III.Зерттеу бөлім 3.1 Шолпының тәрбиелік мәні Шолпы – қыз шашқа тағатын ұлттық әшекей бұйым. Қазақ ұлты шолпыны ерте замандардан бері пайдаланып келеді.Әшекейдің қыз бала тәрбиесінде мәні бар.Қазақ қай заманда да қызына төрден орын беріп, ерекше сыйлап, еркелете білген. Талғамы биік халқымыздың тамаша қасиетін әйгілейтін шолпы бұйымы, қызды әдемілікке, тектілікке, сонымен қатар сыпайылыққа үйретеді. Қазақ қызының көркіне әр беріп, асылын жарқырататын да – шолпы.Шолпы таққан бойжеткеннің сыртта келе жатқанын үй ішіндегілері шолпының сыңғырынан естіп, үлкендер жинақтала бастаған.
Сонымен қатар, шолпы таққан бойжеткен оғаш қылық жасаудан аулақ болады. Өйткені, оның сыңғыры оқыс қимылдарға тосқауыл болады.
Дәстүрлі қазақ қоғамында Шолпының – көзді шолпы (асыл тас қондырылған), қозалы шолпы, қоңыраулы шолпы, шынжырлы шолпы, қос үзбелі шолпы, маржанды шолпы, меруертті шолпы, ақықты шолпы, т.с.с. түрлері мен атаулары кездеседі. Шолпыны о баста аналарымыз қара ниетті тылсым күштерден қорғану үшін тағып жүрген. Халық адамның жарты жаны шашта болады деп, оны қорғау мақсатында шолпы, шашбау таққан. Кейде олардың салмағы 3 кг-ға жеткен. Шолпы жас қыздардың жүрісі мен бойын тік ұстау мәнерін қалыптастырған». Бұрынғы заманда қазақтың қызы деген кезде әр қазақтың көз алдына әшекейлі, сымбатты, өрілген қос бұрымы, сыңғырлаған шолпысымен ерекшеленген әдемі қазақ аруы елестейді.
Шашбау, шолпы адам қозғалысы арқылы бұрымның ұзара түсуіне ықпал етеді, қазіргінің сөзімен айтқанда шашқа массаж жасайды. Ауыр шолпы таққан адамның басы ауырмайды, ерте кезде адамдар шашбау шаш арасындағы жын-шайтандарды қашырады деп сенген.
Шолпыға тағылған тиындар қыз баланың тал шыбықтай тік, сымбатты өсуіне септігін тигізеді.
«Сылдырлатсаң тиынды, жоғалтарсың сиыңды» деген сөздің арғы астарында қазақ қызына тән биязылық пен әдеп-ибаның жатқанын аңғарамыз.Қазіргі күні шолпының не екені түгіл, оның атын естімегендер де жетіп артылады. Оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізуге болады-ақ, бірақ көбісі ескі замманнан қалған көне дәстүр деп қарайтыны анық. Сондықтан өздері қызықпаған адамға ештеңе деп тықпалай алмайтынымыз да белігілі бола бастағандай.
Шолпының ең маңызды «қызметі» ол әдептілікті сақтау екенін біреу білсе біреу білмейді. Бойжеткен қыз баланың жүрісін, қимылын түзеу үшін қоңыраулы шолпыны бұрымына таққан. Содан қоңыраулы шолпы таққан қыз бала үй арасында жүргенде, жүгіргенде, күлгенде ол сыңғырлап дыбыс беріп тұрады. Үйдегі отырғандар ідептен тыс әңгіме айтып отырғандарында далалан шолпының сыңғырын ести сала сөздерін тыйа қоятын.