Ғылым тарихы және философиясы


-тарау. ғылымның ЭтикалыҚ мәселелеРі



бет142/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

3-тарау. ғылымның ЭтикалыҚ мәселелеРі


      1. мораль философиясы туралы

Ешкім де, шамасы, адамның ішкі әлемінде жақсылық, ар-ождан, борыш, қадір-қасиет сияқты моральдық құндылықтар болатынын теріске шығара қоймас. Жан дүниесінде моральдық құндылықтарды сақтау үшін, адам көп нәрседен айырылуға, бас тартуға әзір. Біздің көзқарасымыз бойынша, моральдың өзегін «қоғам мен тұлғаның» өзара қарым-қатынастары құрайды, өйткені адам басқалармен сан түрлі қатынастарға түсе отырып өмір сүреді, ал бұл оның әлеуметтігін көрсетеді. Бұл жерде, сірә, адамдардың ережелер, нормалар, мақсат- мұраттар түріндегі миллион рет қайталанатын мінез-құлық әрекеттері қорытындыланатын моральдық сананың нормативтік табиғатын атап көрсету керек шығар. Моральдық сана шындық-болмысты алдыға оза отырып көрсетеді, оның талаптары күн сайын болып жататын іс- әрекеттердің шектерінен шығып, бізді қалай болуға тиіс деген салаға бағыттайды.


Моральдың ерекшелігі – қоғамның тіршілік қарекетінде мораль ықпалын сезінбейтін бірде-бір саланың жоқтығы болып табылады. Ол барлығына енеді және бәрін қамтиды. Міне, сондықтан да саясат- тан бастап, күнделікті ұсақ іс-әрекеттерге дейін, барлығы да мораль тезіне ұшырайды. Моральдың аксиологиялық (құндылықтық) жағы да осында. Норма арқылы біз өзіміздің және өзгенің мінез-құлқын, іс- әрекетін әлдебір құндылық сияқты бағалау мүмкіндігіне ие боламыз. Моральдық құндылықтар адамның маңызды қасиеттерін құрайды. Сондықтан адамның бір немесе басқа моральдық құндылықтарды таңдауы және оларды өзінің ішкі жан дүниесіне айналдыруы оның өмірлік бағыт-бағдарларын, жалпы алғанда, өмір салтын айқындайды. Моральдық нормалар жалпылама, көпшілікке бірдей талаптар қояды. Бірақ өмір, адамдар арасындағы нақты қатынастар оларға өзгертулер, түзетулер енгізеді. Мысалы, батырлық және батылдық – жалпы көзқарас тұрғысынан алғанда, тамаша құндылықтар. Қиын- қыстау жылдарда әрбір азамат өз Отанын қорғау жолында осы қасиеттерін көрсетуге тиіс. Алайда батылдық парақордың немесе қанішердің де қасиеті болуы мүмкін. Кезінде Гитлер неміс халқына
«оларды ар-ождан сияқты тауқыметтен азат ететінін» жариялаған. Күні бүгінге дейін адамзат фашистердің жасаған озбырлығын ұмыта алмайды. Осындай бағаны өзінің туған халқын таптық ұстаным
бойынша ыдыратып, миллиондаған адамды аяусыз қуғын-сүргінге ұшыратқан кеңестік тоталитаризмге де беруге болады. Әлемдік қасіретті тәжірибе көрсеткендей, тоталитаризм және жалпыадамдық моральдық құндылықтар бір-бірімен салыстыруға жатпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет