Ғылымдардың жіктелуі туралы сөЗ (15-бет) "ҒЫЛЫМДАР жіктелуі туралы сөЗ" /1



бет16/21
Дата07.02.2022
өлшемі75,77 Kb.
#92087
түріҚұрамы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
ғылымдардың жітелуі

САЛМАҚТАР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ /48/
Салмақтар туралы ғылымға келсек, ол салмақтарға қатысты екі саланы қамтиды.
1) Салмақтарды қарастырғанда, соның мөлшерінің белгілеуіне қарай зерттеу
2)
Бұл - ауыр нәрселерді көтеретін және оларды бір орыннан екінші орынға ауыстыратын аспаптар туралы ілім.
(63-бет)
ШЕБЕР ТӘСІЛДЕР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ /49/
Бұл - бар екендігі математикада дәлелденген барлық нәрсенің айлалары мен әдістері жайындағы ғылым және булар жайында жоғарыда табиғи денелерге және бұлардың жаралуы мен актуальды қалпына байланысты пікірлер мен дәлелдемелерде ескерілген. Ал бұл дегеніміз жоғарыдағы ғылымдардың бәрі сызықтарды, жазықтықтарды, геометриялық денелерді, сандарды және табиғи денелерден абстракцияланған тек ақылмен пайымдалатындар ретінде осы салаға жататын нәрселерді қарастырады дегенді білдіреді. Табиғи және сезіммен қабылданатын денелерде ерік пен өнердің көмегі арқылы осыларды жасап, өмірге келтіру барысында бұл ғылым сезіммен қабылданатын субстанциялар мен денелерде қалай болсын және қандай болмасын әйтеуір бір жолмен өздерінде осыны бекітуге кедергі келтіруге қабілетті жағдай, яғни буларды бекіткілері келгенде дәлелдермен бекітілгендегі сияқты жағдай тумай тұрып, олардың іске асуын және бір -бірімен салыстырылуын басқаратын күшке мұқтаж болады. Дегенмен, [бұл ғылым] табиғи денелерді бұлардың бойынан қалаған нәрселерді алу үшін дайындауға және оларға кедергілерді жоюға бейімделуіне мүмкіндік беруге мұқтаж.
Шебер тәсілдер туралы ғылымдар бұларды өнер арқылы жүзеге асыру үшін және табиғи, сондай-ақ сезіммен қабылданатын денелерде актуальды өмірге келтіру үшін бейімделудің шаралары мен тәсілдерін танудың әдіс - амалдарын көрсетеді.
[Бұл ғылымдардың] ішінен "сандық айла-амалдарды" айтуға болады. Мұндайлар толып жатыр: [мысалы], (64-бет) біздің заманымыздың адамдарының арасында "Әл - джәбр уә әл - муқабалә" /50/ деген атаумен белгілі және соған ұқсас ғылым. Бірақ бұл ғылым арифметика мен геометрия үшін ортақ ғылым, мұнда сандарды шығару үшін қажетті әдістер беріледі; бұлардың кейбіреулері Евклидтің рационалды және иррационалды сандар үшін оның "Бастамалар туралы" кітабының оныншы тарауында берілген негіздерінде бұрын да қолданылған; ал кейбіреулерін ол бұл жұмысында келтірмеген.
Бұл рационалды және иррационалды шамалардың бір-біріне қатыстылығы бір сандардың басқа қатынасы сияқты болғандықтан, әрбір сан рационалды және иррационалды шамаларға тең болып табылатындығына байланысты. Егер шамалардың қатынасына тең сандар табылып жатса, онда сәйкесінше сандардың әйтеуір бір тәсілмен шығарылатындығы анықталады. Сондықтан кейбір сандар рационалды сандарға, ал басқалары иррационалды шамалар үшін иррационалды сандарға айналады.
Бұлардың ішінен геометриялық айла-амалдарды айтуға болады. Олардың саны көп:
мысалы, мұның арасында - құрылыс өнері бар, мұның ішінде - денелердің әр қилы түрлерінің аудандарын өлшегенде қолданылатын айла-амалдар бар;
Мұнда астрономиялық аспаптар, музыкалық аспаптар және садақ, қарудың басқада түрлерін жасау сияқты көптеген практикалық өнерде қолданылатын шебер тәсілдер де осы ғылымға жатады.
(65-бет) Бұған алыста тұрған бақылауға алынған заттардың ақиқат жағдайын білу үшін біздің көзімізді соған бағыттайтын аспаптарды жасау барысында оптикалық шебер тәсілдер де, сондай-ақ айналарды жасау өнері және осыларды сәулелерді бұру, шағылыстыру немесе сындыру үшін сәулелер түсетін жерге орнату өнері де жатады. Бұдан тұтандырғыш айналарды күн сәулелерін шағылыстыратын жерге орналастырып, ол сәулелерді басқа денелерге бағыттау нәтижесінде пайда болатын тұтандырғыш айналар өнері және солардың шебер тәсілдері туындайды. Сондай-ақ бұған көптеген қолөнер түрлерінде қолданылатын таң қаларлық ыдыстар мен аспаптар жасаудың шебер тәсілдері жатады.
Міне, осының бәрі және осы тектестер шебер тәсілдер туралы ғылымды құрайды. Олар денелер, формалар, жағдайлар, тәртіп және өлшеуіштерге қатысты қолданысын табатын практикалық азаматтық өнерлердің негізі болып табылады. Мысалы, құрылыс, өнерде, ағаш ұсталығында. Математика және оның түрлері, міне, осындай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет