ДЗ көп бөлігі сіңірілген соң, қанмен жақсы қамтамасыз етілетін мүшелер мен тіндерге түседі, олар:
* бүйрек, өкпе, ми, бүйрек үсті безі, қалқанша безі (перфузия жылдамдығы -1мл/мин);
* бауыр, жүрек, көк бауыр (перфузия жылдамдығы — 0,1-1мл/мин);
Содан кейін, қанмен нашар қамтамасыз етілетін мүшелер мен тіндерге түседі:
* бұлшық ет, кілегей қабаттары, тері және майлы тін, сүйектер (перфузия жылдамдығы — 0,1млмин төмен).
Дозаның түрлері (қабылдау жиілігіне және мөлшерлеу үлгісіне сәйкес)
Бір реттік доза – дәрілік заттың бір рет қабылдауға арналған дозасы
Тәуліктік доза– дәрілік заттың бір тәулік ішінде қолданылатын дозасы
Курстық доза– дәрілік заттың бір курстық емге арналған дозасы
Соққы доза – бірінші дозаның келесілерден жоғары болуы, ағзада жоғары концентрациясын түзу үшін.
4) Клиникалық фармакокинетика негіздері. Таралу көлемі, биожетімділігі туралы түсінік.
Клиникалық фармакология дәрілік заттардың адам ағзасына әсер етуін зерттейді және клиникалық жағдайда фармакологиялық препараттардың әсер етуін зерттейтін әдістер мен қағидаларын қалыптастырады.Дәрілік заттар деп — химиялық және физикалық құрылымнан құралған, емдік мақсатта қолдануға болатын, адам ағзасына енгізуге болатын дәрілік сипаты бар заттарды атайды.
Фармакодинамика- ДЗ әсерінен болатын организмдердегі өзгерістер жүйесі. Әрбір өзгерістер динамика бойынша пайда болғаннан бастап жойылып кеткенге дейін дамиды.
Фармакокинетика — ДЗ ағзаға енгізілуі, сіңірілуі, таралуы, байланысуы, биотрансформациясы және ағзадан шығарылуын зерттейтін клиникалық фармакологияның бір саласы.
Дәрілік заттарды ағзаға енгізу жолдары:Көбінесе ДЗ ағзаға энтеральды жолмен енгізіледі:
* Ауыз арқылы* ішке (per os); * сублингвальды; * буккальды; * ректальды (per rectum).
Бұл енгізу жолының парентеральды енгізу жолымен салыстырғанда өзіндік артықшылықтары бар. Атап айтқанда, қолдануға ыңғайлы (медициналық персоналдың көмегін қажет етпейді), салыстырмалы қауіпсіз, ДЗ парентеральды қолданғанда дамитын асқынулардың болмауы,Ұзаққа созылған терапия үшін өте ыңғайлы.
Кемшіліктері:Терапевтік әсері баяу дамиды, Көптеген ДЗ асқазанның шырышты қабатын тітіркендіреді, АІЖ ауырсыну, Науқас ес-түссіз жатқан кезде, құсу, диарея кезінде қолданғануға жарамайды, Басқа ағзаға кері әсер ету, Бауырдың инактивациясы, Биожетімділікті төмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |