Негізінен зергерлер шолпыны үзбесіне қарай ажырату дұрыс деп түсіндіреді.
Қоңыраулы шолпы — бұйымның кең тараған түрі. Біріне-бірі тізбектелген бірнеше ромб тәріздес күміс құтышалардан құралады. Олардың ішіне сылдырмақтар салынады. Құтышаларды меруертпен безендіреді. Құтышалар мен салпыншақтар біріне бірі төгіліп, соғылуына байланысты сыңғырлап дыбыстар шығарады.
Қос үзбелі — шолпы арнайы соғылған шаш теңгелерінің біріне-бірі үзбелеп жалғасу арқылы жасалады. Бұлардың алақандары екі бұрымға екі бөлек жасалып, не әр бұрымға екіден төрт бөлек болып жасалады. Теңгелер кейде шынжырлар арқылы үзбеленсе, кейде теңгелерді тесіп шығыр еткізу әдісімен тізбеленеді.
Тұрмыс құрмаған қыздың әшекейі дәстүрлі қазақ қоғамында шолпыны негізінен тек күйеуге шықпаған қыздар ғана таққан.Ауыр күмістен жасалған шолпы бас ауыруына жол бермейді. Шолпы таққан қыздың арқасы түзу, жүрісі сымбатты болады. Бұйым ауыр болғандықтан, шаш тез және ұзын болып өседі. Шолпыны ұзын бұрым тарқалып, шашырап кетпеу үшін де пайдаланған.Дегенмен, шолпыны күйеуге шыққан соң да аз ғана уақыт тағады. Артынан перзент сүйген соң, кимешек киеді.
Шолпының жасалу жолдары:Шолпы негізінде тек күмістен жасалады. Оны зергерлер арнайы соғады. Алайда, оны татар елінен көшкен қазақтар мен солтүстік өңірдің қазақтары алтыннан соққан. Бұл өте сирек кездеседі. Шолпының алтын жалатылған түрлері де кездеседі. Еліміздегі қорымдардан табылған кейбір әшкей-бұйымдар осыны дәлелдейді.
Сондай-ақ қазақтар әшекей-бұйымдарды ешқашан қара металлдардан жасамаған, соны білген де дұрыс.