Фармакотерапия пәні бойынша емтихан сұрақтарының тізбесі


«Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды қалыптастыру қағидаларын, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы»



бет3/61
Дата07.06.2022
өлшемі122,83 Kb.
#146167
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
отв.Фармакотерапия сессия

«Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды қалыптастыру қағидаларын, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-326/2020 бұйрығы бар. Одан бөлек, «Халық Денсаулығы және Денсаулық сақтау жүйесі» туралы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексінде 7-бабының 47 тармақшасына сай әзірленеді және 263 бабында да дәрілік формуляр туралы айтылады. Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр - клиникалық қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденген дәрілік заттардың, сондай-ақ орфандық (сирек) дәрілік препараттардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық ұйымдардың дәрілік формулярларын әзірлеу және дәрілік заттарды сатып алу тізімдерін қалыптастыру үшін міндетті негіз болып табылатын тізбесі. Негізгі функциялары:

  • науқастарды сапалы емдеумен әлеуметтік қамтамасыз ету;

  • медициналық-ауруларды ұтымды фармакотерапия әдістерін анықтау және дамыту;

  • экономикалық-клиникалық және экономикалық ең тиімді және қауіпсіз дәрілік препараттарды анықтау;

  • фармакологиялық-препараттарды пайдаланудың дұрыстығын бақылауды қамтамасыз ету және фармакотерапия қателерін болдырмау және түзету бойынша шаралар қабылдау;

  • ақпараттық-дәлелді медицина қағидаттарына негізделген денсаулық сақтау процесінің барлық қатысушылары арасында объективті медициналық-фармацевтикалық ақпаратты кеңінен тарату;

  • кәсіптік – білім беру-жүйелі кәсіптік білім беруді жүргізу және әртүрлі бейіндегі дәрігерлердің, клиникалық провизорлардың, орта медициналық және фармацевтикалық персоналдың құзыреттілігі мен біліктілігін арттыру.

Денсаулық сақтау ұйымдарының, яғни емдеу мекемесіндегі дәрiлiк формулярын әзірлеу тұрады:
1) Денсаулық сақтау ұйымының клиникалық фармакологы немесе фармацевтімен ХПА бойынша дәрілік формуляр жобасын және ҚҰФ негізіндегі дәрілік заттардың қажеттілік көлемін құру;
2) Денсаулық сақтау ұйымының Формулярлық комиссиясымен дәрілік формуляр жобасының қарастырылуы;
3) Денсаулық сақтау ұйымының бірінші жетекшісімен дәрілік формулярдың бекітілуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет