Фармакология пәні бойынша «Жалпы медицина» факультетінің 3 курс студенттерінің емтихан сұРАҚтары



бет2/11
Дата14.06.2022
өлшемі89,6 Kb.
#146541
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3 курс ЖМ студенттеріне арналған емтихан сұрақтары

ІІ.Ахуалдық тапсырмалар:

1.Операциялық журналдағы науқастарды ауруханадан шығару қағаздары талдаңыз. К. науқасқа аппедэктмоия жасалған. Аестезия алдында 0,25%-500 мл Лидокаинның стерильді ертідісіне Х ертідісі 0,1%-1 мл көлемінде асептикалық жағдайда қосылды және анестетик ертіндісі қабат-қабат енгізу арқылы жансыздадырылды.


1.Қандай зат қосылды?
2.Ол қандай фармакологиялық топқа жатады?
3.Оны қандай мақсатты қосқанын түсіндіріңіз

2.И.науқасқа тамақпен улануға байланысты асқазанды жуғаннан кейін мөлшері 0,5 белсендірілген көмірді таблетка түрінде тағайындады.


1.Препарат қандай фармакологиялық топқа жатады?
2.Белсендірілген көмір қандай мақсатта тағайындалды?
3.Оның әсер ету механизмін түсіндіріңіз
4.Оы науқасқа қандай мөлшерде және түрде тағайындау қажет?

3.У. науқасқа тіс экстракциясы (жұлу) барысында күрделі эфир тобындағы дәрімен анестезия жасалды. Біраздан кейін басының айналуы, жалпы әлсіздік, АҚҚ төмендеуі, терісінің қызаруы, майда бөртпелер, терісінің күлдіреуі байқалды. Ауыр жағдайдағы коллапс және анафилактикалық талықсу дамиды.


1. Науқасқа қандай препарат енгізілді?
2. Препарат қандай фармакологиялық топқа жатады?
3.Препараттың анестезиялаушы әсерінің механизмін түсіндіріңіз
4.Науқастағы жайсыз әсерлер немен байланысты дамыды?
4.Б.студентте қапырық бөлмеде зачет тапсыру кезінде бас айналу, тері жамылғысының бозарыуы, құлағының шулауы, айқын әлсіздік пайда болды.
1.Диагноз қойыңыз
2.Бұл жағдайда е істеу керек (қандай препарат және қалай енгізу керек)?
3.Бұл препараттың әсер ету механизмін түсіндіріңіз

5. Қабылдау бөліміне В. атты науқас ауыр жағдайда жеткізілді. Қарау барысында: көз қарашығының тарылуы, сілекей ағуы, құсу, іш өтуі, тыныс алудың қиындауы симптомдары байқалды. Тексеріс барысында брадикардия, артериалық қан қысымның төмендеуі анықталды. Анамнезі бойынша науқас жақында қуырылған саңырауқұлақ жегені анықталды.



  1. Қандай зат улануға алып келді?

  2. Осы симптомдарға ұқсас көрініс бере алатын дәрілердің фармакологиялық тобын атаңыз? Жағымсыз әсерлердің даму механизмін түсіндіріңіз.

  3. Улануға қарсы дәрі ретінде не қолдануға болады? Оның әсер ету механизмі қандай?

6. Ауруханға көзінің көруінің аяқасты төмендеуіне, басының қатты ауратындығына шағымданып науқас келді. Қарау кезінде көзішілік қысымының артқандығы анықталды. Глаукома диагнозы қойылды.

  1. Науқасқа осы жағдайда қандай дәрілерді ұсынуға болады?

  2. Бұл препарат қандай фармакологиялық топқа жатады?

  3. Препараттың көзге әсер ету механизмін түсіндіріңіз?

  4. Препарат қандай жағымсыз әсерлер тудыруы мүмкін?

7. Қабылдау бөліміне А. атты науқас ауыр жағдайда жеткізілді. Науқас басының ауруына, бас айналуына, үрей сезіміне, іш тұсының ауруына, кіндік аймағының ауруына шағымданады. Күні бойы бірнеше рет құсу, іштің өтуі болған. Қарау кезінде: көз қарашығының тарылғаны, брадикардия, жүрек тондары тұйықталған, АҚҚ төмендеген, тыныс алу қиындаған, бұлшықеттердің фибриллярлы дірілдеуі, галлюционациялар анықталды. Анамнезінен, науқас бақшасын карбафоспен өңдегені анықталды.



  1. Улануды тудырған заттың фармакологиялық тобы қалай аталады?

  2. Дәрілердің артық мөлшерленуі болғанда осындай әсерлеоді туғызатын дәрілердің фармакологиялық тобын атаңыз ?

  3. Жалпы көмек көрсету шаралары?

  4. Фармакологиялық антагонистті атаңыз? Әсер ету механизмі қандай?

8. Ота барысында науқастың бұлшықет тонусын төмендету үшін бір препарат енгізілді. Дәріні енгізгеннен кейін, ота барысында науқаста шеткі тамырлардың кеңеюі, АҚҚ төмендеуі, бронхтар тонусының жоғарылауы анықталды.

  1. Науқасқа қандай дәрі енгізілді?



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет