«Жұмыстың жаңа әдістемесі» типіндегі тезисті жазу кезінде мынадай мәліметтерді беру қажет:
- әзірленген әдістің қажеттілігін шешуге арналған міндеттерді сипаттайтын қысқаша кіріспе, әдіс қолданылатын сала (өзектілігі);
- жұмыстың мақсаты (қажетті әдісті әзірлеу);
- қолданыстағы әдістерді сипаттау;
- жаңа әдістерді сипаттау;
- қолданылған әдістердің нәтижелерін сипаттау;
- жаңа әдістің артықшылықтары мен кемшіліктеріне баға беру;
- тұжырымдар.
Тезистерді ресімдеу Тезистерді ресімдеуге қойылатын талаптарды конференцияны ұйымдастырушы комитет белгілейді және оны барлық қатысушылардың назарына жеткізеді. Ұйымдастыру комитеті белгілеген талаптарды қатаң сақтау қажет. Әдетте, тезистің көлемі 1-2 бет болып белгіленеді. Кейде сөз немесе таңба санымен белгіленеді. Тезистерді ресімдеудің жиі кездесетін талаптары Times New Roman, 12 шрифт, бір интервал, Word форматты құжатта, басылған мәтіннің 1 бетінде шамамен 45 қатар немесе 5-7 абзац болады. Бұл ретте парақтың елеулі бөлігін тезистің тақырыбы,
автордың аты-жөні мен жұмыс істейтін ұйымы алады. Қысқасы, автордың ойын анық жеткізу үшін аз ғана көлем беріледі. Осы аз көлемдегі мәтінде автордың ойы оқырманға анық жетуі керек.
Тезис жазу алгоритмі 1. Сіздің тезисіңіз қандай типке жататынын анықтаңыз және тиісті құрылымды таңдаңыз.
2. Сіздің жұмысыңыздың негізгі нәтижесі немесе тұжырымы не болатынын анық белгілеңіз.
3. Тезиске тақырып таңдаңыз. Соңғы тармақ, яғни тезиске тақырып қою конференция тақырыбына
сәйкес келуі үшін қажет. Егер конференция тақырыбына сіздің тезисіңіздің тақырыбы сәйкес келмесе, сізді конференцияға қатыстырудан ұйымдастыру комитеті бас тартады. Сондықтан өтетін іс-шараға қатысты тақырып таңдап, соған сай тезис жазуды естен шығармаңыз.Тезис тақырыбы тезистің барлық мазмұнын айқындайтынын да естен шығармағаныңыз жөн.
4. Жоғарыда көрсетілген типтерге сәйкес тезис құрылымын құрыңыз. Әр бөлімде не айтатыныңызды, тезистің негізгі идеясын бір сөйлемменберіңіз. Әдетте, тезис мәтініндегі бір бөлімге (нақтырақ айтқанда, әрбір идеяға) бір абзацтан сәйкес келуі керек. Егер сіздің бір бөліміңізде бірнеше идея болса, бұл бөлім бірнеше абзацтан тұрады. Осылайша, сізтезистің жоспарын түп-түгел жасап аласыз.
5. Жазған тезисіңізді мұқият оқып шығыңыз, тақырыптың толық ашылуына бөлімдер мен абзацтар жеткілікті ме, тағы бір рет тексеріңіз.Егер жеткіліксіз болса, толықтырыңыз. Әрбір абзацтағы ой жұмыстың негізгі идеясын - нәтижесін // тұжырымын дәлелдеу үшін логикалықбайланыста болуы қажет. Қажет болған жағдайда абзацтардың ретінауыстыруыңызға болады. Мүмкін жұмыстың атауына түзету енгізу де қажет болар. Бәрін қайта тағы бір рет пысықтап шығыңыз.
6. Тезисті ресімдеу талаптарын мұқият оқыңыз. Тезистің көлеміне мәнберуді ұмытпаңыз.
7. Дайын болған тезисті ғылыми жетекшіңізге, танысыңызға көрсетіп, тезистің мазмұны, жаңалығы, жұмыстың стилі туралы олардың ой-пікірін тыңдаңыз. Егер айтарлықтай түзетулер мен толықтырулар қажет десеңіз, енгізіңіз.
8. Дайын тезисті конференцияның ұйымдастыру комитетіне жіберіңіз. Тезис жазуға қойылатын жалпы талаптарӘрбір пайымдау (тезис) қысқа әрі нұсқа болуы керек.
• Әрбір пікір, пайымдау не логикаға, не ой-пікірге (эмпирика) негізделуі тиіс.
Интернеттен немесе бұрын жазылған мақаладан «көшіріп» алмаңыз.
Баяндама, реферат жазып кетпеңіз.
•Ғылыми стильді сақтаңыз.
•Оқырман дайындықсыз-ақ, сіздің тезисті түсінетін болсын.