Пайда болған асқынулардың себебі не?
4.Емге қандай өзгерістер енгізу қажет?

35. Тыныс демікпесінің жеңіл түрімен ауыратын 28 жастағы Б науқаста соңғы 7 күнде тынысының жетіспеушілігі дамып, эспираторлы тұншығу пайда болды. Бұл асқынуларды науқас үйін жөндеуге қолданған иісі қатты заттармен байланыстырады. Ұстаманы басу үшін науқас «Астмопент» және «Беротек» ингаляторларымен тәулігіне 12-14 рет қолданды. Әсері аз уақытқа жетті. 3-ші күні демікпенің ауыр ұстамасы басталды. «Астмопент» ингаляциясынан кейін тіптен нашарлады; тахикардия, АҚ көтерілді.


1. «Астмопент» препараты қандай фармакологиялық топқа жатады?
2.Неліктен симпатомиметиктерді қолданғаннан кейінгі ұстама дамыд?
3.Ингаляциялық симпатомиметиктерді қалай тағайындау қажет және нелікте ?
4.Пайда болған жағымсыз әсерлерді азайту үшін қандай препараттар тағайындау қажет?

36.Клиникаға қатты жөтелмен 2 бала түсті. Біріншісінде кілегейлі-іріңді қақырығы мол ылғылды жөтел, ал екіншісінде-құрғақ және булыққан жөтел, денесінде коклюшке тәнкөлемді бөртпелер бар.


1.Осы екеуінің қайсысына жөтелге қарсы дәрі тағайындайсыз және неге екенін түсіндіріңіз.
2.Сіз таңдаған препараттар қандай фармакологиялық топ пен топшаға жатады?
3.Сіз таңдаған препараттардың жөтелге қарсы әсерінің механизмі түсіндіріңіз
4.Бұл препараттар қандай жағымсыз әсерлер туғызады?

37.Ревматикалық митральды жүрек ақауы бар науқаста жүрек қызметінің декомпенсациясы дамыды: ісіну, ентігу, акроцианоз пайда болды. Науқас ауруханаға жатқызылып, тез дегитализацияны жүргізе бастады. Ісінуді жою үшін тұзсыз диета тағайындалды, қабылданған сұйықтықтың көлемі шектелді және организмнен калий мен натрий иондарының шығарылуын тудыратын диуретик фуросемид тағайындалды. Емдеу аясында науқаста гликозидті интоксикация белгілері дамыды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет