Ғылым тарихы және философиясы


-тарау. әлемнің ғылыми беЙнесі ФилОсОФиЯсы



бет145/181
Дата08.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#190332
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   181
Байланысты:
Ғылым тарихы және философиясы-emirsaba.org

4-тарау. әлемнің ғылыми беЙнесі ФилОсОФиЯсы




    1. әлемнің табиғи бейнесі:


оның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері
Енді әлемнің ғылыми бейнесінің қалыптасуын оның ары қарай да- муы бойынша қарастырамыз, ал ол үшін алдында айтқандарымызға тағы бір рет қайта ораламыз. Бірақ алдымен жалпы көзқарастарды қарап алайық. Біз әлемде санына есеп жетпейтін заттар бар екенін жақсы білеміз. Олар өз-өздерімен, біздің оларды түйсінетін- түйсінбейтінімізге байланыссыз өмір сүре береді. Екінші жағынан, біз әлемде: адам рухының, санасының, жарық және бұлыңғыр сезімдерінің, оның Ғалам және өзі және тағы басқалар туралы ой- толғаныстары, яғни біз адамның ішкі әлемі, жан дүниесі дейтіннің болатынын көрсетеміз. Өзінің санасының көмегімен адам Табиғаттың құпияларын танып білуге, заттардың мәніне енуге қабілетті.

Философия мен ғылым тарихында осының барлығы дуализмнің, екі шындық туралы ілімнің пайда болуына келтірді. Қазіргі заманғы ғылым әлемнің осы екі шындығын біріктіретін бастапқы құрылымын іздеуге жеткізе отырып, материя мен рухты бір-біріне қарсы қоюдан бас тартты.


Бүгінгі күні біз нақты өмірде үш: жұлдыздар мен галактика әлемінің (мегаәлем), ортасында біз өмір сүріп жатқан заттар әлемінің (макроәлем) және адам көзіне көрінбейтін қарапайым бөлшектердің, біз микроәлем деп атайтын әлемдер қабаттарының бар екенін жақсы білеміз. Нақтылықтың осы қабаттарын және олардың өзара байланыс- тарын зерттей отырып, ғылым әлемнің ғылыми бейнесін жасайды.
Қарапайым адамдардың әлемді түсінуі алуан түрлі мифтік-діни, философиялық көзқарастардан өрілген, онда күнделікті үйреншікті сана үлкен рөл атқарады. Әлемнің ғылыми бейнесіне келсек, ол ғылыми әдістемеге негізделген және әлемнің жалпыға бірдей байланыстары мен қатынастарын айқындау арқылы қалыптасады. Соның көмегімен адам әлемді тануда өзінің қажеттіліктерін қанағаттандырады, сонымен қатар өзін қоршаған дүниені өзгертіп, түрлендіретін әртүрлі техноло- гияларды жасайды.
Қазіргі заман ғылымы қанша дамыған болса да, бүгінгі таңда адамдардың талап-тілектерін толық қанағаттандыра алатын әлемнің тұтас жүйелі, жан-жақты үлгісі жоқ. Ғылымның әрбір саласы әлемді өзінің қалай түсінетініне қарай өз қорытындыларын жасауға, сол
түсінігін негіздеуге тырысады. Бірақ егер ғылымның әр саласының әлемнің бір бөлшегін ғана зерттейтінін еске түсірсек, онда барлық ғылымдар жетістіктерінің нәтижелерін біріктіріп және қорытып қана әлемнің бізді қанағаттандыратын ғылыми бейнесін құра аламыз.
Әрине, философияда болмыстың жалпы іргелі құрылымдарын зерттейтін онтология бөлімі бар. Философия тарихында ойшылдар он- тологияны қарай отырып, сан рет схоластикалық, өнімсіз теориялауға тап болды. Сондықтан бізге әлемнің қанағаттанарлықтай бейнесін беру үшін, онтологияның жеке ғылымдардың жаңа жетістіктерімен
«ұрықтануға» тиіс екені түсінікті.
Ғылым алдына кезінде Аристотель, Әл-Кинди және басқа ойшыл- дар бас қатырған: «бұл не?», «Қалай?», «неге?», «не үшін?» деген бірнеше маңызды сұрақ қояды. Ғасырлар мен мыңжылдықтар бойы ғылым үшін көп жағдайларда дін қамтыған соңғы сұрақ тым ауыр болды. Бүгінгі таңдағы ғылым өз-өзін ұйымдастыратын жүйелер (синергетика) теориясын құра отырып, осы қасиетті сұраққа да жауап беруге тырысады.
Егер әлемнің ғылыми бейнесін тудыруға көмектесетін ғылыми әдістемені анықтасақ, онда олар бірнешеу: біріншіден, ол – әлемнің барлық құбылыстарын табиғи үдерістер деп қарастыратын, негізі бойынша әлдебір рухани шығармашылықтың болатынын мойын- дамайтын натурализм. Екіншіден, әлемнің ғылыми бейнесі жара- тылыстану ғылымдарының жетістіктеріне сүйенеді. Үшіншіден, фаллибилизм (анықтамасы кітаптың соңындағы түсіндірмелерде берілген. – Аудармашы) ұстанымына сүйенеді, өйткені соңғы саты- да ешкімде де шындық жоқ, сол себепті қашанда жалған қорытынды жасау мүмкіндігі сақталады, ал егер солай болса, онда ұсынылған тұжырымдамаларды, теорияларды және басқаларын жалғандыққа тексеру керек. Төртіншіден, бұрмалау ұстанымына сүйену, яғни тәжірибелік-сараптамалық жолмен бір немесе басқа теорияны шындыққа тексеру. Бесіншіден, ол – ғылымда құрылған теорияларға талдау жасаудың тарихи тәсілі, өйткені әр дәуір бір немесе басқа діни, философиялық, танымдық ұстанымдардың әсерін сезіне келе, әлемнің ғылыми бейнесін өзінше жасайды. Мысалы, И.Ньютон жасаған әлемнің механистік бейнесі ерте замандарда немесе Орта ғасырларда пайда бола алмас еді. Әр дәуір ғылымның алдына өз міндеттерін, ғылым жауаптарын ұсынатын өз талаптарын қояды. Олай болса, әлемнің ғылыми бейнесі тұралап қалған, бір рет және мәңгілік берілген болып табылмайды, ол әрдайым өзгерісте, қозғалыста болады, яғни дамиды.
Енді көрсетілген әдістемелік қағидаларға сүйене отырып, әлемнің ғылыми бейнесінің қалыптасуын және қазіргі жай-күйін қарастырайық. Оның ұзақ жүзжылдықтар бойындағы тар жол, тайғақ кешуі бары- сында түрлі-түрлі теориялық қағидалар пайда болды. Жаңа дәуірдің басында Ф.Бэконның аузымен ғылыми дүниетанымның діни соқыр сеніммен және надандықпен күресу нәтижесінде пайда болатыны айтылған. Оның қарсыласы Р.Декарт табиғатты зерттеп білу бары- сында адам шынайы шындықтарды ашуға қабілетті болады, ал ол шындықтар ғасырлар бойы ешқандай өзгерістерге ұшырамайды деп
санап, адамның ақыл-парасатының күшіне сендіреді.
Алайда уақыт өте келе, ғылымның дамуына байланысты бұрынғы теориялық жүйелер мен тұжырымдамалар өзгере бастағанда, ғылымда шынайы шындықтардың жоқтығы, адамзаттың табиғат құпияларына ары қарай тереңдеп енуіне қарай олардың түрлерінің өзгеретіні тура- лы көзқарастар пайда болды (П.Дюгем (Дюэм)).
Ғылыми революцияларды жақтаушылар (Т.Кун, К.Поппер) әлемнің ғылыми бейнесі туралы көзқарастарымызды, пікірлерімізді ары қарай дамыта отырып, ғылымдағы әрбір кенет өрлеудің оларды түбегейлі өзгертетініне сендірді.
Т.Кунның пікірінше, ғылымның қалыпты дамуы кезеңдерінде қалыптасқан қағидаларға, зерттеу үлгілеріне сүйене отырып, ғалымдар бір немесе басқа жаңалықтарды осыған дейін болған сол жалпы көзқарастар шектерінде ашады. Алайда бір уақыттардан кейін ғылымда ашылған жаңа фактілерді ескі үлгілердің шектерінде түсіндіру мүмкін болмай қалады. Ғалымдардың ақыл-ойларында тоқырау, абдырау орын алып, енді олар ескі үлгілердің түрін өзгертуге немесе жаңаларын, яғни солардың шектерінде жаңа құбылыстарды қанағаттанарлық түсіндіру мүмкін болатын жаңа түрлерін құруға әрекет жасайды. Ғылым дамуындағы бұл кезеңді Т.Кун ғылыми революция деп атады. Бүгінгі күні ғалымдардың көпшілігі ғылым дамуының берілген түсініктемесін қабылдайды. Олай болса, осындай көзқарасты әдіс- темелік ұстаным ретінде алып, әлемнің табиғи бейнесінің қалыптасуы мен дамуын қарастырайық. Оның дамуы үдерісінде бірнеше кезеңді
бөліп көрсетуге болады:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет