Фармакотерапия пәні бойынша емтихан сұрақтарының тізбесі


Сіңірілудің көрсеткіштері



бет6/61
Дата07.06.2022
өлшемі122,83 Kb.
#146167
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
отв.Фармакотерапия сессия

Сіңірілудің көрсеткіштері:
* Сіңірілу толықтығы — сіңірілген ДЗ пайызбен алғандағы мөлшері.
* Максимальды концентрацияға қол жеткізу үшін қажетті уақыт (Тmax) — ДЗ сіңірілу жылдамдығы мен терапевтік әсердің даму жылдамдығы.
* Абсорбция жылдамдығының константасы (Ка) — ДЗ енгізген жерден қанға түсуі.
* Жартылай абсорбциялану кезеңі (Т12а) — ДЗ енгізген жерден препарат мөлшерінің жартысының қанға тусуі.
Дәрілік заттың сіңірілуіне әсер ететін факторлар
Әлсіз электролит болып табылатын ДЗ сіңірілуі олардың иондану дәрежесіне байланысты:
* диффузия жолымен диссоцацияланбаған молекулалар сіңіріледі; препараттың иондарға диссоцациялануы диффузия үрдісін тоқтатады, бірақ мұндай жағдайда препарат фильтрация жолымен сіңірілуі мүмкін.
* ДЗ сіңірілуіне АІТ әр түрлі үрдістер әсер етеді: мысалы үшін, АІТ ферменттер белоктар мен полипептидтердің белсенділігін төмендетеді (АКТГ, вазопрессин, инсулин және т.б.).
* ДЗ сіңірілуіне АІТ моторикасы, тағамның көлемі мен құрамы, препарат пен тағам қабылдау арасындағы интервал әсер етеді

Дәрілік заттардың таралуы — бұл ДЗ әр түрлі тіндерге, мүшелерге, ағзаның сұйық орталарына өтуі, жинақталуы. Фармакодинамикалық әсердің қарқындылығын ДЗ тіндерде жинақталу дәрежесі анықтайды.
Таралу көрсеткіштері:
* Алғашқы концентрация (Со) — көктамыр ішіне енгізген соң, сол мезетте мүшелер мен тіндерге таралған, қан плазмасындағы препараттың концентрациясы.
* ДЗ қандағы максимумды концентрациясы (Сmax) — парентеральды немесе пероральды енгізген соң дамыған қан айналым жүйесіндегі препараттың максимальды концентрациясы.
* Стационарлы (тұрақты) концентрациясы (Css) — ағзаға үздіксіз, тұрақты жылдамдықпен түсіп отырғандағы препараттың қан плазмасындағы концентрациясы.
* ДЗ таралу көлемі (Vd) — бұл қан плазмасынан препараттың тіндермен ұсталыну дәрежесі.
Дәрілік заттардың таралуына әсер ететін факторлар:
* регионарлы қан айналымның қарқындылығы;
* ДЗ қан плазмасындағы белоктармен және тіндік құрылымдармен байланысу дәрежесі;
* ДЗ липидтерде ерігіштігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет