МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЫН АРҚЫЛЫ СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ
2.1 3-4 жастағы балалардың тілін дидактикалық ойындар мен сюжетті –рөлдік ойындар арқылы дамыту
«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл – ойдың қалыптасуы мүмкін емес» – дейді орыстың көрнекті қайреткері В.А Сухомлинский. Балабақшадағы оқыту – тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйрегенен сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс – әрекет кезіндегі тілдік қарым – қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен ойын жаттығуларын жүргізе отырып, олардың айналасындағы заттармен таныстырып, атын айта білуге, қасиеті мен сапасын, түр – түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсендітүрде тілдік қарым – қатынас жасай білуге үйретеміз[18].
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік ойын жаттығуларын дамыту ісінде: – балалардың сөздік қорларын дамыту: – жаңа іс – қимылдарын меңгерту: – үйренген сөздерін, іс –қимылдарын тиянақты, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет болып саналады. Осы аталған міндеттерді үнемі ойын жаттығулар жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отырамыз.
Ана тілінің грамматикалық жағын меңгерту күнделікті өмірде, үлкендермен сөздік қарым-қатынас жасау процесінде іске асады. Тіпті балалардың сөйлеу әрекетінде сөздің синтаксистік тұрғыда қалыптаса бастайтынын арнайы зерттеу, бақылау жұмыстары дәлелдеп отыр. 3-4 жастағы бала сөзінде жай-жайылма, құрмалас сөйлемдер жиі кездеседі. Керісінше бұл жастағы балалар морфологиялық формаларды өте баяу меңгеретіндері байқалады. Балалар сөйлемдегі сөздерді көбінесе жалғау, жұрнақсыздар да айтады.
Сондықтан тәрбиешілер тіл дамыту сабақтарында жеке сөздерді жіктік, септік, тәуелдік жалғауларында қолдануды, түбір сөздерден сөз тудыру тәсілдерін үйретіп отыруға міндетті.
Сөздің грамматикалық құрылысын меңгерту арнайы сабақ түрінде емес, тіл дамыту сабақтарында қосымша, дидактикалық ойын (сөздік ойындар), түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асады. Мысалы, зат есімдерді көптік,септік жалғауларын қосып айтуға үйретуде «Кімге не керек?», «Не жоқ?», «Кім қайдан келді?» т.б ойындар ойнату қолайлы[19].
Сондай-ақ қазақ тілінде өз алдына жеке мағынаға ие болмайтын, басқа сөздерге қосылып көмекші мағына атқаратын - артында, үстінде, қасында, ішінде деген көмекші сөздерді үйрету қажет. Бұл үшін түрлі ойыншықтарды, қажетті заттарды әр түрлі жағдайда орналастырып баладан сұрау керек. Бала қайда? деген сұраққа жауап бере отырып, заттың кеңістікте орналасқан орнын сөзбен айтады. Мұнымен қатар «Жасырылған затты тап», «Орнынды тап», деген ойын өткізуге болады. Мысалы, ойыншық аюды не қуыршақты жасырып сұрағанда бала аю шкафтың үстінде, қуыршақ төсектің астында,немесе, доп столдың жанында, мысық үйдің үстінде отыр,- деп жауап береді. Сөйлемдегі орны бос сөздерді тауып сөйлем құрап айтуға үйретуде: Әжемнен хат келді.Мен қайттім (қуандым).Балапан ұшып кетті деген сөздерге Қайдан? Қалай? Неге? деген сұрақтар арқылы балапанның ұшқан жерін, неге ұшып кеткен себебін айтқызған дұрыс.
Суреттер көрсетіп шығармашылық әңгіме құрату. «Бақша ауласында», «Ауылға барғанда не көрдік», «Қырман басында», «Жайлауда көргендерім», «Жидек тергенде», деген тақырыптарды алуға болады. Мұндайда бақша жағдайын, ауыл шаруашылығы мен табиғатын, қолда бар құралдарды ескеру қажет.
Ересек пен мектепке даярлайтын балалардың сөйлеуге белсенділігін арттыру мақсатында дидактикалық ойындар көп қолданылады.Бұл ойындарда кейбір заттардың аты, ұқсастығы, сапасы, іс-әрекеті жөнінде қажетті сөздерді дәл тауып айтып, естеріне түсіріп жаттығады.
Мысалы, адамдардың еңбек процесін білдіру үшін «Кім не істейді?» деген ойын ойналады. Мұндайда балалар әр мамандыққа байланысты суреттерді таңдап алып, өздері айтып береді немесе тәрбиеші айтқан сөздерге сөйлем құрайды. «Кім не істейді?» ойнында тәрбиеші мынадай жеке сөздерді айтады.
Шопан . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . (колхоздың қойын бағады.)
Сауыншы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .(сиыр сауады)
Құрылысшы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . (үй салады) т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |