Экономикалық өсімнің сапалы жаңа үлгідегі көздері қоғамның туындаған қажеттіліктерін дұрыс айқындайтын экономикалық саясат, болып табылады. Экономикалық дамудың айрықша көзіне инвестиция ( күрделі қаржы жиналымы) , келешектегі табысты ұлғайту үшін, бүгін салынған қаржы болып табылады Халық шаруашылығын дамытудағы инвестицияның жоғарғы деңгейі Жапонияға әлемдік қоғамдастықта дамыған елдердің біріне айналуға мүмкіндік берді. Экономикалық өсімнің сапалы жаңа түрлерінің соңғы мақсаты ғылыми техникалық төңкеріс жетістіктерімен жарақтандырылған адам, оның білімі, оның еңбегі, көп жағдайдағы оның барлық қажеттіліктері әлеуметтік-экономикалық прогрестің басты критериі болады. Еңбек ресурсының сапасы мен олардың білім деңгейі интенистві типтегі экономикалық өсімнің негізгі факторы болып қалыптасуда. Егер, ХХ ғасырда өнеркәсіп кәсіпорындарындағы штаттағы жұмысшылардың құрылымнда 5% жоғары білімді, 20 % арнаулы орта білмді, 75 % орта, негізгі, бастауыш білімді болуы жеткілікті деп саналған болса, ХХІ ғасырда бәсекеге қабылетті кәсіпорындардағы жаңа техника мен технологиялардың болуы жоғары білмді жұмысшылардың 70 % тен және арнаулы орта білімді мамандардың 30 %- тен кем болмауын талап етеді. Бүгінде Қазақстан жеделдетілген жаңару, жаңа индустриалды бәсекеге қабылетті мемлекет құру жолында, мемлекеттің білім беру және кадрларды кәсіби даярлауы ХХІ ғасырдағы ҒТТ талаптарына сай келуді талап етеді. Қазақстан Респбуликасы Статистика жөніндегі Агеттігінің мәлметтеріне орай, Қазақстан Республикасындағы сауаттылық деңгейі соңғы 10 жылда жоғары деңгейде болды, немесе 99,5 % құрайды. Дегенмен, әлі де әлемдік стандарттарға толық жауап бермейді. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев 2005 жылдың 18 ақпанында Қазақстан халқына Жолдауында "ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға тиіспіз. Қазақстан жоғарғы оқу орындарының міндеті- әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру." [1] Қазақстан Республикасында экономикалық саясатпен алдағы 4-5 жылда инветицияны өсіру, жалпы ішкі өнімдегі жинақтау нормаларын арттыру есебінен экономикалық өсімнің ең жоғарғы деңгейдегі қарқынына қол жеткізуге мақсат қойылды. Қазақстан Республиксындағы экономикалық өсім нарыққа көшу кезеңінің басында келесідей болады ( 1991-2002 жылдарға экономикалық өсім графигін қараңыз)