Ғылыми-зерттеу жұмысы тақырыбы: «Ойын арқылы балалардың сөздік қорын дамыту»


-5 жастағы балаларды дидактикалық ойындар мен сюжетті –рөлдік ойындар арқылы сөздік қорын дамыту



бет8/12
Дата04.10.2023
өлшемі1,27 Mb.
#183734
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Жаңабаева Қ.А КУРСОВОЙ )

2.2 4-5 жастағы балаларды дидактикалық ойындар мен сюжетті –рөлдік ойындар арқылы сөздік қорын дамыту

4- 5 жастағы балалардың ойыны, әрбір әрекеттері мазмұнға айналып, белгілі бір мақсаттарды орындауға ұмтылыс жасайды. Бұл жастағы балалар топ-топ болып, өзара бірігіп ойнағанды жақсы көреді. Дендері сау боп дүниеге келген балалар, қашан да алғыр да зерек үғымталдығышпен ерекшеленеді. Олар айналасындағы құбылыстарды тез байқап қабылдауға да бейімді. Жете түсінген құбылыстарын өмір бойы ұмытпайтындықтары да белгілі. Бүгінгі күні 4-5 жастағы балалармен сабақтағы ойын іс-әрекетінің жетекші рөлі сақталып отыр. Арнайы ұйымдастырылған сабақтарда әр түрлі ойын түрлері кеңінен қолданылады (дидактикалық, ұлттық, қозғалыс, сюжетті-рөлдік, ережелі және т.б.). Ойындар тәрбиешінің балалармен және балалардың бір-бірімен еркін ынтымақтастығына негізделеді, баланың жеке белсенділігін көрсетуіне, өзін толық іске асыруына мүмкіндік беретін бала өмірін ұйымдастырудың негізгі нысанына айналады. Сондықтан кез- келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек.


Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі, ойынды 4-5 жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы бала білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Атау ұйқастарын санау арқылы оқушылар сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі.
Санамақтар сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтың түрлері өте көп. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмаларды өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, болашаққа қызығушылығы оянған тұлға ретінде жан-жақты дами алады.
Дидактикалық ойындар мазмұнына сәйкес мынадай түрлерге бөлінеді:
-Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, қарапайым жұмбақ арқылы беріледі;
-Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет,сөздік тапсырмалар құрайды.
-Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «не болар еді...?», «Мен не істер едім, егер....» деген сұрақтарға негізделеді.Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюымен ерекшеленеді.
-Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
-Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипаттқа негіз болады. Ойынның құндылығы балаларды эмоционалдық түрде белсендіруге, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады.
Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:
-Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар.
-Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.
-Қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар.
-Тәрбиеленушілердің іс-әрекетін бақылауға бағытталған ойындар.
-Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар.
Құрылымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктеуге болады:
-Сюжеттік-рөлдік ойындар.
-Жаттығу ойындары.
-Шығармашылық ойындар.
-Драмалық ойындар.
-Әдеби-музыкалық ойындар.
Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған. Сондықтан кез- келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. Дидактикалық ойындар кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нерсені үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасына жатыр. Мысалы: «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық»- деген ойынды балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті-қалпақтың астында не бар екенін білу. Сонымен қатар өз тәжірибемде төмендегі ойындарды жиі пайдаланамын.
Ойын: «Тілші» Мақсаты: Қойылған сұраққа толық жауап қайтара білу.Ойынның шарты: Жүргізуші бала тақырып бойынша балаларға сұрақ қояды, жауаптарын алады. (жүргізуші – жоғары деңгейдегі бала)
-Мынау не?
-Мынау жеміс алма.
-Алма қандай?
-Алма қызыл, тәтті (сары, домалақ, үлкен, кішкентай)
Ойын: «Доп кімде» Мақсаты: бір затты атап, оның көлемі,пішіні туралы айту.
Ойынның шарты: Бір бала ортада тұрады. Қалған балалар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші бала шеңбермен жүріп 3-4 балаға допты беріп сөзді атайды. Допты алған балалароған сипаттама жасайды.
Ойын: «Қолшатыр» Мақсаты: Жаңа сөздерді сөйлем ішінде дұрыс қолдана білу.
Ойынның шарты: Бір бала қолшатырды алып ортаға тұрады. Қалған балалар айналып жүреді. Әуенді тоқтатқан кезде тоқтайды. Түскен тірек-схема арқылы сөйлем құрып айтады.
Мысалы: -Ойыншық қоян кішкентай, ақ.
-Ойыншық аю әдемі ....
Тәрбиеленушілердің ойлау қабілетін дамытуда сабақты ойын ретінде өткізуге де болады. Сабақтың бұл түрі - баланың шығармашылық және ойлау қабілетін дамытады. «Сөзжұмбақ» оқушылардың ой - өрісін, білім көкжиегін тексерумен қатар өтілген материалды қаншалықты меңгергенін тексеруге өте қолайлы. Логикалық тапсырмалар баланың психологиялық және жас ерекшелігіне байланысты таңдап алынады.
Қазіргі педагогтардың пікірінше сөзжұмбақ оқушылардың ойларын ұштайды. Жұмбақтарды шешу ойларын бір жүйеге жүйелейді. Балалардың ойлау қабілеттерін дамытып, өз пікірлерін дәлелдей алуға жетелейді.Жұмбақ шешу шығармашылық үрдіс. Сөзжұмбақты кішкентай қалташалар арқылы жасауға болады. Қалташаларға салынған кеспе қағаздардың беті өзіңе қарай қаратып жазып, екінші жағына суреттер беруге болады. Сондай-ақ,ойындар барысында қызықты тапсырмалар қолдану да тәрбиеленушілердің ойлау қабілетін жетілдіруге көмектеседі.

  • Үстел үстінде бір алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды?

  • Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді - қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да,көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай?

  • Екі сиырдың мүйізі қанша?

  • Бір мысықтың аяғы қанша?

  • Бес қойдың басы нешеу?

  • Үш адамның қолы нешеу?

Жекелеген дидактикалық ойындардың өзіне тән ерекшелігі оқу тапсырмаларына барынша назар аудару болып табылады. Мұндай тапсырмаларды орындау үрдісінде балалар бірқатар логикалық тапсырмаларды орындайды.
Жекелеген дидактикалық ойындар баланы дербестікке баули отырып оны шығармашылық жұмысқа итермелейді. Мұндай дидактикалық ойындар шығармашылық ойындар деп аталады. Сабақтағы ойындар балаларды тежелушіліктен құтқарады, бір-біріне сенімділік және іскерлік атмосферасында белгіленген жұмысты жүргізуге ұмтылады.
Осылайша дидактикалық ойындарды қолдану бойынша қорытындылай отырып төмендегілерді айтуға болады:
Дидактикалық ойындар ойлау, ерік, жады, назар, сөйлеу, моторика сияқты психикалық үрдістерді жандандырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет