Ғылым термнін қалай тұсіндіруге болады? Орындаған: Нәкен Жұлдыз Факультет: Вокалдық Өнер Тексерген: Жұмақова Ұ



бет1/2
Дата16.02.2023
өлшемі20,71 Kb.
#169003
  1   2
Байланысты:
сұрақтар-Нәкен Жұлдыз


  1. Ғылым термнін қалай тұсіндіруге болады?

Орындаған: Нәкен Жұлдыз
Факультет: Вокалдық Өнер
Тексерген: Жұмақова Ұ.
Ж: Ғылым — ақиқатты білу әдісі
"Ғылым" деп — адамның білім алуын, жүйелеу және тексеру бағытындағы кызметінің түрін айтамыз. Білімнің бәрі ғылыми білімге жатпайды, олардың жақсы тексерілгендері мен негізделгендері ғана жатады. Ғылыми білім көдімгі карапайым білімді теріске шығармайды, олардьщ екеуі де керек. Білім дамудың жоғары деңгейіне жеткенде ғана ғылыми білімге айналады.
Ғылым дегеніміз — адамның табиғат, коғам және өзінің танымы туралы білім алуға бағытталған рухани кызметінің ерекше формасы. Ғылымның негізгі мақсаты акиқатқа жету және табиғат, коғам, ойлау заңдыльщтары, танымның езі туралы нағыздықтың объективтік заңдылықтарын ашу. Ғылым ежелгі заманда (Қытайда, Үндістанда, Грекияда) пайда болды. Ұзақ уакыт бойы ғылыми білімдер баяу дамыды. Тек XVI—XVII ғасырлардан бастап Батыс Еуропада ғылым куатты күшке айналып, индустриялы қоғамның құрылуы мен дамуына септіғін тигізді. Содан бері ғылым практикамен тығыз байланыста, өзінід өмір сүруі мен дамуы үшін одан әсер алады. Сол кезеңнен осы ұрпаққа дейінгі аралықта ғылым адамдардың практикалык қызметіне қатты әсер ететін, оның барысы мен деңгейін айқындайтын қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналды.
Ғылым білімдер алуға бағытталған, білімнің жинакылығы мен тұтастығынан көрінетін адамның шығармашылык кызметі және сол қызметтің нәтижесі. Ғылым қарапайым тәжірибенің тарихи дамуында жинакталған акпарлардың, сілтемелердің, қызмет пен пөнге нұскаулардың жиынтығы болып табылатын стихиялы, тәжірибелік білімдермен салыстырғанда жүйелілігімен ерекшеленеді.


2.Тарихтың әр кезеңінде ғылыми білім жұйесі қалай тұсіндірілген?
Ж: Ғылым әрдайым жаңашылдықты талап етеді. Ғылымның өмір сүру тәсілі – үнемі өзін-өзі жаңарту, адамзат өмірінің жаңаруына әкеліп соқтырары сөзсіз. Әр түрлі зерттеушілер бірауыздан "ғылымда жаңа нәрсеге деген құштарлық бар"деп атап өтті. Қарқынды күшпен және айқындықпен бұл ұмтылыс ғылыми білімді сапалы жаңа деңгейге көтеретін ғылыми революцияларда жүзеге асырылады. Ғылыми прогрестің қажетті буындарын ұсына отырып, ғылыми революциялар ғылымның өзін-өзі жаңартудың ең шешуші нысаны ретінде қызмет етеді.
Ең алғаш ғылыми революция термині 1939 жылы біздің заманымыздың танымал тарихшысы А. Койренің арқасында пайда болды деп айтсақ қателеспейміз. Бірақ ғылыми революция деп 1939 жылға дейінгі ғылымда болған өзгерістерді де айтуымыз міндет.
Сонымен, ғылыми революцияның келесі түрлерін ажыратуға болады:
1) революция идеалдар мен зерттеу нормаларын өзгертпестен әлемнің ғылыми бейнесінің өзгеруі ретінде (электромагниттік өріс теориясының пайда болуы);
2) революция әлем + идеалдар мен нормалар бейнесінің өзгеруі ретінде (XX ғ. басындағы революция: кванттық-релятивистік физиканың пайда болуы);
3) жаһандық ғылыми революция ғылымның барлық негіздерін қайта құрылымдау ретінде: әлемнің ғылыми бейнесі, ғылыми зерттеудің идеалдары мен нормалары, философиялық негіздер.
3.Музыкалық мамандықтарға оқыту сатылары Музыкалық өнер саласындағы ғылыми біліммен қандай қатынаста болады?
Ж: Музыкалық мамандықтарға оқыту сатылары Музыкалық өнер саласындағы ғылыми біліммен тығыз етене қатынаста болады. «Музыкалық білім беру педагогикасы» ұғымы - көптен бері қолданылып келе жатқан ұғым. Бұл ұғым көпшілікке музыкалық тәрбие беру саласында, соның ішінде білім мазмұны мен оқытудың әдістемесі белгілі бір педагогикалық жүйені құрайтын және сол музыканың өзі тәрбие құралы ретінде саналатын жалпы білім беретін мектептердегі музыка пәніне байланысты қолданылады. Сонымен бірге музыкалық білім беру педагогикасы түрлі типтегі музыкалық оқу орындарында (балалар музыка мектебі, балалар өнер мектебі, балалардың хор студиясы және т.б.) жүзеге асырылатын бастауыш музыкалық білім беру және осы саланың бірден-бір күрделі әрі маңызды сатысы колледждер мен консерваторияларда кәсіби музыкалық білім беру мәселелерін қарастырады. Кез келген ғылым саласы сияқты, музыкалық білім беру педагогикасы әдіснамалық негіздерге сүйенеді.Табиғаттың, адамның, қоғамның, танымның даму заңдылықтары философияның заңдылықтарына негізделеді. Сондықтан ұзақ жылдар философияның аясында өркендеген және өркендеу үстіндегі педагогиканың бір саласы - музыкалық білім беру педагогикасы да философиялық тұжырымдардың негізінде дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет