Фармакотерапия пәні бойынша емтихан сұрақтарының тізбесі


Содан кейін, қанмен нашар қамтамасыз етілетін мүшелер мен тіндерге түседі



бет9/61
Дата07.06.2022
өлшемі122,83 Kb.
#146167
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   61
Байланысты:
отв.Фармакотерапия сессия

Содан кейін, қанмен нашар қамтамасыз етілетін мүшелер мен тіндерге түседі:
* бұлшық ет, кілегей қабаттары, тері және майлы тін, сүйектер (перфузия жылдамдығы — 0,1млмин төмен).

Биожетімділік дегеніміз – сіңіріліп, пресистемді метаболизм нәтижесінде өзгеріске ұшырамай, белсенді метаболит түрінде жүйелі қан айналымға түскен, ішке қабылданған ДЗ мөлшерінің бір бөлігі.
Биожетімділіктің негізгі көрсеткіштері:

  • абсолютті биожетімділік

  • салыстырмалы биожетімділік

  • ДЗ биожетімділігіне келесі факторлар әсер етеді:

  • ДЗ ағзаға енгізілу жолы;

  • науқастың ағзасының жеке ерекшеліктері, АІТ, жүрек, қан-тамыр жүйесі, бауыр, бүйрек жағдайы;

  • биофармацевтік факторлар (дәрілік заттардың формасы, оның құрамы, өндіріс технологиясы және т.б.).



5) ДЗ биотрансформациясы, негізгі реакциялар. Жартылай шығарылу кезеңі және ДЗ клиренсі. Элиминация ЛС.
Биотрансформация (метаболизм) — дәрілік заттың ағзадағы химиялық өзгеру процесі. Биотрансформация (немесе метаболизм) – бұл әр заттың ағзада ұшырайтын, кейбір кезде сіңірілу және таралумен бірге жүретін, химиялық өзгерістердің жинағы. Көп жағдайда биотрансформациялану нәтижесінде бастапқы затпен салыстырғанда белсенділігі төмен немесе белсенділігі толық жойылған метаболиттер түзіледі. Дәрілік заттардың биотрансформациялануын детоксикацияның жеке жағдайы ретінде қарастырады. Осы кезде ағзадан несеппен, сілекеймен, термен, өтпен және т.б. жеңіл бөлініп шығатын өнімдер (метаболиттер) түзіледі.
Препараттардың ағзадан биотрансформациялану сипатына бір қатар факторлар әсер етеді соның ішінде: адамның жасы, жынысы, ағзаның жеке ерекшеліктері, аурудың түрі (жедел немесе созылмалы түрі), тамақ қабылдауы, басқа дәрілік препараттарды қабылдауы және т.б. Мысалы, нәрестелердің (жаңа туылған балалардың) уақытша ферментопатиямен сирек емес болатын улылық және кейбір жағдайларда әдеттегідей емес дәрілік заттардың әсерін түсіндіруге болады. Ересек адамдардың тұқым қуалаушылыққа байланысты жасырын ферментопатия (ферменттің болмауы, оның мөлшерінің төмендеуі, типті емес ферменттің түзілуі) кейбір науқастардың дәрілік затқа беретін реакцияларындағы маңызды айырмашылықтардың (ауыр уланулар, әдеттегідей емес жанама құбылыстар және т.б.) негізінде жатады. Кейбір дәрілік препараттар басқа дәрілердің биотрансформациялануын басуы және соған байланысты олардың терапевтік тиімділігін және фармакологиялық әсерінде өзгертуі мүмкін. Немесе кейбір жағдайда дәрілік зат бауырдағы немесе ағзаның басқа ұлпаларында ферменттер мөлшерінің ұлғаюына әкеліп, өзінің биотрансформациялануын немесе басқа дәрінің биотрансформациясын жылдамдатуы мүмкін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет