2.2 Шолпының шығу тарихы Шолпы – сәндік үшін әшекейлі алтын немесе күміс теңге таққан шашбау. Ол шол деген сөзден, яғни етістіктен жасалды деуге де дәйек бар. Шол →Шолу – алыстан байқау, бағдарлау.
Ол шолп деген дыбыстық бейнелеуіш сөзден де шығуы мүмкін. Шолп – бір нәрсенің биіктен не алыстан суға түскендегі дыбысы (Шолп етті). Сөздің соңындағы «ы» дыбысы – шолп деген етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ.
Қыз таққан шолпының сыңғыры, шылдыры, сүйкімді үні суға түскен теңгенің дыбысына ұқсас келетіндіктен, қазақ халқы бойжеткен қыздар тағатын осы бір әшекей атауын шолпы деп атаған. Шолпыны күміс теңгеліктердің бірнешеуін бір-біріне кішкене шығыршықтар арқылы жалғастырып жасайды, ең үстіңгісіне күміс шынжырдан немесе матадан ызылған бау тағады. Бауды, әдетте, бұрыммен қоса өріп қояды.
Шолпы сәндік үшін ғана емес, шашты өсіретін әрі ұзартатын, желді күнде көтеріліп кетпес үшін де тағылады. Иесі қозғалғанда, олар әсем дыбыстар шығарып, кермаралдай керілген кербез қыздың әсем жүрісіне үн қосып, арудың сыны мен сымбатын одан әрі ажарлай түседі. Мұндай сұлуды қазақтар: «Сыңғырлаған күлкісіне сылдырлаған шолпысы үн қосады» деп, ардақтаған.
Белгілі бір аймақ шолпы деп, сүзгі, кепсер, кәкпірді атайды. Ыдыс-аяққа тән бұл атаулар диалектілер болып табылады. Ол сөз де шолп деген дыбыстық бейнелеуіш сөзден шыққан. Олай дейтін себебіміз, сорпаға салынған қамырды сүзіп алу үшін пайдаланған сүзгі қамырды сүзу барысында шолп деген дыбыс шығарған. Табиғатта кездесетін дыбыстық бейнелеуіштер заттың аталуына себепші болған.
«Шолпы – қыздардың бұрымға тағатын әшекейі. Шолпыны екі үзбелі етіп, күмістен соғады. Қақталған күмістен үш бұрышты немесе сопақша пішінді етіп жасалады да, ортасына асыл тас орнатылады. Төменгі үлкен тұмаршасының етегіне шынжырлап немесе үзбелеп соғып, сөлкебай тіркелген бірнеше салпыншақ тағылады. Ол баулары арқылы бұрымға қоса өріледі.
Шолпының тұрпаты:
Шолпы құрылымы жағынан шағын келетін бұйым, қозғалмалы бөлшектері өзара біріктіріліп, тізбектелген жартылай қуыс немесе жалпақ, селдір күмістен құралады. Үзбенің бойындағы күміс теңгелердің ортасына асыл тас орнатылады. Төменгі үлкен тұмаршасының етегіне шынжырлап немесе үзбелеп соғып, сөлкебай тіркелген бірнеше салпыншақ тағылады. Ол баулары арқылы бұрымға қоса өріледі.Бұйымды асыл тастармен де безендіредіҚазақ қоғамында асыл тасты зергерлік әшекейлі бұйымдарға кеңінен қолданған. Асыл тас қондырылған шолпының түрін, көзді шолпы атайды. Безендіруге арналған асыл тастың атауына да байланысты түрлене беретінін де айтады.