Ғылыми жоба «Шолпының тәрбиелік мәні» Орындаған: Әзілхан Сандуғаш Дәулетқызы



бет2/10
Дата17.11.2023
өлшемі1,24 Mb.
#191719
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Шолпы ғылыми жоба

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
Шолпыны о баста аналарымыз қара ниетті тылсым күштерден қорғану үшін тағып жүрген. Халық адамның жарты жаны шашта болады деп, оны қорғау мақсатында шолпы, шашбау таққан. Шолпы жас қыздардың жүрісі мен бойын тік ұстау мәнерін қалыптастырған». Бұрынғы заманда қазақтың қызы деген кезде әр қазақтың көз алдына әшекейлі, сымбатты, өрілген қос бұрымы, сыңғырлаған шолпысымен ерекшеленген әдемі қазақ аруы елестейді.
Зерттеу жұмысының мақсаты:

  • Шолпы таққан қыздың сұлулығын ақындарымыздың жырлары арқылы таныту;

  • Шолпы қазақ халқының көнеден қалған әшекей бұйымы екенін дәлелдеу;

  • Шолпының түрлерін анықтап, оның тарихи құндылығын зерттей отырып, тәрбиелік мәнінің өте жоғары деңгейде екенін дәлелдеу;

Зерттеу жұмысының негізгі міндеттері:

  • Шолпының тәрбиелік мәнін ашу;

  • Шолпының адам дансаулығына пайдасы.

Зерттеу әдістері:
Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.
Зерттеудің маңызы:
Бие сүті саумал біз білмейтін қасиеті емге шипа, дәруменге бай ұлттық сусын
Жұмыстың құрылымы:
 Зерттеу жұмысының мазмұны кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, нысаны, мақсаты мен міндеті сөз болады. Негізгі бөлімде зерттеу жұмысының көтерген мәселелері жан-жақты ашылып, өзекті ойлар қорытынды бөлімдегі соңғы тұжырымдармен жалғасады.
Ғылыми жобамыздың гипотезасы: 
Шашқа тағатын ұлттық әшекейлерді пайдалану арқылы ұлттық салт-дәстүрімізді сақтау, жаңарту.
Ғылыми жобаның зерттеу әдісі: 
Тақырыбымды ашу барысында әдебиетке шолу жасалды.


І. Кіріспе бөлім
Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып келеді. Адам баласы ежелден әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде санаған. Бұл – ұлттық санадағы сұлулыққа деген іңкәрліктен пайда болған эстетикалық талғам. Зерделі зергерлер­ әсем бұйымдарды дүниеге әкеліп, сұлулықтың санадағы бейнесін жасаған. Сол арқылы ұрпақты тәрбиелеп, көркем дүние меңгеріп, одан әрі жетілдіре берген. Бұл бұйымдар адам қажеттіліктерін өтеп қана қоймай, олардың өнер әлемі жайындағы көзқарасынан да хабар береді. Шынайы шеберлердің туындылары ғасырлар елегінен өтіп, бізге жетті. Халқымыздың дәстүрлі қолөнері – қайнар бұлақ, сарқылмас қазына, бай мұра. Бұл – ұлттық санадағы сұлулыққа деген іңкәрліктен пайда болған эстетикалық талғам. Зерделі зергерлер­ әсем бұйымдарды дүниеге әкеліп, сұлулықтың санадағы бейнесін жасаған. Сол арқылы ұрпақты тәрбиелеп, көркем дүние меңгеріп, одан әрі жетілдіре берген. Бұл бұйымдар адам қажеттіліктерін өтеп қана қоймай, олардың өнер әлемі жайындағы көзқарасынан да хабар береді. Шынайы шеберлердің туындылары ғасырлар елегінен өтіп, бізге жетті. Қазақ қыздарының басына үкілі сәукеле кигізіп, құлағына сырға тағуы, саусағына сақина, білегіне білезік киюі, беліне белдік буынып, шашына шолпы қадауы олардың парасатының биіктігін, эстетикалық талғамының жоғарылығын танытады. Ал осы қымбат әшекей бұйымдарды тағудың өзіндік қатаң қағидасы бар.
Сылдыр, сылдыр, сылдыр…
Қанымды қайнатты құрғыр.
Шық-шық жүрекке тиеді,
Күлпара талқан боп сыңғыр, – деп жырлаған Мағжан ақынның өлеңінен де шашбау таққан қыздың аса көрікті, сымбатты, қылықты көрінетінін байқаймыз. «Шашты жерге тастама!», «Шашыңды жинап жүр!» – деп тыйым салған ата-бабамыз адамның шашын кез келген жерге тастамайды. Өйткені әйел шашының ұшында тіршіліктің күші бар деп есептелген. Осы наным-сенімге сәйкес қыздардың шашын қимай, бұрым етіп өсіріп қояды. Оның ұшына шолпы, шашбау байлайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет