3.3 Күмістен жасалған шолпылардың денсаулыққа пайдасы Қазақ халқы ежелден күмістен жаслған бұйымдардың адам ағзасына пайдасын ықылым заманнан зерттеп, зерделеп қойған.Соның бірі күмістен жаслған шолпы. Күмістен жаслған шолпы денсаулыққа пайдасы зор.
Шынында да күмістің емдік қасиеті қазіргі медицинада дәлелденген. Ал қазақ емшілері өте ерте замандарда-ақ күмістің қасиетін ерекше бағалаған. Ғалымдар болса, күмістің бұл қасиеттеріне ХІХ ғасырдың аяғында ғана мән беріп, зерттей бастапты. Күміс (лат. Argentum, Ag) – элементтердің периодтық жүйесінінің І тобындағы атомдық нөмірі 47, атомдық массасы 107,88 болатын химиялық элемент. Күмістің ерекшелігі сумен әрекеттескенде иондалып, оның құрамында ұзақ сақталады. Сондықтан күміс қосылған су ағзадағы көптеген зиянды микроағзаларды жояды. Адам ағзасының тұмау және жұқпалы ауруларға төтеп бере алмауының себебі иммундық жүйедегі күмістің азаюынан болады. Күмістің емдік қасиеті медицинада дәлелденген. Емшілер өте ерте заманда-ақ күмістің қасиетін ерекше бағалаған. Мысалы, Үндістанда, Египетте, Ресейде күміс қосылған суды түрлі ауруларға ем ретінде пайдаланған. Адамдар мұндай судың өмірлік қуат беретін ерекше сиқыры барлығына сенген. Ғалымдар болса, күмістің бұл қасиеттеріне ХІХ ғасырдың аяғында ғана мән беріп, зерттей бастапты. Күміс сумен әрекеттескенде иондалып, оның құрамында ұзақ сақталады.Күміс тек қана ауру тудыратын элементтерді жойып қоймай, ағзадан зиянды токсиндер мен микробтарды шығарады. Тіпті, ағзада аз ғана күміс жетіспеушілігі байқалған жағдайда адамның жұмыс істеу қабілеті төмендеп, қорғаныш қасиеті азайып, тез шаршау пайда болады. Шетелдік дәрігер Роберт Бекер күміс иондары адам ағзасындағы жасушалардың көбеюіне әсер ете алатындығын дәлелдеген. Ол өзінің ғылыми кітабында күміс иондарының қатерлі ісік ауруына шалдыққан адамдардың жасушаларын қайта тірілтіп, көбеюіне көмегі барлығын жазған. Ал қазақ халқы күмістің пайдасын қағазға қаттап жазбағанымен күнделікті өмірінде жетік білген. Қазақтың ұғымында күміс тазалықтың, адалдықтың белгісі. Тек әшекей бұйымдар ғана емес, тұрмыс заттары, жиһаз, ер-тұрмандар да күміспен күптелген.